География пәні Аласа таулы өлкелер 8 сынып

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Аласа таулы өлкелері

Сабақтың мақсаты: Қазақстан аумағындағы аласа таулы өлкелердің ерекшеліктерімен таныстыру. Ішкі және сыртқы күштердің, таулардың жер бедерін өзгертудегі рөлін түсіндіру. Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамыту.

Көрнектілі: Интерактивті тақта, ҚР физикалық, тектоникалық картасы
Түрі: Жаңа сабақты баяндау, өз беттерімен іздену,
Сабақтың әдісі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын тексеру,топқа бөлу

II.Үй тапсырмасын сұрау:Қызығушылықты ояту стратегиясы.Жұмбақ сұрақ беру.Картадан географиялық нысандарды көрсету.

1.Тамақ атымен аталатын құм.

2.Құс атымен аталатын үстірт

3.Көл атымен аталатын жазық

4.Ұлт атымен аталатын жазық

5.Дене мүшесімен атымен аталатын құмдар

6.Бояу атымен аталатын құм

7.Ғалым атымен аталатын төбешік
ІІI. Жаңа сабақ. Мәтінмен жұмыс
Д/ж таулар туралы видеоролик көрсетіледі.
1. Тау дегеніміз не?
2. Биіктігіне қарай таулар нешеге бөлінеді?
3. Қандай тауларды білеміз?
I.топ-Сарыарқа, II.-Мұғалжар, III.топ-Маңғыстау
Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын оқушыларға тапсырмалар береді.
Тапсырма:I-топ. Сарыарқа тауының физикалық - географиялық орнын,жер бедерін,табиғатын,пайдалы қазбаларына,климатына картаны пайдалана отырып сипаттама береді. ( Сарарқатауы туралы шағын видеоролик көрсетіледі)
Тапсырма: II-топ. Мұғалжар тауының Физикалық - географиялық орнын,,жер бедерін,табиғатын,пайдалы қазбаларына,климатына картаны пайдалана отырып сипаттама береді. Мұғалжар тауы туралы шағын видеоролик көрсетіледі) .
Тапсырма: III-топ Маңғыстау тауының Физикалық географиялық орнын,,жер бедерін,табиғатын,пайдалы қазбаларына,климатына картаны пайдалана отырып сипаттама береді. ( Маңғыстау тауы туралы шағын видеоролик көрсетіледі)
Мұғалім жаңа тақырып бойынша мәтіндік, бейне құжаттарды және Интернет ресурстарын қолдана отырып қорытындылап өтеді.
ІІІ. Қызықты деректер:
Флипчартта орналасқан Жер атауларын түрткен кезде сілтемелер арқылы суреттер мен қызықты мәліметтер ашылады.
Шерқала - бір қарағанда - киіз үйге, бір қарағанда жасырынып жатқан аңға ұқсайды екен. Оған міну киын, ал түсу тіптен киын. Оның үңгірлеріне кіруге көп адамның жүрегі дауаламайды екен. Сол жердің қарттарының айтуы бойынша ішінде елестер бар дейді. Ол талай ақын, суретшілердің еңбектеріне арқау болған. Шерқала аты аңызға айналған қасиетті жартастың қасында тұлғасы қазақстандық тарихы үшін маңызды болған Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының бекінісі орналасқан деп саналады. Шерқала түрік тілінен «арыстан тауы» дегенді білдіреді.Шайтан көл - Жұмбақ көл. Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, түрлі адамдар бұл көлден елес көрген. Көлдің орта тұсы қап - қара болып иірімденіп жатады екен. Көл шағын болғандықтан арғы беттегі адамдар кейде көрініп, ал кейде көрінбейді екен. Шайтан алып кетті ме қайда кетті деп, атауы осыдан шыққан дейді. Жағасына туристер өте көп келеді. Бірақ бұл жерде түнде ешкім қалмауға тырысады екен.
Археологтар Мұғалжар тауынан палеолит дәуірінде өмір сүрген адамдардың 40 шақты орындарын тапқан. Онда алғаш адамдардың тұтынған көптеген заттары табылған. Зерттеулер жүргізген кезде бұл заттарға шамамен млн жыл болғандығы анықталған. Сонда Қазақстан жерінде алғаш адамдар кәзір айтып жүргеннен әлдеқайда бұрын қоныстанған. Батыстан табылған ен алғаш Тасқа жазылған таңбалары бар.
Олар әр түрлі біреулері адамның табаны сияқты болса, енді біреулері жылан тәріздес.
Оқжетпес туралы атақты географ саяхатшы Ш Уәлиханов 15 түрлі аңыз әңгімелер жинаған екен. Соның біреуі: Қазақтар көшіп - қонып жүрген кезеңде осы тауда бір бүркіті өмір сүреді. Ол сұлтандардың жағымсыз қылығына қырғи көзбен қарап отырады екен. Оны жаратпаған сұлтандар атайын десе оқтары жетпепті содан Оқжетпес атанған дейді. Таудың Ұлытау аталуына мынадай оқиға себеп болған екен.
Тәуке хан 1389 жылы «Жеті жарғы» заңын бекіту үшін атақты биді шақыртады. Төле би бас би болады. Әйтеке би, т. б билер келеді. Әр жүздің міндет??? ы? тарын, байлықты бөлу мәселесін қарастырады. Онда үш жүзді жауластырмай, басқа шапқыншылардан қазақ халқын қорғау мәселесі шешіледі. Міне осы Ұлытау деген
шы? маңайында қазақ халқы үшін ұлы мәселелер шешілген деседі. Мұғалжардағы «Екі ағайынды»тауы - Өте әдемі тау. Бұлай аталу себебі туралы аңыз көп. Біреулері екі мемлекетте орналасқан тау болғандықтан десе, енді біреулері екі атауы болғандықтан дейді. Ал кейбір деректерге сүйенсек бұл тауға соғыс кезінде екі ағайынды ұшқыш мінген самолет құлаған деседі. Жұмбақтас - Демалып жатқан тынығушылар қайықпен, катамаранмен көлдің ортасына орналасқан "Жұмбақтасқа" барып, оның кереметіне таң қалуда. "Жұмбақтасты" бір қырынан қарасаң - бұрымды жас қызға балайсың, екінші қырынан қарасаң орамал тартқан келіншекке балайсың, үшінші қырынан қарасаң - бетіне әжім түскен кемпірге балап таңқаласың.

Бекіту тапсырмалары:(Интерактивті тақта мүмкіндіктері пайдаланылды )
1 тапсырма. Оқулықты және картаны пайдалана отырып кестені толтыру:
Таулы өлке Оған кіретін тау жоталары Ең биік нүктесінің аты, биіктігі
Сарыарқа Мұғалжар Маңғыстау
2. Тапсырма
50 беттегі тектоникалық картаны пайдаланып, Сарыарқаның қай кезеңде пайда болғанын анықтау:
Жауабы: Полезойлық қатпарлықта, солтүстік - батыс бөлігі каледон, шығыс бөлігі герцин қатпарлығында қалыптасқан.
Мұғалжардың қай кезеңде болғанын анықтау:
Жауабы: Батысы жас полеозой платформалардың шөгінді қабығы, батысы герцин қатпарлығының аймақтары
Жауабы: Маңғыстаудың қай кезеңде болғанын анықтау:
жас полеозой платформаларының шөгінді қабығы
3 тапсырма. Геодиктант. 1. Сарыарқа - Қазақстан жеріндегі ең... тау.
2. Мұғалжар... ......тауының оңтүстігіндегі Қазақстан жеріндегі жалғасы.
3. Маңғыстау тауларының оңтүстігінде... ........ойысы орналасқан.
4. Мұғалжардың ең биік нүктесі..........., 5.Сарыарқа Қазақстанның.... .....орналасқан.
4 тапсырма. Сандар сөйлейді:
1565 м -------, 657м ---------, 556м -------, - 132м --------, 1936 ж -----------, 1992ж 2 наурыз ---------
4 - 5 белдеу ------------, 2724, 9 --------------, 3000км -------------, 1394 км -------, 12 балл --------
6 тапсырма. Тест
1. Сарыарқа батысында шектеседі:
А) Торғай үстірті, Тұран ойпаты, Ә) Сауыр Тарбағатай, Б) Тянь - Шань
2. Абсолют Сарыарқаның биіктігі:
А) 500 - 600 ә) 700 - 800 б) 900 - 1000
3. Мұнара, Қорған, Жеке Батыр, Салт атты, Жұмбақ тас қай таулы өлкеде:
А) Мұғалжар ә) Сарыарқа б) Маңғыстау
4. Мұғалжар солт - тен оңт - ке қанша км?
А) 450 ә) 900 б) 1000
5. Маңғыстау тауларының жоталары
А) Баянауыл, Қарқаралы Ә) Қаратау, Ақтау Б) Ақтау, Баянауыл
6. Қарақия ТМД да тереңдігі жөнінен нешінші орында
А) 1 ә) 4 б) 5
7. Аласа тауларды көрсет:
А) Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау Ә) Сарыарқа, Тянь - Шань, Мұғалжар

Б) Маңғыстау, Алтай, Сауыр - Тарбағатай
8. Сарыарқаның солтүстігінде:
А) Батыс Сібір жазығы
Б) Жалпы сырт қыраты
В) Каспий маңы ойпаты
- Оқушыларды бағалау
- Үйге тапсырма беру: Тақырыпты оқып келу, Қызықты деректерді ақпарат құралдарынан қарап іздену



© 2010-2022