Урок по географии на тему Географиялык шоу

Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

«Қармақшы аграрлы-техникалык»колледж

директорының оқу-ісі жөніндегі

орынбасары:_____ Г.Аралбаева.



Күні:08.12.2015 ж

Тақырыбы: Географиялық шоу!

Мақсаты: Оқушылардың география пәніне деген қызығушылығын арттыру және ұйымшылдыққа тәрбиелеу,логикалық талдау мәселесіне жағдай туғызу,жауапкершілігін арттыруға көмектесу.

Сабақтың формасы: Сайыс сабақ.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезең:

Оқушыларды 3 топқа бөлген,әр топ құрамында 5 оқушы бар.

Топтар:1)190-топ

2)191-топ

3)194-топ

II.Негізгі бөлім

І. тур - "Ең, ең, ең ... "

ІІ. тур -"Жұмбақ - сауалнамасы"

ІII. Тур - «Иә-жоқ»

IV. Тур - « Менен сұрақ-сізден нақты жауап»

V. Тур - « Интеллектуалды Бейне сұрақ»

VІ. Тур - Географиялық есеп. 3-топқа ортақ сұрақ

Әділ-қазы алқалары:

1) Аралбаева Г.

2) Таурбаева Г.

І. тур - "Ең, ең, ең ... "Әр командаға 10 сұрақтан қойылады.Әр сұраққа бір ұпайдан есептеледі



  • І топ

  1. Ең биік шың?

  2. Ең үлкен түбек?

  3. Ең кіші материк?

  4. Ең халқы көп материк?

  5. Ең терең шұнғыма?

  6. Ең үлкен көл?

  7. Ең ұзын өзен?

  8. Ең биік сарқырама?

  9. Ең суыққа төзімді құс?

  10. Ең кішкентай мұхит?







  • ІІ топ.

  1. Ең үлкен ойпат?

  2. Ең терең көл?

  3. Ең ірі дүние бөлігі?

  4. Ең үлкен арал?

  5. Ең үлкен бұғаз?

  6. Ең үлкен тау?

  7. Ең үлкен шөл?

  8. Ең биік ағаш?

  9. Ең кішкентай мемлекет?

  10. Ең суы мол өзен?











ІІІ топ.

  1. Ең территориясы үлкен мемлекет?

  2. Ең тұзды көл?

  3. Ең суық құрлық?

  4. Ең биікте орналасқан көл?

  5. Ең құрғақ материк?

  6. Ең үлкен мұхит?

  7. Ең үлкен теңіз жануры?

  8. Ең үлкен құрлық жануры?

  9. Ең биік жанартау?

  10. Күнге ең жақын ғаламшар?



ІІ. тур - "Жұмбақ - сауалнамасы"



1-топ

1.Африканың 40 пайыз аймағын

Алатын табиғат зонасы.

Өсімдігі мол қалың,

Аңға толы арасы.

Білімі терең оқушы

Тез-ақ табар шамасы

2. Арғы тегі жағынан

Адамға жақын келетін.

Мәнгі жасыл орманда

Африкада өмір сүретін.

Аса үлкен маймылды



2-топ

1.Жылқы тұқымды,

Матрос киімді,

Есек жалды,

Білесің бе мұндай аңды?

2.Тұмсығы насос, кран да,

Таңғаламын бұл аңға.

Шөпті қорек етеді.

Тиіспейді еш жанға.

3-топ

1. Бір қараған адамға

Аса үлкен кесіртке.

Суда жақсы жүзеді,

Етті жақсы көреді.

Адамға да малға да

Толық әлі келеді.

2.Аң патшасы десек те

Піл, керіктен жасқанған.

Мысық текті хайуан,

Білесің айт,

Білмесең, біліп қайт.

Кім айтады айбынды?

ІII. тур 5 ұпай

"Иә-жоқ"

1 топқа

1.Италия мемлекеті

Апинин түбегінде орналасқан. (Ия)

2.Дүние жүзіндегі ең

биік сарқырама Анхель (Ия)

3.Африка Саваналарында

мекендейтін

ең бойшаң сынбатты адамдар.

Пигмейлер. (Жоқ)

4. Жауын-шашын

көп түсетін

аймақ Черапунджи. (Ия)

5. Отты жер аралы мен

Оңтүстік Американы бөліп

тұрған бұғаз Дрейк. (Жоқ)

2 топқа

1.Аяз-атаның мекені

Лапландия. (Ия)

2.Қазақстан 6 елмен

шектеседі (Жоқ)

3.Қазақстандағы ең биік шың

Хан-Тәңірі. (Ия)

4. Дүние жүзіндегі ең ұзын

тау Гималай . (Жоқ)

5.Ніл өзенінің ұзындығы

6671 км. (Ия)



3 топқа

1.Таулар биіктігіне

қарай 4-ке бөлінеді. (Жоқ)

2.Дүние жүзінде

230 астам ел бар (Ия)

3.Мұнайды экспортқа

шығаратын елдерді ОПЕК ұйымы

құрамындағы елдер дейді. (Ия)

4. Австралияның ең ірі

өзені Муррей. (Жоқ)

5. Солтүстік Американың

Щеткі нүктесі -

Стип -Пойнт. (Жоқ)

IY. Тур

"Менен сұрақ-сізден

Нақты жауап"





1- ұяшық.

Бастапқы 50 ұпай

Оны суы бар ыдыспен

салыстыруға болады, тек

оның пішіні үлкенірек

Көмек сұрақтар 40 ұпай

Оның формасын оның шығу

тегімен байланыстырады

30 ұпай

Ол тек жылуды сіңірмейді,

сонымен қатар, оны ауаның

салқын қабаттарына

да жібере алады

20 ұпай

Олар ащы және

тұщы болады

10 ұпай

Оның қалыптасуына

нақты жағдайлар

қажет, суды сақтай

алатын ойыс қажет

Жауабы:Көл

2- ұяшық.

Бастапқы 50 ұпай

Кейде күн сәулелері

бұлтты немесе жаңбырды

жарқыратаныны соншалық,

олардың бедерінде,

дәл киноэкрандағы сияқты

ерекше

бейнелер пайда болады

Көмек сұрақтар 40 ұпай

Атмосферадағы

жарқын оптикалық

құбылыстардың бірі

30 ұпай

Бұл құбылыстың орталығы

Күнге қарсы нүктеде,

сондықтанбұл құбылыстың

төменгі жағы көрінбейді-

Жер кедергі келтіреді

20 ұпай

Бұл құбылыс жаңбыр

тамшыларында шағылысу

немесе сыну

үрдістерімен қатар жүреді

10 ұпай

Жазықтықта бұл

доға түрінде болады Жауабы:Кемпірқосақ

3- ұяшық.

Бастапқы 50 ұпай

Бұл құбылыс

литосфераның, атмосфераның

және гидросфераның

пайда болуында

маңызды рөл атқарған.

Көмек сұрақтар 40 ұпай

Мұхитта да

құрлыққта да кездеседі

30 ұпай

Ыстық газдан, будан,

күлден, тастан тұрады

20 ұпай

Сөнген және сөнбеген

түрлері кездеседі

10 ұпай

Везуви,

Ключи шоқысы,Эльбрус.

Жауабы:Жанартау





V. Тур

«Интеллектуалды

Бейне сұрақ»

1.Бейне сұрақ :

арал,жанартаулар,

жылы жайлар.



Жауабы: Исландия

2. Бейне сұрақ:

Маймыл, шай,рубин. Жауабы:Шри-Ланка

3. Бейне сұрақ :

виктория регия, электрлі су жыланы.



Жауабы: Амазонка

YI. Тур

Географиялық есеп: 10-ұпай.

3-топқа ортақ сұрақ

1.қысым,тау,биіктік.

Қалыпты атмосфералық қысым 760мм

сынап бағанасына сәйкес.

Әрбір 10,5 метр биіктікке көтерілген сайын, қысымның сынап бағанасы бойынша 1мм-ге кемитінін барометр көрсетеді.

Егер барометр тау етегінде 740 мм-ді, ал тау басында 440мм-ді көрсетсе, салыстырмалы биіктік қанша болады?

Жауабы:3150 м

740мм-440мм=

=300мм*10,5=3150м



Қортынды:

- Ендеше, Жер туралы білімдердің жиынтығы - географияны оқиық! "Географиялық шоу" атты I курс студенттері арасындағы танымдық "брэйн - ринг" осымен аяқталды.







НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

КӨП-КӨП РАХМЕТ!!!

© 2010-2022