География пәнінен сайыс Әлемді география арқылы танып біл. 6 сынып

Мақсаты: 1 Оқушылардың география пәніне қызығушылығын белсенділігін арттыру, ұйымшылдыққа достыққа, тез ойлап, тез шешім қабылдауға, бір-біріне көмектесуге үйрету, жеке тұлға ретінде дамуын қалыптастыру.2 Тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа тәрбиелеу1 Таныстыру2 Кім тапқыр? (Ең, ең, ең сөзіне сұрақтар беріледі)3 Сандар нені білдіреді4 Ситуациялық сұрақтар5 Сиқырлы әріптер6 Ойлы болсаң, озып көр Топ басшылар сайысы
Раздел География
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Әлемді география арқылы танып біл.

Мақсаты: 1 Оқушылардың география пәніне қызығушылығын белсенділігін арттыру, ұйымшылдыққа достыққа, тез ойлап, тез шешім қабылдауға, бір-біріне көмектесуге үйрету, жеке тұлға ретінде дамуын қалыптастыру.

2 Тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақтың барысы

Кіріспе

Жүргізуші: Білгенге білім- байлық, бағасы артық,

Салмағы сан жетпейтін қорғасындай

Үйренсең өнер-білім -өшпес мұра,

Таусылмас тау кенінің ордасындай.

Білім өшпес жүрекке жанған шырақ,

Ол-көк сауыт, құрыштай қару-жарақ.

Асыл сол- ақыл, білім бойда барлық.

Кезі келді міне ойланарлық.

Оқысаң ғылым қорын білім алар,

Көңілдің кірейк басқан көзін ашар.

Осы айтқан сөздерін санамызға сақтай отырып, ойынымызды бастаймыз.

Бүгінгі сайысымыздың шарттары.

1 Таныстыру

2 Кім тапқыр? (Ең, ең, ең сөзіне сұрақтар беріледі)

3 Сандар нені білдіреді

4 Ситуациялық сұрақтар

5 Сиқырлы әріптер

6 Ойлы болсаң, озып көр Топ басшылар сайысы

Жүргізуші: Көзге түсер жүйріктер бағасымен

Суда ағар таулардың саласымен

Қара қылды қақ жарар алдарыңда

Таныстырайық әділ қазы алқасымен

Әділ қазыларылар алқасы : Абдыкалыкова Г,Сейдуллаева Д, Қабланова М

Жүргізуші: Тек сәтілік қатысыңдар сайысқа,

Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыспа.

Оқу керек, білім керек қашанда,

Ол болмаса, сайыс деген сайыс па дей отырып бүгінгі сайысымыздың алғашқы кезені сайысқа қатысатын топтар өздерін таныстырып өтеді.

Топтар: 1 топ - Саяси карта

2 топ - Экономикалық карта

3 топ - Физикалық карта

4 топ - Мұхиттық карта

Жүргізуші: ІІ кезеңіміз "Кім тапқыр?" (Ең, ең, ең сөзіне байланыстыра сұрақтар беріледі.) Оқушылар шапшаң, тез жауап беру керек.

І топқа

1 Ең үлкен арал ---Гренландия

2 Ең үлкен түбек--- Арабия

3 Ең ұзын ел ---Чили

4 Ең ірі ескек аяқты жануар---- Морж

5 Ең ірі құс --- Түйеқұс

6 Ең кішкентай ғаламшар--- Плутон

7 Ең құрғақ материк --- Австралия

8 Ең көп тараған тіл --- Ағылшын тілі

9 Ең кішкентай құс --- Колибри

ІІ топқа

1 Ең кіші материк--- Австралия

2 Ең үлкен көл ---Каспий

3 Ең ұзын тау --- Кордильер

4 Ең суы мол өзен --- Амозонка

5 Ең үлкен мұхит ---Тынық

6 Ең суық материк --- Антрактида

7 Ең үлкен ойпат --- Амозонка ойпаты

8 Ең ұзын өзен --- Ніл

9 Ең кішкентай мемлекет --- Ватикан

ІІІ топқа

1 Ең терең шұңғыма --- Мариан

2 ЕҢ тұзды теңіз --- Қызыл теңіз

3 Ең халқының саны көп мемлекет --- Қытай

4 Ең терең көл --- Байкал

5 Ең жүйрік сүт қоректі --- Гепард

6 Ең ыстық материк --- Африка

7 Ең терең шұңғыма --- М ариан

8 Ең үлкен мемлекет --- Ресей

9 Ең сұлу құс --- Аққу

ІV топқа

1 Ең биік шың --- Джомолунгма

2 Ең үлкен шөл --- Сахара

3 Ең кіші мұхит --- Солтүстік мұзды мұхит

4 Ең суыққа төзімді құс --- Пингвин

5 Ең биік жануар --- Керік

6 Ең күнге жақын ғаламшар --- Меркурий

7 Ең биік сарқырама --- Анхель

8 Ең жасыл материк --- Оңтүстік Америка

9 Ең тынымсыз мұхит --- Тынық мұхит

Жүргізуші: Білім -өшпес жүрекке жанған шырақ,

Ол- көк сауыт, құрымтай қару- жарақ,

Асыл сол ақыл, білім бойда барлық

Кезі келді міне ойланарлық

Ендігі сайысымыздың кезеңі " Сандар нені білдіреді " Әр топқа үлестірме қималар беріледі. Топ басшылары үлестірме қималарды таңдап алады.

І топқа

А 8848м --- Гималай

Б 41% --- Қызыл теңіздің тұздылығы

В 200 м төмен --- Ойпат

Г 11022 м ---Мариан шұнғымасы

Д 510 млн км --- Жердің ауданы

Ж 24 сағат --- тәулік

ІІ топқа

А 1000 м- 2000 м --- Биік таулар

Б 100 градус --- Гейзердің температурасы

В 2-5 см --- Тақталардың ығысуы

Г 2900 м --- Мантия

Д 3500 м --- Ядроның радиусы

Ж 66,5 градус --- Жер өз өсінің орбита жазықтығында көлбеу орналасуы

ІІІ топқа

А 6995 м --- Хан тәңірі

Б - 132 м --- Қарақия ойысы

В 0- 360 градус --- толық шеңбер

Г 111 км --- Бастапқы меридиан

Д 270 градус --- Батыс

Ж 1492 ж --- М. Бейхайм глобус жасады.

ІV топқа

А 150млн км ---Жер мен күннің ара қашықтығы

Б 366 --- Кібісе жыл

В 1 см- 100 м --- Атаулы масштаб

Г 40000 км --- Экватордың ұзындығы

Д 200-500м --- Қыраттар

Ж 9 --- ғаламшар

Жүргізуші : Оқысаң ғылым қорын білім асар,

Көңілдің кіршік басқан көзін ашар,

Бар ізгілік тек біліммен алынар,

Білім ал, ол өмірдің жолын ашар, дей келе білім - адам баласының ортақ қазынасы. Келесі кезеңіміз «Ситуациялық сұрақ» Әр топқа ситуациялық сұрақтар беріледі.

І топқа

1 Ертеде қойшылар ағаш тостағанға сүт пісіріп ішкен. Оны қалай түсіндіруге болады.

Жауабы: Тасты қыздырып салып отырған.

ІІ топқа

1 Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүріп жергілікті адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға әртүрлі сұрақтар қоя бастадыңдар. Олар сіздерге Кенгуру деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер.

Жауабы : Австралия материгі

ІІІ топқа

1 Сіздер бұл материкте оқымысты ғалым қызметкерлерімен басқа адамды кездестірмейсіздер. Бірақ ешқайсысы зәулім ғылыми институттарға жұмысқа бармайды және қарапайым вагон үйлерде тұрады.Бұл қай материк және қай халық.

Жауабы: Антрактида материгі және зерттеушілер.

ІV топқа

Италияда Ит үңгір деп аталатын үңгір бар. Оның түбінде ұдайы көмір қышқыл газы тұнып тұрады. Үңгірде адам еркін жүре береді, ит болса, ұзамай-ақ сенделіп барып құлады. Неге?

Жауабы: Газ жерден 1 м-ден артық биікке көтерілмейді. Ит сондықтан құлады.

Жүргізуші: Білгенге, білім-байлық, бағасы артық,

Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.

Үйренсең өнер-білім, өшпес мұра,

Таусылмай тау кеңінің қордасындай.

Келесі кезеңіміз " Сиқырлы әріптер"

А - ЕҢ суық материк --- Антарктида

Ә - Еуразияның ішкі тұйық алабына жататын өзен --- Әмудария

Б - Жердің географиялық қабығы --- Биосфера

Г - Жердің кішірейтілген бейнесі ---Глобус

Ү - Еуразияның оңтүстігіндегі мұхит --- Үнді

М - Планда кішірейтіліп көрсетілген сан --- Масштаб

П - Ертедегі ежелгі құрлық --- Пангея

Т - Солтүстік бағытты көрсететін жұлдыз --- Темірқазық.

Э - Жердің дөл ортасынан бөліп жатқан сызық --- Экватор

Л - Жердің беткі қатты қабаты --- Литосфера.

О - Абсолюттік биіктігі 200 м -ге дейінгі жазық --- Ойпат

Қ-Жануарлар мен өсімдіктерді қорғайтын аймақ------Қорық

Ц- Жер сілкінісінің әсерінен пайда болатын толқын------Цунами

Жүгізуші: ІVкезеңіміз Топ басшылар сайысы

Жұмбақтар беріледі.

1 Таумен көзін ашады 2 Қолы жоқ сурет салады

Әлемге нұрын шашады Тісі жоқ сурет салады

(Күн) (Аяз)

3 Аяғы жоқ жүреді 4 Кең әлемді кернейді

Сылқ-сылқ күледі Көзің бірақ көрмейді

(Су) (Ауа)

Жүргізуші :Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік

Сөз кезегі мқазыларға берілсін

Арамызда тапқыш достар көп екен

Олардың біз нәтижесін көрейік

дей келе ендігі қорытынды сөз кезегін қазыларға береміз

Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білімнің шыңына

Дарындылық пен тапқырлық

Жеткізеді сіздерді

География сырына,- дей отыра сайысымызды аяқтаймыз.

© 2010-2022