Литосфералық тақталар туралы ұғым (6 сынып) Сабақ жоспары

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: 25

Сынып: 6

Өтілетін күні: 8.12.2015 жыл

Тақырыбы: Құрлықтағы таулар, олардың жіктелуі

Мақсаты:

-Тау, шың, тау жотасы, таулы өлке, тау торабы ұғымдарын қалыптастырады.

-Таулардың биіктігіне, пайда болуына қарай жіктелуін оқып үйренеді.

-Таулардың биік, орташа, аласа болатыны сияқты адамдардың мақсат-армандарына жету жолдары әр түрлі болатынын ұғындыру, өзін-өзін жетілдіру және тәрбиелеу арқылы болашаққа құштарлығын арттыру. Тауға өрмелеу қандай қиын болса, мақсатқа жақындаған сайын оған жету жолдары қиындай түседі.

Күтілетін нәтиже:

Сыныптың 85-90 % құрлықтағы таулар және олардың жіктелуі бойынша білім алып шығады және тауларды картадан тауып, оларды кескін картаға түсіреді.

Ресурстар:

Дүниежүзінің және Қазақстанның физикалық картасы, мәтін деректері, макеттер, суреттер, презентация

Сабақтың түрі:

Өзін-өзі тану сабағымен ықпалдастырылған жаңа білім қалыптастыру сабағы

Сабақтың әдісі:

Топтық жұмыс жасау арқылы «Дана үкі» әдісімен жаңа білімді меңгеріп, көрнекіліктермен сабақты бекіту.

Ұйымдастыру кезеңі:

Топқа бөлу: Гималай, Тянь-Шань, Алтай таулары жазылған үлестірмелер арқылы үш топқа бөлу

Тренинг «Кедергілерден арылу» 2 минут

Презентацияда жазықтардағы тауларды көрсету арқылы сабақ тақырыбын ашу 1 минут

Олай болса оқулықты ашып «Құрлықтағы таулар, олардың жіктелуі» тақырыбына назар аударайық. Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қояр едіңдер?

1 минут

Мұғалім презентациядан сабақ мақсатын шығарады 1 минут

1 тапсырма «Тау ұғымы» аялдамасы 2 минут оқуға, қорғауға 2 минуттан 6 минут

1-топ

Таулар, тау шыңы

2-топ

Тау жотасы, таулы өлке

3-топ

Тау торабы

Оқушылар берілген ұғымдарды оқулықтан оқу арқылы өз беттерінше түсініп, макеттерден көрсетіп қорғаулары керек

2 тапсырма

2 тапсырманы орындау үшін мәтінді оқуға 4 минут, кестені толтырып тапсырманы орындау үшін 10 минут, қорғауға әр топқа 2 минуттан 6 минут

1-топ

Таулардың биіктігіне қарай жіктелуі

1.Талар биіктігіне қарай бөлінуі

2. Биіктіктері

3. Қандай таулар жатады?


2-топ

Таулардың пайда болуына қарай жіктелуі

1.Таулардың пайда болуына қарай бөлінуі

2. Неге олай аталған?

3. Мысал келтір (қандай таулар жатады?)

3-топ

Таулардың пайда болу мезгіліне қарай бөлінуі

1. Таулардың пайда болу мезгіліне қарай бөлінуі

2. Сипаттама беріңдер

3. Мысал келтір (қандай таулар жатады?)

3. Атлас карталарымен жұмыс

Атлас карталарынан ізденіп табуға 5 минут, тақтадағы картадан көрсету әр топқа 1 минуттан 3 минут

Сабақты бекіту үшін топтар жаңа білім бойынша өзара сұрақтар қояды.

3 минут

1-ші топ 2-ші топқа

2-ші топ 3-ші топқа

3-ші топ 1-ші топқа

Кері байланыс: Не білдім?, Тағы не білгім келеді?

1 минут

Үйге тапсырма:

Құрлықтағы таулар, олардың жіктелуі-ауызша

Кескін картаға тауларды түсіру

6 сынып оқушылары

Гималай Алтай

Тянь-Шань

Гималай Алтай

Тянь-Шань

Гималай Алтай

Тянь-Шань

Гималай Алтай

Тянь-Шань

Гималай Алтай

Тянь-Шань

1-топ

Таулардың биіктігіне қарай жіктелуі

1.Талар биіктігіне қарай бөлінуі

2. Биіктіктері


3. Қандай таулар жатады?


2-топ

Таулардың пайда болуына қарай жіктелуі

1.Таулардың пайда болуына қарай бөлінуі

2. Неге олай аталған?

3. Мысал келтір (қандай таулар жатады?)


3-топ

Таулардың пайда болу мезгіліне қарай бөлінуі

1. Таулардың пайда болу мезгіліне қарай бөлінуі

2. Сипаттама беріңдер

3. Мысал келтір (қандай таулар жатады?)


© 2010-2022