Эссе по географий Қара жердің қасиеті

Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қара жердің қасиеті.

(эссе)

Мен, «Жер» туралы ойымды жазатын болсам, онда жердің қасиеті туралы жазудан бастар едім. Себебі «қара жердің» қасиеті өте жоғары. Ең бірінші дүниеге шыр етіп келген кезде нәресте жерді басып жүреді. Қара жерді басып жүрудің өзі бір бақыт деп есептеймін. Жер бәрін көтереді, мысалы жаманды да, жақсыны да, зілзала мен апатты да. Сондықтан жердің қасиетіне мен сенемін. «Не ексең, соны орасың» деген халық мақалынан жерден өнім алып, отбасын асырауға, еңбек етуге, өмір сүруге жол ашатынын білемін.

«Жер» деген сөзді естісем, диханшы есіме түседі. Себебі, диханшы қара жермен тікелей байланысты. Ол жердің қыр-сырын біледі. Диханшы жерді табиғатпен, ауа-райымен байланыстыра отырып өнімді молырақ алуға тырысады. «Жер қадірін-диханшы біледі, жол қадірін-жолаушы біледі» демекші, жолдың да қара жермен байланысын тізбектегім келеді.

Жолдың да қасиетті ұғым екенін білеміз. «Қара жолдың үстінде тұрып айтып тұрмын!» деген серттік сөздерді талай естіп жүрміз. Ендеше осындай серт берудің өзі, жолдың қасиетті ұғым екендігін білдіреді.

Өткен заманнан, тарихтан білеміз ата-бабаларымыздың «Жер дауы-жесір дауы» заңнамасында өзінің елін, жерін қасық қаны қалғанша қорғап келген. Ата-бабаларымыз соғысқа аттанғанда бір уыс туған жердің топырағын орамалға түйіп, тұмар қылып, өле-өлгенше қойнында сақтаған. Соғыстан қайтқанда туған жердің топырағын құмары қанғанша иіскеп, көзіне жас ала, сағынышын басқан.

Жердің құдіретті күшін мынадай қағидадан білеміз. Діни тұрғыдан сипаттасақ, Адам- топырақтан жаратылған, демек, топырақ адамды өз қойнауына қайтарып алу күшіне ие. Сондықтан, біз жерді тек тіршілік ортасы ғана деп танымай, тылсым дүние ретінде де қабылдай білуіміз керек.«Жер» ол тек адамзатқа қана тән екендігін түсіндім. Сондықтан да қазіргі кезде жерді аялап, қорғау керек екен деген ой түйдім. Қазіргі кезде жерді жекелешендіру үрдісі болып, қарапайым халық жерді көп мөлшерде өздеріне жекешелендіріп алған. Онысы да дұрыс шығар, бірақ кейде байқаймын, осы шаруалар сол жерді шамасы келмей дұрыс игере алмауда. Жердің, топырақтың құнарын кетіруде. Бұл да жерге деген қиянатшылдығы ма? деп түсінемін. Жерді ластау- экологиялық залал келтірушілік. Мысал ретінде айтсам, қала маңы немесе ауыл сыртында көптеген қоқыс заттардың орын тепкенін көреміз. Одан жағымсыз иістер мен шашылған керексіз заттардың өзі тау секілді көрініп, адамды шошытады. Сондықтан да бүкіл әлемге бар даусыммен «Жерді аялаңдар! Жерді қорғаңдар!» деп айқайлағым келеді.

Жер- ғаламшардағы тіршілік атаулының иесі. Тіршілік тек жерде ғана болғандықтан, ол өзінің табиғатымен, өзен-көлімен, тау-тасымен ерекшеленеді. Көкте қалықтаған қыран құсымен, көлде жүзген аққуымен, тауда ойқастаған арқарымен жер сәнін келтіреді.

«Жер жаннаты-Жетісу» деп бекер айтпаған, себебі барлық осы қасиеттер Жетісудан табылады.

Жер бетіндегі байлықтың бәрі жерден.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарасай негізгі мектебі

Тарих,география пәні мұғалімі А.Н Талдыбаев











НЕГРОИДТАР











МОНГОЛОИДТАР





ЕВРОПОИДТАР

© 2010-2022