География пәнінен ашық сабақ Аласа таулар (8 сынып)

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

Аласа таулар

Сабақтың мақсаты

Аласа таулардың географиялық орнының ерекшеліктерімен таныстыру және маңызды деректер арқылы білімдерін кеңейту,оқушылардың өзара қарым-қатынас жасау іскерліктерін қалыптастыру, сөздік қорын молайту

Күтілетін нәтиже

Аласа тауларды биіктігіне қарай ажырата алады, картадан тауып көрсете алады, дүниетанымы кеңейеді, өз идеяларын еркін жеткізуге тырысады, бір-бірін өзара түсінуге, қолдауға үйренеді

Әдіс-тәсілдер

«Шаттық щеңбер», «Ой шақыру», «Жеке диологтық-топтық жұмыс», «Ортадағы қаламсап », «Өзара оқыту» стратегиялары

Сабақ барысында жүзеге асатын жұмыс түрлері

Сергіту сәті, топтық жұмыс (жоба жасап постерге қорғау) , ассоциация жасау, әңгімелеу, талдау, кері байланыс, диалог,рефлексия.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Негізгі ресурстар

Компьютер, корона, фломастер, карта, постер, бағалау парақтары, үлестірмелі материалдар,

оқулық,Қосымша деректер, кескін карталары, атлас карталары

Бағалау

Формативті, Бағалау парағы (критерийлерге қарап бағалау), смайликтер, жиынтық бағалау

Қамтылған модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Диалогтік оқыту

«Оқыту үшін бағалау, оқытуды бағалау

«Оқытудағы көшбасшылық»

СТО технологиясының элементтері

АКТ пайдалану

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Сабақтың барысы:

Кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Әдіс-тәсілдер

І



ІІ

3 минут



5 минут

Сергіту сәті. «Шаттық шеңбер»

Топқа бөлу. Оқушыларға 3 суреттің қиындылары беріледі. Суретті біріктіру арқылы топқа бөлінуді және араларынан топ басшысын сайлауды ұсынады.

Өткенді еске түсіру. Ортада қаламсап стратегиясы. Мұғалім әр топ мүшелеріне қаламдарын ортаға қоюын сұрайды. Мұғалім таңдаған қалам иесі сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса, топ мүшелері көмектеседі.

Сергіту сәтін жасайды.

Сурет қиындыларын біріктіріп, топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды.Үш топқа бөлініп отырады

Оқушылар қаламдарын ортаға қояды, мұғалім қай оқушының қаламын таңдаса сол сұраққа жауап береді. Мынадай сұрақтарың жауаптарын айтады:

  • Жер бедері дегеніміз не?

  • Жер бедерінің қандай түрлерін білесіңдер?

  • Республика жер бедерінің ең төмен нүктесі еліміздің қай бөлігінде орналасқан?

  • Еліміздің жер бедерінің ең биік нүктесі?

Қазақстан жер бедерінің ерекшеліктері ?

Оқыту мен оқудағы

жаңа тәсілдер



Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

ІІІ

7 минут

Психологиялық ахуал « Ой шақыру» стратегиясы.

«Туған Жер» әнімен видеоролик көрсетіледі

Ролик бойынша тапсырма: Тауды сипаттайтын сын есімдер тізімін жазу (биік,қарлы, орташа , аласа) .

Роликті қарап, өз ойларын ортаға салады, пікірлерін айтады.

Оқушылар өз ойларынан тауды сипаттайтын мысалдар келтіреді. Ортаға салған сын есімдерді тақтаға іледі, оқып шығады.

Аласа таулар туралы не білгілері келетіндерін айтады. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақ мақсатын құрастыру үшін олар тақырып көлеміне байланысты өз қызығушылықтарын және не білгілері келетіндерін айтады

АҚТ-ны пайдалану

СТО технологиясының элементтері

ІІІ

10 минут

«Өзара оқыту стратегиясы

Оқулықпен жұмыс істеу мақсатында кітап мәтін оушыларға бөліп береді.

Әр топқа өз мәтіні бойынша постер құруға нұсқаулық береді.

Әр топ оқушылары, өтіліп жатқан тақырып көлемінде, оқулықтың мәтін бөліктерімен жұмыс жасайды.

Өз ойларын қағаз бетіне жазады, суреттейді, постер қорғайды

ІV

15 минут

Дәптермен жұмыс

1.Топтық жұмыс.(Пәнаралық байланыс)

1 . топ Эссе жазу

2 топ - Өлең шығару

3 топ - Сурет салу.

4 топ- «Егер табиғатқа тіл бітсе, онда …» деген тақырыппен өз ойларын ортаға салу

1.Топпен жұмыс жасайды.

Әр топ өз ойларын ортаға салып, бір-бірлерінің ойларын жинақтап, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, эссе түрінде, сурет, өлең шығару арқылы, өздері шығармашылық ізденіс жасайды.

V

5 минут

Бағалау


Критерийлерге қарап бағалаушылардың бағасымен танысып, өзінің бағасын шығарады. Смайликтер қолдану арқылы оқушылардың сабақ барысындағы көңіл күйлерін анықтап, «Бағдаршам» бойынша оқушылардың білімін тексереді. Рефлексия парағын таратады.

Инсерт әдісі.

Білемін. Білгім келеді . Үйрендім

Күнделікке бағаларын қойдыртады.

Рефлексия жазады

Оқушылар бүгінгі сабақтан нені меңгергендіктерін жазады және тағы нені білетіндіктерін ойланып жазады.

2 минут

Үйге тапсырма.


  1. Мұхиттағы өсімдіктер мен жануарлар жайлы тың мәліметтер жазып әкелу

  2. Шығармашылық жұмыс «Келешекте мұхит қандай болады?»













© 2010-2022