Разработка по теме Туған өлкенің табиғаты

Бұл мақалада ОңтүстікҚазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан Шардара ауданының географиялық жағдайлары  баяндалды.  География сабағынынан қосымша берілетін  " Туған өлкенің табиғаты " атты тақырыптағы қолданбалы курсқа арнап жазылған. Мақалада Шардара ауданының  табиғат жағдайлары, географиялық, климаттық ерекшеліктері, тарихы баяндалды.Мақаладағы деректер ауданның жер комитетінен ,облыстық Гидро. мед. орталықтан алынды.  Шағалалы Шардара қаласы туралы деректер әр түрлі әдебиеттерден алынды....
Раздел География
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Туған өлкенің табиғаты

Кіріспе

Қызылқұм өңірі талай жылдардың жүгін арқалап, өксумен өмірі өткен өгей еді. Кең төсін керуен жолы шарлаған, дүз дала иесін таппай шөліркеп жатқан еді.

Сырдарияның мол суы ғасырлар бойы өз бетімен ағып

жатқанда оның екі жағындағы шөл дала табиғаттың масылындай мүлгіп күн көзіне шыжып жататын. Еңбекші халық Сырдаряның суын кажетіне жаратуды, шөл даланы құнарлы өлкеге айналтыруды армандап , күн қуырған Қызылқұмда қазылған өзен ағызар күн туса, бұл іс қолынан келер ұл туса дегенді көксеп, олар туралы аңыз айтып, жыр жырлады.

Міне осы арманы орындалып, Қызылқұм өңіріндегі мыңдаған гектар шөлейт алқаптарды игеріп , суландыру арқылы ел қоныстандыру үшін 1958 жылдың күзінде «Чардарастрой» құрылыс басқармасы құрылып, Шардара су қоймасы мен су электр стансиясын салуға кірісті. Осы игі мақсатпен құрылысшылардың ең алғашқы тобы «Чардарастрой» құрылыс басқарма бастығы Әшім Қасымов кадр бөлімінің бастығы Н.Тарасенко бастаған 26 адам сол жылдың 9 тамызында қазіргі Шардара қаласының

орнына жайғасты. Шардара су қоймасының құрылысы Қызылқұм өңірінің жағасындағы шөл далада жол , электр энергиясы,байланыс және тұргын үй атымен болмаған жағдайда , яғни жұмыс істеу үшін ешкандай қолайлы жағдай жоқ кезде қолға алынды. Олар Сырдаряның ғасырлар бойы ырық бермей ағып жатқан арнасын бөгеп, оның суын өздерінің құрыш қолдарымен жасаған жасанды жаңа арнаға аударып, Қызылқұм шөлін адамзат игілігіне қызмет еткізуде.Сонымен ертедегі аңыздар еңбекші қарапайым халықтың арманы жүзеге асты.

«Шардара» көне парсы тілінен аударылғанда «Төрт қақпа» дегенді білдіреді. Бұл өңірде ертеде Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қала болғандығы туралы көп мәліметтер бар. Орта Азияны зерттеушілері В.В.Бартольд, Г.К.Ризенкамф, Семенов-Тянь-Шанский, В.Ф Қарабаев

өздерінің еңбектерінде ертеде Сырдария өзенінің бойында көптеген қыстақтардың болғандығы туралы баяндайды. Орта Азиядағы ертеде суландырған жерлер ауданын зерттеуші археолог, профессор Я.Г.Гулямов Сырдария өзенінің сол жағалауының жерлерінде бұзылған қыстақтардың орнымен, арықтар көптеген

дың ізі бар екенін жазды.

Археологтар Сырдарияның жағасындағы ежелгі Ақтөбе қаласының орынында қазу жумыстарын жүргізгенде ерте кезге жататын әртүрлі бұйымдар табылған.Қазіргі кезде Шардара өңірінде Ұзын Ата мәдени ескерткіші,Қаратөбе ескерткіші,Ақшеңгелді ескерткіштері Сүткент қамал қала ескерткіші сақталып қалған.

Ғалымдар қамал қала Ақтөбе қаласы ІV ғасырдан ХІІІ ғасырға дейін өмір сүрген және бұл орын ірі егін шаруашылығының орталығы болған деген қорытындыға келді. Қазір бұл аудан жерді суландыру үшін жасалған Шардара су қоймасының түбінде қалған.Бұл қала толық зерттелмеген.

Ауыл шаруашылық ауданның орталығы - Шардара қаласы. Шардара су қоймасының солтүстік жағалауында орналасқан.

Гоеграфиялық координатасы 41º4´ солтүстік ендік 68º шығыс бойлықта орналасқан.Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 275 метр.Шардара қаласымен облыс орталығы Шымкент қаласының арақашықтығы 260 шақырым.

Шардара ауданының географиялық орны, аумағы және

шекарасы.

Шардара ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік батысында орналасады. Жер көлемі 13 мың шаршы шақырым болып, облыстың жер көлемінің 11,1% алып жатыр. Аумағы солтүстіктен оңтүстікке 100 шақырым, батысынан шығысқа 120 шақырым созылып жатыр.

Шеткі мүйістерінің географиялық координаталары:

Солтүстікте-42 º2´ солтүстік ендік 68º шығыс бойлық

Оңтүстігінде -41º солтүстік ендік 68º шығыс бойлық

Батысында 41º 8´ солтүстік ендік 66 º5´ шығыс бойлық

Шығысында 41º 5солтүстік ендік 68º´ 3´ шығысбойлық.

Шардара ауданы - солтүстігінде Арыс ауданы, шығысында Отырар, Сарыағаш аудандары мен оңтүстік

батыстан Өзбекстан мемлекетімен Қазақстан Республикасының мемлекетік шекарасы арқылы шектеседі. Жалпы шекараның ұызындығы 640 шақырым соның 210 шақырымы мемлекеттік шекара.

Аумағында 27 елді мекен, бір қалалық және 10ауылдық округтер бар.

Ауданның құрамындағы ауылдық округтер.

1.Жаушықұм ауылдық округі

2.Шардара ауылдық округі

3.Қоссейіт ауылдық округі

4.Көксу ауылдық округі-Көксу ауылы, Сырдария ауылы Берекелі

5.Ұзын Ата ауылдық округі

6.Қазақстан ауылдық округі

7.Сүткент ауылдық оқругі

8. Қызылқұм ауылдық округі

9.Достық ауылдық округі

10. Ақшеңгелді ауылдық округі-Ақ Алтын ауылы, Қазақстанның 60 жылдығы ауылы.

Жер бедеріне, жер ресурстарына жалпы сипаттама.

Ауданның жері Сырдария өзенінің орта ағысындағы сол жағалауында аллювиялдық шөгінділі жазықтықта

орналасқан. Аудан жерінің көп аумағын Қызылқұм шөлінің оңтүстік бөлігі алып жатыр. Ауданның жер бедері салыстырмалы түрде біркелкі болып, солтүстік -батыстан оңтүстік -шығысқа қарай көтеріңкі болып келеді. Ең биік жері теңіз деңгейіен 326 метр биік Геологиялық құрлысына байланысты аудан туран ойпатына жатады.

Жер бедері жазық шөгінді жыныстардан түзілген, оның топырақ құрамы құм, саз, қиыршық тас, сазды тақта тастардан тұрады.

Жер көлемі жөнінен ауданымыз облыста үшінші орында тұрады.

Жер- халқымыздың дәулеті, ырысы, байлығы. Жер бедері адамдардың іс-әрекеті үшін ең маңызды табиғат ресустарының бірі. Қала, ауылдар өнеркәсіп, құрылыс жұмыстарын, құрлық жолдарын құру үшін кеңінен пайдаланады. Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы үшін негізгі рөл атқарады.

Жер ресурсы таусылатын табиғат ресурсы, оның көлемі, шекарасы мемлекет жағынан белгіленеді. Соның үшін жерді аялап, химикаттармен бүлдірмей, топырақты эрозияға ұшыратпай ұрпаққа қалдыру басты міндет. Шардара ауданының жер аумағы 12931175 гектар. Оның ішінде суармалы жер 66521гектар -егістігі 57593 гектар

1.Орман қоры 1086273 гектар 84 %

жайылымы 910511 гектар

2.Бақ, жүзімдіктер 425 гектар -0,03%

3.Шабындықтар 1482 гектар-0,1 %

4.Тыңайған жер3479 гектар-0,2 %

5.Су қоры 96960 гектар-7,4 %

6. Түрлі мақсатқа пайдаланатын жерлер 38027 гектар -2,9 %

Климаты және оның жергілікті ерекшеліктері.

Ауыл шаруашылығына ыкпалы.


Бір жерге тән ұзақ мерзімдегі қайталанып отыратын ауа райының жай күйі климат деп аталады. Климат-еңкіш

Климатты түзуші факторлар жер бедері, атмосфера циркуляциясы, күн сәулесінің түсу бұрышы.Ауданымыз шөл зонасында орналасады. Ылғал жеткіліксіз. Құрғақ континентті ауа массалары әсер етеді. Қыс айлары жұмсақ ,қантар айының орташа температурасы -4,-6 градус. Жаз айлары ыстық, шілденің орташа температурасы 28-30 градус. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 160-180 мм. Ауданымызда ауа райын бақылайтын мекеме бар. Жер бедерінің құмды жазықтық болуы - климатқа өз әсерін тигізеді.

Жылдық орташа буланушылық 1200 мм. Түсетін ылғал орташа 233мм.

2005 ж

Күн жиынтық радияцияның түсуі жылына 1см шаршы жерге 150 ккал. Ең суық ай қаңтар, ақпан айлары, жылы ай шілде

Шардара ауданының жылдық орташа температурасы 2005 ж 1

Бұл кестеден ең суық ай ақпан, ең жылы айдыңшілде екенін байкаймыз .

Жылдық орташа түсетін ылғал 2005 2

Бұл кестеде ақпан айында ылғал көп түсіп, шілде, қыркүйек, қазан айларында мүлдем жауын-шашынның болмағандығын көрсетеді. Жылдық жауын-шашын мөлшерінің булануға қатысын ылғалдану коэффициенті деп атайды.

Қ-ылғалдану коэффициенті

Ж-жылдық жауын шашын

Б-булану мөлшері

Кесте бойынша жылдық орташа жауын шашын 233 мм. Буланушылық мөлшері орташа 1200 мм К-233-1200-0,190Бұл дегені ауаның төмен екенін көрсетеді. Буланушылықтың жоғары болуы күннің түсу бұрышына географиялықорнына және ауа қысымына байланысты. Біздің ауданымызға күн сәулесі орташа60бұрыш пен түседі. Күн сәулесінің жер бетіне түсу бұрышын тікбұрышөлшеуін құралымен әр айдың 20 жұлдызында өлшеймін. Тал түстегі күннің горизонттан биіктігін анықтаймын.

Өлкемізде климат жағдайлары маусым бойынша өзгеріп тұрады. Осы

Жылдың ішінде ерекше атмосфериялық құбылыстардан қуаңшылық, аптап, найзағай бұршақ және дақылдар кездесті. Маусым айында болғаң дауыл жел солтүстік-шығыстан соғып, біраз үйлерге шығын әкелді. Электр және телеграф желілеріне, үйлердің, мал қоралардың төбе жабындыларын ұшырып кетті. Қаңтар айының 7-нен бастап 13 наурызға дейін қар жатты.

Жергілікті климат ауыл шаруашылығына және көлік қатынасына әсер етеді. Ыстық, құрғақ, ылғалы жеткіліксіз ауа ауыл шаруашылығына, егіске қолайлы және қолайсыз жақтары бар. Егіс алқаптары суды көп талап етеді. Күн энергиясын қоры мол. Булану жоғары сондықтан, өлкемізде сортаң жерлер көп. Ауданымыз орман қорының өрт алуы бойынша облысымызда бірінші орында тұрады. Бұл да көбінесе, сол құрғақшылықтың әсерінен болады. Суы бар бақлашка тасталса, содан да өрт басталады. Қыс айлары қар көп жатып, көлік жолдары көктайғақ болды. Біраз жол апаттары болды. Климаттың қолайлы жағы вегетацион дәуір ұзақ күн энергиясы мол, ыстық. Егер де су жеткілікті болып, топырақ құнарлы болса ауыл шаруашылығы- нан мол өнім алыуға болады. Күн энергиясын пайдалануға мүмкіндік бар. Егер де күн энергиясын пайдалану

жолға қойылса, онда көмір жағыудан екі есе, баллон газ пайдаланудан үш есе түседі. Теплицалар жасап, жеміс-жидектің түрін өсіруге толық мүмкіндік бар. Жел -ауаның жер бетінде горизанталь бағытта қозғалуы. Бір жер мен екінші жердегі атмосфера қысымының айырмашылықтарына байланысты пайда болады. Белгілі жердегі бір мезгілде соғатын желдердің басым бағыттарын көрнекті

түрде бейнелейтін сызба жел өрнегі түзіледі.

Ауданымызда солтүстік-шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдер басым. Жел энергиясын пайдаланатындай мүмкіншілік жок.

Шардара даласындағы эфемер өсімдіктер көгеріп үлгермей курап кетіп жатыр.Бұның себебі жауын-шашынның өте аз болуы.Бұл жағыдай ауыл шаруашылығына үлкен зиян әкелуде.

Ауаны корғау бұл дүниежүзілік мәселелердің бірі.Бұған біздің де атсалысуымыз керек.Біздің ауданымызда ауданды ең коп ластайтын көз угар тазы.Қыстың суық айларында әр бір отбасы үй жылыту үшін тоннасы 5,5 мыңнан 4-5 тонна көмір алады.Қыс айлары бірнеше жауған қардың түсі қоңыр болып жатады.Шілде айларындағы орман өрттері де коп зиян әкеледі.Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «жасыл ел» бағдарламасының талаптарын қатаң түрде орындау керек.

Ауаның таза болуы үшін қамкорлық жасау-келешек ұрпаққа қамқорлық жасағанмен бірдей.Адам ағзасына тәулігіне орташа есеппен 25 кг ауа жұмсайды.Бұл дегеніміз 13 текше метр ауа болады.

Ауданымыздың ауа ластаушы көздері Шардара СЭС,автокөліктер,мақта заводтар,коммунал және меншік секторлардың жылу жүйелері.

Автоколіктердің түтінінде 200 ден астам улы химикаттар бар.Ауданда ескі автокөліктер көп.Қанша ескі болсы,улы газдарды ауаға сонша көп бөледі. МАИ -лардың автокөліктерді түтінін газоанализатор арқылы тексеріп жатқаны көзге түспейді.Өлкеміздің ауасының жағдайын жақсарту үшін халықтың экологиялық мәдениетін көтеру керек.

Бір жеңіл автокөлік 1 жылда 4 тонна оттегі жағып, 1 тоннадан астам улы газдар бөледі.Бұл газдардың құрамында адамдар ағзасына және жануарлар ағзасына түсіп,әртүрлі аурулар туғызатын улы газдардың азот тотығы,көміртегі,күкірт газы,фтор бірікпесі,хлор,сынап,күкірт кислотасы,бром кездеседі.Жаз айлары ауаның құрғақтығы мен байланысты шаң-тозаң өте жогары болады. 1 текше метр м3 ауада 7-8 тозаң болады.Осы кезде Ұлы шығыс ғалымы Ибн Синаның «Егер де шаң болмаған болса адамдар мың жасар еді» деген дана сөзі есіме түседі.

Ауаны жақсарту үшін шешілуі керек мәселелер.

  1. Ауданды табиғи газбен қамтамасыз ету.

  2. Автокөліктердің түтінін тексеруді қадағалау.

  3. От жағуды,қоқыс жағуды қадағалау.

  4. Жолаушы қатынасына троллейбустар қолдану.

  5. Ағаш егу, көгалдандыру.

  6. Ауданымыздың газ сорушы құрылғыларын орнату.

Өлкеміз облыста үш экологиялық аймақтың бірі.Сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.Жылу мәселелерімен байланысты ағаштар мен сексеуілдер аяаусыз шабылуда.Біздің ауданымыздан Қазақстанның ірі өзендерінің бірі - Сырдария өзені ағып өтеді.

Сырдария біздің жыл есептеуімізге дейін Лисартдеген атпен ерте заман ғалымдары, саяхатшылыр,купецтер,географтар, елшілер жақсы білген. Сырдария өзенінің бойында ерте заманнан бері түрлі тайпалар мекендеген, адам баласының ең бір тұңгыш өсіп жетілген жерлердің бірі болган. Бұл өзеннің төменгі ағысында суармалы жер шаруашылығы Біздің эрамызға дейінгі ғасырларда қалыптасқан. Сондықтанда бұл өңір Азия мен еуропаны тұңгыш байланыстырған атақты «Жібек жолының»бір бұтағы басып өтетін, Орта Азиядағы сауда қарым-қатынасының,мәдениетінің, экономикасының орталыгы деп атаган.

Л.С.Берг 1900-1906жылдар Арал теңізін зерттеген кезінде Сырдарияның арнасы, оның жағасындағы су жайылмасынан көтеріңкі жатқанын бірінші болып байқады. Ғалым Сырдарияның бұл ұзақ геологиялық дәуірлерде таулы өңірлерден сумен бірге келіп арна маңында тұнып, шөгіп қалған құм, қиыршық, малта тасқа байланысты деп біледі.

Сырдария деп оның суының лайлығына қарап қойылған деген пікір бар. Сыр суы өте лайлы. Қазақыстанның ең лайлы өзені. Бір текше метр Сыр суында 1-2кг тұнба бар. Ғалымдардың есптеуіне қара ғанда сыр суы жылына 12 млн тонна тұнба әкеледі, оның 5 мың тоннасы тұз болады екен. Мұның үштен бірі өзен сағасында қаладыда қалғаны Арал теңізіне түседі.

Біздің ауданымыздан өтіп жатқан бөлігі көп лайлы емес. Сырдарияның бас ағысы Нарын және қарадария салаларынан құрылады. Нарын өзені

Тянь-Шанның биік құзындағы

ақ қар, көк мұздардын еріген суынан қөректенетін еңбір күрделі саласы. Нарын мен Қарадария өзендерінің қосылған жерінен бастап Сырдария деп аталады.

Сырдария Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, жерлерін аралап ағып, Шыназ темір жол көпірінен бастап Қазақстан жеріне шығады. Туран ойпаты арқылы ағып, Арал теңізіне құяды. Сырдарияның ұзындығы 2212 км. Сырдарияға ірілеу өзендер-

ден Өзбекстанда Шыршық, Ангрен және Қазақстан жерінде Келес, Арыс өзендерікеліп құяды. Арыстан кейін Сырдың аралға дейінгі 1338 км жолында оған құятын өзен жоқ. Бұдан құлай ол Сырдарияның төменгі ағысы деп есептелінеді.

Сырдарияның бас ағысы жөнді қатпайды. Оның тек Қазақстан жеріндегі төменгі ағысы қыстын ең суық кезінде қаңтар айында, Арал теңізіне жақындаған сағасы караша, желтоқсан айларынан бастап қатады. (1921, 1954, 1959 жылдар)үлкен тасқын болған. Сырдария өзенінің тасуы көктем айларында болады. Қректенү аралас. Жері шөлді болғандықтан Сырдария бойында түсетін жылдық ылғал аз. Сыр суының қөп мөлшері жер суару үшін пайдаланады.

Сырдария өзенінің экалогиялық жағдайы.

Сырдария өзенінің бойында Шардара,Бөген,Бадам су қоймалары бар. Өзен Қазақстан, Тәжіқстан, Өзбекстан үстінен ағып өтіп келеді. Өзбекстаннан өзен суы ластанып келеді. Өзен суының құрамында сульфаттар, нитриттер, мыс, мұнай өнімдері, тұздар көп екенін химиялық анализдер нәтижесінде дәлелдеген. Ластану индексі 2,18 өзен ластанудың 3 санатына жатады. Құрамындағы зиянды заттар жылдан-жылға қөбейіп бара жатыр.

Сырдария өзенінің суының сапасы.

Шардара су қоймасы.

Шардара су қоймасын құрудың негізгі міндеттері:

  1. Сырдари яның төменгі ағыстарындағы егіншілік су мен қамтамасыз ету.

  2. Төмен ағысындағы тасқындардың алдың алу.

3. Электроэнергия өндіру.

Су қойманың бөгені 1958 жылы құрылып бастап, 1967 жылдың 15 қазанында қолдануға берілді. «Бірлік түбі -береке» деген даналық сөз бар. Халық бірігіп ұзындығы 5 шақырым биіктігі 17-27 метр келетін, жоғары жағы бетонмен бекітілген платинаны құрды. Су қойманың жалпы сыйымдылығы 5700млн м,пайдалы көлемі 4700млн м, ақпайтын бөлігі 1000млн м .Бетінің ауданы 900 шақырым шаршы, ұзындыгы80-100 шақырымға дейін, ені 20-25 шақырым, ең терең жері 25-26 метр. Су қойма Сырдария өзенінің ағынымен және қар, жауын-шашын суларымен толығады.

Ауданның суармалы жерлері Шардара су қоймасынан су берілетін. Қызылқұм бас жармасы арқылы суарылады. Қызылқұм каналының ұзындығы107 шақырым.Канал тияназдалған, қамыс балдырлар өсіп, су өткізү қабілеті төмен. Жөндеуден өткізүді талап етеді.

Экологиялық жағдайы.

Су қойма өзендер арқылы ағып келетін улы химикаттармен және ауыл шаруа қалдықтарымен ластануда. Су қойма су көбейген кезде 15 жылдан бері Арнасайға ағызылыды (қыс пен көктем). 2002 жылы химиялық анализ негізінде тексерілгенде суының құрамында

-сульфаттар (күкірт қышқылдары)

-нитриттер (азот қышқылдары)

-мыс

-фенол сияқты химиялық қоспалар нормадан көп болады Судың ластану индексі 2,43 ластанудың 3класына жатады.

Жер асты сулары.

Шөл және шөлейт зонада орна ласқан ауданымыз үшін жер асты суларының маңызы зор. Қызылқұмда жер асты сулары мол.Жер асты сулары құдық, скважиналар арқалы ауыл шаруашы-лығында және ауыз су ретінде кеңнен пайдаланылады. Жергілікті тұрғындарымыз түгел дерлік (қала тұрғындарынан басқасы) ауызсу ретінде жер асты суларын пайдаланады.

Аудан аумағында анықталған жер асты су қорлары:

А)Шардара жер асты су алабы 1962-63 жылдары ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз етүге болатындығы анықталған Бұл алабтын сулары төрттік дәуірінің аллюбиалды, аллюбиалды-проаллюбиалды жыныстар қабатына жататыны анықталған. Негізгі сулары тұщы тұздылығы 1 ұсақ құмдармен гидрокаобонатты кальцийлітұздар кездеседі.

Б)Төменгі Тоғай жер асты су алабы. 1973-74 жылдары анықталған, Шардара қаласын ауыз шаруа шылық суымен қамтамасыз етеді. Жер астысулары жоғары төрттік дәуірінің қазіргі аллювиалды жыныстар қабатына жатады. Суға түрлі көлемдегі құм араласқан, суы тұщы, тұздылығы 0,9-1,1 г,л Химиялық құрамы гидрокарбанатты сульфатты тұздар. Жер асты суларында минералды су коры да бар, бірақ әлі қолданылмайды. Жер асты су қоры 5,21млдм , пайдаланғаны 441,96млнм

Табиғаткомпонеттері. (топырақ, өсімдік, жануар)

Ауданымыздың топырақ жамылғысы Аралды- Балқаштық аумағының шөлдік аумағында дамуда. Құмды, сұр қоңыр, шалғынды, сазды топрақтар басым. Суармалы жерлердің топырақ жамылғысы негізінде боз топырақтар-ға өтетін топырақтардан құралған.

Шардара ауданының топырақ жамылғысының құрылымы және оның өзгеруі. 1

Топырақтын көп бөлігі эрозияға ұшыраған . Мелиорациялық дұмыстар талап етеді.

Топырақтың эрозиясы.2

Өсімдік дүниесі

Ауданымыздың ерекше өсімдік дүниесі бар. Топырағы солтүстігінде қоңыр, оңтүстігде сұр сортаңды болып келеді. Эфемер өсімдік көп өседі. Шөлейт жерледе жусан, баялыш, жынғыл, жүзген, нарселеу, күйреу, жантақ, адыраспан т.б өседі. Шөлде сексеуіл қоянсүйек, қараған, қаражапырақ, селеу, шөл жуасы, илан, қозықұйрық, шөл сәбізі, киік оты, т.б өсімдіктер өседі. Сырдария бойында қамыс, құрақ, тал жиде өседі.ҚР»Қызыл кітабына» енген тораңгы өсімдігі де өседі. Сырдария өзенінің жағалауындағы орман қорғауға алынған.

Жануарлар дүниесі


















© 2010-2022