8 сыныпқа арналған сабақ жоспар биік таулы өлкелер

Раздел География
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін 22.10.2015 Сабақ №15

Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы

Сыныбы:8 «а», «б»

Күні: 22.10.2015

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның биік таулы аумағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Қазақстан аумағындағы биік таулы өлкелердің ерекшеліктерімен таныстыру. Биік таулы өлкелердің ерекшеліктері, географиялық орны, тау жоталарымен, биік шыңдарын түсіндіру.

Дамытушылық. Қазақстанның геологиялық картасы мен физикалық картасын салыстырып, сәйкестендіру және оны кескін картаға түсіру арқылы икемділіктерін арттыру.

Тәрбиелік. Оқушыларды өз бетімен білім алуға, бірлесіп топпен жұмыс істеуге, өзара көмекке, өз ойын ашық айта білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: әңгімелесу, картамен жұмыс, тапсырмалармен жұмыс істеу, ой тұжырымдау.
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, слайдтар.

Негізгі ұғымдар: жазықтар, үстірттер, қыраттар, ойпат, бэр төбешіктері

Номенклатура: Солтүстік Тянь-Шань жотасы, Жоңғар Алатауы, Сауыр, Тарбағатай, Алтай, Шу, Іле, Зайсан қазаншұңқырлары, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы, Кетмен жотасы, Күнгей Алатауы, Теріскей Алатауы.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, сабаққа дайындығын тексеру, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Дәптерлерінен кестелерін тексереді.

Кескін карталарын тексереді.

Өткен тақырып бойынша келесі сұрақтарды қояды:

1. Қазақстанның батысында қандай ойпат, қыраттар бар?

2. Аласа таулы өлкелерге қай таулар жатады?

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

Кіріспе сұрақтар қоямын:

1. Қазақстанның қанша аумағын биік таулар алып жатыр?

2. Биік тауларға биіктігі қанша метр болатын таулар жатады?

3. Олар Қазақстанның қай бөлігін алып жатыр? (карта бойынша анықтау)

4. Тектоникалық картадан биік таулардың қай кезеңдерде пайда болғанын анықтаңдар.

Қызығушылықты ояту

Қазақстанның таулары атты 3 минуттық видеоны көрсетіп, жаңа сабақты түсіндіруді бастаймын.

Биік таулы өлкелерге - Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы және Тянь-Шань тау жүйелері жатады. Бұл таулардың барлығы палеозой қатпарлықтарында көтеріліп, мезозой эрасында тегістелген. Жаңа тектоникалық козғалыстар нәтижесінде қайта жаңғырған. Биік таулы өлкенің аласа таулардан айырмасы жер бедерінің биік әрі күшті тілімделгендігімен ерекшеленеді. Сібірдің оңтүстігіндегі ең биік таулы өлке. Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр. Қазақстан жеріне Алтай тау жүйесінің оңтүстік-батыс бөлігі ғана кіреді. Оны Оңтүстік Алтай, Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады.

Алтай, Алтай тау жүйесі - Азия құлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарайБатыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады.

Сауыр-Тарбағатай іргелес жатқан жоталармен бірге біртұтас тау жүйесін құрайды. Ол Сарыарқаның шығыстағы жалғасы болып саналады. Сауыр-Тарбағатайдың солтүстігінде Жайсан қазаншұңқыры, ал оңтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры жатыр.

Сауыр жотасы - аталған тау жүйесінің биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі - Мұзтау (3816 м). Жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 60-65 км. Батысқа қарай ол аласарып, Маңырақ жотасына ұласады. Тарбағатай (Барқытбел) Сауырға қарағанда аласа, бірақ одан ұзынырақ, 300 км-ге созылған. Биік нүктесі Тастау (2992 м). Төбелерінде мұздықтар жоқ.

Құрылымы жағынан Тарбағатай әр түрлі биіктікке көтерілген ірі үйінді - массивтер сияқты. Бұл үйінділер үшбұрыштанып, құзды шыңдарға айналады. Тау басы жадағай. Оның әр жерінен асулары арқылы жол өтеді, тау беткейі де тілімделген. Тарбағатай онша биік емес. Оның орташа биіктігі теңіз бетінен 2000-2100 м ғана.

IV.Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Қазақстанның биік тауларын көрсетіңдер?

  • Батыс Алтайдың қазақстандық алтайы неліктен Кенді Алтай деп аталады?

  • Сауыр-Тарбағатай тауларының ең биік жері?

Сиқырлы сандардың шешімін тап

  • 4622 -

  • 3816 -

  • 4979 -

  • 2176 -

  • 1506 -

2992 -

Кестені толтыр

Таудың атауы

Биік жері

Биіктігі

1

Оңтүстік Алтай

2

Қалба жотасы

Сауыр жотасы

4

Тарбағатай тауы

5

Жетісу Алатауы

6

Тянь-Шань тауы

7

Ұзынқара (кетпен жотасы)

8

Күнгей алатауы

9

Іле Алатауы

10

Қаратау жотасы

Адасқан нысандар Топтастырамыз

  • Биік таулы өлкелер, Каспий маңы ойпаты, Батыс Сібір жазығы, Шу Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, Торғай үстірті, үстірттер, қыраттар, Орал алды қыраты, Жем үстірті, Үстірт, Тұран ойпаты, Аласа таулар, Балқаш маңы жазығы, Нарын, Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Мұғалжар, Маңқыстау, Бурабай таулары, Сарыарқа, Ұлытау, Ақсораң, Сауыр-тарбағатай, ойпаттар, Алтай, құмдар, Сарыесік Атырау.

Карта мен кескін карта жұмысы

  • Кескін картаға Қазақстанның биік таулы аймағын түсіріп, қоңыр түспен бояу.

  • Биік таулы аймақтың биік шыңдарын жазу.

  • Картадан осы таулы аймақтарды көрсетіп, номенклатура тапсыру.

Кім жылдам?

  • Қазақстанның жер көлемі?

  • Қазақстанның шектесетін мемлекеттері?

  • Қазақстанның жазықтары?

  • Ойпаттар мен қыраттарды ата?

  • Сарыарқаның ең биік жері?

  • Мұғалжардың биік жері?

  • Аласа таулы өлкелерді ата?

  • Биік таулы өлкелерге?

  • Неше эраға, неше дәуірге жіктеледі?

  • Кайнозой эрасының дәуірлерін ата?

  • Ең жас платформалар?

Сейсмология ғылымы нені зерттейді?

V Қорытындылау

Тапсырмаларды орындап, жаңа ұғымдарды қайталап қорытындылаймыз.
VІ Оқушыларды бағалау.

Сабақта белсенді қатысқан және үй тапсырмасына дайындалған оқушыларды бағалау.
VІІ Үйге тапсырма §17 картамен жұмыс, жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар.






© 2010-2022