Сармандық жұмыс географиядан ( 6 -сынып)

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сармандық жұмыс географиядан ( 6 -сынып)

Озерный орта мектебі



  • 6 - сынып

Сармандық жұмыс географиядан ( 6 -сынып)



Озерный орта мектебінің

география пәнінің мұғалімі:

Магнаев Б.Ж









№ 1 практикалық жұмыс

«Жергілікті жердің планын түсіру»

Қажетті құрал - жабдықтар: планшет, түсбағдар, нысана сызғыш, өшіргіш, өлшем таспасы.

Жұмыс жер ыңғайына қарай оқулықта көрсетілген ретпен жүргізіледі.

Орындалатын тапсырмалар:

  1. Түсбағдардың көмегімен айналаны бағдарлауды, жергілікті жерді планға түсіруді үйрену;

  2. Командамен жұмыс жасай білуге, оқушының ой- өрісін кеңейтуге бағыттау.

Бағыт - бағдары. Жергілікті жердің планын түсіру үшін:

  • Планшеттің сол жағына түсбағдарды бекітеді;

  • Түсіруші өзі тұрған нүктені белгілейді;

  • Масштабы таңдалып алынады;

  • Нысандарға бағытталған бағытты анықтап, оларды қарындашпен белгілейді;

  • Арақашықтықты қадаммен өлшейді;

  • Қадамның орташа ұзындығы анықталған соң ( 0,7м), оны қашықтыққа ауыстырады.







№ 2 практикалықжұмыс

«Бағыттарды, географиялық координаталарды анықтау»

Нүктенің ендігі мен бойлығын анықтау үшін параллель және меридиан сызықтары пайдаланылады.

40 - суреттегі мысалда нүкте 400 пен 450 с.е, 700 пен 760 ш.б аралығында орналасқан . Ендікті дәлірек анықтау үшін сызғышпен екі параллельдің арақашықтығын (АВ) және тө менгі параллельден нүктеге дейінгі қашықтықты (АН) өлшейміз. Картада АВ - 50 - қа тең.

АВ - 50 , АН - х, сонда х= АН*50/AB

АН қашықтығының градус мөлшерін 400 - қа қосамыз. Бойлықты да осы әдіспен табамыз. Сызғышпен СД және СН қашықтықтарды өлшейміз.

СД - 60 , СН - х, сонда х= СН*0/СД

Шыққа градусесебін 700 - қа қоссақ, Н нүктесінің бойлығы шығады.








№ 3 практикалық жұмыс

«Картадан ірі таулар мен жазықтардың георафиялық орны мен биіктігін, жекелеген нысандардың биіктігі мен географиялық координаталарын анықтау»

Картадан аталған тауды тауып, оның қай материкте және Жердегі литосфералық тақтаға орай орналасқаның, жоталардың созылу бағытын анықтайды. Биіктік шкаласын пайдалана отырып, биіктіктерді шамалайды. Таудың биік шыңы әдетте метр есебімен жазулы тұрады ( мысалға Оралдың ең биік нүктесі Народная тауы 1894 м, Гималайдың биік шыңы Джомолунгма (Эверест, 8848м). Таудың ендік және бойлық бағытында қаншаға созылып жатқаның білу үшін ендік нүктелерінің географиялық координаталарын анықтайды,

Жазықтарға байланысты өлшеу жұмыстары осы сияқты жүргізіледі. Биіктігіне қарай қыратты немесе ойпатты жазықтарға ажыратылады. Қандай өзен алабын алып жатұанына көлге немесе теңізге орай орнына назар аударылады ( мысалға, Амазонка жазығы Амазонка өзенінің алабын қамтиды. Каспий маңы ойпаты Каспий теңізінің солтүстік жағалауын орап жатады, т.с.с.).

1 - тапсырма.Кестені толтыру

Жер бедері

Ұқсастығы

Ерекшеліктері

1

Таулар

Жер беті бедерінің түрлері. Ішкі және сыртқы күштердің ұзақ уақыт әсер етуі

_______жер бетінің ______ биік бөлігі. Таулар ________ қарай _____ бөлінеді.

2

Жазықтар

Жазықтар - жер бетінің тегіс әрі _________бөлігі. Абсолют биіктігіне қарай _________үшке бөлінеді. Олар ___________абсолют биіктігі 200м-ге дейінгі жазықтар; ___________абсолют биіктігі 200м-ден 500м-ге дейінгі жазықтар; ___________биіктігі 500м-ден асатын жазықтар жазықтар;

2 -Тапсырма: Cәйкестіктерін табу

Жазықтардың биіктігі Жазықтардың түрлері Таулардың биіктігі Таулар түрлері

0 - 200 м қырат 1000 м-ге дейін орташа

200 - 500 м үстірт 1000-2000 м биік

500 м жоғары ойпат 2000 м-ден жоғары аласа

3 - тапсырма. Туған өлкең қандай таулы немесе жазықты алқапты орналасқан?


№ 4 практикалық жұмыс.

«Өздерінің тұрған жердің климатының сипаттамасы»


Өздернің тұрған жердің климатының сипаттамаы 2 бөлімнен тұрады.

І.Климат қалыптастыратын себептер.

1) Географиялық ендік.

2) Жергілікті жердің мұхиттарға алыс- жаұындығы да картадан анықталады.

3) Жер бедерінің жазық немесе таулы болуы да климаттық сипатқа жатады.

4) Ауамассаларын әсері.


ІІ.Өздерің тұрған жердің климатының сипаттамасы

  1. Климаттың жалпы ерекшеліктері

  2. Ауа температурасы.

  3. Орташа жылдық жауын - шашын.

  4. Жыл ішінде соғатын желдердің басым бағыттары.Желдің күші.э

  5. Ауа райы түрлерінің қайталануы.

  6. Климаттың шаруашылық маңызы.

  7. Климаттың сипаттамасына түрлі кестелер, орташа айлық температуралырдың және жауын - шашынның жыл ішінде таралу графиктерін, жел өрнегін қосу керек.

























№ 5 практикалық жұмыс.

«Бір су нысанына сипаттама беру»

(Өзенге немесе көлге сипаттама беру оқушынығ қалауы бойынша)


Өзенге сипаттама

  1. Өзеннң аты;

  2. Басталатын және құятын жері.Су жинайтын алаптығ сипаты ( таулы немесе жазық, орман басқан, далалық, шөлді немесе шөлейіт)

  3. Оң және сол салалары;

  4. Қандай су көздерімен молығады;

  5. Қай уақытта тасиды? Тасқындар өте ме?

  6. Шаруашылыққа пайдаланылуы ( электр қуатын өндіру, көлік қатынасы, жер суару, өндіріске пайдалану).



Көлге сипаттама




  1. Көлдің аты;

  2. Орналасқан орны;

  3. Пайда болуы (тектоникалық, қалдық, жанартаулық, бөген, ескі арна көлдері)

  4. Ағынды ма? Ағынсыз ба? Оның көлдің сипатына әсері

  5. Көлдің шаруашылыққа пайдаланылуы ( көлік қатынасы, балық аулауға, өнеркәсіпке, жер суаруға т.б)






















№6 практикалық жұмыс.

«Өз өлкенің табиғат зонасына сипаттама жасаудың жоспары және шығармашылық сипаттама

Жоспары:

  1. Географиялық орны;

  2. Жер бедері;

  3. Климаты;

  4. Ішкі сулары;

  5. Зоналық топырағы;

  6. Зонаға тән өсімдік түрлері;

  7. Зонада мекендейтін жануарлар;

  8. Шаруашылыққа пайдалану. Адамның шаруашылық әрекетіне байланысты табиғат жағдайларындағы өзгерістер.

































№7 практикалық жұмыс.

«Берілген координаталар бойынша кескін картаға мемлекеттерді және олардың астанааларын түсіру»


Жұмысты орындау үшін Дүние жүзінің саяс картасы, атласы қолданылады.Әр материк бойынша неғұрлым ірі мемлекеттердің шекараларын сызып, аттарын жазылып қойылады.Мемлекеттердің астаналары белгіленеді.

Мемлекеттердің аты олардың созылу бағытына, астаналардың аты картаның параллель бағытына сәйкес жазылады.







































© 2010-2022