Урок на тему Құрлықтағы таулар

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ӨЗIН-ӨЗI ТАНУ САБАҒЫМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНІҢ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Мектеп:ӨркенМерзiмі:24.11 2015 жыл

Тақырыбы:Құрлықтағы таулар, олардың жіктелуі.

Құндылық:Қиянат жасамауҚасиеттер:мейірімділік,қамқорлық,аялау
Мұғалiм:А.БурашеваСыныбы:6 «а»Оқушылар саны: 15

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға таулар, олардың жіктелуі, қалыптасуы және оған әсер ететін факторлар туралы түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділігі: Оқушыларға таулар туралы түсінік беру. Таулардың биіктігіне қарай жіктелуін түсіндіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, географиялық көзқарастары мен ұстанымдар жүйесін дамыту.

Тәрбиелігі: Сабақ барысында қиянат жасамау құндылығының мәнін аша отырып, оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Ескертулер

Сабақ барысы:

  1. Сыртқы интеграция (өзін-өзі тану сабақтарының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

  2. І. Ұйымдастыру бөлімі.

  3. Тыныштық сәті. «Орманға ойша саяхат»

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштарбиіктейәрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да, оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңілбөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл, әрі тыныш және бақытты сезіну қандай! Табиғат неткен ғажап! Оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келгенуақытта оғанкелеалатыныңыздыестеұстаңыз. Алқазірмектепкеқайтуғадайындалыңыз. Орныңыздантұрып, айналағатағыбіркөзқырынсалыңыз. Келгенжолыңызбенкеріқайтыңыз, жолыңыздағыжәндіктердібасыпкетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, айналаға күлімсіреңіз!


  1. ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау. «Ой шақыру»

1. Жанартаулар деген не?

2. Ыстық бұлақтар туралы не білесіңдер?

3. Гейзерлер деп нені атайды?

4. Сөнген жанартау және сөнбеген жанартау туралы не білесіңдер?

5. Ыстық бұлақтар мен гейзерлер ненің салдарынан болады?

Дәйексөз: «Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді, өз кезегінде шексіз жанашырлықты білдіреді»

М. Ганди

Ішкі интеграция (сабақтың мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау)

ІІІ Жаңа сабақ: (электронды оқулықтан таулар туралы мағлұмат көрсету)

Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөліктерін таулар деп атайды. Таудың етегі, шыңы, басы, жоны, беткейі, өзен аңғарлары болады. Таулар бір-біріне жалғаса созылып жатады. Мұндай жалғаса тізіліп жатқан таулар тау жотасы деп аталады.

Бірнеше тау жоталары келіп түйісетін жерді тау торабы деп атайды.

Таулар биіктігіне қарай аласа(400 - 1000м), орташа(1000 -2000м), биік(2000м-ден жоғар) таулар болып бөлінеді.

Шыңдары уақыт өткен сайын мүжіліп, аласарған, көп жері тегістелген, аласа төбелерге айналған таулар ескі таулар деп аталады. Мысалы Орал тауларын жатқызуға болады. Кейін пайда болған және онша көп бұзылмағын, шыңдары үшкір, беткейлері тік, басын мұз басып жатқан таулар жас таулар деп аталады. Оларға: Кавказ, Памир, Гималай, Кордильер тауларын жатқызуға болад

Сергіту сәті: «Сарыарқа» әнін орындай отырып, билету.

Мұғалім сыйы қоржынынан:

Бейне ролик: «Қиянат жасамау»

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Шығармашылық жұмыс:

Келесі сұрақтар бойынша ой бөлісу:

  1. Мен кіммін? (тіршілік иесі, адам, перзент, маман, өз отанын сүйетін патриот)

  2. Бұл табиттағы менің орным қандай?

  3. Өз орнымды адаспай табу үшін не істеуім қажет?

« Қиянат жасамау - мықтылардың қаруы » тақырыбында эссе жазу

V.Үй тапсырмасы.

(топтық жоба)

Таулар туралы слайд құрастырып келу

VІ. Бағалау.

Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қосылады. Бойымызды тік ұстап, еркін жайғасайық. Көздерімізді жұмамыз. Бүгінгі сабақта өткен тақырбымызды, құндылықтар мен қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар!

Барлығыңызға рахмет!



© 2010-2022