• Преподавателю
  • География
  • Географиядан қысқа мерзімді жоспар «Жергілікті жердің планын, топографиялық картаны, сызбанұсқаларды оқу»

Географиядан қысқа мерзімді жоспар «Жергілікті жердің планын, топографиялық картаны, сызбанұсқаларды оқу»

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Географиядан қысқа мерзімді жоспар «Жергілікті жердің планын, топографиялық картаны, сызбанұсқаларды оқу»Географиядан қысқа мерзімді жоспар «Жергілікті жердің планын, топографиялық картаны, сызбанұсқаларды оқу»Физикалық география

Күні:

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы:

«Жергілікті жердің планын, топографиялық картаны, сызбанұсқаларды оқу»

Сабақтың мақсаты:

  • Жергілікті жердің планын, топографиялық картаны салыстырмалы түрде оқу жолдарымен танысады.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Топтық жұмыс, СТО элементтері, «Географиялық диктант», Т кестесі, «Ортадағы қаламсап»

Күтілетін нәтиже:

  • Жергілікті жердің планын, топографиялық картаны салыстырмалы түрде оқуды үйренеді.

  • Топтық жұмыс негізінде ынтымақтаста жұмыс жасап, өзгелерді оқыту арқылы есте сақтау қабілеті дамиды.

  • Ашық сұрақтарға жауап беру арқылы сыни тұрғыдан ойланады.


Сабақ жоспары:


Үйге тапсырма:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу.

2. Сергіту сәті.

3. Топқа бөлу.

ІІ.Сабақ барысы: 1.Қызығушылықты ояту.

2.Мағынаны тану

3. Ой-толғаныс:

III.Үйге тапсырма беру.

  • § Жергілікті жердің планын, топографиялық картаны, сызбанұсқаларды оқу


Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

Сергіту сәті:

«Молекула» жаттығуы.

1. Қызығушылығын ояту:

  • Үй тапсырмасы бойынша:

1.Мұғалім географиялық диктант және топографиялық диктант алады.


«Молекула» сергіту ойыны арқылы топқа бөлінеді.

1.Оқушылар географиялық диктант жазады.

Азимут, масштаб,сан масштаб, атаулы масштаб,план, планшет, абсолюттік биіктік, салыстырмалы биіктік,горизонтальдар, деңгейлегіш,бергштрих

2.Топографиялық диктант:көл, жеміс бағы, қала, аралас орман, кесілген орман, батпақ, көпір, соқпақ жол,өзен, бұта, бұлақ, жыра, тас жол.

2. Мағынаны тану:

  • Ой қозғау.

«Топтық жұмыс» Оқушыларға план мен топографиялық карта таратылады.

Оқушылар ортаға қаламсаптарын жинайды .Мұғалім бір оқушының қаламсабын таңдау арқылы план мен карта бойынша сұрақтар қояды. Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы план мен топографиялық картаны оқиды.


3. Оқушылардың білімін бекіту:

Т кестесі


Т кестесіне план мен топографиялық картаның ерекшеліктерін жазып шығады.

план топографиялық карта


4.Ой толғаныс: Рефлексия

Бағалау:

  • Оқушылар өз жазғандарын оқиды. «Желкенді кеме»

  • «Алақан-жұдырық» арқылы өздерін бағалайды



© 2010-2022