Механикалық қозғалыс. Тепе-теңдік

Сабақ № 23Сынып: 5 ӘКүні: 24.02.15Пән: ЖаратылыстануТақырыбы: Механикалық қозғалыс. Тепе-теңдікМақсаты:Білімділік: Оқушыларғаға механикалық қозғалыс жалпы қозғалыс жайлы, адамдардың тепе-теңдікті сақтауы туралы түсінік беру.Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Сабақ түрі: Аралас сабақСабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекі...
Раздел География
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ № 23

Сынып: 5 Ә

Күні: 24.02.15

Пән: Жаратылыстану

Тақырыбы: Механикалық қозғалыс. Тепе-теңдік

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларғаға механикалық қозғалыс жалпы қозғалыс жайлы, адамдардың тепе-теңдікті сақтауы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.

2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.

3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

1

Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады.

Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.

2

Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау.

1.Табиғатта физикалық-химиялық құбылыстарға нені жатқызуға болады?

2.Физикалық және химиялық құбылыстардың қандай айырмашылығы бар?

3.Қандай құбылысты физикалық құбылыс дейміз?

Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға қыскаша жауап береді.

3

Адам қозғалыссыз өмір сүре ала ма?Қозғалыс дегеніміз не? Кеңістікте дененің салыстырмалы түрде басқа денеге қарағанда орналасқан жерін өзгертуі.Жалпы айтатын болсақ табиғаттағы кез келген өзгерісті қозғалыс деп түсінеміз.Бір орыннан үнемі қозғалмайтын дене жоқ. Мысалы, адам пойызда отырғанда салыстырмалы түрде орындықта қозғалмай отыруы мүмкін,бірақ ол белгілі бір бағытта пойыз арқылы жүріп бара жатыр.Яғни дененің жылдамдығын бір қалыпты тоқтаусыз сақтауын-инерция дейді.

Кез келген қозғалмай тұрған денеге белгілі бір мөлшерде сыртқы күш әсер етеді.Дененің қозғалмай тұруына бір күш екінші күшті ығыстырып тепе-теңдікті сақтайды.Жануарлар денесінің тепе-теңдігі миға байланысты болады. Кейбір жануарларда тепе-теңдікті сақтауға арналған қосымша органдары қызмет атқарады. Адамдардағы тепе-теңдікті сақтайтын құлақ түбі органдары. Біздер жүрген кезде құлақ түбіндегі органдарындағы сұйық қозғала бастайды.Егер сендер бір орында тұрып бір жағыңа қарай бірнеше рет айналып тоқтасаң-басыңның айналып тұрғандығын байқайсың. Себебі біздер тоқтағанмен жоғарыдағы аталған сұйықтық біраз уақытқа дейін айналып тұрады.

Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.

4

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды.

1.Механикалық қозғалыс дегеніміз не?

2.Механикалық қозғалысқа мысал келтіріңдер.

3.Инерция дегеніміз не?

4. Тепе-теңдік дегеніміз не?

5.Тепе-теңдікке мысал келтіріңдер.

6.Адамдардың тепе-теңдікті сақтауына не әсер етеді?

Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс.

Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды.

5

Сабаққа қатысқаны бойынша бағалау.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктеріне баға қойғызады.

6.

§41 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады..



© 2010-2022