ҰБТ -ға дайындық барысында биология пәнінен қолданылатын әдіс тәсілдері

Раздел География
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҰБТ -ға дайындық барысында биология пәнінен қолданылатын әдіс тәсілдеріҰБТ-ға дайындық барысында биология пәнінен қолданылатын әдіс - тәсілдер Анатомия курсы

Қалыпты анатомия және физиология пәндерінен тыс ашық сайыс сабақ
Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: «Анатомия және физиология әлеміне саяхат»

Сайыстың мақсаты:
Қалыпты организмнің құрылысы мен қызметін зерттейтін барлық медицина ғылымдарының негізін қалайтын пәндер қалыпты анатомия және физиология болып табылады. Қазіргі таңда мектеп бітіруші түлектеріміздің медицина саласына көп көңіл бөлуіне байланысты. Бұл пәндерді жеткілікті игеру оқушының мамандық тандауына негіз болуына септігін тигізеді.
Қалыпты анатомия және физиология сайыс түрінде өткізе отырып оқушыларды адам организмінің құрылысын, маңызын, қызметін білуге үйрету.
Жүйелердің орналасатын орнын,қалыпты жағдайдағы қызметтерінің көрсеткіштерін білу.
Сайыс кезінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру.

Білімділік: Оқушылардың тәнтану курсы бойынша алған білімдерін қорытындылап, қайталау, жүйелеу, жинақтау.
Дамытушылық: Қалыпты анатомия және физиология пәндерін сайыс түрінде өткізе отырып, оқушылардың білімін тиянақтау, ұйымдастырушылық қабілетін, ой өрісін танымдық ерекшелігін нығайту.
Тәжірибелік: Жаңа технологияны игере отырып, оқушылардың танымдық қабілетін арттыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сайысқа қатысушылар: 11 «А» сынып оқушылары.

Сабақтың хронокартасы
І. Ұйымдастыру кезеңі - 2 мин.
ІІ. Таныстыру - 5 мин.
ІІІ. «Алтын сандық» - 15 мин.
ІҮ. «Бәйге»- топ басшыларының сайысы - 8 мин.
Ү. «Үнсіз суреттер» - 5 мин.
ҮІ. Көрермендер үлесі - 5 мин.
ҮІ. Сайысты қорытындылау - 5 мин.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқытушылардың сайысқа дайындығын тексереді. Сайыстың өткізу маңыздылығын мәнін атап өтеді. Сайыстың өту барысын, сайысқа қатысатын топшаларды таныстырады.
Әділқазылар алқасының мүшелері сайланады.
Топшалардың деңгейін бағалау бақылау парағына белгіленеді.

ІІ. Таныстыру - 2 балл. Әр топша өз-өзін таныстырып, эмблема, ұранын айтады.
І топша - Гиппократ
ІІ топша - Дәрігер
ІІІ. «Алтын сандық» - әрбір топшадағы оқушылар қолдарындағы жалауды көтеру арқылы алғашқы болып ойынды бастайды. Экранда қойылған сандықшалардың біреуін таңдай отырып, жауап беруі керек. Ол ойыншы жауап бере алмаса, екінші көтерген топша жауап береді. Сандықшаның саны жоғарылаған сайын қойылатын сұрақтар да күрделеніп, қосылатын ұпай саны да көбейеді.



Сұрақ №1 (5 балл)
1. Ми сауытының құрамына не кіреді?
Жауабы: 1. Тақ шүйде, маңдай және төбе сүйектер, жұп самай сүйектер

Сұрақ №2 (5 балл)
1. Сүйектердің құрылысы?
Жауабы: Жілік, кемік, жалпақ, аралас

Сұрақ №3 (10 балл)
1. Жүрек бөлімдері?
Жауабы: Оң жақ жүрекше, сол жақ жүрекше, оң жақ қарынша, сол жақ қарынша.

Сұрақ №4 (10 балл)
1. Экстросистола деген не?
Жауабы: 1. Жүректің кезектен тыс жиырылуы.

Сұрақ №5 (5 балл)
1. Қан құрамы?
Жауабы: 1. Плазмадан және қан жасушаларынан (эритроцит, лейкоцит, тромбоцит )

Сұрақ №6 (10 балл)
1. Бүйрек қандай қызмет атқарады?
Жауабы: Организмдегі су мөлшерін реттеп және оның құрамындағы тұздар мен қышқылды қалыпты ұстап, қанды сүзіп, организмге қажетсіз заттарды несеп арқылы шығарады.

Сұрақ №7(10 балл)
1. Тахикардия, брадикардия дегеніміз не?
Жауабы: 1. Жүрек минутіне 65 - 80 рет соғады. Жүрек сирек соғуы брадикардия деп, ал жиілесе тахикардия деп аталады.

Сұрақ №8 (15 балл)
1. Асқорыту ағзаларын ата?
Жауабы: Ауыз қуысы, көмекей, өңеш, асқазан, ащы ішек, тоқ ішек, тік ішек. Жақ асты, тіл асты, шықшыт бездері, бауыр, ұйқы безі.


ІҮ.«Бәйге»- топ басшыларының сайысы. Ортаға сұрақ тасталады екі топ басшылары өз ойларындағы дұрыс жауабын айтуы қажет.
1.Ағзада мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттелуін ... деп аталады

(гуморальдық реттелу)

2.Ағзадағы ең ірі сүйек (ортан жілік)

3.Ағзаның иммундық қасиеті ... гормоны жетіспегенде пайда болады(тимозин)

4.Ағзаның ішкі ортасы, дене температурасы, тынысалу, қан қысымының тұрақты болуы (аралық миға байланысты)

5.Ағзаның ішкі ортасы (қан,лимфа,ұлпа сұйықтығы)

6.Ағзаның тіршілік процестеріне жұмсалатын қуатты " өндіретін" жасушаның "энергия станциясы"(митохондрия)

7.Ағзаның тітіркендіргішке жүйке жүйесі арқылы қайтаратын жауабы (рефлекс)

8.Адам «ақшам соқыр» ауруы кезінде (кешкі уақытта заттарды ажырата алмайды)

9.Адам 1 минутта неше рет тыныс алып, дем шығарады (12-18 рет)

10.Адам ағзасына су мен тағамның құрамына йод жетіспегенде (алқымісу)

11.Адам ағзасындағы сүйектердің саны (200)

12.Адам ағзасындағы ұлпа ... топқабөлінеді (4)

13.Адам денесін қозғалысқа келтіретін(сүйектер мен бұлшықеттер)

14.Адам денесіндегібуындар саны (230)

15.Адам денесіндегі бұлшық еттері ұрық жапырақшасынан қалыптасады (мезодермадан)

16.Адам денесінің жасушаларының пішіні (әртүрлі)

17.Адам жасушасының плазмалық жарғақшасы ...түзіледі (май мен нәруызды заттан)

18.Адам және жануарлар жасушасында тері ауруын қоздыратын паразиттік жәндік (лейшмания)

19.Адам қаңқасындағы сүйектер саны (200-ден астам)

20.Адам құлағының дыбыс толқынын қабылдау диапазоны (15-20 мың Гц)

21.Адам мен жануарлардың ішіндегі тіршілік етіп,ішектің сілемейлі қабықшасын зақымдайтын бір жасушалы қарапайым жәндік (дизентерия амебасы)

22.Адам сыртқы ортада болып жатқан ақпараттардың ... көзбен қабылдайды (80 - 90 % астамын)

23.Адамда есту мүшесі қай жерд еорналасады (самай сүйегінің қуысында)

24.Адамда омыртқалардың саны (33 - 34)

25.Адамдағы сезім мүшелері (5 түрлі)

26.Адамдардың пайда болу кезеңі (антропоген)

27.Адамды тері ауруына ұшырататын талшықтылар тобының өкілі (лейшмания)

28.Адамның аяқ сүйектері (ортан жілік,асықты жілік,табан)

29.Адамның бассүйегінің ми бөліміне қай сүйек кірмейді (төменгі жақ сүйегі)

30.Адамның дене жасушаларындағы хромосомалар саны (46)

31.Адамның еркіне бағынбайтын жүйке жүйесі (вегетативті)

32.Адамның жеке дамуы барысында тұқымқуалайтын өзгерістердің бар-жоғын анықтайтын әдіс (онтогенетикалық)

33.Адамның жыныс жасушаларындағы хромосомалар саны (23)

34.Адамның қаны қызмет атқармайды (қозуды беру)

35.Адамның кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөлетін бұлшықет (диафрагма)

36.Адамның қозғалысы, тепе-теңдігі, сөзі бұзылады (мишық зақымданса)

37.Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін зерттейтін ғылым саласы (антропология)

38.Кеуде қуысының алдыңғы жағындағы сүйек (төссүйек)

Ү. «Үнсіз суреттер». Ғалымдардың портреттері алдын-ала дайындалған суреттер көрсетіліп, олар суреттерден ғалымдардың еңбектерін айту.

  1. Мидан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 жұбын толық сипаттап берген ғалым- Клавдий Гален

  2. Ол «Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» - деп көрсеткен. «Қайырымды қала» еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айтқан, мысалы, «жүрек - табиғи жылылықтың көзі». Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады; «жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді» - Әл -Фараби

  3. Тәжiк дәрiгерi әрi философы «Анатомия мен физиологяға кiрiспе», «дәрiгерлiк ғылымның ережелерi» («Канон врачебной науки») еңбектерi өте кұнды - Ибн Сина

  4. Ғылыми анатомияның негiзiн салған ғалым, Италиядағы Падуан университетiнiң профессоры. Мәйiттермен жеке бакылаулар жүргiзiп, 7 кiтаптан тұратын «Адам денесiнiң құрылысы туралы» (1543) еңбек жазған. Сондыктан да оны анатомия ғылымының негiзiн салушы ғалым деп орынды атайды. - Андреас Везалии

  5. Ағылшын дәрiгерi, анатом. Қанайналымның тұйық екендiгiн алғаш рет дұрыс түсiндiрген. Үлкен қанайналым шеңберiнiң болатынын ашқан. Ол физиология ғылымының негiзiн салушы ғалым. - Ульям Гарвей

  6. Физиологияның атасы деп санайды. Қанда еріген газды алғаш рет зерттеген ғалым. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу процесін ашқан. 1863 жылы «Ми рефлекстері» еңбегін жарық қашығарды. - Сеченов

  7. Атақты ғалым-биолог, Нобель сыйлығының лауреаты лейкоциттердің (қанжасушасы) бөгде заттарды сіңіріп қорытуын фагоцитоз деп атады. Қанның лейкоцит жасушаларының қызметін жан-жақты зерттеген ғалым. - Мечников

  8. Адам мен жануарлардың жоғары жүйке жүйесінің қызметін, қанайналымының реттелуін зерттеген. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылуын тездететін, екіншісі - бәсеңдететін, үшіншісі - жиырылу күшін өзгертетін арнайы жүйкелердің болатынын дәлелдеді. Асқорыту физиологиясын зерттеп, шартты рефлексті ашқаны үшін 1904 жылы Нобель сыйлығы берілген. Ғалымдардың анатомия мен физиология саласындағы зерттеулері ғылымның дамуына және медицинамен байланысына зор әсер етті. - Павлов

  9. Ұрпағының болашағы үшін күрескен қазақтың біртуар ұлы. 1920 жылдан бастап ғылыми-педагогикалық жұмыстармен шұғылданған. 1922 жылы доцент, 1929 жылы профессор атағын алған. Оның негізгі еңбектері: «Қырғыз өлкесі халқының арасында обамен қалай күресуге болады» (1918, Ташкент); «Табиғаттану» (1924, Ташкент); «Оқушының саулығын сақтау» (1925, Ташкент); «Адамның тән тірлігі» (1927, Ташкент) - Х.Досмұхамедов

    ҮІ. Көрермендер үлесі. Алдын ала берілген есептерді шығарып, дұрыс жауап берген жанкүйерлер өз үлестерін қалаған топшасына қосады. 1 - 5 балл
    Есеп шығарыңыз:
    1. Сұрақ: Қара жұмыс істеген кезде дене еттеріне көп күш түседі, оларға қажет қан мөлшері де арта түседі, осыған орай жүрек соғуы жиілейді, еті де қатты жиырылады, яғни жүрек қызметі күшейеді. Бұл қандай реттелу?
    Жауабы: ОЖЖ мен қандағы әсері күшті химиялық заттар (гуморальдық) реттейді. Жүрек қызметінің орталықтың қатысуымен рефлекс және қан арқылы реттелуі - экстракардиялық, яғни жүректен тыс жолмен реттелу болып саналады.
    2. Сұрақ: Егер анасы резус - теріс топқа, әкесі резус - оң топқа жатса бала қай топпен туылуы мүмкін.
    Жауабы: Резус - оң бала туылады. Бұл жағдайда ана организмінде антирезус аглютинин өндіріледі.

    ҮІ . Сайысты қорытындылау.
    Әділқазылар сайыстың өту барысын, топ оқушылардың дайындығын бағалап, қорытындылайды.
    Әрбір топшадағы белсене қатысқан оқушыларды атап өтеді.
    Сайысқа қатысқан екі топшадағы оқушыларға алғыстарын білдіріп, марапаттайды.



© 2010-2022