Қазақстанның өзендері (8 - сынып)

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан географиясы . 8- сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның өзендері

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Қазақстанның ішкі суы, жер бедері мен климат ерекшеліктеріне байланысты «өзен режимі»,»Ішкі тұйық алап», ұғымдарын түсіндіру

2. Әртүрлі статистикалық,картографиялық материалдарды пайдалана отырып,Қазақстан өзендеріне анықтама беру

3.Өзендерді картадан көрсете білу. Табиғатты сүюге , өзен суын ластанудан қорғау,шаруашылыққа пайдалануға үйрету.

Сабақтың әдісі : Интерактивті

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекіліктері: Флипчарт,интерактивті тақта,Қазақстанның физикалық картасы,интернет материалдары, видеокөріністер.

Пәнаралық байланыс: Тарих,математика

Сабақтың барысы:

Эпиграф: «2030 жылы Қазақстан суы мөлдір,ауасы таза,жасыл желекті,гүлденген ел болады.»

Н.Ә.Назарбаев.

І. Географиялық диктант арқылы үй тапсырмасын тексеру.Қайталау сұрақтары:

1. Биік таулар Қазақстан жерінің------------- % алып жатыр.

2. Хан-Тәңірі шыңының биіктігі ---------- м

3.Қазақстанның ең төмен орналасқан нүктесі---------------

4. Үлкен Боқтыбай-------------- тауының ең биік нүктесі.

5. Мұзбел------------- тауының ең биік нүктесі.

6. Еліміздің ең суық өңірі-------------------- орналасқан.

7. Елімізде ең көп жауын-шашын ---------------- жауады.

8.Қазақстан аумағы батыстан шығысқа қарай----------- км созылып жатыр.

ІІ. «Есіңе түсір» ( Суреттер арқылы оқушылардың білімін жинақтау,ассоциация құру.)

ІІІ. Жаңа сабақ материалын флипчартта жазылған төмендегі материалдар және тірек сызбалары арқылы түсіндіру.

Қазақстанның өзендері (8 - сынып)

Қазақстанның өзендері (8 - сынып)

Қазақстанның өзендері (8 - сынып)

Қазақстанның өзендері (8 - сынып)

Бекіту сұрақтары:

І. Сәйкестендір:

1. Өзендерді алап бойынша сәйкестендір:

Солтүстік Мұзды мұхит іле ,Ақсу

Балқаш - Алакөл Шу, Сырдария

Каспий Есіл, Ертіс

Арал Жем, Жайық

2. Өзендердің бағытын анықта:

Жайық Солтүстік

Сырдария Оңтүстік

Іле Батыс

Тобыл Шығыс

3. Маңызды СЭС қай өзендерге сәйкес келеді?

Ертіс Шардара

Сырдария Қапшағай

Іле Бұқтырма

ІІ. Жұмбақтар

  1. Қане бәрің ойлаңдар,

Бізде қандай өзен бар?

Он өзеннің ішінен

Алты өзенді таңдаңдар.

( Волгв,Ақсу,Қалдығайты,Днепр,Жайық,Лена,Ойыл,Дон, Сарысу,Жем)

  1. Басталар жерін не дейді?

Құяр жерін не дейді?

Оң және сол жағаны,

Қалай қарап біл дейді.

( Өзеннің басталуы,сағасы,оң және сол жақ салалары)

ІІІ. Адасқан атауларды сәйкестендір:

Қазақстанның өзендері (8 - сынып)

Қорытынды

Бағалау

Үйге тапсырма: Қазақстан өзендері.

© 2010-2022