Экологиялық білім берудегі жаратылыстану циклі

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Батыс Қазақстан  обылысы, Тасқала ауданы Ақтау ауылы                                                            Баяндама     Тақырыбы: « Оқушыларға экологиялық  білім мен тәрбие берудегі жаратылыстану циклінің ролі»                                     Оқыған:  Джумашев Біржан                                            География пәні мұғалімі                                              Тасқала-2014ж                 Мектепте экологиялық  б... Кезендер Орындалу кезіндегі іс – әрекеттер Сабақ түрлері 1.Бейімделу кезеңі Белгілі құбылысты немесе                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           ...           Экологиялық бағыттағы өзіндік жұмысты орындау барысында 2.Бағыт-бағдар кезеңі Мұғалім әртүрлі экологиялық жағдайларды көрсетеді, білім  көздерін пайдалана отырып, ықпал етеді. 3.Орындалу кезеңі Әр түрлі жаттығулар, экологиялық қызықты ойындар жүргізу, оларды келешекке оқу материалымен ұштастыра алуын қадағалайды. 4. Шығармашылық кезеңі Оқушылар шығармашылық жұмыс жүргізеді, машықтану, бағдарлай, жобалай алу, белгігі оқиғаға өз ойын тұжырымдап, қорытынды шығара алуды қамтиды.
Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Батыс Қазақстан обылысы, Тасқала ауданы

Ақтау ауылы






Баяндама

Тақырыбы: « Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі жаратылыстану циклінің ролі»






Оқыған: Джумашев Біржан

География пәні мұғалімі




Тасқала-2014ж

Мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің орталығы - сабақ. Сабақ

арқылы мұғалім мен оқушы арасында барлық оқу - тәрбие жұмыстары әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Жаратылыстану цикліндегі пәндерде экологиялық бағытта жүргізілетін өзіндік жұмыстар оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, экологиялық санасын қалыптастырып, мәдениетін көтереді.

  • Экологиялық бағыттағы өзіндік жұмыс туралы айтқанда, біз оқушыларға қойылатын және орындай алатын мынадай талаптарды түсінуіміз керек:

  • Оқушының қоршаған орта туралы білімін ұдайы кеңейтіп, пәндерге деген қызығушылығын арттыру .

  • Ой - өрістерінің шығармашылық белсенділігін дамыту.

  • Зерттеушілік қабілетін ашу, экологиялық мәселелерді түсіндіру және өз бетінше шешуге дағдыландыру.

  • Оқушылардың практикалық іс - қабілетін дамыту және оны өміршең етуге бейімдеу.

  • Оқушылардың жергілікті жердің экологиялық мәселелерін шешудегі жеке басының жауапкершілігін қалыптастыру.

Осы экологиялық білім берудегі тұрақты ұстанымды сақтай отырып, төмендегідей баспалдақтар арқылы экологиялық білім мен тәрбиені қалыптастыруға болады.

Жаратылыстану пәндері бойынша оқушыларға өзіндік жұмыс арқылы экологиялық білім мен тәрбиені қалыптастыру жолдары.

Кезендер

Орындалу кезіндегі іс - әрекеттер

Сабақ түрлері

1.Бейімделу кезеңі

Белгілі құбылысты немесе оқиғаны мұғалім айтады, ой қозғайды


Экологиялық бағыттағы өзіндік жұмысты орындау барысында

2.Бағыт-бағдар кезеңі

Мұғалім әртүрлі экологиялық жағдайларды көрсетеді, білім көздерін пайдалана отырып, ықпал етеді.

3.Орындалу кезеңі

Әр түрлі жаттығулар, экологиялық қызықты ойындар жүргізу, оларды келешекке оқу материалымен ұштастыра алуын қадағалайды.

4. Шығармашылық кезеңі

Оқушылар шығармашылық жұмыс жүргізеді, машықтану, бағдарлай, жобалай алу, белгігі оқиғаға өз ойын тұжырымдап, қорытынды шығара алуды қамтиды.

Осы кезеңдерді оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып , бірінен соң бірі үздіксіз орындалу барысында мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс туындап , жасөспірім бойында экологиялық сана ,мәдениет қалыптасады. Оқушы біртіндеп экологиялық жағдайларға өз бетінше баға беретіндей, пайымды ой қорытып айта алатындай дәрежеге көтеріледі.

Экологиялық дағдымен іс-әрекеттің оқушы бойында қалыптасуы экологиялық өзіндік жұмыстың орындалуының негізі болып табылады. Мысалы Қазақстан географиясында мұндай экологиялық бағыттағы

орындалатын өзіндік жұмыстарды бірнеше бағытқа бөлуге болады.

Қазақстан географиясы мазмұнындағы экологиялық бағытта орындалатын өзіндік жұмыстар және жаратылыстану циклімен байланысы

Бағыттары

Экологиялық өзіндік жұмыстар

Басқа пәндермен байланыстылығы

Танымдық

География пәнінде еліміздің табиғат жағдайының ерекшеліктерін ажырату, олардың флорасымен фаунасын қорғау, табиғат ресурстары туралы түсінікті игеру және қорғау, экологиялық жағдайды шешу жолдары. Осыларды айтып түсіндіру және әр түрлі әдістермен іске асыру.

Биология, химия, экономикамен байланысы.

Бағалаушылық

Оқушылардың өз бетімен табиғат ресурстарына баға бере алуы, айналадағы қоршаған орта мен адам әрекетінің әсері туралы мүмкіндіктер қамтылады.

Қазақстанның экономикалық және физикалық географиясы, математика, экономика.

Болжамдық

Оқушылар табиғатқа деген антропогендік іс әрекеттің болашақтағы залалы, табиғатты қорғау және олардың ресурстарын тиімді пайдалану туралы тың ойлар, топырақта, суда, ауада болатын табиғи айналымдарды түсіне алуы, өндірістегі жаңа технологтлардың жетістіктерімен нәтижелері туралы болжам жасай білуі.

Физика,

химия, математика, биология

Өлкетанушылық

Өз елінің, туған жерінің шағын экологиялық сипаттамасын жасай білуі.

тарих,

биология



Сонымен көптеген географиялық түсініктер оқушыларға биология, химия, физика пәндеріндегі экологиялық сұрақтарға тірек ретінде беріледі.

Керісінше ол түсініктердің географиялық экологиялық мағынасы кеңіп кіріктіру бағытында түсіндіру пәнаралық байланыс шеңберін кеңейтуге жағда й жасайды.

Сондықтанда кіріктірілген сабақ экологиялық білім жүйесін мейілінше толық аша түсіп, экологиялық білім мен тәрбие берудегі жаратылыстану циклінің рөлін арттырады, пәнаралық байланыстың ерекшелігіне, оқушылардың айналадағы табиғи ортаны қорғау жұмысының бағыт - бағдарына назар аударуға мүмкіндік туғызады.

Мұғалім бұл өзіндік жұмыстарды орындағанда төмендегідей құнды ұстанымдар жүзеге асады :

-ғылымилық (құбылыстармен үрдістер, оқу материалдары, адамның табиғатқа әсері)

-байланыстылық (флора мен фауна арасында және әртүрлі ғылым салаларымен)

- тепе-теңдік

-қызығушылық

-үздіксіздік

- дамытушылық

- интеграциялық

- өлкетанушылық байланыстардың барлығы да орындалады.

Қорыта айтқанда, Қазақстан географиясында осы үздіксіз экологиялық бағыттағы өзіндік жұмыстарды жүргізгенде, оқушы бойында жетіспейтін құнды қасиеттердің бірі - «экологиялық сана» мен экономикалық түсінік қалыптасып, болашақта бәсекеге қабілетті, экологиялық құзіреттілігі жоғары, мәдениетті ұрпақ, жеке тұлға дамиды.

Экологияны оқыту жалпы жаратылыстану ғылымдарының тәжірибесімен, әдіснамалық теориясынынан бастау алатыны сөзсіз. Сондықтан экологиялық білім мен тәрбие берудің орталық ядросы-жаратылыстану пәндері болып табылады. Яғни, экологиялық білім беруде жаратылыстану пәндері оқушыларға берілетін білім негіздерін жеке адамнан қоғамдық деңгейге көтереді. Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асырады яғни, интеграциялық ұстаным сақталады.

Қорытынды: Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі жаратылыстану пәндерінен күтілетін нәтижелеріне жалпы адамзаттық құндылықтарымен қатар оқушылардың экологиялық сауаттылығы, яғни адам -қоғам- табиғат қарым-қатынас мәселелерін ұғынуы , қарапайым зерттеулерді өз бетімен және топпен жүргізе білуі, туындаған әр түрлі мәселелерді шешу үшін экологиялық ақпараттарды жинақтау және оны тәжірибеде пайдалану қабілеттері сияқты арнайы тұлғалық сапаларын қалыптастыруды көздейтін іс-әрекеттері жатады.

© 2010-2022