Прикладной курс по географии Мәдениеттану

Ұсынылып отырған бағдарлама «Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» негізінде және жалпы орта білім беретін мектептің «10-11 сыныптарына арналған бағдарлама» негізінде жасалды. Бұл бағдарлама оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін дамытуға өз алдына жеке сабақ негізінде құралды.Курс мазмұны жалпы аптасына 1 сағаттан жылына 34 сағатты құрайды.
Раздел География
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 9

Тақырыбы: Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандары.

Мақсаты: Оқушылардың Қазақстанның экономикалық аудандары туралы білімдерін қайталау сабағы арқылы бекіту, одан әрі нығайту.

Білімділік мақсаты - Оқушылардың Қазақстанның солтүстік пен оңтүстік экономикалық аудандарының ЭГЖ, өнеркәсіптің негізгі салаларын, ауыл шаруашылығын, экологиялық мәселелері туралы білімдерін қорытындылау.

Дамытушылық мақсаты - Балалардың географиялық ой-өрісін дамыту, жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыру, аудандар туралы білімдерін тереңдетіп, шығармашылықтарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты- Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениеін қалыптастару.

Оқу құралдары: Қазақстанның физикалық картасы, оқулықтар, интерактивті тақта, кескін карталар.

Сабақ түрі: Қайталау сабағы

Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу; оқушыларды отырғызу; оқушылардан кім-жоғын сұрау;

II. Қорытынды сабақ

1-кезең. Оқушыларды 4-топқа бөлу, топтардың аттарын қою. Өткен тақырыптар бойынша әр топқа карточкалар үлестіру.

1.Кім жылдам (бастапқы кезең)

Астана тобына арналған сұрақтар.

  1. Солтүстік Қазақстанның ЭГЖ қандай? Бағалаңдар.

  2. Адамдардың қоныстануына табиғат жағдайларының қандай қолайлы жақтары бар?

  3. Солтүстік Қазақстанның климаты қандай шаруашылықты дамытуға қолайлы?

  4. Солтүстік Қазақстанның халқын сипаттап бер.

Көкшетау тобына арналған сұрақтар.

  1. Солтүстік Қазақстанның мамандануын көрсететін негізгі салаларды атаңыз.

  2. Аймақтың шаруашылығының қалыптасуына қандай факторлар әсер еткенін анықтаңдар? (табиғи жағдайлар, көлік торабының дамуы, т.б)

  3. Солтүстік Қазақстанда қандай машина жасау салалары дамыған?

  4. Солтүстік Қазақстан қалаларын атап шық.

Алматы тобына арналған сұрақтар.

  1. Оңтүстік Қазақстанның ЭГЖ туралы әңгімелеңдер.

  2. Оңт. Қаз/ң табиғат жағдайлары туралы әңгімелеңдер

  3. Оңтүстік Қазақстан қандай табиғат байлықтарына бай?

  4. Аудан халқының ұлттық құрамы жайлы не айтуға болады?

Тараз тобына арналған сұрақтар.

  1. Оңт. Қаз/ң өнеркәсібінің ж/е ауыл шаруашылығының мамандану салалары қандай?

  2. Ауданға тән тау-кен өнеркәсібінің салалары қандай?

  3. Оңтүстік Қаз/ң экологиялық мәселерін атап шық.

  4. Осы ауданның ірі қалалары қандай?

2.Кішігірім дебат жүргізу(ой сергіту кезеңі)

Астана мен Көкшетау топтары қосылып Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының артықшылықтарын ж/е Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының кемшіліктерін, ал Алматы мен Тараз топтары қосылып Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының артықшылықтарын ж/е Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының кемшіліктерін айтады.

3.Шығармашылық жұмыс

Жоғарыда біріккен екі топқа кескін карта беріледі, олар тез уақыт ішінде өз экономикалық аудандарын және оны құрайтын облыстардың шекераларын түспен белгілейді, аудан орталығын ерекше белгілеп көрсету керек.

Бекіту кезеңі

Солтүстік Қазақстан

Ұқсастықтары

Оңтүстік Қазақстан


Үй тапсырмасы.

  1. Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан аудандарына байланысты әр бала 20 тест құрастырып келу.

  2. Жоспар бойынша бір қалаға толықтай сипаттама жазып келу.

Қорытынды.

Орындаған тапсырмаларын тексеріп, жауап беру деңгейі бойынша бағалаймын. Оқушылармен қоштасамын.

© 2010-2022