Тақырып Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері сабақ 6-сынып

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.

Мақсаты: дүниежүзілік мұхит пен оның бөліктері туралы алған білімдерін тереңдету, ойлау қабілеттерін дамытуға, өздігінен жұмыс жасай білуге баулу және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: глобус, дүниежүзінің физикалық картасы, атлас, слайд, проектор.

Сабақ әдісі: жұмбақ шешу, сұрақ-жауап, іздендіру, Венн диаграммасы.

I. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Гидросфера деген не?

2. Мұхиттар мен теңіздердегі тұщы су неше пайызды құрайды?

3. Дүниежүзілік су айналымы деген не?

4. Дүниежүзіндегі ең терең мұхит?

5. Дүниежүзіндегі ең терең шұңғыма?

6. Дүниежүзілік мұхит бөліктеріне не жатады?

II. Жаңа тақырып.

I топ- Материк деген не? Қанша материк бар? Арал деген не? Материк пен арал ұқсастығы мен айырмашылығы (Венн диаграммасы)

II топ- Түбек деген не? Түбек пен арал арасындағы ұқсастық пен айырмашылық(Венн диаграммасы)

III топ- Дүниежүзілік мұхиттарды атаңдар. Теңіз деген не? Мұхиттан айырмашылығы неде? Ішкі теңіз бен сыртқы теңіз айырмашылығы(Венн диаграммасы)

IV топ- Шығанақ, бұғаз деген не? Ұқсастықтары мен айырмашылығы(Венн диаграммасы)

Әр топқа тапсырма. Координаталар бойынша нысандарды табу.

I. 20°о.е. 45°ш.б.

II. 18°с.е. 85°ш.б.

III. 35°с.е. 05°б.б.

IV. 25°с.е. 45°ш.б.

Қорытындылау. Деңгейлік тапсырмалар.

А. Материктер мен мұхиттарды сан бойынша атап жазыңдар. Слайд.

Ә. Сәйкестік тест.

Б. Семантикалық карта.

Сәйкестік тест



1. Материктердің аралығында орналасқан үлкен су алқаптар.

2. Мұхит, теңіз суларының құрлыққа сүйірлене орналасқан бөлігі.

3. Құрлықтың ішіне қарай тереңірек еніп, мұхитпен және жақын теңіздермен бұғаз арқылы жалғасады.

4. Құрлықтарды бір-бірінен бөліп тұрған және теңіз, көл, мұхит суларын жалғастырып тұрған жіңішке су айдыны.

5. Материктер мен аралдар арқылы бөлініп жатқан мұхиттың бір бөлігі.

6. Мұхитпен емін- еркін байланысып жатады.



А) Теңіз В) Мұхит

Ә) Ішкі теңіз Г) Шығанақ

Б) Шеткі теңіз Ғ) Бұғаз





Семантикалық карта

Нысандар

Шығанақ

Мұхит

Теңіз

Бұғаз

Түбек

Арал

1. Атлант

2. Арабия

3. Гренландия

4. Мексика

5. Беринг

6. Жерорта

7. Гудзон

8. Дрейка

9. Үнді

10. Мадагаскар

11. Баренц

12. Лабрадор









© 2010-2022