§20 Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы. (8 сынып)

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сынып

8 Б Күні:


Пән

География

Сағат

1

Тақырып

§20 Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы

Мақсаты

Оқушыларға Қазақстан климатының ерекшеліктерін түсіндіру. Климат құрушы факторлар туралы білімдерін жүйелеу және «күн радиациясы» ұғымын қалыптастыру. Күн радиациясының түрлерімен (тура, шашыранды, жиынтық) таныстыру. Қазақстан аумағында күн радиациясының таралу заңдылықтарын түсіндіру.

Тәрбиелік:

Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиетін арттыру, географиялық мәдениетке тарту

Дамытушылық

Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясының картасы мен физикалық картасын салыстырып, сәйкестендіру арқылы икемділіктері мен дағдыларын дамыту.

Көрнекілік

Қазақстанның физикалық картасы, тектоникалық және геологиялық карталар

Әдіс-тәсіл:

Баяндау сабағы, номенклатурамен жұмыс



Өткен сабақты қайталау:

  1. Қазақстанның жер бедері?

  2. Жазық аймақтар?

  3. Аласа таулы өлкелерге қай таулар жатады?

Сабақтың барысы :

Бұрынғы өткен сыныптарды еске түсіру сұрақтары:

1) Климат дегеніміз не? Ол қандай климат құрушы факторларға тәуелді? Климаттың қалыптасуына географиялық ендік пен жер бедерінің ролі қандай?

2) Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан? Қазақстан аумағының мұхиттардан алыс орналасуы оның климатына қалай әсер етеді?

Жауап

1) Климат дегеніміз ауа райының көп жылдар бойы қайталанып отыратын типі. Ол жер бедерінің сипаты, мұхиттардың ықпалы, географиялық ендік, ауа массаларының қозғалысы және адам әрекетіне байланысты қалыптасады.

2) Қазақстан қоңыржай климаттық белдеуінің оңтүстігінде орналасқан. Қазақстанның 4 мұхиттан алшақ жатуы оның континенттік климатының басым болуына әкеледі.

Күннің Жер үшін энергияның негізгі көзі екенін, Күн жер бетін, суды, мұхиттарды қыздырып, күн сәулесінің әсерінен өсімдіктерге фотосинтез процесі жүреді.

Оқушылар Қазақстан климатына негізгі 3 фактор: күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы, жердің төсеніш бетінің әсер етуінен қалыптасатынын анықтайды. Кейін күн радиациясы - ол күннен жер бетіне түсетін сәулелі қуат екендігін айтады, өлшем бірлігі Дж/м2 анықтайды.

1. Күн радиациясының түрлері: а) тура күн радиациясы, шашыранды радиация, жиынтық радиация, жұтылған радиация, шағылысқан радиация.

Күн радиациясы түрлері туралы сызбанұсқа:

Тура күн радиациясы Шағылысқан к.р.

§20 Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы. (8 сынып)§20 Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы. (8 сынып)

Жиынтық к.р.

§20 Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы. (8 сынып)§20 Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы. (8 сынып)

Шашыранды к.р. Жұтылған к.р.

2. Күн радиациясының географиялық ендікке байланыстылығын анықтайды

3. Күн радиациясының атмосфераның мөлдірлігіне және жыл мезгілдеріне байланысты таралу заңдылықтарын анықтайды.

Сабақты бекіту кезеңі

Күн радиациясының географиялық ендік бойынша таралуынды оқулықтың 84-85 беттеріндегі Қазақстан аумағының жиынтық күн радиациясы картасымен жұмыс істеуге тапсырма береді:

1. Картадан Петропавл, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Тараз және Шымкент, қалаларының жиынтық күн радиациясының мөлшерін анықтаңдар.

2. Қазақстан аумағындағы 66° меридиан бойынша оңтүстіктен солтүстікке қарай жиынтық радиация мөлшері қалай өзгереді?

3. Бір ендік бойында орналасқан Алматы және Владивосток қалаларында жиынтық радиацияның мөлшері не себептен әр түрлі?

4. Алынған фактілерді пайдалана отырып жиынтық радиацияның таралу заңдылықтары туралы қорытынды шығарыңдар.

Тапсырмалардың орындалуы: 1. Птеропавл қаласында жиынтық күн радиациясының мөлшері 100 ккал, Астанада 100-110 ккал шамасында, Қарағандыда 110-120 ккал, Жезқазғанда 120-130 ккал, Таразда 130-140 ккал, Шымкентте 140-150 ккал-ден астам. 2. Оңтүстіктен солтүстікке қарай жиынтық күн радиациясының мөлшері артады. 3. Владивосток мұхит жағалауында орналасқандықтан атмосфераның жоғарғы қабаттарында бұлттар көптеп шоғырланады, олар күн сәулесінің түсуіне кедергі жасап, жиынтық күн радиациясының мөлшері Алматыдағыға қарағанда аз болады. 4. жалпы күн радиациясының түсуі оңтүстіктен солтүстікке қарай артады, ол географиялық орнына да тәуелді болады.

Үй жұмысы :


§ 20 түсінік. Кескін картаға жиынтық күн радиациясын түсіру.



Сабақты бағалау :

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау




§20 Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы. (8 сынып)

© 2010-2022