Ашық сабақ: Оңтүстік Америка материгі тарауы бойынша қорытындылау

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Оңтүстік Америка материгі» тарауы бойынша қорытындылау.

Сабақтың мақсаты: Оңтүстік Америка материгі туралы білімдерін қорытындылай отырып ,білім деңгейін бақылау.

Дамытушылық: оқушының ойлау,есте сақтау қабілетін арттыру, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру,қызығушылығы мен белсенділігін артттыру. Оқушылардың географиялық обьектілерді картадан көрсете алу, шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдық қарым-қатынасқа, ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа,достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Пысықтау, жинақтау сабағы.

Сабақтың түрі: қайталау, сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап ,тест

Пән аралық байланыс: Тарих.

Көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, тест, интерактивті тақта, слайдттар,атлас карта.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгендеу,оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту. Оқушыларды 2 топқа бөлу,сабақ мақсатымен, өтілу барысымен таныстыру.

1-топ Оңтүстік жарты шар. 2-топ Оңтүстік Америка

2.Сабақтың ұраны:

Бес болсын алар бағамыз,

Білімімен бақыт табамыз.

Жер шарын танып білуге,

Американы шарлап барамыз.

Үлкен тарауды қайталау

1-кезең. Кім шапшаң?

Сұрақ-жауап: Оңтүстік Америка материгін қайталау барысында 2-топқа сұрақ беріледі.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.

1топ.

1.Оңтүстік Америка жерінің жалпы ауданы? 18,3млн

2.Оңтүстік Американың ең суы мол өзені қалай аталады? Амазонка

3.Материктегі ірі тау жүйесі қалай аталады? Анд тауы.

4.Ең ірі аралы қалай аталады? Отты жер аралы

5.Анд тауындағы ең биік тау көлі қалай аталады? Титикака

6.Амазонка өзеніндегі алып балық қалай аталады? Арапайма

2 топ.

1.Оңтүстік Америка материгіне алғаш аяқ басқан саяхатшы? Х.Колумб

2.Оңтүстік Американың байырғы халқы қалай аталады? Үндістер

3.Оңтүстік Америка жеріндегі кездесетін пайдалы қазбаларды ата?

Темір,марганец,уран,никел,алмас,мұнай,газ,көмір,қорғасын,күміс,мырыш.

4.Материктің ең биік нүктесі қалай аталады? Аканкагура 6960м

5.Оңтүстік Америка қыраттары қалай аталады?

Гвиан,Бразилия, Ла-Плата

6.Американың ірі өзендері мен көлдерін ата.

Амазонка,Парана,Ориноко,Магдалена,Титикака,Маракайбо.

2 -кезең. Тарихшылар бөлімі:

Екі топқа интерактивті тақта арқылы екі саяхатшының суреті ұсынылады. Саяхатшылардың аты-жөнін, қай жерді ашқанын баяндап және ашқан жерін картадан көрсету керек.Әр бір топқа 10 ұпайдан беріледі.

1-топқа: Х.Колумб туралы.

2-топқа: Америго Веспучи туралы.

1498 ж.

Х. Колумб тұңғыш рет аяқ басты.

1499 ж.

Америго Веспучи Гвиана және Венесуэла жағалауларымен Амазонка сағасына дейін жеткен.

1501 ж.

Америго Веспучи Бразилия жағалауларына дейін жеткен.

ХVІ ғ. басы

Фернан Магеллан құрлықтың шығыс жағалауы арқылы жүзіп, Магеллан бұғазын ашқан.

ХVІ ғ. аяғы

Фрэнсис Дрейк құрлықтың оңтүстігіндегі Дрейк бұғазын ашқан.

ХVІІІ ғ. аяғы ХІХ ғ. басы

Александр Гумбольдт, Бонплан құрлықтың табиғатын зерттеп, алғашқы геологиялық картасын жасаған.

1874 ж.

А.И.Воейков құрлықтың климатының өзіндік ерекшеліктерін зерттеді.

1932-33 ж.

Н.И.Вавилов құрлықтың мәдени өсімдіктерін зерттеді.

3-кезең. Сәйкестігін тап бөлімі.Әрбір топқа 5-ұпайдан беріледі.

1.топ

Ла-Плата өзен

Гвиана шың

Парана мүйіс

Аканкагуа пайдалы қазба

Анхель ойпат

Горн таулы үстірт

Уран сарқырама

2.топ

Инктер орман

Мулат ағаш

Гевия жануар

Титикака ұлт

Лама сарқырама

Игуасу халық

Сельвас көл

4-кезең. Ең,ең,ең.....сұрақтары. Әрбір сұраққа 1-ұпай.

1.Оңтүстік Америкадағы ең ұзын өзен жүйесі қалай аталады? Амазонка

2.Ең биік жері қалай аталады? Аконкагуа

3.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама қалай аталады? Анхель

4.Дүние жүзіндегі ең ірі көл қалай аталады? Титикака

5.Дүние жүзіндегі ең биік сөнбеген жанартау қалай аталады? Охосдель-Саладо.

6. Жер шарындағы ең ылғалды және ең жасыл материк қалай аталады?

Оңтүстік Америка

7.Дүние жүзіндегі ең ұзын тау қалай аталады? Анд тауы

5-кезең.Кім картаны көп біледі? Бұл кезеңде екі топ картадан айтылған географиялық обьектілерді тез көрсетіп табудан жарысады. 5-ұпаймен есептелінеді.

1-топ 2-топ

Анд тауы Оңтүстік Америка

Титикака көлі Маракайбо көлі

Атлант мұхиты Тынық мұхиты

Амазонка өзені Магдалена өзені

Ориноко Анхель сарқырамасы

Игуасу сарқырамасы Амазонка ойпаты

6-кезең. Екі топқа семантикалық карта беріледі,дұрыс жауаптың тұсына +деген белгі қойылады.Белгілі уақыттың ішінде тез,дұрыс орындаған топқа 5ұпай беріледі.

Р\с

Географиялық обьекті

Мемлекет

Ғалым

Өзен

Тау

Көл

1

Анд

+

2

Амазонка

+

3

Титикака


+

4

Бразилия

+


5

Х.Колумб

+



© 2010-2022