№17 Ә Кастеев ЖОМ Жас географтар» сайысы

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:19.04.14

Сынып:6 «ә»

Тақырыбы : « Жас географтар» сайысы.__________
Мақсаты : Оқушылардың білімін дамыту , жетілдіру, жылдам ойлау мен нақты айтуға үйрету .
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілікке, ана тілін сүюге, білімдерін көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тапсырмалар, кестелер.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, математика, шет тілі, тарих.
І. Ұйымдастыру кезеңі: қатысатын оқушылармен таныстыру. Әділқазылар мен таныстыру

ІІ. Сайыстың шарттары:

1.Төсбелгі бойынша қарсылас топтың атын табу

(Сәлемдесу, таныстыру) (10ұпай)

2.Сен маған,мен саған (20ұпай)

3.Білімді мыңды жығады(викторина)(10ұпай)

4.Альпенистер(10 ұпай)

5.Сергіту сәті (10 ұпай)

6.Тұлғалар(5ұпай)

7.Географиялық сөз мерген(10 ұпай)

8.Бейне сұрақ(10 ұпай)

9.Ойлан тап(10 ұпай)

10.Топтың өнері

11.Сараптама

1.Қайырлы күн ,құрметті ұстаздар және оқушылар.Әр бір азаматтың ең басты міндеті ел болашағының дамуына өз үлесін қосу.А.Байтұрсыновтың «Жер қанша бай болсада,халық білімсіз болса ,байлық басқа халықтың қолына көшеді» деген жақсы сөзі бар сол байлықты пайдаланып ,ел игілігіне жарату-тек қана білімділердің үлесіндегі мәселе.

Білімді бала ешнәрседен қорықпайды.Әр уақытта батыл.

Ақыл тон аңдағанда тозбайтұғын

Білім-кен қанша болса тозбайтұғын

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаның ауруы не қозбайтұғын,-деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай білім саласына қатысушы топтарды ортаға шақырайық.

Ойынды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1.

2.

Білім деген биік шың Бақытқа сені жеткізер. Білімді деген ақылшың Қиындықтан өткізер,-деп сайысымыздың алғашқы шарты.

1 кезең. Ұ р а н ы :

"Сәлем- сөздің басы"

Сайысқа қатысушылар бір бірімен амандасып,топ мүшелерімен таныстырып,төсбелгілерінің,таныстырулары арқылы топтарының аттарын табады.

2.кезең «Сен маған,мен саған» Ұраны:

"Талапты тас жарар, талапсыз бас жарар"

(20ұпай)яғни оқушылар өздері дайындап келген сөзжұмбақтарын бір бірімен алмасып шешеді. Дұрыс шешкен жағдайда 20 ұпай беріледі топқа.

3.кезең.Білімді мыңды жығар (викторина) Ұраны: "Шапқан озар, жатқан қалар"

әр топқа 10 сұрақтан беріледі,әр дұрыс ұпай 10 балмен есептелінеді.

1. Евразия материгінің ең биік тау жүйелер (Гимлай )

2. Жер шарын айналып шыққан кім (Магеллан)

3. Абайдың неше қарасөзі бар? (41 сөз)

4. Ау, қызғыш құс, қызғыш құс! Кімнің өлеңі (Махамбет)

5. Кел балалар оқылық! (ЬІ. Алтынсарин)

6. Жасымда ғылым бар деп ескермедім! (Абай)

7. Дүниежүзінде неше құрлық бар? (6)

8. Дүниежүзінде неше мұхит бар? (4)

9. Өзеннің басталатын жері (Бастауы).

10. Жер бетінде су көп пе, жоқ әлде құрлық па? (71% -су, 29% -құрлық).

2 топқа

1. Дүние жүзіндегі ең терең көл қалай аталады? (Байкал).

2. Әлемдегі ең тұзды су қай теңізде? (қызыл теңізде).

3. Ең ірі су балығы ? (Кит)

4. Су қабаты ? (Гидросфера)

5. Евразия нешеге бөлінеді? (Европа Азия)

6. Д.Ж ең үлкен көл ? (Каспий теңізі)

7. Евразияның оңтүстігінде қандай мұхитпен шектеседі? (Үнді мұхит)

8. Ең үлкен материк ? (Еуразия)

9. Д.Ж ең ұзын өзен ? (Ніл)

10. Жердің қатты қабаты ? (Литосфера)

4 кезең. Альпенистер. Ұраны:"Әркімнің өзі шығар биігі бар"

.яғни оқушылар тор көзде берілген 10 көлдің атын табу керек көлдер тобы,өзендер тобы 10 өзеннің атын табу керек.оңнан солға қарай,соңнан онға қарай бағыттарда.10 ұпай беріледі дұрыс табылған жауапқа.

5 кезең.

Сергіту сәті,яғни жұмбақтар жасырылады,мақал-мәтелердің қалып қойған сөздерін тауып 3 тілде айту керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1.Көтеріліп теңізден

Аспанға бейік барамын

Биіктеп қайта түскенде

Өңі кірер даланың(жаңбыр,дождь,райн)

2.Бір зат бар дүниеде құшағы кең,

Ұшқан құс,жүгірген аң бәріне тең.

Адамзат ,жан-жануар арасында

Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген(жер,земля,иеф)

3.Құрғақ жерде сақтайсың

Онсыз тамақ татпайсың(тұз,соль,салт)

4.Қыздырып соқсаң иленеді

Балғамен тостен иленеді (темір,железо,ирон)

5.Мал патшасы...............(жылқы,лошадь,хорзе)

6.Нан бар жерде..........бар(ән,песня,сонг)

2 топқа

1.Жақанда бір нәрсе бар аузы жабық

Ашылар мезгілінде бауырын жазып

Ішінде толып жатқан қазына бар

Қорек қып пайдаланар тәмәм халық(кітап,книга,бук)

2.Мұрты бар сақалы жоқ

Тоны бар,шапаны жоқ(мысық,кот,кэт)

3.Кең әлемді кернейді

Көзің бірақ көрмейді(ауа,воздух,эйр)

4.Көп сөз көмір

Аз сөз ................. (алтын,золото,голд)

5.......ішкен құдығыңа түкірме(су,вода,вэта)

6.Қазақтардың киелі саны(жеті,семь,севен)

6.кезең. Тұлғалар

Бұл бөлімде ғалымдардың ашқан заңдары, жаңалықтары беріледі,сол ғалымды табу керек.10 ұпай

1-топқа

1.Ең алғаш географиялық картаны жасаған?(эратосфен)

2.Глобусты жасаған картограф?(бехайм)

3. Жердің шар екендігін іс жүзінде дәлелдеген

саяхатшы?(Магеллан)

4.Америка дүние бөлігін ашқан кім?(Веспучи)

5. Қазақтың тұңғыш географ ғалымы?(Уалиханов)

7 кезең. Географиялық сөз мерген. Ұраны:

"Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады"

,яғни 4 сөз беріледі сол сөздерді байланыстырып мақал -мәтел,нақыл сөздер құрастыру.

1.Қағаз,шыны,су,темір,ағаш--1.Ағаш кессең ұзын кес,қысқартуың оңай,

Темір кессең қысқа кес,ұзартуың оңай.

2.Қол ,бас,аяқ,шаш,алтын--2.Қолда барда алтынның қадірі жоқ.

3.қой,жылқы,сиыр,түйе,қорғасын---3.Қойдың сүті қорғасын ,

Қойды ұрған оңбасын.

4.науа,құдық,су,тас,шыбық----4.Су ішкен құдығыңа түкірме

2-топқа.

1.таға,балта,қамшы,күміс,орақ---1.Тағасының күмісіне мақтанба,

Атыңның жүрісіне мақтан.

2.тас,тот,жас,шот,темір-----2.От-көмір жейді,

Тот-темір жейді.

3.қайрақ,біз,егеу,шапқы,темір---3.Ескі мата бөз болмас,

Ескі темір біз болмас.

4.шірімес,қараймас,ірімес,бұзылмас------4.Ақыл арымас,

Алтын шірімес

8 кезең. Бейне сұрақ,2 топқа 2 бейне сұрақ беріледі,дұрыс жауап 10 ұпай.

1 топқа.

*****-мұхит тереңдігін өлшейтін құрал. Дыбыстың суда таралу жылдамдығы 1 секундта 1500 метрге дейін жетеді(эхолот)

2.желдің жылдамдығы мен бағытын бақылайтын құрал қалай аталады?(желбағар)

9 кезең.. Ойлан тап

Білімнің басы бейнет, соңы зейнет".Логикалық тәжірибе.Екі топқа 2 логикалық сұрақ беріледі.1-ТОПҚА.Бұл жерде сіріңкенің он талын алып,екі сіріңке талынан аттатып отырып X жасап отыру керек,яғни (IIIIIIIIII) он талдан бес X жасау керек (XXXXX)

2.Сағат сандарының қосындысынан қалай 6 он үш санын шығаруға болады.

10 кезең.Топтың өнері,әр топ өз өнерлерін көрсетеді.

11. сараптама .

Бүгінгі сайысқа қатысқан оқушыларымызға үлкен рахметімізді айтамыз. Бүгінгі сабағымызды АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ «Сен де бір кірпіш дүниеге ,кетігін тап та бар қалан» деген өлең жолдарымен аяқтаймыз.Өз білімдеріңіз арқылы еліміздің тіреу болар азаматтары болыңыздар.






© 2010-2022