Еліміздегі мәдени өсімдіктер. Саңырауқұлақтар

Сынып: 5 Пән:ЖаратылыстануТақырыбы: Еліміздегі мәдени өсімдіктер.Саңырауқұлақтар.Мақсаты:Білімділік: Оқушыларға еліміздегі мәдени өсімдіктер жайлы түсінік беру және саңырауқұлақтардың көптүрлігін олардың адам үшін маңызымен таныстыру.Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Сабақ түрі: Аралас сабақКөрнекілігі: Қосымша материалдар,оқулық т...
Раздел География
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 5 Пән:Жаратылыстану

Тақырыбы: Еліміздегі мәдени өсімдіктер.Саңырауқұлақтар.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға еліміздегі мәдени өсімдіктер жайлы түсінік беру және саңырауқұлақтардың көптүрлігін олардың адам үшін маңызымен таныстыру.

Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: Қосымша материалдар,оқулық т.б.

Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.

2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.

3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

1

Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады.

Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.

2

Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау.

1.Адамдар бөлмеде гүлді не үшін өсіреді?

2.Гүлге қандай күтім қажет?

Медицинада дәрілік өсімдіктердің пайдаланылуы және олардан қандай препараттар дайындайды?

Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға қыскаша жауап береді.

3

Адамдар үшін мәдени өсімдіктердің маңызы шексіз. Бау-бақшадағы, егін алқабындағы өсіп тұрған өсімдіктер азық-түліктің ,дәрі -дәрмектің ,мал азығының негізгі көзі.

Республикамызда мәдени өсімдіктер көп түрлі.Олардың арасында негізгі орында астықтұқымдастар-бидай ,қарабидай, сұлы ,жүгері, күріш,тары, және арпа. Олар Қазақстанның көп жерлерінде өсіріледі.

Саңырауқұлақтың маңызы.

Табиғатта

Адам өмірінде

1.Топырақтың құнарлылығын арттыруда қатынасады.

2.Өсіп тұрған және қураған ағаштарды шірітеді.

3.Тамақтану шеңберінің бір құрамдас бөлігі.

1.Адамдардағы ауруды қоздырушы.

2.Биологиялық активті заттарды қалыптастырады.

3.Тағам.

4. Дәрі-дәрмек.

Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.

4

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды.

1.Мәдени өсімдіктер дегеніміз не? Оларды қандай мақсатқа қолданады?

2.Саңырауқұлақтың өсімдіктен қандай айырмашылығы бар?

3.Саңырауқұлақтар қайда өседі?

Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс.

Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды.

5

§49-50 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

6.

Сабаққа қатысқаны бойынша бағалау..



© 2010-2022