Жердің қарапайым планын түсіру

Тақырыбы:  Жергілікті жердің қарапайым планын түсіру, негізгі тәсілдер мен іс әрекеттер. Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға план дегеніміз не? деген сұраққа жауап беру. Планды түсіру әдіс-тәсілдерімен шартты белгілерімен таныстыру. Планның шаруашылық үшін маңызы туралы айту. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Географиялық мәдениетке баулу, география пәніне деген қызығушылықты ояту. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді С... Сабақ-тың кезеңде-рі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті 1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.  2. Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин) Өткен тақырып бойынша фронтальді сұрақтар қою: Азимут дегеніміз не? Масштаб дегеніміз не? Масштабтың түрлерін атап, оларға мысал келтір. 1: 25.000 масштабын атаулы және сызықтық масштабқа айналдырыңдар? Жерорта теңізінің ұзындығын өлшеу жолдарын айтып, масштабын айналдыр. Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Интерактивті тақтадағы суреттерді еске түсіріп, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру. 3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі (13 мин) План (латынша жалпақ, тегіс)- жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасын айтады. Жер бедері дегеніміз- жер қыртысының бетіндегі ойлы-қырлы жиынтығын айтады. Абсолют биіктігі дегеніміз (латынша абсолют- толық, сөзсіз)- жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктікті айтады. Салыстырмалы биіктік дегеніміз (латынша)- жер бетіндегі кез- келген нүктенің басқа бір нүктенің биіктік айырмасын айтады. Жер бетінде салыстырмалы биіктіктер деңгейлегіш құралдары... Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды.  Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады. 4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі  (10 мин) Атласта, кітапта орналасқан топографиялық картадағы шартты белгілерді талдау, топографиялық картамен жұмыс істеуді түсіндіріп, төмендегі аулдар мен қала типтес ауылдардың координатасын табу: Оқушылар атластағы топографиялық картамен жұмыс істейді, шартты белгілердің айырмашылығын қарайды, мұғалімнің берген тапсырмасын орындайды. Координаттарды іздейді. 5. Сабақты қорытындылау кезеңі (7 мин) Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою: Сонымен план мен картаның қандай айырмашылығы бар? Жер бедері дегеніміз не? оның қандай түрлері бар? Абсолют биіктік пен салыстырмалы биіктіктің айырмашылығы неде? Олар картада қалай белгіленген? Шартты белгілердің қандай маңызы бар? Топографиялық карталарда координатты қалай табу керек? Бергштрих дегенніміз не? Қандай карталарда бергштрих беріледі? Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді. 6. Бағалау кезеңі (2 мин) Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады. 7. Үйге тапсырма беру кезеңі (1 мин) § 9 оқу, шартты белгілерді сызып, жаттау. Топографиялық картамен жұмыс істеуді үйрену. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.              
Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Жердің өз білігінен айналуы және оның географиялық мәні. Жердің Күнді айнала қозғалысы және оның географиялық мәні.

Мақсаты:

Білімділік: Жердің Күн жүйесіндегі орнының, пішіні мен мөлшерінің, қозғалыстарының тіршілік үшін маңыздылығын көрсету. Жердің шар тәріздес екендігі жөніндегі ертедегі және қазіргі заманғы дәлелдеулерді негізге ала отырып, географиялық заңдылықтарды ашу. Жердің тартылыс күші туралы ұғым қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен географиялық көзқарастарын кеңейту.

Тәрбиелік: География ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта , глобус

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

6. Бағалау кезеңі

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2. Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин)

Өткен тақырып бойынша фронтальді сұрақтар қою арқылы және салған суреттерін, интерактивті тақтада суреттерді, сызбаларды түсіндіру арқылы талқылау, сұрақтар қою.

Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Интерактивті тақтадағы суреттерді еске түсіріп, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.

3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.

1. Жердің өз білігінен айналуы нәтижесінде күн мен түннің ауысыу туралы 1 слайд көрсету, оны түсіндіру. Жер өз білігінен 24 сағатта 1 айналым жасай отырып, Күнді 1 жылда 1 айналып шығады.

2. Глобусты пайдалана отырып Жердің өз білігінен айналуынан тіршілікке келтіріп жатқан пайдасы туралы айту.

3. Жердің жылдық қозғалысы туралы 2 слайд көрсету. Кейін қандай заңдылықтар болып жатқанын олардың маңыздылығын айту. Слайд арқылы дәлелдеу, оған көз жеткізу.

4. Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардағы жыл мезгілдерінің ауысу сипатын көрсету. «Кібісе жылы» туралы айтып, дәлелдеу.

5. Жер шарындағы жыл мезгілдерінің ауысу барысында жылу таралу заңдылықтары, оңтүстік тропик, экватор, тропик, поляр аймағы, қоңыржай белдеулер, суық белдеуғ ыстық белдеулер туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Бүгінгі тақырыпқа арналған қысқа, бірақ мазмұнды эссе жазу.

Оқушылар эссе жазады, жазып болғанан кейін бір-бірден оқып шығады.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:

  1. Жердің Күн жүйесіндегі орнын анықта.

  2. Жер Күнді қалай, қай уақыт аралығында айналып шығады.

  3. Айналу барысында Жерде еқандай өзгерістер болады?

  4. Жер өз білігінен қай уақытта айналады және неге айналаады?

  5. Жердің айналуына байланысты осы екі заңдылық арасындағы байланысты айтып, түсіндір, мысалдар келтір.

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

6. Бағалау кезеңі

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

§ 5-6 оқып, мазмұндау. Басқа планеталар туралы қосымша мәлімет жинап келу.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.




© 2010-2022