Азияның жетекші дамушы елі Қытай

"Описание материала: Сабақтың тақырыбы: Азияның жетекші дамушы елі Қытай Жерінің ауданы – 9 млн 600 мың км? Халқы – 1 млрд 314 млн адам (2005 ж.) Астанасы – Пекин Мемлекеттік құрылымы – социалистік мемлекет Мемлекет басшысы – ҚХР-дің төрағасы Заң шығарушы органы – халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы Мемлекеттік тілі – қытай (хань) тілі· Ұлттық валютасы  юань   §25. Мемлекеттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қытай Халық Республикасының ...
Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оразбаев Болат Шеңгелбайұлы

№217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі

Сыныбы: 11 «А»

Сабақтың тақырыбы: Азияның жетекші дамушы елі Қытай

  • Жерінің ауданы - 9 млн 600 мың км?

  • Халқы - 1 млрд 314 млн адам (2005 ж.)

  • Астанасы - Пекин

  • Мемлекеттік құрылымы - социалистік мемлекет

  • Мемлекет басшысы - ҚХР-дің төрағасы

  • Заң шығарушы органы - халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы

  • Мемлекеттік тілі - қытай (хань) тілі

  • Ұлттық валютасы  юань

§25. Мемлекеттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қытай Халық Республикасының құрамы мен экономикалық - географиялық жағдайы, Қытай мемлекетінің қалыптасу тарихы және геосаяси жағдайы, табиғаты және табиғат ресурстары, халқы, тұрмысы мен мәдениеті жайында толық мәлімет беру.

Білімділік: Оқушылар ҚХР - дың әкімшілік - аумақтық бөлінісін, мемлекеттік құрылымын, құрлықтық, теңіздік көршілерін, тарихын, табиғаты мен табиғат ресурстарын білу керек.

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Пәнаралық байланыс: тарих, мәдениеттану, экономика, саясаттану, гидрология

Көрнекілігі: Дүниежүзінің, Азияның саяси, экономикалық, дүние жүзінің физикалық картасы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: §24. Жапонияның шаруашылығы. Сыртқы байланыстары.

ІІІ. Жаңа сабақ: 7 - тақырып. Азияның жетекші дамушы елі Қытай.

§25. Мемлекеттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары

Құрамы және экономикалық - географиялық жағдайы. Қытай Халық Республикасы (ҚХР) негізгі заңына сәйкес халықтық демократиялық диктатура басқаратын социалистік мемлекет болып табылады. Елдің құрамында 22 провинция (Тайвань 23 - провинция деп есептеледі), 5 автономиялық аудан және тікелей орталыққа бағынатын 3 қала (Пекин, Шанхай, Тяньцзин) кіреді. 1997 жылы Сянган (Гонконг) Қытай мемлекетінің ерекше аумағы саналып, Қытайдың қарамағына өтті. Астанасы - Пекин қаласы.

Қытайдың әкімшілік - аумақтық бөлінісі

Азияның жетекші дамушы елі Қытай


Қытай Халық Республикасы - Еуразия материгінің шығысында, Тынық мұхиттың батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Аумағы 9,6 млн км? ауданды қамтиды. Көлемі жөнінен Қытай тек Ресей мен Канадаға ғана жол береді. Құрлықтағы шекарасының ұзындығы - 22800 км - ге тең.

ҚХР - дың құрлықтағы көршілері - жаңадан тәуелсіздік алған ТМД елдері. Мұнда көліктік байланыс үшін ең ұзын және қолайлы шекара Қазақстанмен және Ресеймен шектеседі.

Қытай солтүстік - батысында Қазақстанмен, Қырғызстанмен, солтүстік - шығысы мен солтүстік - батысында Ресеймен, Солтүстігінде Монғолстанмен, солтүстік - шығысында Солтүстік Кореямен, батысында Пәкістанмен, Тәжікстанмен және Ауғанстанмен, оңтүстігі мен оңтүстік - батысында Үндістанмен, оңтүстігінде Мьянмамен, Въетнаммен, Непалмен, Бутанмен, Лаоспен шектеседі. Қытай шығысы мен солтүстік - шығысында Корея Республикасымен, Жапониямен, Филиппинмен, Брунеймен, Малайзиямен және Индонезиямен теңіз арқылы шекараласады.

Континенттік Қытайдың жағалауы шығысы мен оңтүстігінде Бохай, Сары, Шығыс Қытай және Оңтүстік Қытай теңіздерінің суымен шайылып жатыр. Аумақтық судың базистік сызығынан 12 миль қашықтықта орналасқан теңіз зонасы және ішкі сулары Қытай мемлекетінің аумақтық суы болып есептеледі; оның ауданы - 4.7 млн км2. Қытайға тиісті ұлан - ғайыр теңіз айдынында 5400 арал орналасқан. Олардың ішіндегі аса ірілері Тайвань және Хайнань аралдары. Екеуі де Қытай провинциясына қарайды.

Қытайдың жағалау сызығының жалпы ұзындығы - 32 мың км - ге тең, ал оның ішінде континеттік бөлігінің жағалау сызықтары 14 мың км. Континенттік Қытайдың жағалауларында көптеген ыңғайлы табиғи айлақтар мен портты қалалар орналасқан. Аса маңызды порттары (солтүстіктен оңтүстікке қарай): Далянь, Циньхуандао, Тяньцзин, Яньтай, Циндао, Ляньюньган, Наньчун, Шанхай, Нинбо, Вэньчжоу, Фучжоу, Сямынь, Гуанчжоу,Чжаньцзян және Бэйхай. Олардың ішінде Шанхай кәсіпорындары, саудасы, банк ісі және мұхиттың кеме көлігі жақсы дамыған Қытайдың аса ірі қаласы. Көптеген порттары бар, теңіздермен шектесуі оған дүниежүзілік теңіз жолдарына шығуға мүмкіндік береді.

Саяси және экономикалық - географиялық жағдайдың қолайлы жақтарын тиімді пайдалану мақсатында Қытай мемлекетінде 5 ерекше экономикалық аудан (ЕЭА) құрылған: Шэньчжен, Чжухой және Шаньтоу (Гуандун провинциясы), Сямень (Фуцзянь провинциясы) және Хайнань (Хайнань провинциясын түгел қамтиды). 14 қала (Далянь, Циньхуандао, Тяньцзин, Яньтай, Циндао, Ляньюньган, Наньчун, Шанхай, Нинбо, Вэньчжоу, Фучжоу, Сямынь, Гуанчжоу,Чжаньцзян және Бэйхай) ашық теңіз маңы қалалары мәртебесіне ие. 1985 жылдан бастап Янцзы, Чжуцзян өзендерінің атырауында Фуцзян провинциясының оңтүстік бөлігіндегі экономикалық үшбұрышта, Шаньдун және Ляодун түбектерінде Хэйбэй провинциясы мен Гуанци - Чжуан автономиялық ауданында ашық экономикалық зоналар қалыптаса бастады. Нәтижесінде елдің теңіз маңы аудандарында ашық экономикалық белдеулер құрылды.

1992 жылдан бастап Мемлекеттік Кеңестің шешімімен бірқатар шекара маңындағы қалалар, материкішілік провинциялар мен автономиялық аудандар сыртқы елдер үшін ашық жол салды. Ірі және орташа қалаларда 13 баж салығынсыз зоналар, 32 техникалық - экономикалық игеру зоналары және 52 мемлекеттік маңызы бар жоғары технологияларды игеру зоналары құрылды. Осылайша Қытайдың теңіз маңы, Янцзы алабы шекара маңы және материкшілік аудандары арқылы көп сатылы және жан - жақты қарым - қатынас қалыптасты.

Қытай мемлекетінің қалыптасу тарихы және геосаяси жағдайы. Ертедегі Қытай аумағында тәуелсіз Мемлекет шамамен б.з.д. ХІV ғ. қалыптасты. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелеріне қарағанда, Қытай аумағында осыдан 400 - 500 мың жыл бұрын ертедегі жабайы адамдар (юанмоу, ланьтан, пекин синантроптары) тіршілік еткен. Шамамен б.з.д. ХХІ ғ. Қытай тарихында Ся атты құлдық құрылыс дамыған әулет дүниеге келген. Уақыт өте келе Ся әулетін Шан әулеті ауыстырды, содан соң Батыс Чжоу билікке келді. Одан кейінгі ауысымдар бірітіндеп феодалдық қатынастардың орнауымен тұспа - тұс болды.

Б.з.д. 221 жылы император Циньшихуан бөлшектеніп, бірімен - бірі соғысып жатқан патшалықтардың басын біріктіріп, Қытай тарихында бірінші болып орталықтандырылған көп ұлтты мемлекет - Цинь империясын құрды. Содан соң 1840 жылғы «апиын» соғысына дейін Қытайда феодалдық қоғамдық қатынастар болып келді.

Азияның жетекші дамушы елі Қытай

Циньшихуан (б.э.д. 259-210 жж.)

1911 жылы Қытайда Сунь Ятсен басқарған буржуазиялық - демократиялық революция болды. Нәтижесінде Цин әулеті тақтан тайдырылып, феодалдық императорлық әулеттердің екі мың жылдан асатын тарихына нүкте қойылды. 1912 жылы 12 ақпанда императорлық әулет республикамен ауыстырылды.

Азияның жетекші дамушы елі Қытай

Сунь Ятсен

(12.11.1866 - 12.03.1925 жж.)

30 жылға созылған (1919 - 1949 жж.) жаңа демократиялық революцияның нәтижесінде, 1949 жылы 1 қазанда Тяньаньмэнь алаңында 300 мың Пекин тұрғындарының қатысуымен Қытай Халық Республикасының құрылғаны жария етілді.

Азияның жетекші дамушы елі Қытай

Тяньаньмэнь алаңы

Қытайда коммунистік қоғам орнату түрлі эксперименттер («үлкен секіру», «аппаратты тазалау», «мәдени төңкеріс», т.б) арқылы жүргізілді. Бұлар елдің экономикалық және мәдени дамуын тежеді. КСРО - мен (оның ішінде Қазақстанмен де ) алғашында достық пен ізгі көршілік жағдайда болған қарым - қатынас 1960 жылы үзілді де, 1962 жылы Гималайдағы шекара мәселелері жөніндегі дау Қытай мен Үндістан арасында қарулы қақтығысқа алып келді. 1979 жылы қытай әскерлері Въетнамға шабуыл жасады. ХХ ғасырдың 80 - жылдардағы Кытай басшылығы тарапынан басталған экономиканы либералдау саясаты нәтиже алып келгенімен, қоғамда басшылық рөлде коммунистік идеология қалып қойды.Оған 1989 жылғы Пекинде болған студенттер қозғалысы дәлел.


Азияның жетекші дамушы елі Қытай

Азияның жетекші дамушы елі Қытай

Табиғаты және табиғат ресурстары. Қытай аумағының 30% - ы теңіз деңгейінен 1000 м биіктіктен төмен орналасқан.

Оңтүстігінде Наньмин таулары және Юньнан - Гуйчжоу таулары үстірті көтеріледі.Оңтүстік - батысында орташа биіктігі шамамен 4500 м - дей болатын Гималай, Қарақорым , Ныньшань, Куньлун тау жүйелерімен қоршалған Тибет таулы қыраты орналасқан. Непалмен шекарада әлемдегі ең биік шың - Джомолунгма (Эверест, 8848 м) орналасқан. Батысы мен солтүстік - батысында Такла - Макан шөлі, биік жазықтар - Тарим, Жоңғар және Алашань, сонымен бірге Шығыс Тәңіртау (Тянь - Шань) жатыр. Одан оңтүстікке қарай Тұрпан ойысы (-154 м) орналасқан. Қытайдың солтүстігінде ұлан - ғайыр Гоби шөлі созылып жатыр. Солтүстік - шығысында Үлкен Хинган, Кіші Хинган таулары мен Солтүстік Корей таулары, оңтүстікке таман Сары топырақты үстірт пен Ұлы Қытай жазығы орналасқан.

Қытай мемлекеті су ресурстарына бай: жалпы ағын көлемі дүние жүзі өзендерінің жалпы ағынының 7% - ын құрайды.

Басты өзендері - Янцзы, Хуанхэ, Сунгари, Сицзян. Елдің жер қойнауы мынадай пайдалы қазбаларға: темір, көмір, мұнай, сынап, вольфрам, қалайы, сурьма, марганец, молибден, ванадий, қорғасын, мырыш, алюминий, уранға бай. Қытай су энергиясы жөнінен әлемдегі ең үлкен әлеуетке ие. Жыртылатын жері аумағының 10 % - ын, жайылымдар мен шабындықтар 3 % - ын қамтиды.

Аумағының кеңдігі мен мұхиттың ықпалына байланысты Қытайдың климаты әркелкі болып келеді. Қытай қоңыржай, субтропиктік және субэкваторлық климат белдеулерінде орналасқан. Биік таулы жер бедері және теңіздерден қашық орналасуы елдің батыс бөлігінің климатының қатаң әрі өте континентті болуына ықпал етеді. Онда көп жерлерді шөлдер мен шөлейттер алып жатыр, олардағы жауын - шашын мөлшері өте аз (жылына 250 мм). Мұнда егіншілік қолдан суаруға негізделген, ыстық жаз суық қысқа алмасады. Қаңтардағы орташа температура - 28 ° С. Қытайдың шығыс аудандарында ауа ағыстары Тынық және Үнді мұхиттарынан мол ылғал, жауын - шашын (жылына 2000 мм - ге дейін) алып келеді. Мұнда қыста құрғақ әрі салқын. Жазғы муссон көбінесе жылдамдығы сағатына 100 - 150 км - ге жететін теңіз дауылы - тайфунға ұласады. Нөсер жаңбырдан өзендердің суы күшті тасиды да, қалалар мен селоларға зор зиян келтіреді, егістіктер мен суару жүйелерін жояды.

Қытайдың шығысында құнарлы сұр топырақ пен сұр қоңыр топырақ, сондай - ақ оңтүстігінде сары және қызыл топырақ тараған.

Өсімдік жамылғысының сипатына қарай Қытайды шығыс және батыс бөліктерге бөліп қарастырады. Шығыс бөлігі флорасының байлығы мен әркелкілігімен ерекшеленеді. Онда өсімдіктің 25000 - нан астам түрі кездеседі, олардың ішінде реликті түрлері де көп.

Халқы. 1949 жылғы революцияға дейін Қытайда халықтың тууы мен өлім - жітімі жоғары дәрежеде болып келді. Жыл сайын миллиондаған адам аштықтан, эпидемиядан, ауру - сырқаудан, кездейсоқ апаттардан қаза болатын. Халықтың өсуіне жаппай эмиграция, көбіне жарлы - жақыбайлардың Оңтүстік - Шығыс Азия елдеріне кетуі кедергі келтірді.

1949 жылғы санақ бойынша Қытайдың құрлықтық бөлігіндегі халықтың саны 541 млн 670 мың адам болды. Елде қалыптасқан тіршіліктің тұрақтылығы мен өндірістің дамуына байланысты демографиялық бақылау бойынша халықтың өсуі артты. 1969 жылғы халық санағы бойынша елдегі халықтың саны 806 млн 710 мыңға жетті. Демографиялық жарылыс қаупінің алдында тұрған Қытай үкіметі ХХ ғасырдың 70 - жылдарынан бастап халықтың санын шектеу мақсатында тууды жоспарлауға кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде туу коэффициенті біртендеп төмендей бастады. Егер бұл көрсеткіш 1969 жылы 1000 адамға шақанда 34 % - ға тең болса, 1995 жылы 17,2 % - ға төмендеп, халықтың табиғи өсімі 1000 адамға шаққанда 36 % - дан 11 % - ға дейін азайды.

Өмір сүрудің орташа ұзақтығы ерлерде 67 жас, әйелдерде 69 жас. Еңбек ресурстары өте көп. Еңбекке жарамды халықтың 60 % - ы ауыл шаруашылығы мен орманшылықта, 25 % - ы өндіріс пен сауда ісінде.

Қытай - көп ұлтты біртұтас мемлекет, онда 56 ұлт өмір сүреді. 1995 жылғы бүкілқытайлық іріктеу санағына сәйкес ҚХР - дың негізгі халқы - ханьдықтардың саны 1 млрд - тан аса адам болды, 1990 жылғы 4 бүкілқытайлық халық санағымен салыстырғанда 56, 8 млн адамға өсті. Ханьдықтар барлық халықтың 91 % - ын құрайды. Өзге 55 ұлттың саны 108, 5 млн адам немесе Қытай тұрғындарының 9 % - ын құрайды. Ханьдықтардан өзге халықтарды аз ұлттарға жатқызады. Олардың негізгілері: чжуан, хуэй (дүнгендер), ұйғырлар, манчжурлар, тибеттіктер, монғолдар, қазақтар және т.б. Саны ең көп этностық топ - чжуандар болып отыр, ал ең азы лобалықтар.

Қытай тілінің көптеген диалектілері бар, ресми тіл мандарин диалектісі, өзге ең танымал диалектілер - юаухакка, ган, минь, цзян. Өзге тілдер арасында ең көп тарағандары тай, ұйғыр, мяо және қазақ тілдері.

Қытай ресми дінсіз ел болып есептелгенімен, тұрғындары түрлі діндерді ұстанады, олардың ең маңыздылары конфуцийлік, даосизм, будда, бұдан өзге діншілер арасында мұсылмандар мен христиандар да бар.

Ханьдықтар барлық жерде тарағанымен, олардың басты өмір сүретін аудандары: Хуанхэ, Янцзы, Чжуцзян өзендерінің алаптары (негізінен, орта және төменгі ағыстарында) мен Солтүстік - Шығыс жазығы. Аз ұлт өкілдері, негізінен солтүстік - шығыс, солтүстік, солтүстік - батыс және оңтүстік - батыс Қытайдың шеткі аудандарында тіршілік етеді.

Ханьдықтарда өзіндік сөйлесу және жазба тілі қалыптасқан. Осы тіл елдің ресми және халықаралық тілі болып қабылданған.

Халықтың тұрмысы мен мәдениеті. Ұзақ тарихи дәуірлерде Қытайдағы әрбір ұлттың өз әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі қалыптасты. Оларға табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар ықпал етті. Мысалы, тамақтануды әңгімелейтін болсақ, онда оңтүстікте адамдар күрішті ұнатса, солтүстік аудандарда ұн өнімдерімен көбірек қоректенеді. Ұйғыр, қазақ және өзбектердің сүйікті тағамдары қой етінен жасалған кәуәп, палау және тандыр нан; монғолдар қуырылған күрішті, қуырылған құйрықты және сүт қатқан шайды сүйіп ішсе, корейлерде дагао пудингі, салқын кеспе және ашытылған қырыққабат (капуста) сыйлы ас; тибеттіктер дзамбаны - майда қуырылған арпа ұнын жеп, тұшытылған маймен шай ішеді, т.б.

Киімге келетін болсақ, онда монғолдар ұлттық шапан мен етік кисе, тибеттіктер чуба деп аталатын ұзын етек шапан киеді; ұйғырларда кестеленген тақиялар танымал; корейліктер тұмсығы қайқы етік киеді; мяолықтардың және тибеттіктердің әйелдері алтын мен күмістен жасалған әшекей заттарға құмар. Ханьдықтардың дәстүрлі баспанасы - ішкі ауласы бар үй. Ішкі Монғолстанның, Шыңжанның, Цинхайдың және Гансудың тұрғындары киіз үйлерде өмір сүреді. Оңтүстік Қытайдағы аз ұлттар дай, чжуан, бун және басқалары қалаларда орналасқан. Олар саньлань деп аталатын екі қабат үйлер тұрғызады.

Өнеркәсібінің қарқынды дамуына және жаңа кен орындарының игерілуіне байланысты ҚХР - да урбандалу процесінің күшейгендігі байқалды. Егер 1982 жылы қалаларда халықтың 20 % - ы өмір сүрсе, 1990 жылы 30 %, ал 90 - жылдардың ортасында бұл көрсеткіш 35 % - ға дейін өсті. 2000 жылы қала халқының саны 389 млн адам, ауылдарда - 870 млн болды. Жұмысқа қамтылған халықтың саны - 87 млн - нан асты. Қытайда шамамен 40 - қа жуық миллионер қалалар бар. Онда қала халқының 45 % - ы шоғырланған. Әсіресе Шанхай, Пекин, Тяньцзинь, т.б. агломерациялары ерекше көзге түседі.

Сөзжұмбақ:

1. Қытай солтүстік батысында қандай елмен шектеседі?

2. Қытайдағы ірі өзендердің бірі:

3. Қытайдың автономиялық ауданының бірі:

4. Қытай республика болып аталған алаң:

5. Қытайдың тікелей орталыққа бағынатын қаласы:

Азияның жетекші дамушы елі Қытай

Сабақты бекіту:

1. Қытай Халық Республикасының жері қанша?

2. Елдің құрамында қанша провинция, автономиялық аудан, тікелей орталыққа бағынатын қала бар?

3. Заң шығарушы органы қалай аталады.?

4. ҚХР қандай мемлекеттермен шектеседі?

Үйге тапсырма: 7 - тақырып. Азияның жетекші дамушы елі Қытай.

§25. Мемлекеттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары тақырыбын оқу және кескін картаға Қытайдың әкімшілік - аумақтық аудандарын түсіру


© 2010-2022