География пәні Орталық Қазақстанның шаруашылықтағы ерекшеліктері. Халқы 9 сынып

Раздел География
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:

Орталық Қазақстан шаруашылығының қалыптасу ерекшеліктері.Халқы

Мақсаты

Орталық Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы,табиғат ресурстары.Халқы туралы айта отырыптүсінік беру.

Дамытушылық: Оқыту кезінде тапсырмалар бере отырып,қызығушылықтарын ,ой-өрістерін,ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік:Топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа,шығармашылық ізденіске,табиғатты қорғайтын жас тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,баяндау,пікір айту,шығармашылықпен жұмыс жасау.

Пән аралық байланыс:әдебиет, математика,тарих.

Көрнектілігі:Қазақстанның физикалық картасы,атлас,кескін карта,интерактивті тақта.

Сабақтың жоспары:1.Білім мұхитына саяхат

2.Ізденіс тенденсия әдісі. 3.Сен маған-мен саған. 4.Жүйрік ой.

5.Жас ақындар сайысы. 6.Сиқырлы сандар әлеміне саяхат

Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру бөлім

Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу,сабаққа дайындығын тексеру,топқа бөлу

Мұғалімнің сөзі: Күндей жарқырап , Айдай арайлап ,Жұлдыздай жарқырап

Судай таза көңілмен.Бүгінгі ашық сабағымызды бастаймыз.

«Тілек гүлі» арқылы оқушылар бір-біріне жүрек жарды тілектерін білдіреді.

II.Үй тапсырмасы:Үй тапсырмасы ойын түрде сұралады.

1.Білім мұхитына саяхатына саяхат (Берілген сандарды таңдап.Жасырын сұрақтарға жауап беру)

1.Экономикалық аудан дегеніміз?

2.Экономикалық аудандастыру дегеніміз не?

3.Аумақтық еңбек бөлінісі дегеніміз не?

4.Қазақстан территориясын 5 экономикалық ауданға бөлген кім?

5.Маманданған сала дегеніміз не?

6.Қосымша және қызмет көрсету салалары қандай функция атқарады?

III.Жаңа сабақты меңгерту: 1.Ізденіс тенденция әдісі (2 топ мүшелері бір-біріне оқулықты пайдалана отырып жаңа тақырыпты постер құрып,қорғап шығады).Сурет

2.Сен маған-мен саған (2 топ мүшелері бір-біріне сұрақ беріп жауап береді)

3.Жүйрік ой.(Есептер шығару).1-ші топқа.а)Шошқа өсіретін кешендерден тәулігіне 350 мер куб лас заттар өзенге құйылады.Жылына қанша мөлшерде лас зат өзенге құйылады?.ә. Республикамыздың жер көлемі 270 млн га оның ішінде жыртылған жер алып жатқан 36 млн га жердің үлесін есептеңіз?

2-ші топ.а) Қазақстанның жер қоры11,6млн га,оның ішінде оның ауыл шаруашылығына жарамды жер 2,4 га болса,жер қорының ауыл шаруашылығына тиетін бөлігін есептеңіз? Ә) Бір автомобиль тәулігіне 20кг газ бөліп шығарса, 6 автомобиль 1 айда қанша кг газ шығарады?

4. Жас ақындар сайысы.( топ арасында берілген тақырып бойынша өлең шығарып оқиды).

IV.Жаңа сабақты бекіту: Сиқырлы сандар әлеміне саяхат.

10 10 10

20 20 20

30 30 30

40 40 40

Оң жақтағы 10 Орталық Қазақстан аумағы бойынша нешінші орында?

Орталық 10 Орталық Қазақстанның орталығы қайсы қала?

Сол жақтағы 10 Орталық Қазақстан қандай табиғат ресурстарына бай?

Оң жақтағы 20 Ертіс-Қарағанды каналы не үшін салынды?

Орталық 20 Халықтың қоныстану ерекшеліктері қандай?

Сол жақтағы 20 Неліктен халықтың көпшілігі қалада орналасқан?

Оң жақтағы 30 Орталық Қазақстан ЭГЖ -ның ерекшелігі қандай?

Орталық 30 Орталық Қазақстан аумағында қандай экологиялық проблемаларды білесің?

Сол жақтағы 30 Неғізгі ағаш түрлерін ата

Оң жақтағы 40 Қазақстан академиясының тұңғыш президенті кім?

Орталық 40 Табиғат жағдайының шаруашылыққа қолайлы жақтарын ата

Сол жақтағы 40 Табиғат жағдайының қолайсыз жақтарын ата.

V.Қорытынды. Қаныш Сәтбаевтің мына сөзімен аяқтаймын.

«Туған жердің қара даласын мақтан ете білмеген азамат,бөгде жердің алтын тасында мақтап жаратпақ емес»

Кен айтады елмен жұрттың өлшемін,

Келе жатыр күш-қуатпен мол сенім.

Кенің барма?

Жоқ болса егер жарлысың,Кенің болса,келешегің зор сенің.

Алтын жұғып шауып өткен тұяққа,

Кен кернейді о жақты, бұ жақты.

Менделиев кестесін қазақтың

Даласына қарап сызған сияқты.

VI. Бағалау:VII.Үйге тапсырма: Орталық Қазақстандағы табиғат ресурстарын кескін картаға түсіру. Орталық Қазақстанның экологиялық жағдай туралы эссе жазу.



© 2010-2022