Экономиялық және әлеуметтік география ұғымы, мақсаттары мен міндеттері

Раздел География
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Экономикалық және әлеуметтік география ұғымы,мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясы пәнімен танысқан тұлға

Сабақтың типі: Кіріспе сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық картасы, оқулық, кескін карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты өту

ІІІ. Қорытындылау.

IV. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты өту.

Қазақстан Республикасы-Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 2724,9 мың км2, жалпы аумағы бүкіл жер шары көлемінің 2%-ын, Азияның 6,1%-ын құрайды. Жер көлемі жөнінен д.ж. 9 орында. Шекарасының жалпы ұзындығы-13331 км-ден астам. Батыс, солтүстік-батыс, және солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстанмен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шектеседі. Климаты шұғыл континентті. Қазақстан егемендік алғаннан кейін 120-дан астам елдермен экономикалық байланыстар орнатқан. Экономикалық-географиялық тұрғыдан Қазақстанның мынадай артықшылықтары бар:

1. Тарихи-экономикалық дамыған елдермен шектеуі (Ресей, Қытай, Орталық Азия елдері).

2. Транзиттік жол торабы үстінде орналасуы.

3. Қазақстан аумағы жер бедерінің көп бөлігінде жазық болып келуі.

4. Минералды ресурстар қорының молдығы.

ІІІ. Қорытындылау.

IV. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Кіріспе.


© 2010-2022