Урок по географии на тему Украина және Молдова

Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Курсы:

Тобы:


I

190

I

193

«Бекітемін»

«Қармақшы аграрлы-техникалык»колледж

директорының оқу-ісі жөніндегі

орынбасары:_____ Г.Аралбаева.

Сабақтың тақырыбы: Украина және Молдова

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Украина және Молдова Республикаларының даму бағыттарына талдау жасау,тереңдете менгерту,географиялық орнын,халқын зерттеу .

2.Дамытушылық: Жаңа тақырыпты менгерту барысында географиялық карта атластар, сандық көрсеткіштер , термин сөздермен жұмыстану , іскерілікке дағдыландыру. Экономикалық білім негізінде мамандық таңдауға бағыт беру .

3. Тәрбиелік: Өз ойларын еркін айтып қортынды жасай білуге . «Неліктен сыртқы сауда-әлі халықаралық қатынастарының басты түрі,»

деген сұраққа өз бетімен жауап беруге әкелу

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оқулық, кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас карта, глобус

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

Р/с

Сабақтың кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Журналға белгі соғу.Назарларын сабаққа аудару.

2

Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру(үй тапсырмасын сұрау)

Беларусь Республикасы тақырыбына түсінік айту.

3

Жаңа сабақты түсіндіру

1.Географиялық орны.

2.Аумағының қалыптасу тарихынан.

3.Табиғаты және табиғат ресурстары.

4.Халқы,Шаруашылығы.

Украина ( [[Халықаралық фонетика әліппесі|/]] [[Халықаралық фонетика әліппесі|/]]; укр. Україна:Ukrayina, ) - Шығыс Еуропадағы ірі мемлекет. Украина 24 облысы және Қырым Автономиялық Республикасынан тұрады. Жер көлемі - 600 мың шаршы шақырым. 50 миллиондай халқының 74 пайызы украиндар. Одан басқа поляк, словак, румын, венгрлер бар, олар елдің батыс жағында қоныстанған болса, ал орыстар негізінен шығысында тұрады.

Молдова, Молдова Республикасы - Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Жер көлемі 33,7 мың км². Халқы 4,43 млн. адам. Астанасы - Кишинев қаласы. Ресми тілі - молдован тілі. Негізгі халқын молдовандар құрайды (70%). Сонымен бірге, украиндар, орыстар, гагауздар, еврейлер, болгарлар, т.б. тұрады. Негізгі ұстанатын діні - христиан дінінің православие тармағы. Мемлекет басшысы - Президент. Үкімет басшысы - премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы - бір палаталы парламент (Жоғарғы кеңес). Ақша бірлігі - лей. Ұлттық мейрамы - 27 тамыз - Тәуелсіздік күні. Шығыс Еуропа жазығының Днестр мен Прут өзендері аралығында орналасқан. Жері жоталы, жазықты келеді. Орталығын Кодра қыраты алып жатыр. Ең биік нүктесі - Баланешты тауы (429 м). Днестр өзенінің оң жағалауы - Днестр маңы қыраты (биіктігі 250 - 345 м), сол жағалауы - Подоль қыратының қиыр шеті және солтүстігінде Солтүстік Молдовия жазығына ұласады. Молдованың оңтүстігіндегі Оңтүстік Молдовия жазығы Қара теңізмаңы ойпатына жалғасады. Климаты - қоңыржай континенттік; қысы қысқа, қары жұқа, жазы ұзақ, ыстық келеді. Жаздағы орташа температура 22°С (шілде айында 40°С-қа дейін), қыстағы орташа температура -3 - 5°С (қаңтар айында -30°С-қа дейін). Жылдық жауын-шашын мөлшері 370 - 500 мм. Өзендері - Қара теңіз алабына жатады. Ірі өзендері - Днестр (Молдова жеріндегі ұзындығы - 657 км), Прут (Молдова жеріндегі ұзындығы - 695). Ірі көлдері -Белеу, Драчеле, Ротунда және т.б. Кеме қатынасы жақсы дамыған. Аумағының 75%-ы қара топырақты, 9%-ы орманды алқап болып келеді. Әктас, гипс, шынылық құм (әйнек), мұнай-газ, т.б. табиғи байлықтар бар.

4

Өтілген сабақты бекіту

Қазақстанмен қарым-қатынасы:

1999 жылдың қыркүйегінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға жасаған ресми сапары екі елдің қарым-қатынасына үлкен дем берген елеулі оқиға болды. Сол кезде мемлекетаралық келісім-шарттардың саны 60-тан асты. Соларды басшылыққа ала отырып, жүзеге асыру бағытында жұмыс істедік.

1999 жылы бірінші жарты жылдықта Қазақстан мен Украина арасындағы сауда айналымы 50 млн АҚШ долларын құраған болса, 2003 жылы тауар айналымы 800 млн долларға дейін жетті. Қазір екі елдің арасындағы тауар айналымы жылына 1 миллиард доллардан асып кетті. Бұл - кезіндегі және одан кейінгі атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Жалпы, Қазақстан мен Украина арасында мықты бір оң ниетті ізгі тілектестік байланыс бар.

5

Үйге тапсырма

Украина және Молдова тақырыбын оқып, түсінік айту. Сұрақтарға жауап беру.

6

Сабақ қорытындысын жасау,бағалау



Пән оқытушысы: Қ.Темірбаев



© 2010-2022