План по географий Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі

Раздел География
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: №7 Сыныбы:5 Күні:26.11

Сабақтың тақырыбы : Жердің пайда болуы,Жер планетасының пішіні,өлшемі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға Жер,глобус туралы білімдерін жетілдіру.Олардың білімдерін кеңейту.

Дамытушылығы: Оқушылардың жер туралы түсініктерін қалыптастырып, тиімді әдістерді пайдалана отырып, ой- санасын дамыту .

Тәрбиелігі:Оқушыларды өз ойын толық жеткізуге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,картамен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап,суреттер,глобус,атлас

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі .

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

ә) Сабаққа дайындығын тексеру

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау

Ауызша сұрау

III.Жаңа сабақ

Жер-Күн жүйесіндегі 3-інші ғаламшар.Шамамен 4,5-4,6 млрд жыл бұрын пайда болған.Алғашқы кезде улы газдардан қайнап-жайнап тұрған тау жыныстарынан құралғанаспан денесі болған.Миллиондаған жылдар бойы Жер біртіндеп суына бастайды.Жердің бетінде бұрынғы жалындап жанып-қызып жатқан массаның үстіне жұқа гранитті қабат пайда болып,қызған кездегі су булары нөсер жаңбырларға айналып,толассыз Жер бетіне жауып тұрды.Жаңбыр сулары Жер бетіндегі терең ойыстарды,төмен жатқан жерлерді суға толтырды.Бірақ уақыт ете келе су кері қайтып бұрынғы деңгейінен төмен түсті.Соның өзінде де Жер бетінің 2/3 бөлігі судан тұрады.Жер бетінің жалпы ауданы 510 млн км²,оның 71% су,қалған 29 % құрлық алып жатыр.Жер шар тәріздес.Ежелгі гректер оны күннің тұтылуына қарай отырып, оның Айдың бетіне дөңгеленіп түскен көлеңкесінен анықтаған.Бірақ біздің ғаламшарымыз дәл шар сияқты емес,бүйірлері аздап шығыңқы болып келеді.Жер шарының кішірейтілген моделін глобус деп атаймыз.1492жылы неміс географы Мартин Бехайм диаметрі 50 см болатын глобус жасады.Ол өзінің осі арқылы айналысқа түседі.Ось дегеніміз-глобустың ортасынан жоғарыдан төмен қарай өткізілген сым темір.Жер де өз осі арқылы айналады.Жердің ең енді жерін экватор сызығы алып жатыр.Экватор-ол жер шарын екі жарты шарға бөледі.Оның жоғарғы бөлігін солтүстік жарты шар,төменгі бөлігін оңтүстік жарты шар деп атаймыз.Географиялық ендіктер 0°-90° экватордан бастап солтүстікке және оңтүстікке қарай есептеледі.Ээкватор-күн мен түннің теңелу нүктесі орналасқан сызық.Жердің экваторлық сызығы 6378км ,полярлық сызығы 6357 км деп есептейді.Экватордың ұзындығы -40000 км.Ежелгі грек оқымысты Эротосфен сол кездің өзінде-ақ нақты өлшеген.Оның есебі бойынша 39960 км.Ол кезде жер өлшейтін мамандар өзі қадаммен өлшеген.

IV.Жаңа сабақты бекіту

а)Сұрақ-жауап

1.Жер Күн жүйесінде нешінші планета

2.Жер қай уақытта пайда болған

3.Жердің ауданы неше

4.Қанша бөлігін құрлық және су алып жатыр

5.Жердің кішірейтілген үлгісі қалай аталады

6.Алғаш глобус жасаған ғалым

7.Экватор дегеніміз не

8.Экватор жер шарын қандай жарты шарға бөледі

ә)Картамен жұмыс

Картаны пайдалана отырып,қайсы жарты шарда өмір сүріп жатқандарыңды анықта

V.Үйге тапсырма

Тақырыпты оқып,түсіну

VI.Бағалау


© 2010-2022