Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері

Сынып: 10 « А» Тақырыбы: ДүниежүзініңТабиғат ресурстары және олардың түрлеріМақсат-міндеттер:Білімділік мақсаты – Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру. Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық...
Раздел География
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлеріДүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлеріДүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлеріДүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері

Сынып: 10 « А»

Күні: 22.12.2014ж

Тақырыбы: Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты - Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру.

Дамытушылық мақсаты - Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты - Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Еуропаның саяси картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең - ұйымдастыру

ІІ кезең -Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

ІІІ кезең - Өткен материялдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

ІV кезең - Мақсат қою кезеңі

V кезең - Жаңа материалды түсіндіру

VI кезең -Жаңа материял бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі

VII кезең - Бекіту кезеңі

VIII кезең - Үйге тапсырма беру

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлемдесу;

- Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Халық өте тығыз орналасқан аймақтарды атаңдар?

  2. Халықтың көші - қонының туындау себептері не деп ойлайсың?

  3. Сыртқы және ішкі көші-қон айырмашылықтары не деп ойлайсың?

  4. Елді мекен дегеніміз не?

  5. Қала халқының өсуіне не әсер етеді?

  6. Ауылды елді мекендер қалай бөлінеді?

  • Географиялық сөздік

«Урбандалу» дегеніміз не?

«Агломерация» дегеніміз не?

«Мегаполис» дегеніміз не?

«Субурбандалу» дегеніміз не?

«Рурурбандалу» дегеніміз не?

«Контрурбандалу» дегеніміз не?

ІІІ - Өткен материялдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

Сәйкестендіріңіздер:

А)Қала орталығынан қала маңына қоны аудару

1. Серіктес қалалар

Ә) Орталық қалалар маңында шоғырланған

2. Мегаполис

Б)Бірнеше агломерациялар мен қалаларды біріктіреді

3. Урбандалу

В) Қаланың және қала халқының өсіп, қалалық өмір салтының кеңінен таралуы

4. Cубурбандалу

Картамен жұмыс

  • Картадан ең ірі мегалополис қалаларды табыңыз;

ІV кезең - Мақсат қою кезеңі

  • Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру.Оқушылардың сабақ кезінде шығармашылық қабілеттерін арттыру;

V кезең - Жаңа материалды түсіндіру


Жануарлар дүниесі қорлары

Топырақ-өсімдік қорлары

Су қорлар

Климаттық қорлар

Минерады қорлар

Отын-энергетикалық қорлар

Табиғи ресурстар


Сарқылатындарға және сарқылмайтындарға қандай табиғат ресурстар жататынын ойлаңыз.


Табиғат ресурстары

Сарқылатын табиғат ресурстары

Сарқылмайтын табиғат ресурстары

Күн радиациясы, жел энергиясы, теңіздің толысу және қайту энергиясы, жердің ішкі энергиясы және т.б.

Қалпына келу жылдамдығы жұмсалу жылдамдығымен қатар жүреді. (су, топырақ, өсімдік жануарлар дүниесі)

Өз бетімен де, жасанды жолмен де қалпына келмейтін. (Пайдалы қазбалар)




  • Табиғат ресурстарының қорлары мен таралуы

  • Ресурстармен қамтамасыз етілу деңгйі

  • Табиғат ресурстарының мол қоры бар елдер: АҚШ, Ресей, Қытай, Канада

  • Алуан түрлі табиғат ресурстарының мол қоры бар елдер: Аустралия, Бразилия, Қазақстан, Украина, Үндістан

  • Бір немесе бірнеше ресурс түрлерінің халықаралық маңызы бар ірі кен орны: Парсы шығанағы елдері - мұнай мен газ, ОАР - алтын мен алмаз, Анд елдері және Қазақстан - мыс пен полиметалл, Маракко- фосфорит, Гобон маргенец қорлары мол.

  • Табиғат ресурстарымен нашар қамтамасыз етілген, шетелден минералды ресурстарды импорттайтын елдер: Жапония, Балтық жағалауы елдері, Корея республикасы, Сингапур.

Жалпы әлемде жер қойнауынан өндірілген минералдық шикізаттардың үлесі шамамен: көмір - 60-70%, мұнай мен табиғи газ - 40-50%, қара және түсті металдар кені 70-75%

VI кезең -Жаңа материял бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі

  1. Биологиялық ресурстар...................

  2. Минералды ресурстар......................

  3. Отын ресурстар ................................

  4. Кенді ресурстар ................................

  5. Кенсіз ресурстар.................................

VII кезең - Бекіту кезеңі

Сұрақтар мен тапсырмалар

  • Тұщы су ресурстарына тапшы аймақтар туралы не білесіңдер?

  • Орман ресурстары қандай белдеулерге бөлінеді?

  • Рекрациялық ресурстардың маңызы неде?

VIII кезең - Үйге тапсырма беру

Шығармашылық тапсырма:

Дүниежүзінің рекрациялық ресурстарының табиғи (теңіздік, таулы, ландшафты) түрлері және мәдени-тарихи көрікті орындары туралы (өз таңдауларыңша) слайдтар дайындаңдар.











«Т.Әубәкіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Дүниежүзінің табиғат ресурстары


Пән мұғалім:Л.Тұрсын

Сынып: 10 «А»



2014-2015оқу жылы




© 2010-2022