Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні

Халқымыздың салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын үйрете отырып,              Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің  ерекшеліктерімен     балаларды тәрбиелеу. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді, ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын!                  Ұлыс күні кәрі- жас,                  Құшақтасып көріскен.                  Жаңа ағытқан қозыдай,                  Жамырасып өріскен.                  Ұлыс күні қар еріп,                  Сай- салалар гүрілдеп,                  Көк шөбі шығып желкілдеп,                 Дүние біткен күлімдеп,                 Ұлыс күні кәрі- жас                 Құшақтасып көріскен Жасай берсін жаңа күн!                         Туа берсін жаңа күн.                         Дүр сілкінсін дала бір,                        Құтты болсын Жаңа Жыл!                        Құтты болсын Наурыз той,                        Құтты болсынЖылқы жыл!
Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нұр себеле,Ұлыстың ұлы күні

«Боранқұл балабақшасы» МКҚК

«Қарақұм» бөлімшесі





Өткізген: «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі

Ақмоншақ Смайлова






«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

Мақсаты: Халқымыздың салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын үйрете отырып, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен балаларды тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Сахна Наурыз мерекесіне сай безендірілген.

Жүргізуші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді, ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын!

Ұлыс күні кәрі- жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен.

Ұлыс күні қар еріп,

Сай- салалар гүрілдеп,

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдеп,

Ұлыс күні кәрі- жас

Құшақтасып көріскен.

Ортаға Мағжан мен Салауат шығады.

Мағжан: Ассалаумағалейкум!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Салауат: Уағалейкумассалам!

Ұлыс оң болсын!

Пәле- жәле жерге енсін!

Екеуі төс қағыстырып құшақтасып көріскеннен кейін «Наурыз» әні орындалады.

Жүргізуші: Жасай берсін жаңа күн!

Туа берсін жаңа күн.

Дүр сілкінсін дала бір,

Құтты болсын Жаңа Жыл!

Құтты болсын Наурыз той,

Құтты болсынЖылқы жыл! (жылқы кіреді)

Бейбарыс: Келді Наурыз жар салып,

Би билейік ән салып.

Жылда келсін Ұлыс күн,

Тұрайық есен қарсы алып.

Күй « » Оркестрмен.

Жүргізуші: Наурыз қайтып оралды аты аныз

Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз

Үй-дастарқан, даламыз-сахнамыз

Ұлы мейрам- Наурызға шақырамыз.

Салауат: Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған.

Жаңа жылдың сипаты,

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан.

Әсем: Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұр толтырып жатыр, міне маңайды.

Мал біткеннің бал татыған уызы,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Жүргізуші: Уа ағайын, ағайын,

Шаттанып бүгін Жаңа жыл,

Халқына шашып жаңа нұр.

Келеді Қыдыр атамыз

Жүректен шашып жаңа жыр.

( Қыдыр ата бата береді)

Би «Батырлар биі» Орындайтындар: Бейбарыс, Салауат, Расул,Мағжан, Нұркелді, Бекзат.

Жүргізуші: Көріңдер көңіл бөліңдер,

Ақ келіндер ыдысқа.

Ас құяды көріңдер,

Наурыз саған жол болсын.

Тілегім анық сол болсын,

Деген ырым білгенге

Халықта ақ мол болсын!

(Қонақтар дәмнен ауыз тиеді)

Жұлдыз: Ашық болсын қос қабақ,

Тас атқанды аспен ат.

Бейтаныста , таныста,

Бүгін төрде бас қонақ.

Ақмарал: Арпа, бидай, тары бар,

Қатық, малта, ағы бар.

Ішілетін, жейтіннің

Бұл көжеде бәрі бар.

Расул: Наурыз тойын әдемі

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем наурыз көжеге,

Жеті түрлі ас салды.

Бидай, күріш, тары бар,

Ащы құрты тағы бар.

Көже - елдің ырзығы,

Бұл көжеде бар.

Зере: Наурыз гүл көктем,

Сәнді ай арайлы.

Күлімдеп гүл көктем,

Нұр шашып қарайды.

Жүргізуші: Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттың біздің де,

Бар дәстүрмен салтымыз.

Ортаға айтыскер қызымыз Медина мен ұлымыз Наурызбекті қошеметтеп ортаға шақырайық.

Нұрболат: Жыл басы Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.

Әнел: Армысың, Наурыз,

Қуаныш боп кір, төрлет.

Ел болып саған,

Көрсетіп жатыр сый құрмет.

Жүргізуші: Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа бөленді.

Соны тойлар ел енді.

Көрініс: «Күн мен Түн»

Күн: Сәулесі мол күнмін.

Түн: Жұлдызы мол түнмін.

Бірге: Бүгін біздер бірдей боп,

Теңелеміз бірдей боп.

Түн: Ал ертең, күн ұзақ.

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Бірге: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек, шырақ.

Қыдыр ата: Ал, енді мен келесі балабақшаның тойларына қатысуым керек.

(Бата беріп, қоштасып шығып кетеді)

Ақерке: Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп.

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден

Құтты болсын, Наурыз!

Данияр: Наурыз жырын жырлаймыз,

Оныменде тұрмаймыз.

Шыңдалып жеткен бұл күнге,

Ел дәстүрін сыйлаймыз.

Дарина: Ниеттерің ақ болсын,

Наурыздың аппақ қарындай.

Бастарыңа бақ қонсын,

Шаштарыңның санындай.

Тыныш болсын даламыз,

Түгел болсын нуымыз.

Таза болсын ауамыз,

Тұнық болсын суымыз.

Ән «Анашым» орындайтын: Медина. Н.

Нұрдәулет: Наурыз - шыр айналған жылдың басы,

Адамның өлшенеді өмір жасы.

Қазақтың пейіліне жарасады,

Әр үйде дастарханға толған асы.

Би «Шаттық» Орындайтындар: Зере, Ақжібек, Жұлдыз,

Ұлттық ойын: «Күш сынасу»

Жүргізуші: Бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды, қатысқандарыңызға рахмет!

Сау болыңыздар!



© 2010-2022