Урок на тему Көлдер

Раздел География
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Көлдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Көлдердің пайда болу түрлерін ажырата білу, еліміздің, дүниежүзінің ерекше көлдеріне сипаттама беру.
Дамытушылық мақсаты: Әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы шығармашылық, естте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге жағдай туғызу. Қосымша ақпарат беру арқылы қызығушылықтарын арттыру. Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Еліміздің көлдерінің ерекшеліктерін айта отырып, отансүйгіштікке, табиғатты аялап, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, слайд, дүние жүзінің, Қазақстанның физикалық картасы, сызба, кітаптар мен қосымша материалдар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың типі: Ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақта қолданылатын технология: Дамыта оқыту технологиясы, СТО элементтері
Пәнаралық байланыс: Биология, тарих, әдебиет
Сабақтың барысы:
Үй жұмысын тексеру.
Сұрақ -жауап
1.Қай өзеннің су жинайтын алабының аумағына Австралия тұтасымен сиып кетер еді? Амазонка
2.Өзен жүйесі дегеніміз не? Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі аралықты атаймыз
3.Ертіс өзенінің сол жақ саласы қай өзен? Есіл
4.Шатқал деген не? Тау өзендері беткейлері тік, жартасты тар аңғармен ағуы.
5.Қандай өзендер кеме қатынасына қолайлы? Ертіс
6.Сарқырама дегеніміз не? Егер жартас өзен арнасын кесе - көлденең алып жатса, су одан төмен қарай құлай ағып сарқырама жасауы.
7.Өзен режимі дегеніміз не? Өзен суы мөлшерінің жыл ішінде өзгеру ерекшелігі.
8.Көшпелі Қазақ халқы қай өзендердің бойында мекен еткен? Сырдария
9.Қай өзендердің бойында СЭС орналасқан? Ертіс, Іле, Сырдария
10. Мисисипий өзені қайда құяды? Мексика шығанағына
11.Жайық өзені қайда құяды? Каспии теңізіне
12.Еліміздегі ең үлкен марқырама? Бұхар бұлақ
"Мені анықта" ойыны
Кескін карта белгіленген өзендер атау.
Слайдта берілген өзен бойында орналасқан сарқырамаларды табу керек
І.Кіріктірілген бөлім. Бағдарлау мативациялық кезең.
Оқушыларға сұрақ қою арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбына көңіл аударып, қызығушылықтарын ояту мақсатында, «көл» сөзіне ассосация құру.
-Көл дегенде ойларыңа бірден не келеді?
-Сәкен Сейфулиннің көлге байланысты қандай өлең жолдарын білесіңдер?
Көкшетау сексен көлдің саясында
Әр қайсысы алтын кесе аясында
ІІ.Сараланған бөлім. Операциялық-орындаушылық кезең.
1.Слайдта берілген Қазақстанның көлдері суреттерінің мағынасын оқушылар талқылау. Өз ойларын айту.
2.Оқулықпен жұмыс. Көлдерің пайда болу жолдарын анықтау. Слайдта берілген тапсырмада көп нүктенің орнына көлдердің аттарын жазу. Картамен жұмыс
1.Терең көлдер тау жасалу үрдістерінде пайда болып, тектоникалық көлдер деп аталады.
Мысылы: ______________________________
2.Кейбір жағдайда тау опырылып, өзен аңғарларын бөгеп тастаған кезде пайда болады, оларды бөген көлдер деп атайды.
Мысылы:_______________________________
3.Бір кездегі теңіздің орнын қалдық көлдер алып жатады.
Мысылы: _______________________________
4.Сөнген жанартауларың кратерлерінде пайда болып, жанартаулық көлдерді құрайды.
Мысылы: _______________________________
5.Жазық жерлердегі өзендер өз бағытын өзгертетін болса, олардың ескі иірімдері шағын көлдерге айналады. Бұлар ескі арна көлдері.
Мысылы: ___________________________________
3.Слайдта берілген ең, ең деген көлдер мен әлемнің ерекше көлдерін талқылап танымдық қабілеттерін арттыру.
а)Ең терең Байкал, ең биікте Титикака орналасқан көлдер.
Анд тауларында дүниежүзіндегі ең биік тау көолдерінің ең ірісі - Титикака орналасқан. Теңіз деңгейінен 3812м биіктегі бұл көлдің ауданы 8300 км2 , тереңдігі 304 м.
Жер шарындағы ең терең көл Байкал көлі Еуразияның Азиялық бөлігінде орналасқан, оның тереңдігі 1620 м.
б)Ертеңгі даңтың мекені атты сансыз бояудың қосындысынан тұратын таңғажайып көл. Бұл АҚШ-тың Йеллоустоун ұлттық паркінде орналасқан..
в)Алжирдің Сидибель-Аббес қаласының тұрғындарына дүкеннен сия сатып алудың қажеті жоқ. Олардың қасында сияға толы тұтас бір көл орналасқан.
Бұл онда қайдан келген?
Көлді кішкентай екі өзен құраған. Оның бірі темір тұздарына бай, ал екіншісі шымтезекке бай батпақ арқылы ағып өтеді де, суы сия жаңғағының шырынында кездесетін барлық заттарды сіңіреді. Бұл сулар көлге келіп орналасқанда , сия пайда болады.Аталған көлден ешқандай балықты да, басқа да тірі жануарлар мен жәндіктерді көре алмайсың.
Оның суы тек жазуға ғана жарамды.
ІІІ.Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.
1.Сызба арқылы
2.Сызба арқылы
3.Көлдердің шаруашылықтағы маңызы туралы эссе жазу.
Бағалау;
Үй жұмысы:
§42, кескін картаға көлдерді белгілеу. Қазақстан мен дүниежүзінің физикалық картасына.

© 2010-2022