Сабақ жоспар Өсімдіктердің көптүрлілігі және олардың маңызы 5 сынып

Раздел География
Класс 5 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспар Өсімдіктердің көптүрлілігі және олардың маңызы 5 сынып



17.03.2016ж

Жаратылыстану

Сабақ тақырыбы:

Өсімдіктердің көптүрлілігі және олардың маңызы

Жалпы мақсаты:

Оқушылардың өсімдік туралы білімдерін дамыту, өсімдік топтарын ағаш, бұта, шөп толықтыру. Алуан түрлі өсімдіктерді білу. Оқушының ойлау қабілетін ұштау, сыни тұрғыдан ойлауға баулу.

Сілтеме:

Сабақ жоспары, білім стандарты, әдістемелік құрал

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Өсімдіктердің көптүрлілігі туралы толық мәліметтерді өз беттерінше оқу арқылы меңгереді

Негізгі идеялар:

Жеті модельді ықпалдатыра отырып, тиімді оқыту мақсатына жету

Сабақта қолданылатын материалдар:

АКТ, маркер, стикер, оқулық, жазу дәптері, т.б.

Оқыту әдістері:

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, диалогтік оқу

Орындалатын тапсырмалар

Уақыты

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Оқушылар әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

3 мин

I.Ұйымдастыру

а)Амандасу

ә)Сынып оқушыларын түгендеу

б)Сынып оқушыларын топқа бөлу

1 мин

Сабақты бағалау критерийлерімен таныстыру

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ

Жұптық жұмыс

Қорыт

Баға

Әр сұрақ

5 ұпай

10ұпай

5 ұпай

15 мен 20 аралығы ( 5 өте жақсы )

10 мен 15 аралығы ( 4 жақсы )

5 мен 10 аралығы ( 3 қанағат )

1 мен 5 аралығы ( 2 өте нашар )

слайд

2 мин

II. Үй тапсырмасы

1.Биосфера дегенді қалай түсінесің?

2. Биосфераның шекарасын анықтаңыз?

3. Тірі ағзаларға нелер жатады?

4. Тірі ағзалардың тіршілік үшін қандай маңызы бар?

5. Флора және фауна деген не?

6. Не себепті егістік жерлер,бау-бақша, тек қана адамның көмегімен дамиды?

Жеке жұмыс

Сұрақтарға жауап береді

20 мин

III. Жаңа сабақ

«Миға шабуыл» әдісі

Балалар сендер «Өсімдік» деген сөзді естігенде көз алдарыңа нені елестетесіңдер?

Жер бетінде өсімдіктің көптеген түрлері өседі. Өсімдіктердің көптүрлілігі сондай әр түрдің атын атап, тізіп айту қиын. Ғалымдардың есептеу бойынша біздің елімізде 6000-нан астам өсімдік түрі өседі екен. Өсімдік тұқымынан өсіп өнеді. Біртіндеп сабағы, жапырағы, гүлдері, жемістері пайда болады. Көптеген өсімдіктердің сабағы мен жапырақтары күзде қурайды. Өсімдіктер тірі ағза болғандықтан тіршілік етудің барлық кезеңдерінен өтеді. Олар көбейеді, қоректенеді, өседі, қурайды. Бұл өсімдіктердің тірі организм екенін дәлелдейді.

Оқушылар мұқият тыңдайды

5 мин

«Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны

Топтық жұмыс

Сабақ жоспар Өсімдіктердің көптүрлілігі және олардың маңызы 5 сыныпСабақ жоспар Өсімдіктердің көптүрлілігі және олардың маңызы 5 сынып

Алое Адыраспан

Сабақ жоспар Өсімдіктердің көптүрлілігі және олардың маңызы 5 сыныпСабақ жоспар Өсімдіктердің көптүрлілігі және олардың маңызы 5 сынып

Итмұрын Жалбыз

Табиғатқа пайдасы

Қай жерде өседі

Дәрілік маңызы



Топтық жұмыс

Оқушылар мына дәрілік өсімдіктерді пайдалана отырып, кестені толтырады

3 мин

«Семантикалық карта»

Сабақ жоспар Өсімдіктердің көптүрлілігі және олардың маңызы 5 сынып

Оқушылар жазбаша түрде жауап береді

2 мин

Ойын. «Гүлдер теру»

1.Өсімдік мүшелерін ата.(тамыр,сабақ,топырақ,гүл,жеміс)

2.Сабақ өсімдікке неге керек?(Өсімдікті көтеріп ұстап тұрады)

3.Жемістің ішінде не болады?(тұқым)

4.Құрғақ жемістерге мысал келтір.(жаңғақ,бидай,тары)

5.Шырынды жемістерге мысал келтір.(қызанақ,қияр,бүлдірген)

Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы гүлдер алады

4 мин

Бағалау

Топ басшылары оқушларды бағалайды және не себепті ондай баға қойғанын дәлелдейді

3 мин

Талдау

Оқушылармен бірге сабақты талдау

  1. Өлі табиғат пен тірі табиғаттың ерекшеліктері қандай?

  2. Біздің елімізде өсімдіктердің қанша түрі бар?

  3. Адамға өсімдіктердің қандай пайдасы мен зияны бар?

  4. Өсімдік қандай жерлерде өседі?

  5. Өсімдік немен қоректенеді?

  6. Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы қандай?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

2 мин

Үй тапсырмасы

§ 25 Өсімдіктердің көптүрлілігі және олардың маңызы оқу

«Өсімдік - жердегі тіршіліктің негізі» атты реферат жазу

Бөлме және дәрілік өсімдіктерге қосымша мәліметтер жинап келу





























Мұнайлы ауданы «№4 жалпы білім беру орта мектебі» ММ







Тақырыбы: «Өсімдіктердің көптүрлілігі және олардың маңызы»



Өткізген: Жұмабек Ұ.Ж.

География пәні мұғалімі






2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022