Открытый урок

Открытый урок по предмету география седьмой класс по теме «Африка» на казахском языке№ Урок составлен в виде урока- путешествия по материку «Африка. Урок составлен с учетом возрастных особенностей учащихся. В материале урока по данной теме используются презентации, фронтальные вопросы, разноуровневый дидактический материал по теме «Африка», также в конце урока проводится контрольное тестирование учащихся по полученным знаниям и умениям по данной теме. Также здесь рассмотрены картографические зна...
Раздел География
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жданов орта мектебі







Ашық сабақ





«Африка материгіне саяхат»




Пәні: география


Сынып: 7 «А»


Мұғалім: Алиева Мейрамкүл Серікқызы



















2013-

Тақырыбы: «Африка материгіне саяхат»

Сабақтың мақсаты:

а ) Білімділігі: оқушылардың Африка табиғаты, халқы,

климаты, ішкі сулары және табиғат зоналары

туралы алған білімдерін тексеру, қайталау, бекіте түсу.

ә) Дамытушылық : оқушының ойлау, есте сақтау қабілетін

арттыру,дүние танымдық көз қарасын қалыптастыру, қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.

б) Тәрбиелік: ұжымдық қарым-қатынас, ынтымақтастық,

бірлікке, бір-бірін сыйлауға, тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Саяхат сабағы
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, сабақта АКТ- ны пайдалану.

Құралдар: презентация, физикалық карта, кеме суреті, кескін карталар, атлас, интерактивті тақта,

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті: . Оқушылардың көңіл - күйін сабаққа аудару.(психологиялық ахуал (шаттық шенбер). Оқушылар кемеге өз түліктерің іледі

Саяхаттың барысы:

І. Қызығушылықты ояту. Африка материгін таныстыру туралы тақпақ оқып, тақырыпты ашу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Мен өзім оттай ыстық жермін,
Қазір де әл - ауқатты бірнеше елмін.
Египет, Алжир, Марокко бар,
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,
Тауларым бар Килиманджаро, Айдаһар
Нил, Замбези суым қандай!
Виктория, Чад көлдер, тұзды көлім,
Тамаша көрген адам таң қалғандай.
- Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған? (Африка)

- Осы материктің географиялық орны мен таныстық, табиғат зоналары, елдері және халқы туралы көп білім алдық.
- Бүгін Африка материгі тарауының соңғы сабағы, соңдықтан алдымызға қандай мақсат қоямыз?
- Алдынғы сабақтарда алған білімдерімізді пысықтап, жинақтап қорытынды сабақ өткіземіз.
- Жақсы, онда сабақта сендерге сәттілік тілеймін...
І.Оқушылар Африкаға жолдаманы ұтып алды.

Төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап берілсе ұшақ билеті тегін беріледі.

1.Белгіленген объектілердің атын тауып картадан көрсетеді..

А .Африка мен Еуропаны жалғастырып жатқан бұғаз.

К. Африканың шеткі нүктелері.

И. Африканың ең үлкен аралы.

Д. Жер шарындағы ең ыстық материк

В. Қызыл теңіз бен Жер орта теңізін

жалғастырып жатқан канал.

С. Африканың ең ірі көлі

Н. Дүниедегі ең үлкен шөл.

Г. Материктік теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі:

Ж. Материктің ең үлкен сарқырама.

У.Африканың ең төмен нүктесі

І І. Билетті ұтып алып кемемен Африкаға жеттік алдымыздан Пигмейлер шығып қарсы алды. Бізден сұрақтар сұрады

. иә, жоқ болса дұрысын анықтаңдар.
1.Африканың ең ірі түбегі Гвинея.
2. Африка көлемі жағынан 3 орындағы материк.
3. Африканы 3 мұхит шайып жатыр.
4.Африка материгіне Арктикалық климаттың әсері басым.
5. Африканы айналып шыққан саяхатшы Н.И. Вавилов.

6. Ең ұзын өзен Лимпопо

7. Материктегі ең үлкен көл \Виктория\

ІІІ Африкада көп көлдер мен теңіздер бар. Біз «Сиқырлы мозайка» ойын шешеміз (презентация)

ІV Ал балалар біз Африка материгіне келдік . «Ой қозғау» стратегиясы. Климаттық белдеулері. (пармен жұмыс

Сұрақ: Африка материгіне қандай климаттық белдеулер тән? Әр климаттың белдеуге тән басты ерекшеліктерін атаңдар.

Климат белдеулері

Ерекшеліктері

Экваторлық белдеу

Гвинея шығанағының жағалауы

Орташа температура t +240 +280 С, жауын-шашын 3000мм-ден жоғары, жыл бойы экваторлық ауа массалары әсер етеді.

Субэкваторлық белдеу

Материктің 1/3 бөлігін алып жатыр

Жазда экваторлық, қыста тропик ауа массалары әсер етеді. Жылдық орташа температура 200С, жауын-шашын 2000мм, тропик маңында 250мм

Тропиктік белдеу

Жыл бойында тропик ауа массалары әсер етеді. Жазда орташа температура t +300 +350 С, жауын-шашын 50-150мм

Субтропиктік белдеу: материктің ең қиыр солтүстік пен оңтүстік аймақ қамтиды.

Жазда тропик, қыста қоңыржай ауа массалары әсер етеді. Жазда орташа температура t +270 +280 С, жауын-шашын жазық жерлерде 300-500мм, тау беткейлеррінде 1500мм

V.Сергету кезеңі

Әр оқушы отырганда Африканын мемлектің атайды.

V1Африканың табиғат зоналары (кластер жасау)

V11. Үйге қайту үшін билет алумыз керек. Ол үшін тест сұрақтарын дұрыс шешкенде ғана тегін билетке ие бола аламыз.

V11I Қорытындылау. Диагностика «Көңіл-күй»

Үйге тапсырма:Материкті қайталау,сөзжұмбақ құрастыру.


© 2010-2022