Авторлық шығарма: жас географтар әні

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жас географтар әні

( "Еркем-ай"әнімен)

1."География" - грек сөзі:

Жер туралы ғылым ол.

Жер шарында жасайсын,

Сондықтан ән мен жырың ол.(2рет)

2.Алты жыл бойы мектепте -

Географияны оқисын.

Табиғаттың заңдарын -

Зердеңе сонан тоқисын. (2рет)

3.Неге қыс - жаз болады,

Неге гүлдер солады?

Іздеген жан жауабын -

Географиядан табады.(2рет)

4.Адасқанда алдыңнан -

Жол көрсетер - география.

Зерттеген жанға жұмбағы көп -

Сарқылмайтын дария. (2рет)

5.Қандай тау бар, қай жерде?

Байлық қайдан шығады?

Оқыған жан бұл пәнді -

Бәрінің сырын ұғады. (2рет)

Қсы: Білім, білім, білім - ай,

Білім жолы қиын - ай.

Ерте кезде болыпты -

Бұл пәнге көп тиым-ай(2рет)

Рудный қаласы , №19-мектептің география мұғалімі: Қалжанова. Сара. Срайловна.

6."Жер айналады," дегенде

Коперникті жағыпты.

Дінге қарсы шықтың, деп:

Айып оған тағыпты.

7. Эратосфен, Птоломей

Алғаш карта жасапты.

Экспедицияға шығыпты,

Колумб бастап жасақты.

8.Жердің жүзін айналып,

"Домалақ", депті Магеллан.

Бастағы жерге қайтып кеп-

Қалыпты оған өзі таң.

9.Сонан бері ғылым боп,

Жинақталды география.

Ал, жер шары - адамға -

Болды пана әрі ұя. (2рет)

Қ-сы: Білім,білім, білім-ай,

Білім жолы қиын-ай.

Барын берген адамға-

Жер анаға сиын-ай. (2рет)

Білім, білім, білім-ай,

Білім жолы қиын-ай.

Кім көп білер бұл пәнді-

Анық болар бүгін - ай. (2рет)

© 2010-2022