География пәнінде формативті бағалауды қолданудың түрлері

География пәнінде формативті бағалауды қолданудың түрлері                              Өз ойын айта алмау – кемшілік, ал өз ойы болмау – одан да жаман. Өз ойың болу үшін білімді біреудің үйретуімен емес, өздігіңнен алуың керек. К.Д.Ушинский.    Әлемдік бәсекелестік жағдайында «өмір бойы» оқуды кез келген маман,әрине оның ішінде ұстаздар қауымы үшін басты қажеттілікті талап етеді.ҚР-ның білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес қазіргі кезде білім беру қызметкерлерінің біліктілігін көтеру мен қайта даярлау қазіргі күнде түбегейлі жүріп жатыр.  Бір сарынға түсіп қалған білім беру жүйісі үшін бұл мұғалімдер мен білім мекемелері үшін  жаңаша әдіс – тәсіл болғалы тұр.Жаңаша оқытудағы ерекшеліктер мен дәстүр... Бағалау бұл :   Формативтік және жиынтық бағалау: Бастама (мұғалім):Солтүстік Америкадағы ең үлкен арал? Жауап (оқушы): Гренландия Кейінгі әрекет (мұғалім): дұрыс    Жиынтық бағалау оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін бағалау немесе оқытуды бағалау деп те атаймыз. Сабақта кейбір мәліметтерінің нақты емес жақтарын сонымен бірге топ ішінде тыс қалған оқушылардың келесіде топ басшысына топтық жұмыстарға тартуына да шынайы ұсыныс пікірлерін білдірді.Сабақ соңында өзімнің тарапымнан екі жетістік бір ұсынысымды айтып топтарды бағалап өттім. .Сабақ барысында топтың жұмыстың орындалуы мен критерий бойынша бағалауды әр топ басшылары Айдана ,Ақбота,Байтас,Жанеркелер өз топтарына бағалауды ұйымдастыра білді.Жұптық бағалау кезінде де қаншалықты атсалысқанын айқындап ...   Іс-тәжірибемді алдағы уақытта әлі де болса бағалау мен басқа да модульдерді жетілдіруімді қажет етеді. Өзімді және оқушыларды да жүйелі жауап пен кері байланыс орнатуға топ ішінде ұйымшылдыққа,сыпайылыққа,шыдамдылыққа бағыттау алдағы күннің еншісінде.
Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шиелі ауданы №205 қазақ орта мектебінің география пәні мұғалімі

Әбілдаев Мақсат Тоқаұлы

География пәнінде формативті бағалауды қолданудың түрлері

Өз ойын айта алмау - кемшілік, ал өз ойы болмау - одан да жаман. Өз ойың болу үшін білімді біреудің үйретуімен емес, өздігіңнен алуың керек. К.Д.Ушинский.

Әлемдік бәсекелестік жағдайында «өмір бойы» оқуды кез келген маман,әрине оның ішінде ұстаздар қауымы үшін басты қажеттілікті талап етеді.ҚР-ның білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес қазіргі кезде білім беру қызметкерлерінің біліктілігін көтеру мен қайта даярлау қазіргі күнде түбегейлі жүріп жатыр.

ҚР Білім және ғылым министрлігі жүргізіп отырған реформаның және әлемдік даму тенденцияларының талаптарына сай біліктілікті арттырудың көп бағдарлы модульдік бағдарламаларын,оқу-әдістемелік құралдар мен жаңа бағыттағы білім беру жұмыстары жүйеленуде.Осыған орай дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйеніп,Англияның 800 жыл тарихы бар Кембридж университеті мен Оңтүстік Корея,Сингапур елдерінің тәжірибесін зерделеп,оқу әдіс- тәсілдерін енгізуде.

Бір сарынға түсіп қалған білім беру жүйісі үшін бұл мұғалімдер мен білім мекемелері үшін жаңаша әдіс - тәсіл болғалы тұр.Жаңаша оқытудағы ерекшеліктер мен дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім тұлға ретінде балаларды өзі жеке дара жазбаша немесе ауызша бағалайтын немесе өзі сол 45 минутқа өзі қожалық етіп отыратын. Ал қазіргі еніп жатқан модульдік бағдарламаларда мұғалім тек бағыт бағдар беруші болып табылады.Яғни оқушылар өздігінен білім алу мен қатар қасындағылармен бірдей санасып шығармашылық қабілеттерін шыңдаумен үнемі дағдылануға жұмыс жасайды.Осы «Сындарлы оқыту теориясы» бойынша сабақ құрылымында да көптеген өзгерістер еніп отыр.Сабақты дәстүрлі түрде өткенде сабақтың құрылымындағы басты Сабақтың мақсаты тек Білімділігі , Дамытушылығы , Тәрбиелігі болса , оқушылардың сауаттылығын қалыптастыруда Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» бойынша Білу,Түсіну,Қолдану,Талдау,Жинақтау,Бағалау болып табылады.Сонымен қатар сабақтың мақсатына қаншалықты қол жеткізгеніңді сабақ барысында толық бақылауға болады.Басты ерекшелігі топтасып отыру мен қатар жұптасып жұмыс жасау,сыныпты толық қамту болып табылады.Жекелеген оқушыларға тапсырмалар берумен қатар дарынды немесе үлгермеуші оқушылармен толық жұмыс жасауға дағдыланумен көзден таса қалдырмауға негізделеді.Сыныптарда сабақтың жоғары деңгейде өтуіне АКТ- ның маңызы ерекше.Өйткені қазіргі ақпарат заманында интернетсіз жұмыс жасау мүмкін емес.Ақпаратты алу мен қатар оны сабақта (суреттер,роликтер,видиоларды) қолдану болып табылады.Оқушыларды күнделікті сабаққа бейімдеумен қатар жұмыс дәптерін толтыру ,оқушыларды сыни ойлауға баулу, кері байланыс орнату.

Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.

С.Мирсеитова Қарағанды,2011 26-35 беттер

Мұғалімнің барынша аз сөйлеп ,оқушының ой өрісін дамыту,жүйелі сөйлеуге дағдыландыру.Сондай -ақ бағалауды мұғалім емес оқушылар өздері топтық,жұптық ,өзін - өзі бағалауды ББҮ кестесін пайдаланып, сабақтың басынан аяғына дейін қолданылады.Сабақтың басында оқушылар 1)не білетіндерін ойға түсіреді, 2)сұрақтар қояды 3)сабақта не үйренгендерін түйіндейді.Яғни осы сатыларды қамту барысында оқушылардың сабақтағы қаншалықты белсенділігін таным жұмыстарының орындалуын байқауға болады.

1)Сұрақтың дұрыс қойылуы;

2)Сыныптасын және өзін-өзі бағалау;

3)Кері байланысты қамтамасыз ету;

4)Оқушымен бірге критерийлерді талдау;

МАН -ның 59-бетінде 13-сурет.Оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту.

Бағалау бұл : Формативтік және жиынтық бағалау:

Білім беруде , әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау.

Формативті бағалау бұл ағымдағы баланың игерген білім деңгейін ауызша немесе жазбаша баға қою.

Формативті бағалауды өзін-өзі, топты, бірін-бірі бағалауды ауызша пайдаланғаныммен , ол оқушының жиынтық бағалауына әсер ететіндей бағалау болмайды. Себебі: оқушылар бірін-бірі бағалауда белгілі-бір өлшемдерді ойластырып алмағаны жалған бағалаудың орын алғандығы байқалды.Сыныптағы бағалау мен өзін-өзі бағалау мұғалім тарапындағы бағалаудың арасында үлкен айырымашылық болғанын байқауға болады.

Бастама (мұғалім):Солтүстік Америкадағы ең үлкен арал?

Жауап (оқушы): Гренландия

Кейінгі әрекет (мұғалім): дұрыс

Жиынтық бағалау оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін бағалау немесе оқытуды бағалау деп те атаймыз.

Ал,сабақта бағалауды алғашқыда топ ішінде жай айтып бағаланса ,кейінгі сабақтарда қайта бағыттаудың кезінде шынайы бағаларын ұсынатын болды.Өйткені олар көздерін толық жеткізді топтық жұмыста өзара кімнің қаншалықты жұмыс жасағанын байқап нақты түйіндерін айтады. Мысалы: 9- сыныпта «Отын өнеркәсіп кешені» тақырыбындағы сабағымда бағалауда.Өзін-өзі бағалау топтың жұмысына баға беру,жұптық бағалау мен шектелсе. Бағалау тек бірін -бірі топ ішінде бағаласа,кейінгі сабағымда екі жетістік бір ұсыныс айтып топтар пікірлерін білдірді.Сонымен қатар 4 топтың 2-уі бір-біріне жақсы ұсыныстарын айтты.Сабақта кейбір мәліметтерінің нақты емес жақтарын сонымен бірге топ ішінде тыс қалған оқушылардың келесіде топ басшысына топтық жұмыстарға тартуына да шынайы ұсыныс пікірлерін білдірді.Сабақ соңында өзімнің тарапымнан екі жетістік бір ұсынысымды айтып топтарды бағалап өттім.

Негізінен оқушылар өздерінің қаншалықты жұмыс жасағанын осы бағалаудың негізінде байқауға болады. Бағалауда оқушы да мұғалім де өз ойларын жинақтап кері байланыс орнату және сол күнгі жұмысын мен топтарын және жұптарын бағалайды.Бағалау барысында әр оқушының сол топқа қаншалықты үлес қосқанын,өздерінің іс-қимылдары арқылы бағалау әділ әрі шынайы болады.Өз іс-тәжірибемдегі 7 «Б» сыныпқа өткен Солтүстік Американың табиғат зоналар сабағымда оқушыларды төрт топқа бөліп жұмыс жүргіздім.Сабақ барысында топтың жұмыстың орындалуы мен критерий бойынша бағалауды әр топ басшылары Айдана ,Ақбота,Байтас,Жанеркелер өз топтарына бағалауды ұйымдастыра білді.Жұптық бағалау кезінде де қаншалықты атсалысқанын айқындап айта алды. Сондай ақ әр тапсырманы орындау мен қорғау барысында екі жетістік бір ұсынысты айтуға оқушылар бірте - бірте дағдылана бастады.Оқушылар алдыңғы сабақтарға қарағанда сабақтың мақсаты мен оған қол жеткізген нәтижелерінің қаншалықты жеткендігін білетін болды және өздерінің алған әсерлерін рефлексиясын айтуға дағдыландыру болды. Жаңаша әдіс - тәсілдерді әр сыныпта топтық жұмыстан бастап тәжірибеге ендіру, сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып бағалауды өздері топтық,жұптық ,өзін - өзі бағалауды сабақтарда қолдануға оқушыларды бағыттадым.Әрине оқушылардың бағалауды толық меңгермесе де алға талпынып өз ойларын ашық айтуға тырысып отырды.Сабақтағы топтық,жұптық бағалау мен бақылаушының жұмыстарына деген оқушылардың көзқарасы ерекше болды.Өйткені оқушылар дәстүрлі сабаққа үйренген оқушылар үшін бұл бағалау әдісі ерекше әсер етті.Сондай-ақ оқушылардың белсенділігі жоғарылады.оқушылар сабаққа дайындықсыз келмеуге , әр түрлі қосымша тапсырмаларды өздігінен дайындап келуге, шығармашылықпен айналысуға бағыттау.Топқа бөлу кезінде немесе берілген тапсырмаларды бірлесіп атқаруға ,сабырлы болуға ,барлық оқушылардың сабаққа түгел қатысуға,қосымша ақпараттар арқылы алынған мәліметтерінің толықтығына мән беру, бір-бірінің айтқандарын қайталамауға бірінің айтпағанын толықтырып,өз тобының алға жылжуына жағдай жасау болып табылады.Бұл ерекшеліктер 6 «А,Б» сыныптарында да бірден аңғаруға болады.Екі сыныптың оқушыларының сандық ерекшеліктеріне байланысты 6 «Б»сыныбын 3 топқа бөліп топтық жұмыс пен сабақты өтуді бастадым.Сыныптағы жоғары,орта, төменгі деңгейдегі оқушыларды бөліп отырғызудан бастадым.Өйткені оқушылар бұл жаңа жүйеге көзқарастарын аудару үшін алғашқыда осылай отырғыздым және рөлдерді бөлу барысында белсенді оқушылардың ынтасы жоғары болғандығын аңғару қиын емес еді.Тек қана топтасып қоймай жұптасып жұмыс жасау,өздерін және өзге топтарды бағалауды үйрету болды.Кейінгі сабақтарымда оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта бастады.олай дейтінім сабақтағы жетістіктерімен кемшіліктерін топ ішінде өзара анықтап, жалпы топты,жұпты сабақты қорытындылауға бағытталғандай болды.Әлі де болса сабақта бағалаудың басқа да түрлерін қолданып оқушылардың белсенділігін арттыру алдағы уақыттың еншісінде.Қарама-қарсы 6 «А»сыныбын төрт топқа бөліп алдым.Оқушылар өздері топқа бөлінгеннен кейін рөлдерді де өздері бөліп алды, тек мен оқушылардың дұрыс орналасуы мен теңдей бөлінуіне бағыт бағдар мен ұсынысымды ғана жеткізіп отырдым топтасып отыру мен жұптасып отыруға оқушылардың белсенділігі байқау қиын емес еді.Топтасып сабақ өту барысында оқушылардың шуылы күшейгендей болды.Дегенмен оқушылар менің тарапымнан берілген тапсырмаларға бей жай қарамайтындығы,қасындағы топтардың жұмыстары мен тапсырманы орындауларына мән беріп,қателерін қайталамау мен өз ұсыныстарын жеткізіп ,бағалау кезінде топтың жоғары балдарды жинауына барынша күш жұмсауға тырысып отырды.Алдыңғы сабаққа қарағанда кейінгі сабақта оқушылардың бірін -біріне түсіндіру мен сабақты қорғауда қайталамауға бақылаушылардың жұмыстарының жүйелі орындалуы мен бағалауда тек топты ғана емес жұптарында бағалау да жүріп отырды.Сондай -ақ бағалауда әділ болуға ,жетістіктерін атап өткендігін айтуға болады.Алдағы уақытта бұл сыныптардың бағалауды мұғалім емес оқушылар өздері топтық,жұптық пен бірге белгілі критерийлерді пайдалана отырып бағалаудың жоғары деңгейіне жететіндігіне сенімім мол. Осындай топтық жұмыстар арқылы бала өзін-өзі және өзгені бағалайды, өзін-өзі реттейді, бағалау арқылы қадір-қасиетін сезінеді өзіндік ой мен талпыныс пайда болады.Сабақтың қаншалықты мақсатына жеткендігін өздері тұжырымдайтын болады.

Іс-тәжірибемді алдағы уақытта әлі де болса бағалау мен басқа да модульдерді жетілдіруімді қажет етеді. Өзімді және оқушыларды да жүйелі жауап пен кері байланыс орнатуға топ ішінде ұйымшылдыққа,сыпайылыққа,шыдамдылыққа бағыттау алдағы күннің еншісінде.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей

  2. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде

С.Мирсеитова Қарағанды,2011 жыл

3. Интернет желісі

4. Дала мен қала республикалық газет

Аннотация:

Учитель на практике доказал, что обучая учащихся использовать рефлексию различными формами и приемами, помогает психологически настроить учащихся к взаимопониманию друг к другу, что приводит к хорошим результатам.

Announce:

The teacher proved on practice that educate students using reflection with different forms

and methods/, help psycholodically tune students to understanding each other leads good results.



© 2010-2022