Көңілді қыс атты ашық сабақ

Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейтуге, өзіне тән ерекшеліктерін ажырата                     білуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету. Тіл байлығын, сөздік қорын                      молайту.Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу. Көрнекілік: Тақырыпқа сай қыс мезгілінің суреттері, қағаз қуыршақ, қар кесектері. Билингвалды компонент: қыс-зима, қар-снег, ақ-белый, аққала-снеговик. Сөздік жұмыс:аяз,тоңып қалу Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті. Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері            Қане, қане тұрайық,            Үлкен шеңбер құрайық            Тұрып алып шеңберге            Амандасып алайық            Қайырлы таң қонақтар!   Қимылмен жасайды.           Ұйымдастырушылық-ізденістік                                                                                                                                                             Рефлексиялық-түзетушілік -Балалар мен сендерге «Бұл жылдың қай мезгілі?» өлең-жұмбақты оқимын, сендер мазмұнын мұқият тыңдап, жауабын шешуге тырысыңдар. А Меңжанованың «Бұл жылдың қай мезгілі?» өлеңін оқиды.     Шанамен зырғып желетін     Коньки, шаңғы тебетін,     Аққала жасап ойнайтын     Қай мезгіл деп ойлайсың? -Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің табиғаттағы ерекшелігін білеміз бе? -Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз? -Қатты аяз болып тоңғанда не  істейміз? -Ал күн шыққанда не істейсіңдер?   -Жарайсы...                   -Қыс мезгілі.   -Қар жауады, аяз болып, боран соғады.   Қолдарын жоғары көтеріп гуілдейді. -Қолдарын қусырып, аяқтарын топылдатады. -Алақай деп, қолдарын жоғары көтереді. -Үш ай болады.   -Бірінші –желтоқсан, екінші-қаңтар, үшінші- ақпан.   -Басымызға бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз. -Қар атысып, аққала жасап, шанамен сырғанап ойнаймыз.         -Аққаланың суреті. -Қардан  домалатып жасайды -Ақ түсті. Қайталап айтады.     -Үш бөліктен тұрады. -Д...   Күтілетін нәтиже: Біледі: Қыс мезгілінін ерекшілігін біледі. Игереді:Мезгілге сай киінуді.   Меңгереді: оқу іс-әрекеті барысында алған дағдыларды.
Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көңілді қыс

Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейтуге, өзіне тән ерекшеліктерін ажырата

білуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету. Тіл байлығын, сөздік қорын

молайту.Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Тақырыпқа сай қыс мезгілінің суреттері, қағаз қуыршақ, қар кесектері.

Билингвалды компонент: қыс-зима, қар-снег, ақ-белый, аққала-снеговик.

Сөздік жұмыс:аяз,тоңып қалу

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Тұрып алып шеңберге

Амандасып алайық

Қайырлы таң қонақтар!

Қимылмен жасайды.











Ұйымдастырушылық-ізденістік





























































































































































Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар мен сендерге «Бұл жылдың қай мезгілі?» өлең-жұмбақты оқимын, сендер мазмұнын мұқият тыңдап, жауабын шешуге тырысыңдар.

А Меңжанованың «Бұл жылдың қай мезгілі?» өлеңін оқиды.

Шанамен зырғып желетін

Коньки, шаңғы тебетін,

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

-Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің табиғаттағы ерекшелігін білеміз бе?

-Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?

-Қатты аяз болып тоңғанда не істейміз?

-Ал күн шыққанда не істейсіңдер?

-Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінде неше ай балады?

-Ендеше ай аттарын ретімен санай отырып атайықшы.

-Жарайсыңдар балалар, біз далаға шыққанда тоңбас үшін үстімізге не киеміз? Қане іс-қимылмен көрсетейікші.

-Балалар қыста қандай ойын ойнайсыңдар?

-Қыста ауа таза болады, сондықтан да сендер ауырмас үшін таза ауада ойнауларын керек. Ойын арқылы денелерін шынығады.

-Балалар мынау ненің суреті?

-Аққаланы неден жасайды?

-Аққаланың түсі қандай?

Билингвалды компонент: қыс-зима, қар-снег, ақ-белый, аққала-снеговик.

-Аққала неше бөліктен тұрады?

-Бөліктерінің пішіні қандай?

-Ендеше барлығымыз қарды ұстап көрейік.

Ғажайып сәт.

Осы кезде әуенмен топқа Қарша қыз келеді.

Қарша қыз: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендермен ойнауға,өнерлеріңді тамашалауға орманнан келдім. Мына қорапшаның ішінде сендерге арналған Аяз атаның сыйлығы бар.

Тәрбиеші: Кел, төрлет, Қарша қыз.

-Балалар Қарша қыз құр келмепті, сендерге арнап тапсырмалар ала келіпті. Орындаймыз ба?

Қарша қыз: 1-ші тапсырма: Кім қыс туралы тақпақ біледі?

Тәрбиеші: Балалар, Қарша қызбен «Қар жинау» ойынын ойнап аздап серігіп алайық.

Ойынның шарты: Екі топқа бөлініп, жердегі қарларды жинап қорапшаларға салу. Қай топ көп жинаса, сол топ жеңіске жетеді.

Қарша қыз: 2-ші тапсырма:Дидактикалық ойын «Қуыршақты киіндір»

Ойынның шарты:Қағаз қуыршақты қыс мезгіліне сай киіндіру.

Қарша қыз: Жарайсыңдар балалар, менің тапсырмамды дұрыс орындадыңдар. Сендер өте ақылды, тапқыр екенсіңдер. Мені Аяз ата күтіп қалған шығар, орманға қайтайын. Сыйлығымды қабыл алыңдар. Келесі жылы кездескенше, сау болыңдар, балалар!

Тәрбиеші: балалар Қарша қызбен қоштасайық

Қарша қыз сыйлығын беріп, шығып кетеді.

-Балалар бүгін біз жылдың қай мезгілі туралыәңгімелестік?

-Бізге қонаққа кім келді?

-Жарайсыңдар балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.

Балдай тәтті баламыз

Айтқан тілді аламыз.

Ойынменен өседі

Ойымыз бен санамыз.

Қол ұстасып бәріміз,

Жарасады сәніміз.

Көріскенше күн жақсы,

Сау болыңыз бәріңіз!





-Қыс мезгілі.

-Қар жауады, аяз болып, боран соғады.

Қолдарын жоғары көтеріп гуілдейді.

-Қолдарын қусырып, аяқтарын топылдатады.

-Алақай деп, қолдарын жоғары көтереді.

-Үш ай болады.

-Бірінші -желтоқсан, екінші-қаңтар, үшінші- ақпан.

-Басымызға бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз.

-Қар атысып, аққала жасап, шанамен сырғанап ойнаймыз.



-Аққаланың суреті.

-Қардан домалатып жасайды

-Ақ түсті.

Қайталап айтады.

-Үш бөліктен тұрады.

-Дөңгелек.

Барлығы қарды ұстап көреді.

-Сәлеметсіз бе, Қарша қыз?





-Ия, орындаймыз.

Балалар тақпақтарын айтады.



Балалар қар кесектерін жинайды.



Қуыршақты киіндіреді.





-Сау болыңыз!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қыс мезгілінін ерекшілігін біледі.

Игереді:Мезгілге сай киінуді.

Меңгереді: оқу іс-әрекеті барысында алған дағдыларды.

© 2010-2022