Урок по географии на тему Көлік географиясы

Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Курсы:

Тобы:


I

194

«Бекітемін»

«Қармақшы аграрлы-техникалык»колледж

директорының оқу-ісі жөніндегі

орынбасары:_____ Г.Аралбаева.

Сабақтың тақырыбы: Көлік географиясы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Дүниежүзі елдеріндегі көлік жүйесінің ерекшелігін, көлік кешені мен ел экономикасындағы байланыстың маңыздылығын білу

2. Дамытушылық: Танымдық білім дағдыларын, өзіндік іс - әрекеттерін қалыптастыру, сараптау, іскерлік қабілеттерін дамыту

3. Тәрбиелік: Жақсы қасиеттерге үйрету. Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оқулық, кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас карта, глобус

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

Р/с

Сабақтың кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Журналға белгі соғу.Назарларын сабаққа аудару.

2

Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру(үй тапсырмасын сұрау)

Ауыл шарушылық географиясы тақырыбына түсінік айту.

3

Жаңа сабақты түсіндіру

1. Көлік географиясы

2. Байланыс құралдары

Транспорт (көлік) географиясы - географиялық еңбек бөлінісінің негізгі саласы. Көліктік тасымалдың аумағы мен құрылымы, көлік желісі мен жүк тасқындарының географиясы өндіргіш күштердің орналасуын көрсетеді, көлік (көлік-географиялық) үдерісті сипаттайтын экономикалық географияның тарауы.

Бүкіл қатынас жолдары, көлік кәсіпорындары және көлік құралдары қосылып, дүниежүзілік көлік жүйесін құрайды. Бүкіл дүниежүзілік көлікте 100 млн-нан астам адам жұмыс істейді. Дүниежүзілік көлік желісінің жалпы ұзындығы 32 млн шақырымнана асады. Жыл сайын дүниежүзілік көліктің барлық түрлерімен 100 мың тоннадан астам жүк және 1 трлн-ға жуық жолаушы тасымалданыды. Бұл тасымалдарға әлденеше млн көлік құралдары қатынасады.

Көлік мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін кұрайды. Барлық байланыс жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары дүниежүзілік көлік жүйесіне бірігеді. Көлік жүйесін дамытудың, әсіресе аумағы ете үлкен елдер үшін маңызы ерекше. Сондықтан көлік жүйесінің салаларын дамытуға бұл елдер көп қаржы жұмсайды.Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің карқынды дамуына негіз болды. Бұл көліктер жылдамдығының артуынан, олардың жүк көтеру және тасымалдау мүмкіншіліктерінің кеңеюінен айқын көрінеді.

Көлік қатынасы жоғары дамыған елдерде жақсы жолға қойылған. Шығыс Еуропа елдері мен Ресейдің көлік жүйесі жолдардың жиілігі мен сапасы, жүк айналымының мөлшері жөнінен Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тан әлдекайда төмен дәрежеде. Дамушы елдер бойынша осы заманғы көлік жүйелері тек жекелеген елдерде ғана жоғары дамыған, ал көпшілік елдерде ат-арба, адам күшімен жүк тасу әлі де болса, кең орын алып келеді. Ауғанстан, Непал сияқты елдерде теміржол мүлдем жоқ. Сол сияқты Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай өндіруші елдер мен Мұхит аралдары, Кариб теңізі алабындағы кейбір елдерде де теміржол жоқ.

Құрлық көлігінің құрамына

  • автомобиль көлігі

  • теміржол көлігі

  • құбыр жолы кіреді.

Көпшілік пайдаланатын көлік:

  • еңбек өнімдерін (дайын өнім, шикізат, шала фабрикат т.б.) бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға, өндіріс орнынан тұтыну пункттеріне тасымалдау ісін жүзеге асырады. Бұл топқа Көпшілік пайдаланатын көліктің барлық түрі - темір жол, өзен, теңіз, автомобильдік, әуе, құбыр Көпшілік пайдаланатын көліктері жатады. Көпшілік пайдаланатын Көпшілік пайдаланатын көлік еңбек өнімдерін тұтынатын орындарға (өндірістік және жеке тұтыну) жеткізе отырып, өндіріс процесін одан әрі жалғастырады.

жолаушыларды тасымалдау ісін де жүзеге асырады.

4

Өтілген сабақты бекіту

Кейбір елдердегі теміржол мен автомобиль жолдарының ұзындығы, мың км

Елдер

Теміржол

Автомобиль жолдары
(қатты жабындылы)

Урок по географии на тему Көлік географиясы АҚШ

245

5640

Урок по географии на тему Көлік географиясы Ресей

86

620

Урок по географии на тему Көлік географиясы Үндістан

62

834

Урок по географии на тему Көлік географиясы Қытай

58

880

Урок по географии на тему Көлік географиясы Франция

35

745

Урок по географии на тему Көлік географиясы Германия

45

481

Урок по географии на тему Көлік географиясы Жапония

27

1131

5

Үйге тапсырма

Көлік географиясы тақырыбын оқып, түсінік айту. Сұрақтарға жауап беру.

6

Сабақ қорытындысын жасау,бағалау



Пән оқытушысы: Қ.Темірбаев

© 2010-2022