Климат қалыптастырушы факторлар

Сыныптар: 7 АТақырыбы: Климат қалыптастырушы факторлар. Климаттық белдеулер. Жауын-шашынның таралуы. Мақсат-міндеттер:Оқушыларға климаттық жағдайлардың географиялық ендік пен Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тәуелділігін, жер бетінде ауа температурасы мен қысымның, ауа массалары мен желдердің, жауын-шашынның таралуы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды климаттық карталар мен географиялық білімге сүйене отырып негіздеу.Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қаб...
Раздел География
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптар: 7 А

Тақырыбы: Климат қалыптастырушы факторлар. Климаттық белдеулер. Жауын-шашынның таралуы.

Мақсат-міндеттер:

Оқушыларға климаттық жағдайлардың географиялық ендік пен Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тәуелділігін, жер бетінде ауа температурасы мен қысымның, ауа массалары мен желдердің, жауын-шашынның таралуы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды климаттық карталар мен географиялық білімге сүйене отырып негіздеу.

Дамытушылық мақсаты - Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Климаттық картаны қолдана білуге, ол арқылы белгілі бір жердің климаттық жағдайын сипаттай білуге үйрету. Сондай-ақ бұндай карталарды қалай пайдалану жолдары мен жұмыс істеудің қарапайым әдіс-тәсілдерін жетілдіру. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты - Географиялық карта жасаудың өте көп уақыт пен тереңде тиянақты білімді және асқан қажырлылық пен төзімділікті талап ететіндігін түсіндіру арқылы, оқушыларды ғалым-картографтар еңбегін бағалауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, глобус

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең - ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең - үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең - жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең - білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең - бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең - қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Мұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең алдымен дәптерлерін тексереді, сосын балаларға келесі сұрақтарды қояды.

1. Ауа массасы дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

2. Мұхиттық және континенттік ауа массаларының бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

3. Жел дегеніміз не?

4. Өзіміздің тұрған жерінде ауа массаларының қандай түрлері бар?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

ІІІ

Жаңа сабақты түсіндіру алдында ауа массаларының орын ауыстыруының себебі неде? Климаттың ауа райынан қандай айырмашылығы бар? деген сұрақтарды қояды.

Одан кейін мұғалім климаттық белдеулерге анықтама жазыңдар деп айтады да, климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінетінін айтады. Негізгі (экваторлық, тропиктік, қоңыржай және арктикалық немесе антарктикалық), өтпелі («суб» деген сөзі қосылады).

Сосын климат қалыптастырушы факторларға анықтама беріп, 27-сурет арқылы түсіндіреді.

Сұрақтара жауап береді және мұғалімді тыңдап, түсінбеген жерлерін сұрайды. Сосын климат қалыптастырушы факторлар суретін сызып алады.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі тапсырмаларды береді:

1. Оқулық мәтіні мен климаттық белдеулер картасын пайдаланып, арктикалық, субарктикалық және антарктикалық, субантарктикалық климаттық белдеулерге сипаттама беріңдер.

Тақырыпты бекіту үшін тапсырманы орындайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Үй жұмысы §8 оқу, мазмұндау.

Үзіліске шығады.


© 2010-2022