Тақырыбы: Оңтүстік Американың климаты (7-класс)

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 16.01.2016

Пәні: География

Класы: 7

Тақырыбы:

Оңтүстік Американың климаты

Мақсаты

Оңтүстік Американың климаты туралы мағлұмат бере отырып, басқа материктермен салыстыра білуге үйрету. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру. Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Күтілетін нәтиже

Оңтүстік Американың климаты және оның ерекшеліктері туралы мағлұмат алады. Басқа материктердің климатымен салыстыра отырып, өз беттерінше талдау жасай алады. Шығармашылықпен, картамен, топпен, жұппен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.

Сабақ кезеңдері:

Сабақ барысы

Бағалау

ресурстар


  1. Кіріспе


І. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Дайындығың қалай?»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. «Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі

  2. Кескін карталарын тексеру

  3. Номенклатуралық білімдерін тексеру (картадан нысандарды көрсету)

Үш шапалақ

Оқулық, электронды оқулық, презентация, дүниежүзінің физикалық картасы,

Оңтүстік Американың климаттық картасы,

7-класс атлас

2. Негізгі бөлім

Электронды оқулықтан «Оңтүстік Американың климаты» туралы мағлұмат көрсетіледі.

Сол көрсетілім бойынша жаңа сабақты талдау.

«Кубизм» әдісі. Анықтаңдар. Материктегі әрбір климаттық белдеулердің басты белгілерін анықтап, белдеу ішіндегі климат айырмашылықтарының сипатын дәптерге жазыңдар. Салыстырыңдар. Материктегі қоңыржай теңіздік климатты Солтүстік жарты шар матриктеріндегі осындай климатпен салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастықтарын анықтаңдар. Дәлелдеңдер. Оңтүстік Америка материгінің ең ылғалды материк болуын дәлелдеңдер. Қолданыңдар. Оңтүстік Американың климаттық картасын пайдалана отырып, 157-беттегі Рио-де-Жанейро қаласының диаграммасына талдау жасаңдар.


Мадақтау арқылы бағалау

3. Қорытынды

1. Электронды оқулықтағы №3,4-тапсырмаларды орындау.

Қошемет көрсету

Қосымша оқу

Үйге тапсырма

ОА-ның климаты.

Кескін картаға материктің климаььық белдеулерін және мұхит жағалауларындағы ағыстар жүйесін белгіле.

Климаттық диаграммаларды пайдаланып, әрбір қаладағы климат сипатын анықта.

Рефлексия

Кун - өте жақсы түсіндім

Жаңбыр - жақсы, бірақ сұрақтарым бар түсінбеген

Қар - орташа, мүлдем түсіне алмадым


© 2010-2022