Мәтінді оқу, түсіну және тест құрастыру. Адам айтса нанғысыз. .. «Көлдер». (7-9-сынып)

Адам айтса нанғысыз ... «Көлдер».   1.Аустралиядағы Решерш топаралында Хиллер аталатын көл бар. Көлдің ерекшелігі - алқызыл түсті суында екен. Судың түсі өте тұрақты.Көлдің ұзындығы шамамен 600 метрді құрайды. Ал ені 200 метрден асады екен. Хиллердің жағалауы құммен көмкеріліп жатыр. Оған таяу маңда эвкалиптер мен шәй ағашының орманы жатыр. Көл суының құпиясын ашу үшін бірнеше рет зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгінде ол туралы бірнеше нұсқа бар. Бір кездері судың түсі ондағы алуан түст...
Раздел География
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Адам айтса нанғысыз ... «Көлдер».

1.Аустралиядағы Решерш топаралында Хиллер аталатын көл бар. Көлдің ерекшелігі - алқызыл түсті суында екен. Судың түсі өте тұрақты. Көлдің ұзындығы шамамен 600 метрді құрайды. Ал ені 200 метрден асады екен. Хиллердің жағалауы құммен көмкеріліп жатыр. Оған таяу маңда эвкалиптер мен шәй ағашының орманы жатыр. Көл суының құпиясын ашу үшін бірнеше рет зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгінде ол туралы бірнеше нұсқа бар. Бір кездері судың түсі ондағы алуан түсті балдырлардың әсерінен өзгереді деген пікір айтылған болатын. Зерттеу жұмыстары оны да жоққа шығарды. .[massaget.kz]

2. АҚШ-тың Йеллоустоун штатындағы ұлттық паркте "Ертеңгі даңқтың мекені" атты сансыз бояудың қосындысынан тұратын таңғажайып көл бар. Сансыз бояудың қосындысын көру үшін шеттен ағылып келіп жатқан туристерде есеп жоқ. Айта кететін болсақ, көлдің тереңдігі 2 200 метрді құрайды. Өз кезегінде тереңнен шыққан ыстық судың арқасында көлдің түсі өзгере түседі: көгілдір ақық түстен күлгін түске айналады. Мұншама түрленіп шығуы суда мекен ететін бактериялардың ерекше түрлеріне байланысты болып шықты. Ең қызығы сол, көлдің гейзер секілді бұлқан-талқан болатын, кейде бұрқ-сарқ етіп жататын кездері қайталанып тұратын көрінеді. Оған басты себеп - жақын аудандардағы сейсмикалық белсенділік. .[massaget.kz]

3.Еуразия аталатын алып құрлықтың орталығында жіңішке келетін көгілдір жарты ай - Байқал көлі жатыр. Келбеті көз тартар көл "Әлемдегі ең таза көл" деген мәртебелі атақты иемденіп отыр. Көлдің суы ішуге жарамды келеді. Сонымен қатар, Байқал тереңдік жөнінен де көшбасшылық танытып келеді. Әлемдегі екінші терең көл Таньганьика (Африка) Байқалдан 200 метрге қалып тұр. Ал одан ағып шығатын жалғыз өзен Ангара ғана екен. Байқалдың қайталанбайтын, өзінше ерекше флорасы мен фаунасы бар. Әлемнің басқа су қоймалы бұл жөнінен Байқалмен таласа алмайды. Байқалдың таулы қыраттарын жер шарымыздағы ең кішкентай бұғы, қоңыр аю мекен етеді. Ал Байқал жағалауынан шағаланың, көгала үйректің, балықшы құстардың бірнеше түрін және көлдің негізігі тұрғындары итбалықтар мен байқалдық нерпаны көре аласыз.Ғылыми деректер Байқал көлінің 20-30 миллион жыл бұрын пайда болғандығын көрсетеді. Бұдан Байқалдың ең ежелгі көл екендігін байқаймыз. .[massaget.kz]

4. Табиғат таңғажайыптары бізді күннен-күнге таң қалдыруда. Аустралия құрлығының Виктория аймағында орналасқан Джипсленд көлінің басқа көлдерден айырмашылығы - түнде неонды түске боялып жарқырайтындығы. Жұмбақ құбылыстың жауабының осы күндері бірнеше нұсқасы бар. Соның бірі - көлді мекендейтін балдырлар мен микро ағзаларға байланысты деген болжам болса, екіншісі - «теңіз ұшқыны», «теңіз жұлдызы» т.б. Балдырлардың ерекше құбылысқа қатысы бар екенін бір топ ғалымдар сеніммен айтады. Олар атмосфераны ластайтын қалдықтармен қуаттанады. Қалдықтар дегеніміз - шамадан тыс жауған жаңбыр суы, қатты жел болған кезде көлге ұшып келетін шаң-тозаң, от түтіні. Осы заттар көлге түскенде балдырлардың неонды түс бөлуін қамтамасыз етеді. Ал келесі топ ғалымдары "теңіз балдырлары мен бактериялармен қоректенетін «теңіз ұшқындары" жауларынан қорғану үшін жарық түс бөледі» дейді. Көлге тас немесе құм лақтырсаңыз жарығы күшейе түседі екен. [massaget.kz]

5. Тонлесап көлі.Камбоджа елінде орналасқан Оңтүстік шығыс Азияның ең ірі тұщы көлі. Жылына 300 мың тонна балық аулайды және адам айтса нанғысыз осы көлдің үстінде 200 мыннан 2 млн адамға дейін адам өмір сүреді. Жаңбырлы кезендерде көлемін он есе үлкейеді. Адамдар көлдің үстінде өмір сүреді. Кейде үйлерін таба алмай адасатын кездер де болады. Жалпы барлық адамға қажетті тауарларды көлден табуға болады. .[Мир на изнанку. Камбоджа 1 -сериясы. Бейнефильмнен үзінді]

6.Солончак Уюни, Боливия Әлемдегі ең тұзды көлі тағы бір жатғаламшарлық көрініс сыйлайды. Солончак Уюни деп аталады. Құрғап қалған көл 8 метр қалыңдықты құраған кәдуілгі тұз. Ал жаңбыр жауған кездерде бұл көл әлемдегі ең үлкен айнаға айналады да кетеді. Көлдің дәл ортасында тұрған сәтте аспан жоғарыда да, төменде де болғандықтан, адамның алған әсері жайлы артық әңгіме айтпай-ақ қоялық. Өндірістік мақсатта қолданылып жатқан көлдің 10 миллиард тоннаға жететіндей байлығы еспетелген. Мұнда келушілер толықтай тұздан жасалған қонақ үйде тұрақтай алады екен. .[massaget.kz]

7. 15 минут ішінде балық аулау әдісі тек Мали елінде Догон.Бамба ауылының маңында кішкене әулие көл бар. Бұл жерде балық аулауға жылына тек бір-ақ рет рұқсат беріледі. Нақтырақ айтсақ, Антого деп аталатын бірегей салт жорасы кезінде ғана. .[massaget.kz]

1. Аустралиядағы Решерш топаралында Хиллер аталатын көл бар. Көлдің ерекшелігі - Қоқиқаз құсы секілді

А) алқызыл түсті

В) жасыл

С) көк

D) сары

Е) кызыл

Дұрыс жауабы: А

2. Ежелгі көл, осындай атпен қатпарлықта бар.Әлемнің ең таза көліне жылына миллиондаған туристер тынығуға ағылады.

А) Каспий

В) Виктория

С) Байкал

D) Гурон

Е) Онтарио

Дұрыс жауабы: С

3. Туристерді қызықтыратын Аустралия құрлығының Виктория аймағында орналасқан Джипсленд көлінің басқа көлдерден айырмашылығы

А) түссіз болуы

В) түнде неонды түске боялып жарқырайтындығы.

С) кып-қызыл түске айналуы

D) ағынды көл

Е) ағынсыз көл

Дұрыс жауабы: В

4. Оңтүстік Шығыс Азияның ең ірі тұщы көлі. Адам айтса нанғысыз осы көлдің үстінде 200 мыннан 2 млн адамға дейін адам өмір сүреді. Жаңбырлы кезендерде көлемін он есе үлкейеді.

А) Байкал(Ресей)

В) Балқаш(Қазақстан

С) Тонлесап(Камбоджа)

D) Лабнор(Қытай)

Е) Өлі теңіз (Израиль)

Дұрыс жауабы: С

5.Оңтүстік Американың ең тұзды көлін адамға , бір жатғаламшарлық көрініс сыйлайды. Мұнда келушілер толықтай тұздан жасалған қонақ үйде тұрақтай алады екен.

А) Солончак Уюни (Боливия)

В) Соль-Илец(Ресей)

С) Жоғары (АҚШ

D) Лабнор(Қытай)

Е) Өлі теңіз (Израиль)

Дұрыс жауабы: С









© 2010-2022