Урок по географии на тему ТМД елдеріне жалпы шолу

Раздел География
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 07.09.2015 География 11 «А» сынып

Сабақ № 2

Сабақтың тақырыбы: ТМД елдеріне жалпы шолу.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Беларусь Республикасының географиялық орны,табиғаты және табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары жөнінде түсінік беріп, білім негізін қалыптастыру.
дамытушылық:Оқушылардың танымдық қасиетін, ойлау өрісін, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
тәрбиелік: Қазақстан елімен Беларусь Республикасын салыстыра отырып,Отаншылдыққа,өз елінің патриоты болуға, достастыққа,сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері:

  1. түсіндіру

  2. сұрақ-жауап

  3. презентация

  4. кескін картамен жұмыс

Көрнекілік: оқулық, карта, атлас,презентация, үлестірмелі материалдар

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • сәлемдесу

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын, психологиялық дайындығын тексеру

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

  • Халықаралық туризм жайлы не білесіңдер? Ол қай мемлекеттерде жоғары дамыған?

  • Халықаралық туризмнің салаларының бірі тау шаңғысы туризмі жайлы не білесіңдер?

  • Теңіз жағалауындағы курорттар қай аудандарда жақсы дамыған?

  • Туристік нысандардың бірі болып саналатын қалалар жайлы не білесіңдер?

  • Діни орталықтарға құлшылық ету халықаралақ туризмнің айрықша түрі. Мұндай орталықтар қай жерлерде бар?

ІІІ. Жаңа сабақ. (Слайд бойынша жаңа сабақты түсіндіру)

- ТМД елдерінің құрылу тарихы қысқаша:

  • 1991 жылы 12 желтоқсанда Ашхабад қаласында Орта Азия мемлекеттері мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті.

  • 1991 жылы 8 желтоқсанда Беларусь, РСФСР және Украина республикалары Минск қаласында кездесті

  • 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда 11 мемлекет өкілдері қатысқан кездесуде тең құқықтық жағдайда ТМД құрылғандығы жөнінде шартқа қол қойылды.

  • 1993 жылы ең соңғы болып Грузия қосылды

- ТМД құрамына қандай мемлекеттер мүше?

  • Бұл одақтың құрамында 11 мемлекет бар: Ресей, Қазақстан, Беларусь, Украина, Молдова, Армения, Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан.

  • Түрікменстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достатастығының құрамына бақылаушы ретінде енеді.

  • 2009 жылдың 18 тамызынан бастап Грузия ресми түрде ТМД құрамынан шықты.

  • Штаб-пәтері - Минск қаласында (Беларусь)


Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылу мақсаты:


  • Барлық мүше мемлекеттердің ортақ экономикалық кеңістікте тұрақты дамуын қамтамасыз ету

  • Саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және мәдени қарым - қатынас жасау

  • Адам құқығының сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету

  • Халықаралақ және әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  • Мемлекеттер арасындағы қақтығыстар мен келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу

ТМД құрамындағы мемлекеттердің атауы, астанасы, Президенті, Елтаңбасы, Туы слайдтарда көрсетіледі.

1)Ресей - Мәскеу

2)Қазақстан - астана

3) Беларусь - минск

4) Украина - Киев

5) Молдова - Кишинев

6)Армения - Ереван

7) Әзірбайжан - Баку

8) Түрікменстан - Ашхабад

9) Өзбекстан - Ташкент

10)Қырғызстан - Бішкек

11) Тәжікстан - Душанбе

Ә) дәптермен жұмыс

- ТМД құрамына енетін мемлекеттердің тізімін, астанасын жазу

- ТМД құрылу уақытын, штаб- пәтерін, председателін жазу.

Б) кескін картамен жұмыс

Кескін картаға ТМД елдерінің шекарасын қызыл түспен белгілеп, астаналарын жазу (жинап алып бағалау, 1-2 оқушыны ортаға шығарып айтқызу)

ІV. Қорытындылау

А) сұрақ-жауап

- Сонымен, ТМД құрамына қанша мемлекет кіреді?

- Ол қашан құрылды?

- Одақтың мақсаты не?

- Штаб - пәтері қай қалада?

Ә) тест тапсырмаларын орындау (ауыстырып бірін - бірі тексеру, бағалау)

Жауаптары:

  1. В

  2. А

  3. С

  4. А

  5. С

  6. В

  7. Д

  8. В

  9. В

  10. А

V. Үйге тапсырма. §2. Оқып, мазмұндау.

ТМД мен Қазақстанның арасындағы экспорт көлеміне дөңгелек диаграмма құрастыру.

VІ. Бағалау


© 2010-2022