ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығыс Қазақстан облысы

Жарма ауданы

«Жаңғызтөбе орта мектеп - балабақша кешені» КММ - сі




ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ


Бағыты: Жаратылыстану пәндерін оқытуда электрондық білім берудің жаңа ресурстарын тиімді пайдалану


ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ



2014 - 2015 оқу жылы

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Мукатаева Айжан Мауытказыевна «Жаңғызтөбе орта мектеп - балабақша кешені» КММ - сінің география пәні мұғалімі


Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде желілік коммуникациялық құрылымы дамыған заманауи қоғамда өмір сүріп отырған оқушылардың мәдениетін қалыптастыру мектептің көкейкесті мәселесі болып табылады. Ол қоғамда шаруашылық салалардың барлығына компьютерді еңгізілуімен байланысты.

Бүгінгі күнде география пәні мұғалімінің сабақты, сыныптан тыс іс шараларды компьютер көмегінсіз ұйымдастыруын елестетудің өзі қиын. Бұрын ақпаратты оқушылар оқулықтан, анықтамалық әдебиеттен, мұғалімнің дәрісінен, сабақ конспектілерінен алған болса, ал қазірде ғаламдық жүйенің рөлі артуда.

Ақпараттық - коммуникациялық технологияның негізгі компоненті ретінде электрондық білім беру ресурстарының маңызы зор. Оқу және білім алуда электрондық білім беру ресурстары арқылы жоғары жетістіктерге жетуге болады. Мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп, оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырады.

Тақырыптың мақсаты. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында ақпараттық білім беру ресурстарының мүмкіндіктерін зерттеу.

Тақырыптың міндеті. Электрондық білім беру ресурстарының түрлерін, дидактикалық маңызын анықтау, география сабағына еңгізу жолдарын қарастыру.

Зерттеу объектісі орта мектепте география пәнін оқу үрдісі болып табылады.

Зерттеу әдісі: теориялық салыстыру, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу әдістері қолданылды.

Электрондық білім беру ресурстары - қолданушының сәйкес ережелерді сақтай отырып, бiлiм беру мақсатында қолдану үшiн жергiлiктi компьютерге жүктей алатын барлық ақпараттар (мәтiндер, графика, мультимедиа) жиынтығы. [1]

Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде төменде көрсетілген ресурстарды пайдалануға болады. Электрондық ресурстардың ішінде кешендісі - электрондық оқулықтар. Қазіргі электрондық оқулықтарды шартты түрде оқулықтардың электронды көшірмесі және мультимедиялық электрондық оқулықтар деп жіктеуге болады. [2] Соңғысының біріншісінен айырмашылығы - онда түрлі видеороликтер, бейнеқатарлар, анимациялар, интерактивті тапсырмалар мен суреттер, виртуалды лабораториялар, 3D-модельдер және тесттердің болуында. Интерактивті тапсырмалар оқушыларды бағалауда өте тиімді. Виртуалды лабораториялардың, әрине жаратылыстану пәндерінде маңызы зор. Әсіресе, толық жабдықталмаған ауыл мектептерінде оларды өз бетімен жұмыс ретінде пайдалану үлкен септігін тигізеді. [қосымша 1]

Флипчартта орындалған нысананы белгілеу, бояу, көшіру, орнату, біріктіру сияқты іс-әрекеттің бейнежазбасын дайындау оқушыларға оқу материалын қайта қарауға, пайдалануға, таратуға мүмкіндік береді. ACTIVote-та тест тапсырмаларын орындау сабақты ұтымды қорытындылауға және оқушыларды түгел бағалауға мүмкіндік береді.

Электрондық ресурстардың ішінде компьютерлік оқу ойындарына эмоционалды тартымдылық тән. Кез келген пәнде қолдануға болатын осындай ресурстардың бір мысалы ретінде «Миллион кімге бұйырады?» ойынын келтіруге болады. Әрбір бала ойынға құмар, сол себепті осы симуляторды оқу мақсатына дұрыс пайдаланса, үлкен табыстарға жетуге болатыны сөзсіз.

Интербелсенді карталарды қолданғанда сабақ қызықты және тиімді, нәтижелі болады.

«Дрофа» баспасы қазіргі уақытта 60 әр түрлі тақырыптағы электронды географиялық карталар шығарды (мұхиттар картасы, дүниежүзінің климаттық картасы, дүниежүзінің саяси картасы, Антарктида, Қазақстанның жер ресурстары және т.б.).

Интербелсенді электронды карталардың демонстрациясы маңызы баспа түріне қарағанда жоғары. Электронды карталармен жұмыс барысында: жер қыртысынның белгілі бөліктерін жақыннан көрсетуге, белгіленген жердің бөлігін түсіру үшін картаны оңайлата отырып, көбірек көрнекілік қолдану, әр түрлі суреттер, кәдімгі немесе экрандық перне тақталар көмегімен жазбалар енгізуге, карталар қатарын біріктіруге, соның арқасында заңдылықтар мен себеп-салдарларын айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Кейбір карталарда территорияларға қосымша иллюстративті және текстік материалдар қосылған.

Электронды карталар қабаттардан тұрады. Әр қабат әртүрлі картографиялық ақпараттар құрайды. Физикалық карта, мысалы, келесіндей қабаттар бар: құрлық пен мұхит түбі жер бедері, өзендер мен көлдер, су нысандарының аттары, құрлық нысандарының 4180 аттары, градус торы, мұхиттық ағыстар. Сабақтың мақсат-міндеттеріне байланысты қабаттарды қосып немесе алып тастап отыруға болады. [3]

Сонымен қатар, мультимедиалық презентацияларды пән бойынша негізі білімді игеру, игерілген білімді жүйелеу, өзін-өзі бақылау дағдыларын құру, толық немесе нақты бір пәнге оқыту қабілетін құруда, оқу материалындағы өзіндік жұмыста оқушыларға оқу-әдістемелік көмек көрсету кезінде қолдануға болады. Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сұрауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну. [4]

Презентацияны жаңа бағдарлама Prezi пайдалану арқылы да құрастыруға болады. Prezi.com - интерактивті презентацияны онлайн құрастыруға болатын жаңа сервис. Бүкіл презентацияны бір суретке орналастыруға болады және оның әрқайсысын жақындатып, үлкейтіп көруге болады. Мұндай презентаия әсіресе құбылыстар арасындағы байланысты көрсетуде ыңғайлы. Ауқымды тақырыпты бір ғана бетте блоктарға бөліп көрсетуге болады. Prezi.com әлеуметтік сервис болғандықтан, оқушылар топпен жұмыс істеп, ыңғайлы кезінде өз ойларын енгізе отыра топта жұмыс істеу дағдылары артады. Сондай - ақ интернеттен бейнероликтерді де енгізу мүмкіндігі бар. [қосымша 2]

Cонымен, сандық білім беретін ресурстар тек оқушылардың ғана емес, мұғалімдердің де қызығушылығын туғызғанымен, оларды пайдалану жоспарланған принциптер мен дидактикалық мақсаттарға негізделмесе, көздеген нәтижеге жеткізбейтіні сөзсіз. Демек жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану міндетті түрде оң нәтиже береді деп есептемей, оларды сабақта өз орнымен қолдануды білу керек. Сонымен қатар, барлық сандық білім беретін ресурстардың оқытудың тек құралдары екенін, яғни ешқашанда мұғалімді алмастыра алмайтынын естен шығармаған жөн.

Қорыта келе, ұстаздың қазіргі білім саласында оқытудың озық, жаңа технологияларын меңгеруі мен жаңа буын оқу құралдарын дұрыс қолдана білуі, оқыту процесінің оқыту стандартына сай болуы, дамуы мен оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуы, сапалы нәтижеге - білімді шәкірт (дағды, зейін, іскерлік формалары қалыптасқан адам) тәрбиелеуге бағыттайды. Тәуелсіз еліміздің болашағы болып табылатын жас ұрпаққа сапалы білім беріп, жеке тұлға етіп қалыптастыруда электрондық оқыту жүйесі мен оның берер мүмкіншілігі мол болары сөзсіз.







Қолданылған әдебиеттер:

  1. 2010 - 2015 жылдарына электрондық оқу жүйесінің тұжырымдамасы goo.kz/content/view/26/5893

  2. Сабақта пайдалануға болатын электрондық ресурстар sabaqtar.kz/bayandama/1464-sabata-paydalanua-bolatyn-elektrondy-resurstar.html

  3. «Ғылым және білім - 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы. - Астана: enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, 2014. - 5830 стр.

  4. Д.В. Новенко «Цифровые образовательные ресурсы для обучения

географии в соответствии с образовательными стандартами нового

поколения» - статья журнал «География в школе» №3, 2010











ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

ҚОСЫМША 1

ҚОСЫМША 2

Электрондық білім беру ресурстары

Сервис

Қысқаша сипаттама

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Интерактивті презентацияны онлайн құрастыруға болатын сервис.

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

PDF форматтағы құжаттардан журнал, брошюра, презентация т.б жасауға болады. Жақындатып көру, негізгі, қажет жерлерді белгілеу функциялары бар.

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Қызықты 3D форматтағы кітаптар ққрастыруға болады.

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Интерактивті тестер құрастыру.

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Аудио, видео материал енгізе отырып, кроссворд, викторины және тест, шашылып жатқан сөйлемді, сәйкестендіру тапсырмаларын құрастыруға болады.

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Тест құрастыруға, орындауға болады (ақылы).

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Онлайн тест өту мүмкіншілігі бар.

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

GeoDartGame - карта, ойын құрастыруға болады.

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Jigsawplanet - дайын суреттен пазл жинауға болады.

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Аз уақытта кроссворд құрастыру мүмкіндігі бар.

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Сызба, кластер құрастыру.

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Топтық сызба, диаграмма құрастыру

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Карта, графикалық сызба құрастыру

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

WikiWall - Қабырға газетін шығаруға болады. Әрбір қатысушы суреттер, жазбалар, видеоларын енгізу.

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Powerpoint сияқты, бірақ онлайн режимде жасалады. Әрт.рлі сурет, видео, графика енгізу мүмкіншілігі бар.

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Видео, аудио, мәтін енгізе отырып электронды кітап жасауға болады.





© 2010-2022