Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның өзендері 8-сынып

Қазақстанның өзендері Білімділік  мақсаты: Қазақстан   өзендері  туралы түсінік беру. Дамытушылықмақсаты: Тақырыптық  карталарменжұмысты жасауынжетілдіру. Объектілермен  құбылыстардытоптастырабілугежетілдіру, ерекшеліктерінайқындап, қорытындыжасау. Жаңаақпараттымеңгеруқабілетін, естесақтауқабілетіндамыту. Тәрбиелікмақсаты: Өзенсуресурстарынпайдалану, онықорғау, суменбайланыстықауіптіқұбылыстаржөніндебілімдерінтереңдетуОқытуқұралы: мультимедиялық  презентацияслайдтары, атластыңфизикалық, климатты...
Раздел География
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстанның өзендері

Білімділік мақсаты: Қазақстан өзендері туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты:Тақырыптық карталармен жұмысты жасауын жетілдіру. Объектілер мен құбылыстарды топтастыра білуге жетілдіру, ерекшеліктерін айқындап, қорытынды жасау.
Жаңа ақпаратты меңгеру қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Өзен су ресурстарын пайдалану, оны қорғау, сумен байланысты қауіпті құбылыстар жөнінде білімдерін тереңдету
Оқыту құралы: мультимедиялық презентация слайдтары, атластың физикалық, климаттық, ішкі сулары картасы, бекітуге арналған тапсырмалар, қорытынды карточкалары.
Сабақ түрі: Білімді бекіту, сабағы, мультимедия лекция сабақ
Ұйымдастыру:
I. Қызығушылықты ояту
№1 кесте «Оқу журналы»
Бұл тақырып жөнінде мен не білемін Бұл тақырып бойынша не білгім келеді? Оқу барысында не алдым? Қандай қиындықтармен кездестім?
85мың өзен,
өзеннің құрлымы,
су шығыны, құламасы
қатты ағын өзендердің біркелкі таралмауының, өзен режимінің, өзен аңғарлары қалыптасуының, климатқа, рельефке тәулділігін, шаруашылық маңызын, экологиясын, есептеу әдістерін білу.
Ой қозғау 5-7 сыныптардан өзендер жөнінде еске түсірейік
1. Өзен қалай пайда болады? (тұрақты, жеткілікті қоректену көздері болғандықтан пайда болған.)
2. Ал енді осы жазықты және таулы өзендердің қандай айырмашылығы бар екенін білеміз бе?. ......
3. А суретінде -өзеннің қай бөлігі бейнеленген? таудағы өзен аңғары қандай болады?
4. В. Өзен аңғарының құрлымы жақсы көрінген .....
5. С төменгі ағысындағы көрініс - жазықты өзен
Сурет арқылы біз өзендер жөнінде білімдерімізді еске түсірдік.
Осы жерде қандай сұрақтар туды: Бұл тақырып бойынша не білгім келеді?
Гиролог: Қазақстанда өзендер қалай таралған? Қандай өзендер бар?
Гидрометеоролог: Неге өзен суы деңгейі көтеріледі,
Гидрогеолог: Өзен аңғарларының тік немесе жайпақ болу себептерін білгіміз келеді?
Гидрометрологтар: Есептеу жұмыстарын жүргізуді үйренгіміз келеді
Экономист: Судың құламалық күшін, өзеннің суын шаруашылықта қалай пайдалануға болатынын білгіміз келеді
Экологтар: Адамның су ресурстарына жағымсыз әсері және бұл мәселені шешу жолдарын үйренгіміз келеді.
Жаңа тақырып:
Жоспар
1. Өзендердің таралуы
2. Кеңістікте өзгеруі
3. Уақыт бойынша өзен жағдайының өзгеруі
1. Гидролог
1. Қазақстанның өзендері қандай алаптарға жатады? (Кескін картаға белгілеу)
2. 102 бет соңғы мәтін, атластың 16 бетіндегі гидрографиялық тор картасын оқып өзен торының жиілігі неге әртүрлі екенін түсіндір.
2. Гидрометеоролог
1. П.27 104 беттегі мәтінді оқып кестені толтыр.
Өзендердің режимі
Орманды дала, дала Шөл, шөлейт Биік таулы
Қоректену
Басты өзендері
Тасуы
Ең төменгі деңгей
Мұздың қалындығы
Мұздың еруі
2. Атластың 16бетіндегі судың тасу атты картаны пайдаланып Ертіс және Нұра өзендерінің режим диаграммасын салыстыр. Қазақстандық режим типі дегенді қалай түсінесін
3. Қазақстанның қай өзендері жазда суы мол болады және неге? Неге Алтай тауы өзендерінің деңгейі көктемнің бірінші жартысында көтерілмейді? (тауда қар мен мұздық кеш ериді)

Өзен эрозиясы мен аккумуляция деген не? Сызбада өзен эрозиясы мен аккумуляция орнын анықта

Эколог 1. Адамның су ресурстарына жағымсыз әсер еткен мысалдарын келтіріңдер?
2. Өзен суын тиімді пайдалану жолдарын айтыңыз
Ертіс өзенінің экологиялық жағдайына тоқтал
Үйге:1) Өзендер: Тобыл, Ырғыз, Ембі, Аягөз, Шу
өзендердің бастауын, құяр жерін анықтаңдар, сызба картаға белгіле

© 2010-2022