Алтай 8 сыныпқа арналған ашық сабақ

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Алтай.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Алтайдың орографиялық сызбасын оқып-үйренуге, пайдалы қазбаларының таралу заңдылықтары, климат жағдайларының ерекшеліктері, өзендері, көлдері, қорықтары, табиғат ресурстары туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Сұрақтарға жауап беру арқылы білім жинақтауына, әртүрлі тапсырмалардың көмегін пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын ояту, өз ойын, пікірін дұрыс айта білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге, табиғаттың сұлулығын аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, картамен, ойын түрлерімен, тақтамен жұмыс.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды топқа бөлу: 1-топ: Тұран тобы. 2-топ: Сарыарқа тобы. 3-топ: Орал тобы.

  2. Үй тапсырмасын тексеру. Деңгейлік сұрақтар.

Жеңіл сұрақтар:

1.Алтай таулары Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?

2.Алтай тау жүйесінің ең биік нүктесі қалай аталады, қанша метр?

3.Алтай тауы жер бедері ерекшеліктеріне қарай қанша ауданға бөлінеді, оларды ата.

Күрделі сұрақтар:

1.Марқакөл қазаншұңқыры Алтай тауының қай ауданында орналасқан?

2.Кенді Алтайдың тау жоталарын ата.

3.Алтайдың қандай жотасы Сарыарқамен шектеседі?

Сөзжұмбақ «Алтай».

Картамен жұмыс (кеспе қағаздарында көрсетілген объектілерді картадан көрсету).

  1. Алтай таулары, Марқакөл көлі, Өскемен қаласы, Үлкен Боқтыбай шыңы, Есіл өзені.

  2. Қалба жотасы, Ертіс өзені, Семей қаласы, Ақсораң шыңы, Қарқаралы тауы.

  3. Мұзтау шыңы, Зайсан көлі, Риддер қаласы, Солтүстік Қазақ жазығы, Көкшетау таулары.

3.Сергіту сәті.

Бәріміз бір топпыз,

Жалқаулыққа жоқпыз.

Аянбай еңбек етеміз,

Мұратымызға жетеміз.

Бір-бірімізге тірекпіз,

Бірге соққан жүрекпіз.

Аламыз білім жақсы ғып,

Тілейміз бәрімізге сәттілік!

4.Қызығушылықты ояту.

3 топқа мақал-мәтелдер беріледі, оқушылар мақалдардың мағынасына қарай бүгінгі өтілетін тақырыпты табуы тиіс.

1-топ: 1. Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе қатқақ келер.

2.Қыстың көзі қырау.

3.Сәуір болса, күн күркірер,

Күн күркіресе, көп дүркірер.

4.Сықырлаған аязда сары қамысты сағала.

2-топ: 1. Тау кезеңсіз болмас,

Өлке өзенсіз болмас.

2.Көліне қарай қазы,

Көңіліне қарай сазы болады.

3.Өзен ақса - көл,

Дария ақса - сел.

4.Өзен жағалағанның өзегі талмас.

3-топ: 1. Тауына қарай тоғайы,

Шошқасына қарай торайы.

2.Қасқырдың ойлағаны - арамдық,

Қойдың ойлағаны - амандық.

3.Жалғыз ағаш - орман болмас.

4.Жігіттің екі сөйлегені - өлгені,

Еменнің иілгені - сынғаны.

5.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

6.Тақырыпты бекіту.

А)Тақырыптық кеспе қағаздармен жұмыс.

1. Алтайдың өзіндік климатының қалыптасуына, жазда тау ішінің салқындауы мен қыста жылы болуына не әсер етеді? (инверсия)

2. Тауларда жоғарылаған сайын температура қалай өзгереді? (төмендейді)

3.Алтай тауларында жауын-шашын мөлшері қандай? (300-400, 1000-1500 мм)

4. Ертіс өзенінің салалары (Бұқтырма, Күршім, Үлбі, Үбі, т.б.)

5. Алтай көлдері шығу тегі бойынша қандай көлдер? (тектоникалық)

6.Алтай тауларындағы ең үлкен мұздық (Үлкен Берел мұздығы)

7. Алтайда таралған табиғат зоналары (шөлді, шөлейтті, ормандар, шалғындық белдем, альпілік белдем, мәңгі қар белдеуі)

8. Алтайдың орманды алқаптарының өсімдіктері (бал қарағай, май қарағай, шырша, самырсын)

9. Алтайға ғана тән жануарлар (бұғы-марал).

Ә) Географиялық диктант.

Б) «Кім жылдам?» ойыны.

1. Алтай тауының биік нүктесі (Мұзтау)

2. Алтай тауындағы ағынды көл (Зайсан)

3.Жауын-шашынның ең көп түсетін жері (Батыс Алтай)

4. Алтайдан қандай пайдалы қазбалар өндіріледі?

5. Алтай тауының ең үлкен өзені (Ертіс)

6. Алтай өңірінен өндірілетін қазбаларды байытатын металлургиялық зауыттар қандай қалаларда салынған?

7. Тау ішінде жауын-шашын мөлшері қанша? (1000-1500 мм)

8. Алтай тауында қандай табиғат апаттары орын алады? (сел тасқындары, қар көшкіндері).

9. Ертіс өзенінің бойында орналасқан СЭС-ры (Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі)

10. Алтай тауында қанша мұздық бар? (328)

11. Алтай тауында қандай құстар кездеседі?

12. Алтай өңірінің негізгі экологиялық мәселелері (зауыт қалдықтарымен ластану және орман алқабының азаюы).

7.Сергіту сәті. Ребус шешу.

8.Оқушыларды бағалау.

9.Үйге тапсырма. Алтай. Оқу. Алтай тауының пайдалы қазбалары мен ішкі суларын кескін картаға түсіру.


© 2010-2022