Словарь географических терминов и понятий

Ұсынылып отырған географиялық сөздікте орта мектептің география курсы бойынша кездесетін, пайдаланатын терминдердің түсініктімелері берілген.             География пәнін игерудегі және қазіргі кезде қойылатын талаптарға сәйкес негізгі көмекші сөздік құрылған. Географиялық сөздік орта мектеп 5-11 сынып оқушыларына арналған. Сөздікті 10 сынып оқушылары құрастырған: Асан Мүслима, Көшей Аякөз, Кожахметов Бейбарыс,Хуан Жәрдембек     Тексерген: география пәні мұғалімі Кабденова А.С. Данный глоссарий ...
Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Шағалалы орта мектебі





География пәнінен



ГЛОССАРИЙ


Словарь географических терминов и понятий

















2014-2015 оқу жылы

Кіріспе

Ұсынылып отырған географиялық сөздікте орта мектептің география курсы бойынша кездесетін, пайдаланатын терминдердің түсініктімелері берілген.

География пәнін игерудегі және қазіргі кезде қойылатын талаптарға сәйкес негізгі көмекші сөздік құрылған. Географиялық сөздік орта мектеп 5-11 сынып оқушыларына арналған.

Сөздікті 10 сынып оқушылары құрастырған:

Асан Мүслима, Көшей Аякөз, Кожахметов Бейбарыс,Хуан Жәрдембек

Тексерген: география пәні мұғалімі Кабденова А.С.

Бұндағы терминдік сөздер саны - 611








А


Аборигендер - Аустралияның байырғы халқы.

Абсолюттік биіктік - теңіз деңгейінен есептегенде биіктік (Балтық деңгейімен есептегенде).Осы деңгейден төмен жатқан нүктені - төменде жатыр немесе жоғарыда болса,биікте жатыр дейміз. Біздің елімізде абсолюттік биіктік Балтық теңізі деңгейінен есептеленеді.

Абсолют максимум - ең жоғарғы метеорологиялық көрсеткіш (температура,ылғалдылық,желдің жылдамдығы,бұлттылық).

Абсолют минимум - метеорологиялық элементтердің ең төменгі көрсеткіші.

Агломерация - қалалық типтегі елді мекендердің шоғырлануы.Мысалға Алматы агломерациясы(Қаскелен,Энергетик). Бұл терминдерге Қарағанды қаласы сай келеді.

Агломерат - темір кенінен оны әктаспен және кокспен қосып пісіру арқылы алынатын шағын, ұсақ саңылаулы кесектер.

Азимут (арабша ас-сумут-жол)-бақылаушының тұрған нүктесіндегі меридианың бағыты мен сол нүктеден діттеген затқа қарай жүргізілеітн бағыттың арасындағы пайда болатын бұрыш.Сағат тілінің айналу ретімен 0-360 дейін есептеленеді.

Аккумуляциялық процесс - су, жел, т.б. әсерінен әр түрлі бос жатқан минерал шөгінділері мен органикалық тұнбалардың бір жерге жиналуы, үйілуі.

Акклиматизация - тірі организмдердің жаңа табиғи ортаға бейімделуі.

Акустика - дыбыс туралы ұғым.

Акционерлік қоғам - өз капиталын құнды қағаздар-акциялар сату арқылы қалыптастыратын кәсіпорын. Акцияның иесі АҚ пайдасының бір бөлігін өзіне алуға құқы бар.

Аймақ - бірнеше елді мекендерді біріктіретін елдің кез келген бөлігінің жалпы атауы. Аймақ деп әкімшілік ауданды, облысты, облыс топтарын атауға болады.

Жер бетінің Күн сәулесін кері шағылдыруы альбедо деп аталады,оның көрсеткіші жердің төсеніш жамылғысының сипатына болады.

Аллювий - үйінді жыныстардың өзен суымен шайылып, өзен арналарына жиналатын шөгінді.

Альпілік тектогенез - жер қыртысының неоген дәуірінен осы кезге дейінгі тауларды жаратушы қозғалысы.

Амплитуда - бір тәулік ішіндегі ең жоғары және ең төменгі температуралардың айырмасы.

Антициклон -атмосферадағы ауа қысымы жоғары аймақ.

Антропоген дәуірі -желдің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі, бұдан 1 млн жыл бұрын басталған деп шамаланады.

Антропогенді ландшафт-адам әрекетінен түлеп қайта түзілген ландшафт.

Антропогендік фактор- ландшафтылардың пайда болуындағы адам әрекеті.

Антарктикалық белдеу-оңтүстік полюс төңірегіндегі географиялық белдеу.Антрактикадаматерик маңындағы аралдар және мұхиттардың оңтүстік шеттері кіреді.

Аңғар-табаны ылдиланып кетеітн ұзынша ойыс.Өзен және тау аңғары болады.

Анемометр - желдің жылдамдығын есептейтін құрал.

Анимизм-рухқа,оның мәңгілігіне және аруақтардың бар екеніне сену.

Геосинклинальдарда ішкі ішкі күштер әсерінен қатпарлану қозғалыстары жүреді. Соның нәтижесінде антиклинорийлер түзіледі.

Адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін антропология ғылымында адамзаттың тегі туралы қарама-қайшы көзқарас қалыптасқан.

900 км-ге дейін созылып жатқан жоғары мантияның 250-300 км тереңдігінде қаттылығы мен беріктігі төмендеу,тұтқыр қабат орналасқан,оны астеносфера дейді.

Арасан - минералды немесе жылы сулар.

Аралас орман - қоңыржай белдеудегі орман зонасының қылқанды және жалпақ жапырақты ағаш тұқымдары аралас өсетін өңірі.

Арктика - Жер шарының қиыр солтүстігіндегі табиғи-географиялық жер атауы.

Арктикалық белдеу - Жер шарының ең солтүстігіндегі географиялық белдеу. Солтүстік полюстен шамамен 70с.е. дейін түседі.

Архипелаг - бір-біріне жақын, жалғас аралдар тобы.

Астероид - Күн жүйесіндегі,әсіресе Марс пен Юпитер ғаламшарлары арасындағы кішігірім ғаламшарлар.

Астрономия - аспан денелерін зерттейтін ғылым.Мысалға,жұлдыз,астероид және ғаламшарлар.

Астронавт - (грек тілінде nаutes - теңізде жүзуші) ғарышкерлермен тең ұғым.Бұл термин АҚШ-та т.б. елдерде тараған.

Арал-құрлықтың жан-жағынан сумен қоршалған шағын бөлігі.

Арна-аңгардың табандағы су ағып жататын ойыс( судың жолы).

Артезиан суы (францияның Артуа,ескі латынша Артезиа провинциясының атынан алынған)-су өткізбейтін қабаттарды арасындағы сулы қабатта жайласқан қысымды жер асты суы.

Ареал -жер бетінің жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір түрлері тіршілік ететін бөлігі.

Аридті ландшафт (қуаңшылық ландшафт)- құрғақ жылы немесе ыстық континенттік климат жағдайында қалыптасатын ландшафт.

Архипелаг -

Астероид( грекше астер-жұлдыз,оид-тәріздес)-Күн жүйесінің көбінесе Марс пен Юпитер арасында айналып жүретін шағын денелер.Ол"шағын планеталар"деп те аталады.

Атеист - құдай барын жоққа шығарушы адам.

Атмосфера - жерді қоршап тұрған газ қабаты. ол салмақ күшіне байланысты ғаламшармен бірге айналып,қозғалысқа түседі.

Атмосфералық жауын-шашын-жер бетіне атмосферадан сұйық немесе қатты күйнде түсетін ылғал.Бұлттан жаңбыр,қар,бұршақ,қиыршық жауады. Ауаны жер бетіне таяуқабатына тікелей бөлініп шық,қырау,қылау тұрады.

Атмосфералық қысым - жер бетіне ауырлық түсіріп тұрған атмосфераның салмағы.

Атмосферанның қабаттары - тропосфера, стратосфера, мезосфера, жоғарғы қабаттары(термосфера, ионосфера).

Ауа температурасының атмосферада таралуы мен оның үздіксіз өзгерістері атмосфераның жылу режімі деп аталады,ол атмосфера мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу нәтижесінде жүзеге асады.

Ауа массалары үнемі қозғалыста болғандықтан,қасиеттері әр түрлі ауа массалары шектескен аймақтарда өте кең алқапты қамтитын өтпелі зонолар-атмосфералық фронттар қалыптасады.

Атырау-өзен сағасының бір түрі.Ол теңізде немесе көлдің тайыз бөлігіне қүйар жерінде тұнбалардың арасымен тармақталып ағуының нәтижесінде пайда болады.

Ауа райы - белгілі бір жердегі атмосфераның қысқа мерзімдік жай күйі.

Ауа массасы-тропосфераның температурасы,ылғалдылығы,мөлдірлігі ,т.б.қасиеттері жөнінен бір тектес бөлігі. Ауа массаларының негізгі 4 түрі ЭА,ТА,ҚА,АА.

Ауаның ылғалдылығы-ауадағы су мөлшерінің өлшемі.Абсолют және салыстырмалы ылғалдықтар ажыратылады. Ауаның абсолютті ылғалдылығы деп 1м3 ауадағы болатын су буының мөлшерін атайды,оны,әдетте,мм немесе мб есебімен көрсетеді.Абсолютті ылғалдылықтың белгілі бір температура жағдайында мүмкін болатын максималды ылғалдылыққа қатынасын салыстырмалы ылғалдылық деп атайды.

Ауа айналымы-жер бетіндегі ауаның әр түрлі қызуы және ондағы қысымның айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі.

АХАЖ - Азаматтық хал актілерін жазу - адамдардың туу, өлу, некеге тұру мен некеден шығуы жайлы мәліметтер тіркейтін мемлекеттік орган.

Афелий - орбитадағы Күннен ең қашық нүкте (152млн км), Жер ол нүктеден 5 шілдеде өтеді.

Аэротермикалық градиент-ауа температурасының белгілі бір өлшем айырмасы байқалатын биіктік.

Аэрозоль - сұйық және қатты заттардың ауадағы шашырап жүрген кішкене бөлігі.



Ә


Әкімият - Қазақстан Республикасындағы жергілікті үкіметтік атқарушы орган.

Әлеуметтану - қоғам, адамдардың әлеуметтік тобы мен олардың арасындағы өзара байланыс туралы ғылым.

Әкімшілік-аумақтық бөліну - елдің аумағының ұсақ әкімшілік бірліктеріне бөлінуі (облыстар, аудандар, округтер).

Б


Бағалы қағаздар - меншіккеберілгенқұқықты бекітетін ақшалай құжаттар.

Барқан-құмды шөлде жел үрлеп үйген,қолорақ немесе жарты ай тәріздес құм төбе.

Барометр (грекше барос-саламақ,мотер-өлшеу)-ауа қысымын өлшейтін құрал.

Бастапқы меридиан латынша меридиан- талтүстік-Жер шарындағы бойлық есебі басталатын меридиан"Нөлдік меридиан"деп аталады

Батпақ-құрлықтың ұзақ уақыт артық ылғалданатын,шымтезек басатын және ерекше ылғал сүйгіш өсмдіктер өсетін алабы.

Батолит-жер қыртысының беткі қабатына қатқан интрузивті жыныс. Пішіні күмбез тәрізді болып келетін интрузивті жыныстардың ауданы 200 км2-ден асатын ірі түзінділеріни баттолиттер деп атайды.

Батыс желдері -қоңыржай ендіктерде соғатын тұрақты желдер. Жердің өз білігінен айналуы әсерінен бұл желдер солтүстік жарты шарда - оңға, ал оңтүстік жарты шарда - солға қарай ауытқып, яғни батыстан шығысқа бағытталған желдер,

Бедленд (шөл адыр)-эрозияның әрекеті нәтижесінде құрғақ климат жағдайында пайда болған аласа таулы жер бедерінің күрделі түрі. Тау бөктеріндегі өзендер жер бедерін өте күшті тілімдейді,жыралар мен биіктік белдеулілікті сайлардың жиілігі соншалықты,олар лабиринт сипатты болып келеді.Өйткені мұнда көбінесе борпылдақ,бос жыныстар жинақталған әрі өзен ағыны еңкіштікке байланысты өте жылдам.Осындай жолмен түзілген жер бедерін бедленд деп атайды.

Бентос - мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.

Бергштрих( немісше берг-тау,штрих-сызық)-ылдидың бағытын көрсету үшін горизонталь қосымша берілетін кесе-көлделең сызықша

Елде басқа да ірі этностар болған жағдайда,билингвизм,яғни қос тілдік орын алады.

Тірі организмдер Жер шарындағы биологиялық зат және энергия айналымын жүзеге асырады.

Кейде бір өзеннің өзі екі алқапқа бағытталған бөліктерге ажырап кетуі мүмкін.Сирек кездесетін бұл құбылысты өзеннің бифуркациясы деп атайды.

Биогенді кешен -аумақтық табиғат кешендерінің топырақ жамылғысы,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.

Биоклиматтық белгі-белгілі бір климатпен үйлескен биоценоздардың жай-күйі.

Бионика-тірі ағзалар құрылысының заңдылықтары туралы ғылым.

Биотикалық фактор- ландшафтылардың пайда болуына тірі ағза тіршілігі әрекетінің тигізетін әсері.

Биохимиялық процесс-тірі ағзаның қоректік заттарды сіңіруінен бастап, олардың толық ыдырауына дейінгі реакциялар.

Биогеография-өсімдіктер мен жануарлардың жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым

Биосфера( грекше био-тіршілік,сфера-шар)-тірі ағзалар таралған жер қабығы. В.И.Верданский бойынша биосфера деп ғаламшардағы барлық тіршілік дүниесі мен олардың арасындағы өзара зат және энергия айналымын тұрақты жүзеге асатын Жердің ерекше қабығын атайды.

Биоценоз( грекше био-тіршілік, ценоз-орта)-тіршіілк жағдайлары бір келетін аумақты алып жатқан өсімдіктер мен жануарлар жиынтығы.

Биология - жердегі тіршілік иелерін зерттейтін ғылым.

Биіктік белдеу-тауларда биіктік бойынша бөлінетін табиғат кешен бірлігі.

Биржа - тауарлардың ірі партиялары (тауар биржасы), құнды қағаздар (қор биржасы), валюта (валюта биржасы), сатылатын және сатып алынатын тұрақты жұмыс істейтін рынок.

Біріккен кәсіпорын - бірнеше елдердің компанияларының ұжымдық қызметі арқылы қалыптасады. БК солардың бірінің аумағында жұмыс істейді және өз меншігі болады.

Бора дегеніміз-аласа тау жоталарын салыстырмалы түрде жылы теңізге қарай соғатын күшті,суық жел.

Борықты сор-тұзы шығып жатқан жер.

Ботаника - өсімдіктер туралы ғылым.

Бойлық - Гринвич меридианынан батысқа немесе шығысқа градуспен есептелінетін қашықтық.

Бөген - жасанды су қоймалары.

Бриз (француша бриз-самал жел)-теңіздерде,ірі көлдер жағасында күндіз құрлықтан суға,түнде судан құрлыққа өарай соғатын желдер.

Браконьерлік - жануарларды қорғау заңдарына қарсы және ережелерді бұза отырып аң аулаушылар.

Булану және буланушылық.Булану-суды ұсйы күйден,яғни буға айналып атмосфераға таралуы.Буланушылық-су қоры шекісз болған жағдайларда булану мүмкіншілігі. Буланушылық - судың, температураның әсерінен сұйықтан газ күйіне айналуы.

Бурлар - африканерлер. Оңтүстік Африкада Нидерландыдан көшіп барғандардың ұрпақтары.

Бұғаз-мұхиттар мен теңіздерде жеке бөліктерін бір-бірімен қосатын құрлы-аралық жіңішке су алабы.

Бұлт - атмосфераның тропосфера қабатындағы су тамшыларының жиынтығы. Бұлттың негізгі 3 түрі бұдақ бұлт - үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайды 800-2000 м биіктікте таралады, қабат бұлт - тұманға ұқсас бірсыдырғы сұрғылт қабат құрайды. Шарбы бұлт өте биікте 6 км-ден жоғары түзілетіндіктен, майда мұз кристалдарынан тұрады.

Бюджет - белгілі бір уақытқа арналған күтілетін кірістер мен болжамдалған шығын туралы болжам.

В


Вакуум - арасында ешқандай да қатты,сұйық,газ сияқты заттар болмайтын бос кеңістік.

Түрлі себептермен ақша бірлігі ұлттық шекараның сыртына шықса,ол жаңа сапаға ие болады,яғни валютаға айналады.Ұлттық валюта-әр елдің ұлттық ақша бірлігі:алтын,күміс және қағаз ақша түрінде болады.Резервтік валюта-ұлттық валюта қорын сақтау мақсатында қолданылатын ұлттық аймақтық және әлемдік валюта жиынтығы.

Вегетациялық кезең( латынша вегетиция-ояану,тіріліу)-өсімдікті өсу-өну кезеңі. Көктемгі соңғы үсіктен күзгі алашқы үсікке дейнгі уақытқа сәйкес келеді. Ауаның температурасы өсімдіктердің өсуіне қолайлы жыл кезеңі.

Үнді мұхиттында Аустралияның солтүстік-батыс жағалауы мен Кокос аралдары аралығында пайда болатын циклондар вилли-вилли деп аталады.

Г

Галофиттер -тұзды топырақта өсетін өсімдіктер.

Гамада -тасты шөлдердің араб тілінде аталуы.

Гаруа - Атакама шөлдегі соқыр тұман.

Геоботаника - жер бетіндегі өсімдіктердің таралуын зерттейтін ғылым.

География - жер бетін зерттейтін ғылым.

Географиялық карта - тегіс қағаз бетіндегі белгілі бір масштабы және шартты белгілері бар жердің кішірейтілген кескіні.

Гербицидтер - арамшөптерді жоюға арналған химиялық зат,қоспа.

Гейзер( исландша гейза-лқа ете түсу)-мезгіл-мезгіл ыстық су мен бу шапшып тұратын қайнар

Географиялық белдеу-географилқы қабыты ендік бойлап созылып жататын бөлгі.Жылу жағдайларынығ біртектес болуымен сипатталады

Географилық зона( грекше зона-белдеу)-климат жағдайлары,топырақ пен өсмдік жамылғысы және жануар дүниесі біртектес өңір.Географиялық белдеудің бөлігі.

Географиялық координаталар(латынша ко-бірге,ординатус-реттелген) -нүктен Жер бетіндегі орның белгілейтін шамалар.Географиялық ендік пен бойлықтан тұрады.

Географиялық қабық дегеніміз-жер шарының біртұтас қабығы:оның құрамдас бөліктері бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады,олардың арасындаы ұдайы зат және энергия алмасуы жүреді.

Географиялық қабықты құрайтын құрамбөліктер әрқайсысы өзіне тән заңдылықтар негізінде қалыптасады.Бірақ олар жеке-дара,оқшау дами алмайды,өйткені олар географиялық қабық ауқымында бір-бірімен өзара байланысты және тәуелді. Негізінен биосфераға сәйкес келеді

Географиялық қабықтың зоналық заңдылығы-табиғат құрамбөліктері мен кешендердің экватордан полюстерге қарай ғаламшар ауқымында өзгеру заңдылығын атақты орыс ғалымы В.В.Докучаев негіздеген.

Жер шарының айналу білігінің оның беткі бөлігімен түйесетін нүктелерін географиялық полюстер деп атайды.

Жер шарының нағыз геометриялық пішіні геоид,оның шекарас шамамен Дүниежүзілік мұхиттың беткі деңгейі арқылы өтеді.

Геосаясат терминінің авторы швед ғалымы Рудольф Челлен кез келген мемлекеттің нығайып,күшеюі үшін экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, әскери саясатты жүргізумен қатар геосаясатқа да үлкен көңілбөлу қажет деп есептеген.

Геосинклиналь - жер қыртысының ұзынынан созылып жатқан тектоникалық қозғалмалы ойпаң үлескісі. Мұнда сейсмикалық процестер күшті байқалады.

Тектоника ғылымында ұзақ уақыт бойы жер қыртысының платформалық-геосинклинальдік дамуы жайлы тұжырымдама басым болып келеді.Бұл тұжырымдама бойынша,материктік жер қыртысы салыстырмалы түрде тұрақты бөліктерге-платформаларға және қозғалмалы бөліктерге-геосинклинальдарға жіктеледі .

Эралардың атауы геологиялық уақыт пен оған сәйкес келетін тіршіліктің сипатына сәйкестендірілген.Әрбір эра өз тарапынан неғұрлым қысқа уақыт аралығына-дәуірлерге бөлінеді.Міне,осы уақыт аралықтарының барлығы біртұтас геохроникалық кестеден көрініс табады.

Геодезия-жердің пішіні мен көлемін зерттейтін, оның бетін план мен картада бейнелеу үшін жергілікті жерде өлшеу жұмыстарын жүргізумен айналысатын ғылым.

Геоморфологиялық кешен-жердің ішкі және сыртқы күштері әрекетінен түзілетін жер бедері пішінінің кешен бірлігі.

Геофизика - жердің ішкі құрылысын, физикалық қасиеттерін, оның қабаттарында өтіп жататын процестерді зерттейтін ғылымдар кешені.

Гербицид-арамшөптерді жою үшін қолданылатын химиялық қосылыс.

Гигрометр - ылғалдылықты өлшейтін құрал.

Гидросфера - Жердің су қабығы.

Гидротермиялық градиент- ылғал және жылу балансының белгілі бір өлшем айырмасы байқалатын биіктік сатысы.

Гидросфераны және оның құрамдас бөліктерін зерттейтін ғылымды гидрология деп атайды.

Жылдық жауын-шашын мөлшері 2000 мм-ден кем түспейтін,ауа температурасы жыл ішінде аса үлкен ауытқуларға ұшырамайтын бөліктерді А.Гумбольд гилея деп атаған.

Гидротермиялық коэффицент-ылғал балансын жылу балансына бөлгендегі шама. Аумақтық табиғат кешендерінің құрамдық бөліктерінің жетіліп кемелденуіне қаншалықты өлшемде ылғалдың немесе жылудың жетіспейтінін, артық екенін көрсететін өлшем.

Гидрофизика -өзен,көл,жер асты суының, теңіз,мұхит суының физикалық құбылыстарын,процестерін зерттейтін ғылым.

Глобус - Жердің кішірейтілген моделі.

Мұздықтар жауған қардың жентектеліп,қар-мұз-финрге,оның ауырлық күшіне байланысты тығыздалып, глетчерге айналуынан түзіледі.

Гляциальды нивальды зона-көпжылдық омбы қар мен мұздық ландшафтылары тараған жер.

Горизонталь - картадағы бірдей абсолюттік биіктіктердің арасын біріктіретін қисық сызық.

Гондвана - Оңтүстік Америка, Аустралия, Африка, Антарктида.

Гравитациялық процесс-заттардың түрліше гравитациялық қозғалыстарына байланысты дамитын құбылыстар мен процесстер. Мысалы, сел тасқыны, кар көшкіні, қорым тастардың беткейден сусып түсуі, т.б.

Гравитациялық энергия -заттардыңгравитациялық қозғалысының күші. Мысалы, су,жел күшінен электр қуатын ,жылу алу.

Градус торы(грекше градус-қадам саны)-картада немесе глобуста белгілі бір градус сайын жүргізілетін миридиан және параллель сызықтарды қилысуынан пайда болатын тор.

Гринвич меридианы-Ұлыбритияны астанасы Лондонқаласыны маңындағы Гринвич обсерваториясын басып өтеін меридиан."Нөлдік меридиан"деп те аталады.

Гринвич уақыты-Гринвич миридианы уақыты.

Жер бетіне жақын жатқан,бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы сулар грунт сулары деп аталады,қазақтар оларды еспе сулар дейді.

Гуано - аса бағалы азотты тыңайқыш.

Гумус - өсімдік пен жануар қалдықтарының ыдырауы әсерінен пайда болатын қара шірік.

Гумидті процесс-тірі ағзалардың өлгеннен кейінгі шіруіне байланысты болатын құбылыстар, процестер.

Гумидті ландшафт-климаты жылы және ылғалды жердегі ландшафт.


Ғ


Ғаламшар - қатты жыныстар мен газдан тұратын өз өсінен және күнді айналатын шар тәрізді үлкен дене.

Ғарыш кеңістігіндегі денелер - жұлдыз,ғаламшар,комета,метеор және т.б.

Экономиканың ғаламдануы ұлтаралық бірлестіктердің белсенді әрекет етуі, мемлекеттік шекараның көмескіленуі және дүниежүзілік шаруашылықтың біртұтас жүйеге айналуы жағдайында жүзеге асады.

Ғалымдар ғылыми-техникалық революция деп атаған бұл құбылыс қысқа уақыт аралығында қоғамның өндіргіш күштерін сапалық жағынан өзгерткен «секіріс» ретінде бағалады.

Д


Дала - табиғат зона, бұл зонада өте құнарлы қара топырақ жиналған.

Әрбір эра өз тарапынан неғұрлым қысқа уақыт арлығына - дәуірлерге бөлінеді.

Деградация - белгілі бір табиғат жағдайының қолайсыз жағына қарай өзгеруі.

Делимитация - мемлекеттік шекараны картаға түсіру арқылы келісімді түрде (көршілес мемлекеттер үкіметтерімен арада) анықтау.

Демаркация - шекараны жергілікті жерде шекаралық белгілер арқылы көрсетіп белгілеу.

Демография (грекше демос-халық,графо-сипаттау,жазу)-халықтар туралы, оның санын, табиғи қозғалысын, құрамы мен құрылымын зерттейтін ғылым.

Дүние жүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу мен механикалық өсу жатады. Салыстырмалы демографиялық көрсеткіштерге туу коэффиценті, өлу коэффиценті, табиғи өсу коэффиценті, сәбилер өлімінің коэффиценті, адамның өмір жасының орташа ұзақтығы жатады.

Демографиялық саясат-елдің демографиялық проблемаларын шешу мақсатында мемлекет тарапынан табиғи өсуді реттеуге бағытталған жүргізілген шаралардың жиынтығы.

Демографиялық жарылыс-дүние жүзіндегі халықтың санының күрт өсуі.

Дендрарий (дендропарк) - ашық жерде ағаш түрлерінің қолдан отырғызылып күтілетін аумағы.

Дене - белгілі бір көлемі бар кез келген физикалық объект.

Дендрология (грек. dendron - ағаш және логия) - ботаниканың ағаш, бұта, шала бұтаны зерттейтін бір саласы.

Дендро бағы - жеке бір жерде не ботаника бағының бір бөлігінде ағаш өсімдіктердің әр алуан түрлерін өсіретін арнайы бақ.

Денудациялық процесс - тау жыныстарының үгілу және пайда болған үйінділердің биік жерден су, жел, мұздың әрекетінен сырғып, ойысқа шөгуі.

Депрессия - жер бетінің немесе жер қыртысының ойыс жері.

Дефляция (лат. deflatio - үрлеу) - топырақ пен тау жыныстарының жел әсерінен үгілуі.

Дигрессиялық ландшафт өзгерісі - ландшафтының құнарсыздануы.

Дискриминация - белгілі бір адамдар тобы құқының қысым көруі.

Дренаж - жер асты суының деңгейін төмен түсіру үшін қазылатын канал.

Дүниежүзілік мұхит-барлық мұхиттармен теңіздердің жиынтығы.

Дүние бөліктері - құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Олар алтау Еуропа, Азия, Америка, Африка, Аустралия, Антарктида.

Қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылық - халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген экономикалық, саяси-әлеуметтік қатынастар арқылы өзара тығыз байланысқан сан салалы ұлттық шарушылықтардың жүйесі.

Е


Ендік - экватордан оңтүстікке немесе солтүстікке қарай градуспен есептелінетін қашықтық.

Еспе су - жер бетінен есептегенде су өткізбейтін бірінші қабатқа дейінгі су.

Ж


Жайылма - өзен суларының толысуы кезіндегі су басып қалатын өзеннің арнасы.

Жағалау - құрлық пен өзен-көл,теңіз,мұхит сулары арасындағы жіңішке жолақ.

Халықтың жастық-жыныстық құрамын сызба түрінде бейнелеу үшін жастық-жыныстық пирамидалар пайдаланылады.

Жаға-құрлық пен су алабы шектесетін жердегі су үнемі шайып отыратын жіңішке өңір.

Жағалау-теңіздің немесе көлдің қазіргі жаға сызығының екі қатпалындғаы,су деңгейінің қазірге қарағанда жоғары және төмен тұран кезінде түзілген жер бедері тараған өңір.

Жағалық шөлдер -мұхит жағалауында орналасқан шөлдер, климаты су ағыстарынын әсерінен қалыптасады.

Жазық-жер бетінің біршама тегіс немесе белесті алқабы.Жазықтың әр жеріндегі биіктіктер бір-бірінен онша ерекшеленбейді. Жазықтардың түрлері тегіс және төбелі. Биіктігіне қарай 3 түрі бар ойпат - теңіз деңгейінен есептегенде биітігі 200 м-ден төмен жазық, 200 м-ден 500 м-ге дейінгі жазық - қырат, 500 м-ден астам биіктегі жазық - таулы үстірт.

Жалпы географиялық карталар-Жер бетіне жалпылама сипаттама беретін карталар.Жер бедері,жалпылама сулар,өсімдік,елді қоныстар және т.б.ерекшеленбей,бірдей дәрежеде белгіленеді.

Жануарлар - органикалық заттармен қоректенетін және өзі қозғала алатын тірі организмдер.

Жанартау - көмейінен ыстық газ, бу, күл, тас, т.б. тау жыныстары атқылап тұратын және жер бетіне отты қоймалжың зат - лава тасып төгілетін конус формалы тау. Сөнген жанартау - адамзат тарихында атқылауы жөнінде ешбір мағлұмат қалмаған жанартау. Сөнбеген жанартау - ұдайы атқылап жататын жанартау.

Жанартаулық арал - мұхиттардың қозғалмалы бөліктерінде пайда болған құрлықтың бөліктері.

Жанартау көмейі - магма ошағынан жоғарыға қарай өңеші.

Жаратылыстану - табиғаттану туралы білімдердің жинағы.

Жекешелендіру - мемлекеттік меншік құқығының жеке адамдарға немесе адамдар тобына көшуі.

Жел - ауа массасының жерге көлденең бағыта қозғалуы.

Жер бедері - пішіні мен көлемі, жаратыласы мен жасы, биіктігі жөнінен айырмашылық жасайтын жер бетінің сипаты.

Қазіргі заманғы ғарыштық зерттеулер экзосферадан шашыраған сутек жердің айналасына шамамен 20000км биіктікке дейін созылатын жер тәжі деп аталатын түзілісті құрайтыны анықталып отыр.

Жер сілкінісі - жер қыртысының ішкі күштерінің әсерінен жердің үстіңгі бетінің қозғалысқа түсуі немесе тербелуі.

Жер қыртысы - жердің үстіңгі немесе қатты қабаты. Материктік пен мұхиттық болып бөлінеді.

Желбағар-метеорогиялық стансада желдің бағытын мен күшін өлшеу үшін қолданылатын құрал.

Жел өрнегі-алынған пунктегі белгілі бір мерзімде соғатын желдердің басым бағыттарын көрнекті түрде бейнелейтін сызба.

Жер асты суы-Жер қабығының үстіңгі қабатындағы тау жыныстарының қуыстарына жарықтары мен жіктеліне жиналған су.

Жер қабықтары-Жер шарын сыртынан қоршаған бір-бірне заттық құрамы жөнінен айырма жасайтын қабықтар.Олар атмосфера,гидросфера,биосфера және литосферадан тұрады.

Жер мантиясы( грекше мантия-шапан,жамылғы)-Жердің қыртысы мен ядросының арасындағы қабат.

Жер орбитасы( латынша орбита-жол табаны)-Жердің күнді айналу жолы.

Жер қыртысының қозғалыстары - 1) баяу көтерілуі мен төмендеуі, 2) тау жасалу қозғалысы.

Жер сілкіну - жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің торбеле қозғалуы.

Жер сілкінудің эпицентері( грекше эпи-үстіңгі,центрум-шеңбердің орталығы)-жер сілкніу ошағының дәл үсітнде жататын жер үстндегі нүкте.

Жер сілкіну ошағы-жердің тереңгі қойнауындағы жер сілкіну пайда болатын жер.

Жер ядросы-Жердің 2900-6370км тереңдіктегі ең кіші орталық бөлгі.

Жер беті жыныстарының аэрациясы - жер беті жыныстары мен ауаның төменгі қабатындағы зат алмасуы.

Еңбек ресурстарына елдегі еңбекее жарамды жастағы адамдардың барлығы және еңбекке жарамды жастан асқан немесе оған жетпеген болса да жұмыс істеп жүргендердің жиынтығы енеді.

Жиынтық ішкі өнім жыл ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтің жалпы құның көрсетеді.

Жиынтық ұлттық өнім көлемін анықтауда аумақтағы шетелдік кәсіпорындар үлесі есептелмейді.

Жүк көтергіштік - белгілі бір көлік түрі тасымалдауға есептелген жүк массасы. Төрт білікті темір жол вагонының жүк кқтергіштігі - 60 т, өзен кемесінікі - 1,5-5 мың т, ал теңіздік супертанкерлердікі - 150-480 мың т.

Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың жалпы санындағы жұмыссыздар үлесімен анықталады.

Орташа қозғалу жылдамдығы -29,8 км,сонда Жер өз орбитасын 365 тәулік,6сағат 9 минут 9,6 секундта бір рет айналып шығады. Осы уақыт аралығын жұлдыздық деп атайды.Қалған 6 сағат пен минуттарды 4 жылда бір тәулікке жинақтап,ең қысқа ай-ақпанға апарып қосады да,ол жылды кібісе жылы деп атайды.

Жұлдыз - өзінен жарық бөліп шығаратын ғарыштық дене.

Жылдамдық - белгілі бір объектінің қаншалықты қозғалып бара жатқандығын көрсететін шама.

Өзеннің жылдық ағыны өзеннің бір жыл ішіндегі су шығынының мөлшерімен анықталады.

Жердің айналу білігінен еңкіштігі және Күнді айнала қозғалуы Жер шарында жарық немесе жылу белдеулерін қалыптастырады.

Жылу белдеулері- Жер шарындағы күннен келетін жылудың таралу мөлшеріне қарай бөлнетін белдеулер.

З


Зат және энергия айналымы - географиялық қабықтағы компоненттердің өзара байланысы тоқтаусыз жүретін заңдылық. Мысалы атмосферадағы ауа айналымы, су айналымы, жер қыртысындағы зат және энергия айналымы.

Зоология - жануарлар туралы ғылым.

Зоогеография-жануарлардың жер бетіне таралу заңдылығын зерттейітн ғылым.Физикалық географияның бір саласы.

Зоомасса - аумақтық табиғат кешендеріндегі жануарлар дүниесінен түзілген масса.

Табиғаттағы зоналық құрлықтағы климаттық жағдайға, яғни жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Табиғат зоналары өсімдік жамылғысы арқылы бірден ажыратылады.


И


Қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобаралар деп атайды.

Дүниежүзілік мұхит түбінің жер бедері көгілдір түстен қою көк түске ауысатын қат қабат бояулармен қоса, изобаталармен де кескінделеді.

Изогиета - жылдық жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтар.

Климаттық элементтердің таралуы картада изосызықтар арқылы бейнеленеді.

Изотерма- температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар.

Индустриализация - ең алдымен өнеркәсіпте ішкі машиналық өндіріс орнату.

Инновациялық даму - жаңа идеялардың, ғылым мен білімнің және технологияның енуімен байланысты.

Инсоляция - күн радиациясының жер бетіне сәуле болып түсуі.

Инсоляциялық беткей - күнгей беткей.

Интенсивті (қарқынды) жол - өндірістің тиімді техниканы, технологияны пайдаланудың және еңбекті дұрыс ұйымдастырудың негізінде дамуы.

Интрузия (лат. intrudo - итермелеп енгізу) - 1) жер қыртысының жоғары зоналарында, тереңдікте пайда болған кеңістіктерге, жер бетіне шығып үлгірмеген магманың енуі; 2) осы магманың қатаюынан пайда болған магмалық дене.

Интрузивтік тау жыныстары - жердің терең қыртысында баяу суынудан пайда болған силикат құрамды магмалық жыныстар.

Жекелеген аумақтың немесе елдің халықаралық көші қон ауқымын анықтау үшін иммиграция түсінігі қолданылады.

Халықарлық инвестиция нарығы-экономикалық даму дәрежесі жоғары елдің өз қаражатының қомақты бөлігін даму дәрежесі төмен елдің алдыңғы қатарлы өндіріс саласын дамытуға салу.Тікелей инвестицияға шетелде кәсіпорындар ашу, шетел қаржысын қабылдаған кәсіпорындарды сатып алу немесе жекешелендіру. Портфельдік инвестиция-шетелдік кәсіпорынның қызметін тікелей бақылауға мүмкіндік бермейтін акциялар, облигациялар және басқа да күрделі қаржының жұмсалу түрі.

Термосфера өз кезегінде зарядталған бөлшектерден тұратын ионосфераға жіктеледі.

Ирригация - егістікті жасанды жолмен суландыру.









К


Кайнозой эрасы - жердің геологиялық тарихындағы ең жас эра, бұдан 60-70 млн жыл бұрын басталған. Үш дәуірге бөлінеді: палеоген, неоген, төрттік немесе антропоген.

Қайраң - материктің мұхитқа өтпелі, 200 м тереңдікке дейінгі бөлігі.

Кампос - Бразилия саваннасы.

Канал - жасанды өзен.

Карбонатты шөгінді - құрамында көмір қышқылының қоспалары болатын жыныстар.

Қар жиегі - таудағы жауған қардың жыл бойы ерімей, жинақтала беретін биіктігін белгілейтін шартты сызық.

Карта - математикалық заңдарға негізделе отырып жасалатын Жер шарының, Күн жүйесіндегі басқа ғаламшарлардың, аспан денелерінің және т.б. кішірейтіліп, әрі жинақталып, шартты белгілермен бейнеленген көрінісі.

Картаның түрлері жалпы географиялық карталарда жергілікті жердің басты объектілері түгел және дәл бейнеленеді, бұған физикалық карталар мысал бола алады. Тақырыптық карталарда табиғаттың жекелеген компоненттері (климат, топырақ, өсімдік т.б.), халықтардың орналасуы мен шаруашылық түрлері және т.б. беріледі. Кешенді карталар - көп жағдайда тақырыптық карталар бірнеше компоненттерді және олардың өзара байланысын көрсетеді.

Жер бетінің картада кескіндеудің математикалық әдістері картографиялық проекциялар деп аталады.Азимуттық проекцияда параллельдер тұйық шеңбер жасап, ал меридиандар бір нүктеден жан жаққа сызықтар түрінде таралады. Еркін проекциялардағы карталарда бұрыштар мен ауданның бұрмалануы аз мөлшерде картаның кез келген нүктесінде кездеседі.Конустық проекциялар қоңыржай ендіктерде орналасқан аумақтар үшін өте қолайлы,бұрмалану аз байқалады.Теңаралықты проекциялардағы карталарда ұзындықтың маштабы тек қана парралель немесе мередиан бойымен сақталады.Теңаудандық проекциялардағы карталарда географиялық объектілердің ауданы дәл беріледі.Теңбұрышты проекциялардағы карталарда бұрыштардың бұрмалануы жоқ.Цилиндрлік проекцияда параллельдер мен меридиандар көп жағдайда бір бірімен тік бұрыш жасап орналасады.

Тау жыныстарының суда еру процесі карстдеп аталады.

Каппилярлық су - топырақ пен топырақ асты жыныстарының қыл түтікшесінен жер қызған кезде топырақ астынан жер бетіне қарай көтерілетін су.

Ормандарда ылғал көп болғандықтан ағаштардың гүлдері мен жемістері дің үстінен тікелей шығады.Бұл құбылысты каулифлория деп аталады.

Кешен - әр түрлі, бірақ бір-бірімен өзара байланысқан бөліктердің біртұтас бүтінді құрауы. Сонда, аумақтық өндірістік кешен дегеніміз - белгілі бір аумақта дамыған бір бірімен байланысты салалар мен өндірістердің үйлесімі.

Киммериялық тектогенез - мезозой эрасындағы қатпарлық. Маңқыстау таулары түзілген.

Климат - көп жылдық ауа райының режимі.

Климаттық белдеулер - Б.П.Алисов 13 климаттық белдеуді ажыратқан. 4 негізгі, 3 өтпелі белдеу.

Жер шарындаы климаттың қалыптасу заңдылықтарын,климат пен оның жіктелуін зерттейтін географияның аса маңызды саласын климатология деп атайды.

Атмосфералық фронт өткен кезде ауа райы кенет өзгеріп:қысым мен температураның ауытқуы, жаңбырдың түсуі, желдің бағыттың өзгерту сияқты құбылыстар байқалады. Ауа массалары арасындағы осындай фронттар жиынтығынан климаттық фронттар қалыптасады.

Комета - ғарыштық кеңістіктегі аспан денесі.

Конвертор - алмұрт тәрізді жабық пеш, қалың болаттан жасалып, іші отқа төзімді кірпішпен қапталады.

Конденсация - судың газ күйінен сұйық күйге ауысуы.

Консервативті ландшафт - барлық кешендері динамикалық тепе - теңдік тапқан ландшафтылар.

Концентрат - пайдалы затты байыту нәтижесінде алынатын өнім.

Консументтер-түзілген бастапқы затпен қоректенетіндер.

Жердің өз білігінен айналуы кезінде оның бетіндегі барлық денелер қозғалысында ауытқу пайда болады. Бұл құбылысты тудырушы құбылыс Кориолис күші деп аталады.

Көктайғақ - жер бетін басқан жұқа мұз қабыршағы.

Көл - жер бетінде табиғи ойыстарға жиналған су. Тектоникалық көл - тау жасалу үрдістері кезінде пайда болған көл. Бөген көл - өзен аңғарларын бөгеп тастаған кезде пайда болған көл. Қалдық көл - бұрың теңіз болған көл. Жанартаулық көл - сөнген жанартаулардың кратерлерінде пайда болған көл. Ескі арна көлдері - немесе қарасулар, өзендер өз бағытын өзгертетін болса, олардың ескі иірімдері шағын көлге айналады. Ағынсыз көл - ешбір өзен ағып шықпайтын көл. Ағынды көл - өзен ағып шығатын көл. Шөкпе немесе тұнба көл - құрғақшылық аймақтарда көл суы түгелдей буланып кетеді де, түбінде тек тұз қалады.

Криктер - Аустралиядағы кеуіп қалатын өзен арналары.

Креол - Оңтүстік Америкадағы Испаниядан мен Португалиядан келген ұрпақтары.

Ксерофит - құрғақшылыққа төзімді өсімдік.

Күн радиациясының интенсивтілігі - күн сәулесіне перпендикуляр қойылған, абсолют қара денеден жасалған, 1 см² бетке 1 минут ішінде күннен келетін жылу мөлшері.

Күннің тік радиациясы - күннен жер бетіне тік түсетін сәуле.

Күн жүйесі-Күн мен оның төңірегінде айналып жүретін планеталар мен олардың серктері астеироидтар және құйрықты жұлдыздар жиынтығы.

Күрделі жұмсалым (инвестиция) - материалдық құндылықтарды жаңадан салу немесе бұрынғыларын қайтадан жаңарту, кеңейту үшін жұмсалатын қаржылай жұмсалымдар.

Күтіп-баптау кесілімдері - орманның өнімділігін арттыру мақсатында ағаштарды кесу және жинау. Құндылығы төмен ағаштарды кесіп, орманды сирету, тазарту және жарықтандыру.

Күш - денені қозғалысқа түсіріп,пішіні мен бағытын өзгертетін және оларды тарататын,итеретін күш.

Қ


Қалқанды жазық - тасты қатты жыныстан түзілген жазық. Ежелгі таулы аймақтардың үгітіліп тегістелген аймақтарында кеңінен тараған.

Қайнау температурасы - сұйықтың буға айналғандағы температурасы(+100*)

Қату температурасы - сұйықтың қатты денеге айналу температурасы(0*)

Миллионер-қалалардың көршілес елді мекендерді қосып алуынан қала агломерациясы қалыптасады.

Қар жиегі-таудағы қар жыл бойы ермейітн биіктікіт көрсететін сызығы.

Қатқыл - беткі қабаты қабыршақтанып қатып жататын сор.

Жылдық ағын мөлшері,өзен ағып өтетін аумақтағы тау жыныстарының шайылу қарқындылығы,жер бедерінің сипаты қатты ағынды,яғни өзен суының тасымалдайтын қатты материалардың көлемін анықтайды.

Қоңыржай белдеу-солтүсітк және оңтүсітк жарты шарлардың орта ендіктеріндегі географиялық белдеу.

Қорық - шаруашылық түрлеріне тыйым салынған ерекше қорғалатын территория.

Қоспа - әр түрлі элементтердің атомынан тұратын химиялық жолмен қосылған зат.

Қорықшалар дегеніміз-азая бастаған өсімдіктер мен жануарлар санын қалпына келтіру үшін уақытша қорғауға алынған жерлер.

Қуаңшылық - ұзақ уақытқа созылған құрғақ ауа райы.

Қылау-қыста аязды түндері ағаштың бұтақтарында тартылған сымға т.б.желдің өтегіндегі заттағра тұрып қалатын қарға ұқсас өте майда мұз кристалдары.

Қырат-жер бетінің маңайындағы жазықтан оқшау көтерліп жататын алабы.Абсолют биіктігі 200-500м-ге дейін барады.

Қырау-күзгі желсіз түнде,қыста кейде күндіздің өзінде жер бетіне,шөпке түрлі заттардың үстіне олардың температурасы ауаның температурасынан гөрі төмендеп кеткен жағдайда тұратын ақ ұлпа мұз кристалды қабығы.

Қысым - белгілі бір ауданға түсіп тұрған күш.

Л


Лава(итальянша лава-тасып басатын)-жанартау атқылағанда жер бетіне шығып төгілген отты қоймалжың зат екінші сөзбен айтқанда жер бетіне шығып,газынан айырылған магма.

Ластану - қоршаған ортаға зиянды газдар мен заттардың жинақталуы.

Пішіні күмбез тәрізді болып келетін интрузивті жыныстардың ауданы неғұрлым шағындары лакколиттер деп аталады.

Әрбір зона өзіне тән жылу мен ылғал мөлшері,топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің тобы арқылы ерекшеленеді.осындай т олық сипатты аумақтық табиғат кешендері ландшафт деп аталады.Адамның шаруашылық әрекетінің күннен күнге белең алуына байланысты қазіргі табиғи ландшафт антропогендік ландшафт есебімен толығып,күрделенуде.Мәдени ландшафт адамның тұрақты қамқорлығы нәтижесінде қалыптасқан табиғи-өндірістік аумақтық кешен болып табылады.

Ландшафтының құрылымын мен құрамын,оның даму заңдылықтары мен өзгерістерін зерттейтін ғылым саласы ландшафтану деп аталады .

Легирленетін металдар - металдар мен қорытпалардың сапасын жоғарылататын металдар.

Либерализация - экономиканы әр түрлі шектеулердеен босату.

Астеносферадан жоғары орналасқан жоғары мантия мен жер қыртысы литосфераны құрайды.

Литосфералық тақта - Жер литосферасының мейілінше ауқымды бөліктері. Литосфералық тақталар тектоникасы, немесе жаңа жаһандык тектоника деп аталатын геотектоникалық тұжырымдамаға сәйкес, жердің литосфералық қабаты он бес шамалы ірі-ірі дербес литосфералық тақталарға дараланған; бұл тақталардың әрқайсысы астеносфера бетімен көлбеу бағытта ұдайы жылжып отырады (континенттер ығуы, мұхит түбінің спредингі). Әрбір литосфералық тақта мүхиттық орталық жоталардың нақ орта тұсына сәйкес келетін мұхиттық рифтер түрінде көрініс беретін созылу аймағынан Беньофф-Заварицкий-Вадати белдемі деп аталатын сығымдалу белдеміне қарай жылжиды. Аталған белдем екі қозғалмалы тақтаның бір-бірімен соқтығысу аймағы болып табылады, бұл соқтығысу жұқа мұхиттық литосфераның біршама қалың континенттік литосфера астына қарай сұғынуы (субдукция) немесе екі континенттің соқтығысуы (коллизия) нәтижесінде туындайды. Литосфералық тақталардың созылу не бір-бірінен ажырау шекаралары "дивергенттік шекаралар" деп аталса, олардың соқтығысу аймақтары "конвергенттік шекара" деп аталады. Литосфералық тақталар тектоникасы тұжырымдамасына сәйкес, Жер шарындағы тектоникалык белсенділік (жерсілкінулер, жанартаулар әрекеті, жылу ағымдарының жоғары мөлшері, цунамитолқындары және т.б.) тек қана осы литосфера шекараларына шоғырланған (бұл өңірлер. Жекелеген Л.т-лардың көлбеу бағытта жылжу жылдамдығы орта есеппен жылына 1-2 см-ден 10-12 см-ге дейін жететіндігі анықталған.

Литосфералық тақталар теориясы - жер қыртысы және мантияның жоғарғы бөлігі жекелеген тақталардан тұрады ( 7 аса ірі, кіші тақталар). Ілімді 20ғ. Басында неміс ғалымы А.Вегенер ұсынған.

Льянос - Ориноко саваннасы.

М


Магма(грекше магма-ботқақ,оймалжың)-Жердің терең қойнауындағы жоғары температура мен үлкен жағдайында түзлеітн газға бай балқыған оттық оймалжы зат.

Мал шаруашылығы - ауыл шаруашылық немесе бағалы терісі бар жануарлар түрін бағу.

Марш (польдер) - құрлықты жергілікті халық ежелден су басып кетпеуі үшін тастан, құмнан, бетоннан бөгеттер жасай келеді. Солтүстік теңіз жағалауындағы осындай жерлер марш, ал Нидерланды жерінде польдер деп аталады.

Масштаб - картадағы жердің белгілі бір нүктелер аралығында қашықтықтың кішірейтілген үлгісі.

Материк - айналасын мұхит және теңіз сулары қоршап жатқан құрлықтың ең үлкен бөлігі.

Материктік қайраң - материктің мұхитқа өтпелі, 200 м тереңдікке дейінгі бөлігі.

Материктік беткей - материктік қайраңнан мұхит түбіне ауысатын бөлік. Ол 200 м -ден 2800 м-ге дейінгі тереңдікте жатады.

Жердің жер қыртысынан кейін орналасқан қабаты-мантия 2900км-ге дейінгі тереңдікте орналасқан.Мантия тығыздығы 4,5т/м3,температурасы 220*С болатын жоғары мантияға және тығыздығы 5,7т/м3,температурасы 3600*С жететін төменгі мантияға жіктеледі.

Дүние жүзіндегі ауланатын балық пен өнімдерінің 15млн. тоннасы қолдан өсіру-марикультура арқылы алынады.

МАЭС - мемлекеттік аудандық электр стансасы. Ірі тұтынушы аудандарды энергиямен қамтамасыз ететін конденсациялық электр стансаларының ескірген аты.

Мәслихат - Қазақстан Республикасындағы жергілікті үкіметтік өкілетті орган.

Жақын орналасқан агломерациялардың бірігуінен мегаполистер қалыптасады.

Мезосфера мен оның үстінде жатқан термосфера аралығын мезопауза бөліп жатыр.Мезопауза қабаты шамамен 80-85 км биіктікке дейінгі аралықты алып жатыр.Мұнда ауаның тығыздығы жер бетімен салыстырғанда 200 есе төмен болады.

Мекеме - өндірістік емес саладағы экономиканың бірінші буыны.

Кез келген елдің мемлекеттік құрылымы,яғни мемлекеттік аумақтық ұйымдасу сипаты оның қоғамдық-саяси өміріне тікелей ықпал еткенімен,экономикалық даму деңгейінде шешуші рөл атқармайды.Унитарлы мемлекеттерде әкімшілік-аумақтық бірліктер тікелей орталық үкіметке бағынады.Федерациялы мемлекет жайында оның құрамына енетін федерация мүшелерінің белгілі бір саяси,экономикалық дербестігі болады.

Азиялық нәсіл өкілдері болып табылатын жергілікті үндістер мен келімсек еуропалықтардың некесінен метистер қалыптасқан.

Біраз уақыт ірі отар иеленуші мемлекеттер-метрополиялар болып есептелген.

Меридиан - бір полюстен екінші полюске қарай шартты түрде жүргізілген сызық

Метеорология - атмосфералық құбылыстарды зерттейтін ғылым.

Метаморфты тау жынысы(грекше метаморфоза-өзгеріу)-Жер қойнауындағы жоғары температура мен үлкен қысымныңәсерінен өзгеріп,бір түрден екінші түрге айналған тау жынысы.

Метеор(грекше метеор-аспан құбылысы)-планетааралық кеңістіктен Жер атмосферасына үлкен жылдамдықпен келіп кіріп ауаға үйкелуден жарқырап жанып кететін аспан денесі.Атмосферада түгелдей жанып кетпей жер бетіне жететінін метеорит дейді.

Миграция - адамдардың бір ауданнан басқа ауданға қоныс аударуы. Адамдардың қоныс аударуларының барлығын көші-қон,яғни миграция деуге болмайды,адам белгілі бір әкімшілік немесе мемлекетік шекараны кесіп өткенде ғана көші-қон қатарына жатады .Уақытша көші-қон ұғымына маятникті және маусымдық көші-қон түрлері жатады.Миграция кейде ерікті және еріксіз деп бөлінеді.Еріксіз миграцияға елдегі саяси,экологиялық және табиғи апаттар себепші болады.Ішкі миграция ел ішіндегі әр түрлі деңгейдегі әкімшілік бірліктерді қамтуы мүмкін.

Микроскоп - кішкентай заттарды үлкейтіп көрсететін құрал.

Минерал - тау жыныстарын құрайтын зат.

Минералды су - құрамында еріген заттар мен газдар кездесетін жер асты суы.

Моласса - тасты жынысты жердегі тектоникалық жарықтардың ізіне жиналған үгінділі үйінділер.

Мортмасса - өсімдіктер мен жануарлардың қурап қалған қалдықтары.

Морфомүсін - сыртқы күштер (су, жер, мұздық, т.б.) әрекетінен түзілетін жер бедері пішінінің кешені (өзен аңғары, құмды шағыл, т.б.)

Морфоқұрылым - ішкі және сыртқы, әсіресе ішкі күштердің басым әрекет етуінен түзілген жер бедері пішіндерінің кешені. Мысалы, тау жотасы, тау іші жазығы, т.б.

Мониторинг - белгілі бір объектілер мен құбылыстарды бақылау жүйесі.

Монархия жағдайында жоғары өкімет билігі бір ғана адамның қолында шоғырланған.Абсолютті монархияда монархтың билігіне мүлде шек қойылмаған.Конституциялық монархияда монархтың билігі конституциямен шектелген.

Мантия жер қыртысынан жұқа Мохоровичич қабаты арқылы бөлініп жатыр,оны 1909 жылы югославялық сейсмолог А.Мохоровичич анықтаған.

Африкадан зорлықпен құлдыққа әкелінген қара нәсіл өкілдерінің еуропалықтармен араласуынан мулаттар қалыптасқан.

Муссондар дегеніміз-бағытын қыстан жазға және жаздан қысқа қарай күрт өзгертіп отыратын маусымдық сипаттағы ауа массалары.

Мұздықтар деп әдетте қатты күйде түсетін жауын-шашынның біртіндеп өзгеруінен құрлықта түзелетін көп жылдық мұз қабатын атайды.Ең көп таралғаны аңғарлық мұздықтар,олардан тау өзендері бастау алады.Құрлық мұздықтарын жамылғы және тау мұздықтары деп екіге бөледі. Мұздық- құрлықта ұзақ уақыт жинақталып пайда болған,жылжымалы мұз шоғыры.Полярлық аймақтарда және тау бастарында таралған.

Мұз зонасы-Жер шарының полярлық айматарындағы бүкіл жыл бойы қар мен мұз басып жататын табиғат зонасы.

Мұзтау-мұхиттар мен теңіздерде алып жүретін орасын зор мұз шоңғалы.Полярлық аймақтарда мұздықтарды құрлықтан жылжып теңізге түскен бөлктерінде пайда болады.

Мұхит-жан-жағынан материктермен шектелген орасан су алабы.Мұхиттар және олардың бөліктері бір-бірімен үздіксіз байланысып,Дүниежүзілік мұхитты құрайды.

Мұхит ағысы-мұхит немесе теңіз суының зор көлемде бір жерден екінші жерге бір бағытта тұрақты түрде ауысып тұруы.Олар суық және жылы ағыстарға ажыратылыды.

Мұхит ортасы жоталары-мұхиттардың түбінде ұзыннан ұзақ созылып жататын су асты тау жоталары.Жеке шыңдары арал түрінде су бетіне шығып тұрады.

Гидрология зерттеу объектісіне қарай екі салаға бөлінеді.Дүниежүзілік мұхит пен оның бөліктерін зерттейтін мұхиттану мен құрлықтағы суларды зерттейтін құрлық гидрологиясына жіктеледі.


Н


Нарықтық экономика - кәсіпкерлік қызметке, шаруашылық есепке, тауарлар мен қызметтерді баламалы айырбастауға сұраным мен ұсынылымның реттелетін арасалмағына негізделген экономика.

Нәсіл-адамдардың шығу тегі мен тұқым қуалайтын ерекшелктерін ұқсастықтарына қарай бөлінетін тарихи қалыптасқан топ.Еуропоидтық,монголоидтық және негроидтық нәсілдер ажыратылады. Нәсілдер-адамдардың сыртқы бет-бейнесінің ұқсас белгілері бойынша біріктірілетін топтары .

Нәсілдер аумақтық ерекшеліктеріне байланысты нәсіл тармақтарына ажыратылады.Аралық нәсіл топтары ертеректе үлкен нәсілдердің түйісу аймақтарында қалыпиасқан.Аралас нәсіл топтары әр түрлі нәсідердің кейінгі уақытта араласуы нәтижесінде қалыптасқан.

Нәсілдік кемсітушілік-қара және сары нәсіл өкілдерін шаруашылқ,әлеуметтік және саяси мәселер жөнінен кемсітіп ұстау,төмен көру.

Нектон (гр. «қалқыма»)- балықтар, теңіз сүт көректілері, теңіз жыландары мен тасбақалары, ірі моллюскалар құрайды.

Неоген дәуірі - жердің геологиялық тарихындағы кайнозой эрасының жаңа дәуірі, қазіргі өтіп жатқан антропоген дәуірінің алдында өткен.

Неотектоникалық қозғалыс - неоген, антропоген дәуірлеріндегі жер қыртысы қозғалысы.

Нивальды белдеу - таудағы мәңгі қар басқан белдеу.

Биосфера құрамындағы тірі организмдердің тұрақты дамуы мен өзгерісі оның жаңа сапалы сатыға көтерілуіне,ноосфераға өтуіне себепші болды.

Антарктикада таулар түгелімен дерлік мұздықпен жабылған,ең биік шындар ғана мұз бетіне көтеріліп,шығып тұрады.Мұндай жартастарды нунатак деп атайды.


О


Оазис - ыстық шөлді аймақтарда суармалы жағдайда ағаш өсіп тұрған және егін егілген жер. Оазис (жазира) - шөл мен шөлейттегі тұщы суы бар көгалды алқап.

Ойпат - абсолюттік биіктігі 200 м-ге дейінгі жазық.

Ойпат батпағы-Жер бедерін ойыстарын алып жататын,көбінесе еспе сумен молығатын батпақ.

Озон қабаты (грекше озон-аңқыған)-стротосфереда 10-50км биіктік аралығында озон газы шоғырланған қабат.Жер бетндеіг тіршілікті Күннен келетін әсре күлігн сәулелерден зиянды әсеріннен қорғайды.

Оңтүстік полюс - жердің оңтүстік өсі.

Оңтүстік поляр сызығы - экватордан 66 градус 30 минут оңтүстіктен жүргізілген сызық.

Оптика - жарық құбылыстарын зерттейтін ғылым.

Оралмандар - тарихи отанына қайта оралған этникалық қазақтар.

Орбита - ғаламшарлардың немесе ғаламшар серіктерінің айналып жүретін траекториясы.

Орнитолог - құстарды зерттейтін ғылым.

Орман - бір немесе бірнеше түрден тұратын және бір-біріне жақын өскен табиғи кешен.

Орманды дала зоналары-орман мен дала алаптары алмасып келетн табиғат зоналары.Қоңыржай және субтропикітк белдеулерде тараған.

Орманды тундра-орман мен тундра арасындағы өтпелі зона.Сирек орман тундра алаптарымен алмасып келеді.

Орман зоналары-қоңыржай белдеуден экваторлық белдеуге дейніг аралытағы барлық белдеулерде кездесеітн табиғат зонасы.

Органогенді шөгінді - органикалық жолмен тараған тау жынысы.

Орқаш тау - жер қыртысының жарықтар арасынан көтерілген бөлігі.

Озон негізінен 25-30км биіктікте шоғырланады,бұл қабатты озон қабаты деп атайды.

Отарлар толығымен басқа мемлекетітң билігіндегі және саяси,экономикалық дербестігі жоқ елдер болып табылады.




Ө


Өзен - өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.

Өзен алабы - өзен және оған келіп құйатын салаларымен қоса есептегенде алып жатқан аумақтың ауданы. Жеке алаптары бір-бірінен суайрық сызықпен бөлінеді.

Өзен ағыны-өзеннен белгілі бір мерзімде өтетін су мөлшері.

Өзеннің аңғары - өзен бастауынан бастап сағасына дейін әрі кең, әрі ұзынша ойыс алқап.

Өзен бастауы - өзеннің ағып шығатын жері.

Өзен жүйесі -суы бір-біріне қосылып теңізге немесе көлге бір сағамен құятын өзен мен оның салаларының жиынтығы.

Өзен сағасы - өзеннің құяр жері.

Өзеннің сабасына түсуі -өзендегі судың ең төменгі күйі.

Өзеннің режимі - өзен суы мөлшерінің жыл ішінде өзгеру ерекшелігі.

Өлім коэффициенті-елдегі бір жыл ішінде қайтыс болғандар санының халықтың жалпы санына қатынасы.

П


Параллель - жер бедерінің шартты түрде экваторға параллель жүргізілген сызықтар.Бір параллельдің бойындғаы барлық нүктелердің ендігі бірдей болады.

Палеоген дәуірі - жердің геологиялық тарихындағы кайнозой эрасының ескі дәуірі, неоген дәуірінің алдында өткен.

Палеозой эрасы - жердің геологиялық тарихындағы ескі өмір кезеңі. Қазіргі кезеңнен 570 млн жыл бұрын басталып, 340-350 млн жылға созылған. Өсімдіктер дүниесі балдырлардан ірі-ірі орман ағаштарына дейін дамыған. Жануарлар дүниесі омыртқасыздардан ірі бауырымен жорғалаушыларға дейін дамыған.

Пампа - «жазық дала», Ла-Плата жазығынын субтропиктік дала зонасы.

Пассаттар - экватор маңында төмен қысым белдеуі, ал 30 ендіктерде жоғары қысым белдеулері орналасқандықтан, Жер бетінде желдер экваторға қарай тұрақты соғады.

Перьм дәуірі - палеозой эрасының ең соңғы дәуірі, 55 млн жылға созылған. Орал - Тянь-Шань геосинклиналында герцин қатпарлануы аяқталған.

План(грекше планус-жалпақ,тегіс)-жер бетінің шағын бөлгін қағазға белгілі маштабқа сәйкес кішірейтіліп шартты беліглермен түсірілген бейнесі.Картадан айырмасы:онда Жердің шар тәрізді екендігі ескерлмей жер беіт тегіс деп алынады және р маштабта сызылады.

Планета(грекше планета-кезбе)-Күнді айнала қозғалып жүретін және күн жарығымен жарқырап көрнетін аспан денесі.

Планктон (гр. «кезеген») - ағыстардың әсерінен еркін қозғалатын алуан түрлі бір жасушалы балдырлар, әр түрлі қарапайымдар, ұсақ шаяндар, теңіз құрттар, ішек қуыстылар және бақалшақтар. Мұхит тіршілігі.

Платформа - жер қыртысының тұрақты бөліктері.

Платформа жазығы - іргетасы қатпарланған қатты жыныстардан түзіліп,жер бедері жазық болып келген тектоникалық тұрақты аймақ.

Плиталы жазық - шөгінді жамылғысы қалың жазық.

Полонина - Карпат тауларындағы биік тау шалғындары.

Полярлық белдеулер-солтүстік және оңтүстік полюстер төңірегіндегі географиялық белдеулер.Антрактикалы және арктикалық белдеулерден тұрады.

Полярлық күн. -солтүістік және оңтүістік жарты шарларда поляр шеңберінен полюстерге қарай тәулк бойы күн батпай қоюы.Ұзақтығы поляр шеңберінен 1тәулктен полюстерге жарты жылға дейн созылады

Полярлық күн-солтүістік және оңтүістік жарты шарларда поляр шеңберінен полюстерге қарай тәулік бойы Күн шықпай қоюы.Ұзақтығы поляр шеңберінен 1 тәуліктен полюстерге жарты жылға дейін созылады.

Поляр шеңбері-солтүістік және оңтүістік жарты шарлардағы 65,5 ендік арқылы жүргзілген параллельдер.Полярлық күн мен полярлы күн байқалатын аймақты шектейтін сызықтар.

Президенттік Республика - үкіметті көбінесе Президент басқаратын, оған үлкен өкілеттік берілген басқару формасы.

Прерий - Солтүстік Америкадағы биік шөптерден тұратын далалар.

Промилле,промиль (грекше промилле-мыңға шаққанда)-қандай болмасын шаманы мыңнан бір бөлгі.Мұхиттар мен теңіздерде 100 г су неше тұз бар екендігін көрсетеді.

Пушта - Венгрия жазықтарындағы құнарлы қара топырақты өңір.

Р


Радиациялық жылу - күн сәулесінің жылуы.

Регрессия - теңіз, көл деңгейінің қайтуы, ландшафтының құнарсыздану бағытындағы өзгерісі.

Рекреация - адамдардың денсаулығы мен еңбекке қабілетін табиғат аясында, туристік саяхат арқылы қалпына келтіру.

Рекреациялық жүйе - көрікті,саялы жерлер.

Рекреациялық қорлар - адамдардың денсаулығын қалпына келтіруге ықпал етіп, дұрыс дем алу үшін жағдай туғызатын қорлар.

Рекультивация - карьерлердің, бос жыныс үйінділерінің астындағы және кесілген ормандық жерлердің өнімділігін қалпына келтіру.

Реликті шағала - (лат.relictus - ) жануарлардың ежелден сақталып қалған бір түрі. Реликті жануарлар мен өсімдіктер де кездеседі.

Реликтілі ұсақ шоқы - қатты жынысты жерде сақталған ұсақ шоқылы ежелгі таулы аймақтың үгіліп тегістелуінен кейін түзілген жазық (мысалы, Сарыарқа).

Республика - мемлекетті басқару формасы. Заң шығарушы ұйым - парламент, басқару жүйесі өкімет арқылы жүзеге асырылады.

Рифт - жер қыртысындағы неғұрлым терең жарықтардың жиынтығы.

С


Саванна(Оңтүісітк Америка үндістерінің сөзінен енген)-әр жерінде жеке немесе шоқ-шоқ ағаш пен бұта кездесеітн шөл басқан жазықтар.Субэкавотрлық және тропиктік белдеулерде таралған.

Саға-өзен басқа өзенге көлге теңізге құятын жер.Шөлді аймақтардағы шағын өзендерде басқа су көзіне жетпей құрғақ саға түзеді.

Сай-ұлғаюы тоқтағаннан кейін жыраның табаны тегістелген және беткейлер түйе-тайланып өсімдік басқан кез. Жыра сияқты ұзынша ойыс.

Салыстырмалы биіктік-жер бетндегі нүктелерді бір-бірмен салыстырандағы биіктік айырмасы.

Самбо - еуропалықтардың үндістермен некелесуінен қалыптасқан ұрпақ.

Самум -Сахарадағы құмды дауылды жел.

Санитарлық кесілімдер - зиянкестер және ауру әсерінен бүлінген және кеуіп қалған, жел құлатқан ағаштарды кесіп, жинау. Орман сілемдерін жақсарту үшін жүргізіледі.

Сарқырама-арнасыны табанында шайылуға берік кристалды тау жыныстары кездесетін жерлерден өзен суының жартысы сатыдан төмен құлап ағыуы. Сарқырама - биіктен төмен қарай құлай аққан су.

Сапрофаг - шіріп ыдыраған органикалық заттармен қоректенетін тірі ағзалар.

Сейсмикалық аймақ-жер сілкіну жиі қайталанып тұратын аймақ.

Сейсмограф (сейсмо - жер сілкіну, графо - жазу) - жер қыртысының қозғалысын өте сезімтал келетін құрал тіркеп отырады.

Сельвас - Оңтүстік Америкадағы қалың орман.

Синеклиза - жыныс қабаттары ойысты болып келетін аймақ (мысалы, Каспий маңы ойпаты).

Скрэб - тікенекті акация мен эвкалипттен құралған ну бұта.

Соқпа толқын-теңіз жа,асында пайда болатын толқын.

Сонар - ультрадыбыс шыұаратын толқындардың жаңғырығы арқылы су астындағы денелерді табуға арналған құрал.

Статус - азаматтың немесе заңды тұлғаның құқықтық жағдайы.

Стратосфера( латынша стратум-қабат,сфера-шар)-атмосфераның тропосфера үстндегі қабаты,жоғарғы шекарасы 50-55 м биіктікке кетеді.

Суайрық-өзендердің су жинайтын көршілес алаптарын бір-бірнен бөліп тұратын сызық.

Су асты орта жоталары-мұхит түбінде ұзыннан созылып жатан қия бет таулар.Кейде жоталарды төбелер су астынан аралдар түрінде көтерліп шығып жатады.

Су айналымы - күн сәулесінің әсерінен мұхиттар мен теңіздер бетінен су баланады. Кіші, үлкен және дүниежүзілік су айналымы.

Субантрактикалық белдеу( латынша суб-таяу субантрактикалық-анрактикаға таяу)-оңтүістік жарты шарда Антрактикадан солтүістке қарай қоңыржай белдеумен аралықта орналасқан географиялық белдеу.

Субарктикалық(латынша суб-таяу субарктикалық-арктикалыққа таяу)-солтүістік жарты шардағы қоңыржай және арктикалық белдеулердәі арасындағы өтпелі табиғат белдеу.

Субтропиктік белдеу(латыншы суб-таяу субтропиктк-тропиктікке таяу)-тропиктік және қоңыржай белдеулер арасындағы өтпелі табиғат белдеу.

Субэкваторлық белдеу(латынша суб-таяу субэкваторлық-экваторлыққа таяу)-экваторлық және тропиктік белдеулер арасындағы өтпелі табиғат белдеу.

Су буының сублимациялануы - ауадағы су буының төмен температуралық ортада мұз кристалдарына айналуы.

Суккулент - құрғақшылыққа төзімді, бойына су жинайтын өсімдік.

Су массалары - мұхиттың белгілі бір бөліктерін алып жатқан зор көлемді су.

Су тасуы - жыл сайын белгілі бір маусымда қайталанып отыратын өзендегі су мөлшерінің едәуір көбею.

Сулы қабат - су өткізгіш жыныстар қабатына су жинақталған.

Сумен қамтамасыз етудің айналымдық жүйесі - суды пайдалануда ысырапқа жол бермеу үшін қолданылады.

Су өткізбейтін қабат - жер қабаты саз, гранит, құмтас, сазды тақтас жыныстарынан тұратын.

Су өткізгіш қабат - құм, қиыршық тас, малта тастар құрайтын қабат.

Судың тұздылығы - еріген тұздардың 1 л судағы граммен алынған мөлшері.

Суықтық полюсы - Антарктида. Мұнда 1983 ж. -89,2 С.

Сырғыма-таудың немесе қыраттың беткейінен өзен жарақбағынан теңіз,көл жиегінен тау жынысы қабатының қопырлып төмен қарай түсіп кетуі.

Т


Табиғи жағдайлар - адамдар мен олардың шаруашылық қызметіне әсет ететін табиғат пен табиғи процестердің сипаты мен қасиеттері.

Табиғи қорлар - адамзаттың материалдық және рухани қажеттіліктерін өтеу үшін қолданатын барлық табиғи заттар.

Табиғи орта - адам тіршілік ететін белгілі бір жердің географиялық орны.

Табиғи ресурс - адамның пайдасына жарайтын табиғи құбылыстар мен байлықтары.

Табиғат зоналары -

Табиғат кешені-бір-бірмен өзара тығыз байланысты табиғат компоннентерінің біртұтас жүйесі.

Тайга( түркі-монғол тілдерінде қылқан жапырақты орман)-қоңыржай белдеудің қылқан жапырақты ормандары.

Тайфун( қытайша тай фын-үлкен жел)-Тынық мұхиттының Оңтүістік-Шығыс Азияға жақын маңында пайда болатын сұрапыл дауыл.Жапон,Филиппин аралдарында,Қиыр шығыстың оңтүістік бөлігінде таралады.

Тақырыптық карталар-табиғат және қоғамдық құблыстардың жеке бір түріне арналған карталар.

Тасқын-өзен деңгейінің кенет және үлкен биіктіке көтерілу.Су тасудан айырмасы:ол жыл сайын белгілі бір мерзімде емес,кез келген уақытта болуы мүмкін. Тасқын нөсер жаңбырдан немесе таудағы қар мен мұздың күрт еруінен пайда болады.

Тау-Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтерліп жатқан,беткейлер қия болып келетін биік бөлгі.Аласа (1000 м),биіктігі орташа (1000-2000 м) және биік (2000 м-ден асатын) таулар болып бөлінеді.

Қатпарлы таулар - су түбінде жиналған тау жыныстарының қабаттары орасан зор бүйір қысымының әсерінен қатпарланып, биікке көтерілген таулар. Қатпарлы-жақпарлы таулар - тау жыныстары қабаттарының қатпарланудан кейін жарықтарды бойлап жоғары-төмен лықсуынан пайда болған таулар.

Тау жотасы-ұзыннан созылып жатқан,бір-біріне қарама-қарсы беткейлермен шектелген тау алабы.

Таулы өлке - шоғырланып тұрған тау жоталары.

Тау торабы - бірнеше тау жоталары келіп түсетін жер.

Таулардың өзгеруі - 1) физикалық үгілу ауа температурасының өзгеруінен және тау жыныстарының беті біркелді қызбауынан болады. 2) химиялық үгілу су мен ауаның әсерінен жүреді. 3) органикалық үгілу әр түрлі ағзалардың қатысуымен өтеді.

Тау жыныстары-Жер қыртысын толтырып жатқан заттар.Магмалық - жер астынан балқып шыққан затттардан пайда болған тау жыныстары,шөгінді - жер қыртысының бетінде су, жел, мұздық, т.б. сыртқы күштер әсерінен пайда болған жыныстар және метаморфтық - магмалық және шөгінді жыныстар жоғары қысымына және жоғары температураның әсеріне ұшырап, өзгеріп пайда болған жыныстар түрлерге бөлінеді.

Таулы қырат-жеке жоталар мен тау шоғырлары биік үстірттермен тұтасып жататын,аса көлемді,орасан зор,биік тау алабы.

Таулы үстірт-беті біршама тегіс немесе сәл белесті,азғана тілімделген,аумағы кең белесті алап.

Тақыр - шөл, шөлейт жердегі топырақ, өсімдік жамылғысы нашар дамыған, жер беті жарылып кеткен алаң.

Тартпа сор - шөл, шөлейт және дала зоналарының ащы (тұздылығы 1%-дан жоғары) жынысты алаң. Көбіне тартылып қалған көл табанында тараған, топырақ жамылғысы нашар дамыған. Өсімдік жамылғысы сораң шөптерден тұрады.

Тау беткейінің инсоляциялық әрекеті - тау беткейінің күн сәулесін тосып қалу әрекеті.

Тау беткейінің айналымдық әрекеті - тау беткейінің ауа ағысын тосып қалу әрекеті.

Тәлімдік егін шаруашылығы - суармалы шаруашылықты аудандарда ауыл шаруашылығы дақылдарын суармай өсіру.

Тектоника (грек. Tektonikos - құрылыс) - геотектоника жердің қыртысы мен жоғарғы мантиясының (тектоносфера) құрылымдарын ғаламшардың (Жердің) уақыт пен кеңістікке жартылай бағыттала дамуымен байланыстыра зерттейтін ғылым.

Тектоникалық жарық - жердің ішкі күшіне байланысты жер қыртысының жарылуынан пайда болған жарық.

Тектоникалық қозғалыс - жердің ішкі күшіне байланысты болатын жер қыртысының қозғалысы.

Теңіз - мұхиттың суының қасиетті мен жануарлары дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі. Ішкі теңіз - материкке сұғына еніп жататын теңіз. Шеткі теңіз - материктердің маңында орналасқан теңіз.

Теңіз трансгрессиясы - теңіз суы деңгейінің көтеріліп, құрлықты басуы.

Теңіз деңгейі-теңіз бетінің толқын көтерілмген кездегі шартты түрде алынған биіктігі.Жер бетінің абсалют биіктіктері теңіз деңгейінен бастап есептеледі.ТМД аумағындағы абсолют биіктіктер Балтық теңізнен көп жылдық орташа деңгейінен басталады.Онда биіктік 0-м тең.

Телескоп - алыстағы денелерді көруге арналға үлкейткіш линзасы бар түрбі.

Температура - белгілі бір дене немесе заттың қаншалықты ыстық немесе суық екендігінің шамасы.

Термометр - температураны өлшейтін құрал.

Терая - жауын-шашыны мол түсетін Гималайдың оңтүстік беткейіндегі ең төменгі белдеу.

Терең сулы ойыстар - мұхит түбіндегі қазаңшұңқырлар.

Технопарк - ғылыми институттар мен өнеркәсіптік, белгілі бір аумақта күрделі өнім түрлерін шығару үшін тізе қосып жұмыс істеу.

Тоған (канал) - жасанды құрылыс.

Толысу және қайту-Айдың және Күннің тарту әсерінен мұхит бетінің көтерілу және төмен түсуі.Тәулігіне 2 рет көтерліп 2 рет төмен түседі.

Толқын - жел соққан кездегі су бетінің қозғалысы.

Толқынның биіктігі - оның табанынан қырына дейінгі қашықтық.

Толқының жалы немесе қыры - тыңық су беті деңгейінен жоғары көтерілген толқынның ең биік бөлігі.

Толқынның табаны - су бетінің деңгейінен ең төмен жатқан бөлігі.

Толқынның ұзыңдығы - көршілес екі толқын қырларының арасындағы ара қашықтық.

Топырақ - Жердің үстіндегі құнарлы қабаты.

Торнадо - құйын тәріздіқозғалатын дауыл.

Төбе-пішіні дөңгеленген немесе сопақша келген шағын қыр.

Салыстырмалы биіктігі 200-м аспайды.

Транзит - елдің аумағы немесе бір аймағы арқылы жүк немесе жолаушы тасымалын жүзеге асыру.

Тропиктер (грекше тропикос-бұрылыстық)-Жер шарындағы 23,5 солтүістік және оңтүістік ендіктер арқылы жүргізілеген параллельдер.Жазғы күн тоқырауда солтүістік тропикте,қысқы күн тоқырауда оңтүістік тропикте тал түсте күн тас төбеден түседі.

Тропиктік белдеу-солтүістік және оңтүістік жарты шарлардағы шамамен 20 және 30 ендіктер аралығында орналасқан табиғат белдеуі.Әр жарты шардағы белдеудің орта тұсын тропик сызғы басып өтеді.

Тропосфера(грекше тропос-бұрылыс,сфера-шар)-атмосфераның жер бетне таяу төменгі қабаты.

Триас дәуірі - мезозой эрасының юрадан кейінгі бордан бұрынғы өткен дәуір. 35 млн жылға созылған. Табиғат жағдайы континентті болып келеді.

Тундра(финше тунтури-ормансыз жалаң тау басы)-мүк пен қына ішінара бұта өсеітн мәңгі тоң жаппай тараған жерлер.Тұтас зона ретінде негізінде солтүістік жарты шарда таралған.

Түбек-құрлықтың теңізге,көлге сұғна кіріп тұрған үш жағынан сумен қоршаланған бөлігі.

Тұман-ауаның жер бетіне іргелес қабатында өте майда су тамшыларының және ұсақ мұз түйіршіктерінің жинақталуы.

Тұтастық - географиялық қабықтың тұтастығы оның құрамдас бөліктерінің өзара байланысы мен олардың бір-біріне тәуелді болуынан көрінеді.


У

Уәд - құрғақ өзен арналары. Арабияда жиі кездеседі.

Унитарлы мемлекет - барлық аумағында бірыңғай заң шығарушы және атқарушы билік қалыптасқан мемлекет.

Ү


Үгілу - тау жыныстарының ауа, ылғал және тірі ағзалар әсерінен бұзылуы.

Үйкеліс - қозғалысқа түскен кез келген дененің жылдамдығын тежейтін күш.

Үңгір- суға ерігіш тау жыныстарының қабаттарында жер асты суының әрекетінен пайда болған қуыс.

Үстірт-үсті тегіс немесе белесіт,маңайындаы жазықтардан жарқабақ пен оқшауланып тұратын қыраң жазғы.

Үсік-тәуліктің орташа температура тұрақты оң болып тұрған кезде ауа температурасының кенет 0 төмен түсіп кетуі.



Ұ


Ұжымдастыру - жекелеген шаруа қожалықтарын ұжымдық меншік пен ұжымдық еңбекке негізділген ұжымдық шаруашылыққа біріктіру.

Ұлттық парктер -

Ұлттық кіріс - елдің экономикалық дамуының қорытынды көрсеткіші, материалдық өндірістегі жаңадан жасалған құн.

Ұлы географиялық ашулар заманы - 15 ғ. Соңы мен 17 ғ. Ортасының аралығы. Нәтижесінде дүние жүзі картасына Африканың оңтүстік бөлігі, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Аустралия материктері, Тыңық мұхит енді.

Ф


Фаренгейт - судың қату температурасы +32 градус, ал қайнау температурасы +212 градус деп есепке алынған температуралық шкала және оның авторы.

Физика - материя және энергия туралы ғылым.

Физикалық география(грекше физис-табиғат)-географилық қабықтың табиғат жағдайларын зерттеумен айналысатын ғылым.Географияның бір саласы.

Фокус - линза немесе қисық айна сәулелерінің бір жерге түйіскен нүктесі.

Фрахт - су жолы арқылы жүк тасымалдауға төленетін ақы.

Фьорд - мұз басу әсерінен күшті тілімденген жағалаулар.

Х

Хайуанаттар бағы - сиреп бара жатқан және жойлып бара жатқан жануарлар түрін зерттейтін ғылым.

Хамада - тасты шөл.

Хемосинтез - кейбір ұсақ ағзалардың қоректену тәсілі (олар бейорганикалық заттардан органикалық зат түзе алады).

Химиялық реакция - әр түрлі заттар атомының бірігіу нәтижесінде жаңа заттың пайда болуына әсер еткен процесс.

Химия - заттардың түрлерін зерттейтін ғылым.

Хлорофилл - жапырақтарына жасыл түс беретін химиялық қосылыс. Ол фотосинтездің түзілуіне қажет.






Ц

Цельсий - таза судың қату температурасы 0 градус, ал қайнау температурасы 10 градустық есепке алудың температуралық шкаласы және оның авторы.

Циркті ойыс - аса биік тау беткейіндегі мұздықтар жатқан жердегі ойыс. Олар беткейдегі мұздықтардың біресе еріп, біресе қатуының нәтижесінде шұңқырланып түзіледі.

Цунами(жапонша цунами-қойнаудағы үлкен су)-теңіз түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл жойқын толқын.

Ш


Шағыл-өзен,көл,теңіз жағалауындағы жел айдап үйген құм төбелер.

Шалғын - әртүрлі көп жылдық өсімдіктері қаулап өсетін құрлықтың бір бөлігі.

Шаруа қожалығы - өз жұмысына жеке иелігіндегі немесе пайдалануындағы меншігі мен жер участогын пайдаланатын ауыл шаруашылығы кәсіпорны.

Шатқал-таудың беткейлері қия келетін әрі терең әрі тар аңғарлары.

Шашыранды радиация - күн сәулесінің ауа қабатынан өткенде ауаны құрайтын зат түйіршіктеріне шағылысып шашырауынан түзілген радиация жиынтығы.

Шикі мұрай - өңделмеген ,жер қойнауынан өндірілетін мұнай.

Шоңғал-өзен арасындағы қатты тау жыныстарының ашылып жатқан немесе дөңбек тастар үйліп қалңан жерлер.Олардан өзен суы тастан-тасқа шапшып,буранып ағады.

Шөлейт-қоңыржай белдеудегі дала мен шөлдің арасындағы өтпелі зона.

Шөл - өсімдік жамылғысына тапшы,жауын-шашын аз түсетін табиғат зонасы.

Шөгінді тау жыныстар - жер қыртысының бетінде су, жел, мұздық, т.б. сыртқы күштер әсерінен пайда болған жыныстар. Олар кесек, химиялық және органикалық түрлерге бөлінеді. Кесек шөгінділер - желдің және судың әсерінен үгітілген кесектер сумен ағып немесе желмен ұшып жер бетінде жиналған тау жыныстар. Химиялық шөгінділер - суға түрлі заттар араласып, ериді. Теңіз немесе көл тартылғанда олар тұнып, жер қабатына қосылады. Органикалық шөгінділер - судағы және құрлықтағы өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары.

Шұңғыма-көлдің,теңіздің және мұхиттың түбіндегі терең жері. Немесе тақтаның төмен қарай батқан жерінде аса терең мұхит науасы.

Шұрат - оазис. Шөл зонасында жер асты суы жақын орналасқан жерлер.

Шығанақ-мұхиттың,теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі.

Шық-түнде салқындаған жер бетне,өсімдікке және түрлі заттарға жанасқан ауадан бөлніп тұрып қалатын ылғал

Шымтезек-шала шіріген өсімдк қалдықтарының батпақта тыңздалып,шоғырлануынан пайда болатын қңоыр түсті жанғыш тау жынысы.

Шығанақ - құрлыққа сұғына енген көл,теңіз,мұхит суларының бір бөлігі.

Шық нүктесі - ауадағы су буының су тамшысына айналатын температура шегі.

Ы

Ылғалдану коэффициенті - нақтылы жердің жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланғыштық мөлшеріне қатынасы.

Ырғақтылық - географиялық қабықтағы ритмді құбылыстардың жүруі. Тәуліктік ырғақтылық - күн мен түннің алмасуы, мұхит суларының толысуы мен қайтуы т.б. Жыл ішіндегі ырғақтылық - жыл мезгілдерінің ажыратылуы, қыста үйқыға кететін жануарлар т.б. құбылыстар.

Э


Экватор (латынша экватор-теңдеуш)-Жер шарындағы екі полюстен бірдей қашытықта ойша жүргізілген үлкен шеңбер.

Экваторлық белдеу- экватродың екә жағында 8 с.е пен 11 о.е аралығында орналасқан табиғат белдеуі.Ерекшелгі-жыл маусымдарында байалмайды.

Экзогендік геоморфологиялық процесс - сыртқы күштер (жер, су, мұздақ, т.б.) әрекетіне байланысты болатын геоморфологиялық процесс.

Экология (грекше экос-үй,тұрақ,логос-ғылым)-организм мен қоршаған ортаның қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.

Экология - тірі ағзалаордың айналадағы ортамен қарым-қатынасы туралы ілім. Экология ортаның өсімдіктер мен жануарлар ағзаларына, сондай-ақ олардың ортаға тигізетін әсерін зерттейді.

Экологиялық дағдарыс-адамның шаруашылығы әрекетінен Жер шарының белгілі бір ауданында организм тіршілік ететін ортаның қалпына келместей болып бұзылуы.

Экологиялық жағдай - айналадағы ландшафт ортасының жаратылыс жағдайына ықпал ететін фактор (ландшафт ортасының жаратылыс жағдайы).

Экологиялық фактор - айналадағы ортаның тірі ағзалардың тіршілік ету жағдайын анықтайтын сыртқы күш (күн қызуы мен жел, су, өсімдіктер, жануарлар, адам әрекеті).

Экономика - шаруашылықты жүргізу «өнері» туралы қоғамдық ғылым. Ол қоғамның өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шектеулі қорларды тарату әдістерін зерттейді.

Экономикалық география - өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы тұрмысы, көліктің, халықтардың орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Экономика мен оның салаларының аумақтық құрылымы - салалардың елдің бүкіл экономикасына байланысты экономикалық аудандар бойынша қарым-қатынастық, үйлесу және орналасу ерекшеліктері.

Экономика тиімділігі - өндіріс нәтижесін сипаттайтын көрсеткіш.

Экономикалық-географиялық сипаттама - экономикалық нысандар туралы ғылыми білімді белгілі бір жоспар бойынша, олардың орналасу және даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып, жүйелеу, баяндау.

Экстенсивті (кеңейту) жол - қосымша қорларды пайдалану арқылы өндіріс көлемінің сан жағынан өсуі, интенсивті жолға қарама-қарсы.

Экспорт - елден тауар шығару.

Эол (грек.аіоlos - жер әміршісі), аккумуляция (лат. accumulatio - жиналу). Жел ұзақ уақыт айдап көшірген құмның минералдық құрамы тұрақты (Каспий теңізінен Қызылқұмға дейінгі аймақтағы эолдық құмдар) болады.

Эралар - жер қыртысы мен тіршілік дүниесінің неғұрлым ірі өзгерістерін көрсететін геологиялық уақыт аралығы.

Эрозия - жел,су,мұздықтардың әсерінен Жер бедерінің бұзылуы.

Этнография (грекше этнос-халық,графо- сипаттау)-халықтың құрамы, шығу тегі тарауы мәдени және тарихи байланыстары туралы ғылым.

Этнос (гр. «халық»)- ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасқан ортақ тілі, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, мекен ортасы бар адамдар тобы.

Эффемерлер - көктемде ерте гүлденіп, тұқымын шашып үлгеретін өсімдіктер.

Эффузия (лат. effusio -төгілу) - жер бетіне шыққан сұйық лаваның жайыла суынып, тасқын жамылғы түрінде қатаюы (магма, вулкандық тау жыныстары).

Эффузиялық тау жыныстары - лаваның жер бетінде немесе жер қыртысының жоғарғы қат-қабат арасында суынуынан түзілген атпа магмалық тау жыныстары.

Эхолот - кеменің жүзу бағытында су тереңдікті тез және үздіксіз өлшейтін құрал.

Я


Ядро - Жердің ең орталық өзегі. Оның радиусы 3500 км. Ол сыртқы және ішкі болып бөлінеді.



Пайдаланатын әдебиеттер:

Ә.Бейсенова т.б. География. Материктер мен мұхиттар:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2003 ж.

Бейсенова Ә., т.б. Қазақстанның физикалық географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008ж.

Бейсенова Ә., т.б. География: Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2014ж.

Ә.Бірмағамбетов, К.Мамырова. Физикалық география: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2011 ж.

В.Усиков, Т.Казановская,А.Усикова, Г.Зәбенова.Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2009 ж.






© 2010-2022