• Преподавателю
  • География
  • «География сабағында оқушылардың құзырлылығын қалыптастыру – білім сапасын арттырудың негізгі шарты»

«География сабағында оқушылардың құзырлылығын қалыптастыру – білім сапасын арттырудың негізгі шарты»

Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі - нәтижелі білім берудің негізі» атты жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдерінің

облыстық педагогикалық оқуы










«География сабағында оқушылардың құзырлылығын

қалыптастыру - білім сапасын арттырудың негізгі шарты»


Орындаушы:

№20 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі

Азильханова Гульмира Азильхановна








Меркі, 2013 жыл


Мазмұны:


І. Кіріспе.

Оқытудағы құзіреттілік ұғымы.

ІІ. Негізгі бөлім:

а) Ғылыми дүниетаным - білім тұтқасы.

ә) Білім сапасын арттырудың негізгі шарты - жаңа инновациялық технологияларды қолдану.

ІІІ. Қорытынды:

Ой еңбегінің танымдық белсенділігі мен мәдениетін дамытудың маңызы.









«Еркін елдің ертеңі - кемел білім мен кенен ғылымда».

Н.Ә. Назарбаев


Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген. Жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің жаңа құнды бағыты ретінде оқу пәндері мазмұнын қазіргі заман талабына сай өзгертуді, оқушыны оқу үрдісіндегі басты субъект ретінде қарай отырып, оның кең шығармашылықпен ойлауына мүмкіндік туғызып, бүкіл оқу жүйесін, әдістерін өзгерту талап етілуде. Осыған орай, 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы қабылданып, білім берудің басты мақсаттары мен күтілетін нәтижелері анықталды.

Басты мақсаты - өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі кезеңдегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Бұл талаптарды меңгеру үшін мектеп оқушыларында төмендегідей құзыреттіліктердің болуы керек:

  • құндылықты-бағдарлы;

  • мәдени-танымдық;

  • оқу-танымдық;

  • коммуникативті;

  • ақпараттық-технологиялық;

  • әлеуметтік;

  • еңбек;

  • тұлғалық өзін-өзі дамыту.

Мақсатқа жетудің басты жолы - жеке тұлғаға сапалы білім, саналы тәрбие беру. Сондықтан әр сабақты жаңаша оқытуға негіздеу қажеттілікке айналып отыр.

Психология-педагогика саласында «құзыреттілік» және «құзырет» ұғымдарының жалпы кабылданған түсіндірмесі әлі қалыптаспаған, оларға түрліше мағына беріліп жүр.

Психологиялық сөздіктерде бұл ұғымға қатысты «Құзыреттілік - жеке тұлғаның коршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай білу қабілеті» деген түсінік берілген. Шетелдік түсіндірме сөздіктерде «құзыреттілік» ұғымы құзыретті меңгеруші ретінде қарастырылады .

Демек, құзыреттілік ұғымы «білім», «біліктілік», «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Алайда, бұл білім, біліктілік, дағдының жай жиынтығы емес. Құзыреттілік оқу нәтижелерімен қатар оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді.

Оқушылардың құзыреттілігі, ең әуелі, мектепте оқыту үдерісі кезінде қалыптасады. Ол оқу үдерісінің негізгі сапа көрсеткіші болып табылады және қойылған педагогикалық мақсатқа жетуді көздейді.

Ал құзырет ұғымына мынадай анықтама беруге болады: құзырет деп оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын және адамның әлеуметтік ұшқырлығын анықтайтын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттіліктерді айтады. Бұдан құзыреттілік пен құзырет ұғымдарының бірін-бірі толықтыратыны және бірімен-бірі байланысты екендігін көруге болады.

Оқушылардың құзыреттілігі - оқу үдерісінің негізгі сапа көрсеткіші, оның жетістігі қойылған педагогикалық мақсатқа жету болып табылады. Құзыреттің түйінді құраушысы біліктілік болып табылады.

Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы: "Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. Надан жұрттың күні - қараң, келешегі - тұман"- деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен.

Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.

Білім сапасы дегеніміз - мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.

Сапалы білім тәрбие беруде орын алған кемшіліктерді жойып дүниежүзілік өркениеттілікке жету ХХІ ғасырдын үлесіне тиіп отыр. Сапалы білім беру дегеніміз - ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық-практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табылады.

Сапалы білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат - жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой-тағылымы бар, адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы, т.б. қадағалап, оқушылармен жеке-дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі.

Осы бағытта география сабағында оқушылардың инновациялық технологиялар арқылы ойлау-шығармашылық белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттыруға көңіл бөлемін.

Жалпы білім беретін мектептің мақсаты - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау болып табылады.

Бұл мақсатты жүзеге асыру барлық ұстаздарға, соның ішінде география пәнінің мұғалімдеріне де үлкен міндет жүктейді. Себебі, география сабағында оқушы санасына туған халқына деген құрмет пен сақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты енгізу, оның тілі мен тарихы, еліміздің табиғаты, байлығы, экономикалық дамуы туралы білім беру мүмкіндігі мол. «Жанам деген жүрекке от берейік» дегендей, әрбір мұғалімнің міндеті - оқушының өз пәніне деген қызығушылығын ояту.

Әрбір ұстаз «Ертеңгі маман, не басшы - бүгінгі менің алдымда отырған шәкірттерім» - деп есептеп, өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарап, оқушыларға шетелдік озық білім деңгейінде білім беруге ұмтылуы тиіс.

Қазіргі кезде оқушылар үшін ақпарат көзі көп: олар - интернет желісі, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б. осылардың ішінен баланың санасына, түйсігіне мектеп бағдарламасындағы белгіленген білім ақпаратын енгізу мұғалімге үлкен міндет жүктейді. Осындай, өзара бәсекелес, алуан түрлі ақпарат ағынына төтеп беру үшін мұғалімнің әр сабағы қызықты мәліметтерге, түрлі ойындар сияқты тартымды әдіс-тәсілдерге құрылуы, сабақтың әртүрлі формалары қолданылуы керек. Олардың қатарына дәстүрлі емес сабақтарды, семинар, конференция, дөңгелек үстел, лекция-сабақ, саяхат-сабақтары және «Көңілді тапқырлар», «Жұлдызды сәт», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Алтын сақа», «Атажұрт», т.б. интеллектуалды-танымдық сабақтарын жатқызуға болады.

Оқушылар білімдерін бекітуде қайталау, тексеру, баладан мазмұнды жауап алатындай, оның білім деңгейін көрсететіндей сұрақтарды таңдай білу де маңызды. Сонымен қатар географиялық диктант, тест, алдын ала тапсырмалар беру, сарамандық жұмыстарды өз деңгейінде өткізу қажет.

Қазіргі кезде жаңа технология үрдісінде оқыту түрлерінің тиімділігі дәлелдене түсуде. Дамыта оқытудың және модульді оқытудың да өз тиімділіктері бар. Өз тәжірибемде қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі болған жаңа технологиялардың элементтерін қолданып келемін. Соның ішінде проблемалық оқыту тәсілін география сабағында кез-келген тақырыпты өткенде түрліше ұйымдастыруға болады. Ортақ талап - проблемалық мәселе қоя білу, проблемалық жағдаят туғыза білу.

Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында өз сабақтарымда түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып отырамын. Атап айтқанда, 6 сыныпта «Литосфера» тарауын өткен уақытта Венн диаграммасын толтыру тапсырмасын беремін.

Жанартау ортақ белгісі Жер сілкінісі

«География сабағында оқушылардың құзырлылығын қалыптастыру – білім сапасын арттырудың негізгі шарты»

«География сабағында оқушылардың құзырлылығын қалыптастыру – білім сапасын арттырудың негізгі шарты»




7-сыныпта «Материктер мен мұхиттар географиясы» пәнінде «Антарктиданың ашылуы» тақырыбын өткенде, оны ашу жұмыстарының неліктен ХVІІІ ғасырдың аяғында басталғандығын сұраймын. Оқушылар картаға қарай отырып, оның өте алыста орналасқанын және мұз құрсауында жатқанын айтып береді.

Проблемалық жағдаятты шешуде ойлануды, ізденуді, салыстыруды, себеп-салдарды жақсы білу қажет. Географияда тақырыптарды салыстырусыз өту мүмкін емес. Салыстыру дегеніміз - жеке табиғат кешендерін, құбылыстар мен объектілердің өзара ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай білу. Салыстыра отырып, оқушы бұрын өткенді еске түсіріп, жаңа ұғыммен байланыстыра білуге үйренеді. Оқушылардың іскерлік шығармашылық қабілеттері дамиды. Салыстыруды түрлендіріп, топтық жұмыспен де беруге болады. Мысалы, «Оңтүстік Америка мен Африканың климатын салыстыру». Оқушылар бұл тапсырманы орындауда ұжымдық жұмысқа дағдыланады.

Оңтүстік Америка

Ортақ белгілері

Африка

1. Өте ылғалды

1. Ыстық

1. Көп жері құрғақ.

2. оңтүстік шетін қоңыржай климаттық белдеу кесіп жатыр.

2. Экваторлық, субэкваторлық, субтропиктік белдеулері кесіп өтеді.

2. Күн сәулесін көп алады.

3. Тропиктік, субтропиктік белдеу қайталанбайды.

3. тропиктік, субтропиктік белдеулері қайталанады.

4. Экваторлық белдеудің ортасында орналасқан.

8-сыныпта «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінде оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында перфокарта құрастырып, әр оқушының өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын ашамын.

Тянь-Шань

Алтай

Жетісу Алатауы

Бесбақан

4622 м



+

Мұзтау

4506 м


+


Хан Тәңірі

6995 м

+



Сонымен қатар, 9-сыныпта «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» пәнінде «Ауыл шаруашылығы», «Химия өнеркәсібі» тақырыптарын оқытқанда әрі проблеманы шешіп, әрі пікірсайыс ұйымдастырып, оқушыларды сөйлеуге, шешендікке, ойлауға, тапқырлыққа дағдыландырамын. І топқа пайдасын, ІІ топқа зиянын қорғауға тапсырма беремін.

География сабағын конференция түрінде өткізу оқушылардың ізденісін, тапқырлығын, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытады, белгілі бір ақпарат көзіне сүйене отырып, дәлелдей білу қабілеттерін ашады. 10-11 сыныптарда «Дүние жүзінің әлеуметтік-экономикалық географиясы» пәнінде оқушыларға алдын ала тапсырма беру арқылы мына жоспар бойынша конференция сабағын өткізіп тұрамын:

  1. Елдің экономикалық-географиялық жағдайы.

  2. Климаты.

  3. Шаруашылығы.

  4. Сыртқы экономикалық байланыстары.

Сабақта балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда графикалық әдістерді де кең пайдаланамын, бұл - тақырыптың өзекті мәселесін табуға, материалды жақсы игеріп, есте сақтауға көмектеседі.

Пайдалы қазбаларға сипаттама


Пайдалы қазба түрлері

Шығу тегі, пайда болуы

Қазақстандағы кен орындары

Темір кені

Магмалық тау жыныстарымен байланысты

Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Аят


Табиғат зоналарына сипаттаманы кестеге толтыру

Зонаның аты

Географиялық орны

Климаты

Топырағы

Өсімдігі

Жануарлары



қаңтар

шілде

жауын-шашын












Жаңа технология әдістерін пайдалану оқушының бос отыруына, зерігуіне мүмкіндік бермейді, ол өз бетімен білім алуға дағдыланады, пәнге қызығушылығын артады.

География сабағында инновациялық технологиялардың элементтерін қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол жеткіздім:

  • оқушылар табиғат құбылыстарының себеп-салдарын және объектілердің өзара ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, салыстыра білуге үйренді;

  • оқушылар бұрынғы өткенді еске түсіріп, жаңа ұғыммен байланыстыра алатын дәрежеге жетті;

  • топтық жұмыс арқылы ұжымдық жұмысқа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызылады;

  • проблемалық жағдаятттарды шешіп, пікір айтуға, шешендікке, ойлауға, тапқырлыққа дағдыланады;

  • тірек-сызбалар, диаграммалар құру, кестелер толтыру арқылы әр оқушы өзінің шығармашылық қабілетін көрсетіп, өз біліміне өзі баға бере алатындай деңгейге жете бастады.

Бүгінгі таңда білім беретін мектептердің міндеті өзінің талантын танып және оны таныта алатын жан-жақты тұлға қалыптастыру болып табылады. Ол үшін ең алдымен оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің маңызды жақтарына көп көңіл аударуымыз қажет.

Өркениетті елдер деңгейіндегі білім мен тәрбие беру, ойлау қабілеті, рухани байлығы жоғары мәдениетті, бүгінгі күн талабына сай іскерлігі мен біліктілігі жоғары деңгейдегі азаматты тәрбиелеу мектеп мұғалімінің де басты мақсаттарының бірі болып табылады.

Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отырып және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе, өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары, жан-жақты тұлға қалыптастыра отырып, білім сапасын көтеруге, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт бере отырып, оқушы құзырлылығын дамытуға үлесімді қосамын.

География сабағында білім сапасын арттыру мақсатында қолданылған инновациялық технологиялар элементтерінің тиімділігі - оқушының құзіреттілігін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар:

  • Жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады;

  • Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым-қатынас орнайды;

  • Оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады;

  • Оқушы ойын ашық айта алуға,пікір алмасуға үйренеді;

  • Алған білімін өмірмен ұштастыруға, білімді сапалы түрде алуға дағдыланады;

  • Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады;

  • Оқушылардың шығармашылық белсенділігі артады.

Қорытындылай келе, өз сөзімді:

«Құзырлылық - адамның ол рухани байлығы,

Бәсекеге кез келген сайлылығы.

Кәсіби қызметінің биігінен,

Ұстаздың көрінер балаға жайлылығы, - деп аяқтағым келеді.

«География сабағында оқушылардың құзырлылығын қалыптастыру – білім сапасын арттырудың негізгі шарты»

© 2010-2022