Материктер мен мұхиттар карталары

Сабақ: № 3Сыныптар: 7 Ә Күні: 11.09.14Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар карталарыМақсат-міндеттер:Білімділік мақсаты – материктер мен мұхиттар табиғатын оқып үйрену барырысында қолданылатын карталар жайында, оларды мазмұны мен қамтитын аумағына қарай топтастыруы туралы, сонымен қатар бұл карталарда пайдаланылған проекциялар мен оларда болатын бұрмалану туралы қысқаша мағлұмат беріледі. Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат ...
Раздел География
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: № 3

Сыныптар: 7 Ә

Күні: 11.09.14

Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар карталары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты - материктер мен мұхиттар табиғатын оқып үйрену барырысында қолданылатын карталар жайында, оларды мазмұны мен қамтитын аумағына қарай топтастыруы туралы, сонымен қатар бұл карталарда пайдаланылған проекциялар мен оларда болатын бұрмалану туралы қысқаша мағлұмат беріледі.

Дамытушылық мақсаты - Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру. Сондай-ақ бұндай карталарды қалай пайдалану жолдары мен жұмыс істеудің қарапайым әдіс-тәсілдері түсіндіріледі.

Тәрбиелік мақсаты - Географиялық карта жасаудың өте көп уақыт пен тереңде тиянақты білімді және асқан қажырлылық пен төзімділікті талап ететіндігін түсіндіру арқылы, оқушыларды ғалым-картографтар еңбегін бағалауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, глобус

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең - ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең - үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең - жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең - білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең - бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең - қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Мұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең бірінші кескін карталарын тексереді. Сосын әрбір баланы тақта алдына шығарып, материктер мен мұхиттарды, олардың ауданы мен ең терең жерлерін, аралдардың түрлері мен орналаласқан жерлерін сұрайды.

Оқушылар мұғалімге кескін карталарын көрсетеді, сұрақтарға жауап береді.

ІІІ

Ең алдымен карта мен глобус деген не деген сұрақтарды қояды. Сосын айырмашылығын айтып болған соң, картографиялық проекция дегеніміз не деген сұрақ қойып, оның жауабын картадан іздеңдер дейді. Сосын проекция мен оның негізгі түрлерін түсіндіреді. Нәтижесінде балалар глобус пен жарты шарлар, дүние жүзі мен материктер карталарының географиялық торларын салыстырып, айырмашылықтарын анықтайды. Бұдан кейін картаны оқып үйренудің негізгі құралы шартты белгілермен өздері танысыңдар деп айтады.

Келесі кезекте мұғалім карталарды қамтитын аумағына, мазмұнына, масштабына және қолданылу сипатына қарай топтастырылуымен таныстырады.

Сұрақтара жауап береді және проекция, оның түрлерін дәптерге сызып жаттайды.


Сосын картаны оқып үйренудің негізгі құралы шартты белгілермен танысады.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балалармен бірге тақырып соңындағы сұрақтарға жауап береді және қорытынды шығарады.

Тақырыпты бекіту үшін сұрақтарға жауап береді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


© 2010-2022