Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар, Күн радиациясы

-         Қазақстан климатының ерекшеліктерін ашу, Климат құрушы факторлар. Күн радиациясы, атмосфераның алмасуы, халықтың шаруашылық өміріне, табиғатқа климаттың әсерімен танысу -         Объектілер мен құбылыстарды топтастыра білуге жетілдіру, ерекшеліктерін айқындап, салыстыру, қорытынды жасау. Оқушылар білуге міндетті: -         Климат қалыптастырушы факторларды -         Қазақстан территориясында температура мен жауын-шашынның таралуын -         Желдің және атмосфера алмасуының қалыптасу ж...
Раздел География
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар, Күн радиациясыҚазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар, Күн радиациясыҚазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар, Күн радиациясыҚазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар, Күн радиациясыҚазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар, Күн радиациясыҚазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар, Күн радиациясыҚазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар, Күн радиациясыҚазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар, Күн радиациясыТақырыбы: §19. Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар, Күн радиациясы

I. Оқу модулінің құрылымымен танысу

II. Мақсат мен міндеттерді анықтау

  • Қазақстан климатының ерекшеліктерін ашу, Климат құрушы факторлар. Күн радиациясы, атмосфераның алмасуы, халықтың шаруашылық өміріне, табиғатқа климаттың әсерімен танысу

  • Объектілер мен құбылыстарды топтастыра білуге жетілдіру, ерекшеліктерін айқындап, салыстыру, қорытынды жасау.

Оқушылар білуге міндетті:

  • Климат қалыптастырушы факторларды

  • Қазақстан территориясында температура мен жауын-шашынның таралуын

  • Желдің және атмосфера алмасуының қалыптасу жағдай және территорияның ылғалдануы

  • Климаттың халықтың шаруашылық өміріне, табиғатқа әсерін таныстыру

III. Оқушылар жасай алу керек:

1. материал мазмұнында бағдарлау

2. негізгісін ашу

  1. оқу міндеттерін шешу үшін қажетті картаны дұрыс таңдау, картаны оқу.

  2. себеп-салдарын анықтау

  3. карта бойынша табиғат құбылыстарына қысқаша сипаттама беру, айырмашылықтарын түсіндіру

IV. Жаңа материалды меңгеру

4.1. Лекция, тақырыпты қысқаша баяндау

4.2. Тірек-сызбаны салып, белгіленген мәтінге түсінік беру

4.3. Өзара бағалау түрінде сұрақтар және құрлымдық элементтер бойынша тақырыпты талқылау.

4.4 Өзара бағалаудың сұрақтары



1 сабақтың сұрақтары

1. Жергілікті жердің климатына әсер ететін қандай себептер бар? Климат қалыптастырушы фактор деген не, оларды қалай топтауға болады?

2. Жер бетінің жылынуы неге байланысты?

3. Күн радиациясы деген не?

4. Неге атмосфера үнемі қозғалыста болады?

5. Қазақстан территориясы қандай климаттық белдеуде орналасты?

6. Қазақстан Респуликасы территориясында қандай ауа массалары қалыптасады?

7. Атмосфералық қысым неге тәуелді?

8. Жоғарғы және төменгі қысым облыстары қалай аталады

9. Жауын-шашын неге түседі, ол үшін қандай жағдайлар болу керек?

10. Жергілікті желдерді ата?

11. ҚР территориясында жауын-шашын және температура қалай таралған?

12. Ылғалдану коэфициенті деген не?

13. Климатты білу және оқу не үшін керек?

V. Оқыған материалды бекіту

5.1. Мұғалімнің сұрақ бойынша меңгерілуін іріктеп тексеруі

VI. Үй тапсырмасы п. 20, лекцияны оқу, 83 бет 2тапс



Лекция Климат

1. Климаттың қалыптасу жағдайын анықтау үшін оның себебін анықтау керек



ғарыштық

Климат қалыптастырушы факторлар

ғаламшарлық

Күн радиациясының деңгейі (Дж/м2/сек)

географиялық

Ауа массаларының алмасуы



Географиялық ендік

Жердің төсеніш беті

Материтер мұхиттар әсері

Географиялық орнына байланысты жылу мөлшері түседі. Күннен шығатын сәулелі энергия -

Күн радиациясы деп аталады. Жер беті жұтылған радиация арқылы жылынады.

Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар, Күн радиациясы

1 сурет



Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар, Күн радиациясы

2 сурет. Қар Күн радиациясының 85%, құм -30%, ал су 5% шағылыстырады.

2. Атмосфера әрқашан қозғалыста болады. Жылы ауа ылғалға қанығады және жоғары көтеріледі, ал суық төмен түседі. Құрлық бетінде жылы немесе суық құрғақ ауа массасы қалыптасады, ал теңіздер мен мұхиттар бетінде суық пен ыстықты жұмсартатын ылғалды ауа массасы қалыптасады.

Ауа массасы бір-бірінен ең біріншіден температура арқылы айрықшаланады. Температура биіктеген сайын төмендейді. Яғни, ауа жоғарыдан жылынбайды. Ауаның жылыту көзі күн радиациясы емес, Жер беті табылады. Ал жер бетінің жылынуы неге байланысты ?

Жер беті арқылы жылынған ауа кеңейіп жылынады, өзімен бірге жылуды жоғары көтереді. Бұны конвекция деп атайды (тасу)

Табиғатта осыған қарсы үрдіс те болады. Жер беті ауаны суытады, бұндай жағдайда ауаның төмен түсуі байқалады.

3. Қазақстан территориясында қоңыржай континенталды ауа массасы басым немесе Атлант мұхитынан қоңыржай теңіздік ауа массасы келеді. Солтүстіктен континенталды арктикалық, ал оңтүстіктен - континенталды тропикалық ауа массасы келеді.

Континенттік

Арктикалық

ауа массасы



конт.

қоңыржай

ауа

континенттік тропиктік ауа м.

Теңіздік

қоңыржай ауа массасыҚазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар, Күн радиациясы

3 сурет

4. Тұрақты және жергілікті желдердің, ауа массаларының қозғалысына қалыптасуына , жауын-шашынның түсуіне атмосфералық қысым әсер етеді. Қысым жергілікті жердің биіктігіне байланысты, әрбір 1000м сайын қысым 100мм немесе температураға байланысты, себебі суық ауа ауыр (сығылып, төмен түседі), ал жылы ауа жеңіл, кеңеіп жоғары көтеріледі.

5. Екі түрлі қасиеті бар ауа массалары соқтығысқанда жылы және суық фронт қалыптасады. Ені ондаған км, ұзындығы жүздеген км алады. Бұл ауа массаларының шекаралары ешқашан тік болмайды, олар толқын тәрізді Жылы фронттың келу үрдісі баяу, созынқы ақжауынмен, қыста-қармен жүреді. Суық фронт келгенде құбылыстар тез болады, жазда найзағайлатқан жаңбыр, бұршақ, қыста боран, күшті желдер.

Атмосфералық фронт-екі түрлі қасиеттері бар ауа массаларының соқтығысқан жолағы

Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар, Күн радиациясы

ЖА- жылы фронт Т- төмен қысым

СА - суық фронт Ж- жоғарғы қысым

Суық фронт

Жылы фронт

1. Суық ауа жылы ауа орналасқан облысқа енгенде пайда болады

2. Жылы ауаны жоғары ығыстырып танап кіреді

3. Ауа райы күрт өзгереді. Жазда найзағайлатқан жаңбыр, бұршақ, қыста боран, күшті желдер.

4. Фронт өткеннен кейін ауа райы суытады

1. Жылы фронт келгенде суық ауа шекарасында ылғалға қаныққан жылы ауа, біртіндеп баяу жоғары көтеріледі

2. Жылы ауа аймағында төменгі қысым мен бұлттар пайда болады

3. ауа райы біртіндеп өзгереді. Бұлттар біртіндеп төмен түседі, жазда сөзылған ақ жауындар, ал қыста қар, баяу желдер болады

4. Фронт өткеннен кейін - біртіндеп жылы, ашық ауа райы қалыптасады

Қазақстан территориясында арктикалық және қоңыржай ауа массаларының соқтығусуынан арктикалық фронт қалыптасады, ал қоңыржай мен тропикалық а.м.-қоңыржай фронт қалыптасады.

6. Жоғарғы қысымы бар облысты антициклон, ал төменгі- циклон д.а. Циклон грек тілінен аударғанда айналу дегенді білдіреді

ЦИКЛОН-бұл ортасында төмен қысымы бар атмосфералық құйынҚазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар, Күн радиациясы

5 сурет

Циклон қалай пайда болады? Фронттан бөлініп, суық ауаның ішінде төменгі қысым қалыптасады. Оның диаметрі 2000-3000км,ал биіктігі 20км. Циклонның жылы әрі жеңіл ауасы жан-жағынан суық ауамен қысылып біртіндеп жоғары көтеріледі. Биікте ол суып ылғалдан босайды. Суық ауа оның орнын басып циклон жоғалады.

Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар, Күн радиациясы

6 сурет

Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар, Күн радиациясыҚазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар, Күн радиациясы

Циклон ортасында қандай қысым?

Циклонда ауаның айналым қозғалыстары қалай жүзеге асады?

Циклон ортасында тік бағытта ауа қалай қозғалады?

Циклонмен қандай ауа райы байланысты?

Антициклон ортасында қандай қысым қалаыптасады?

Антицилонда ауаның сыртқа тебетін қозғалыстары немен байланысты?

Антициклон ортасында тік бағытта ауа қалай қозғалады?

Антициклонмен қандай ауа райы байланысты?

Циклондар

Антициклондар

Ортасында төмен қысымы бар атмосфералық құйын

Ортасында жоғары қысымы бар атмосфералық құйын

Ауаның қозғалыстары шетінен ортасына қарай, сағат тіліне қарсы

Ауаның сыртқа тебетін қозғалыстары жоғарғы атм. қысыммен байланысты, сағат тіліне бағыттас

Ортасында - ауаның қозғалыстары өрлеген

Ортасында - ауаның қозғалыстары төмендеген,

Ауа райы құбылмалы, желді, бұлынғыр және жауын-шашын әкеледі, жазда ыстықты, қыста суықты басады.

Құрғақ ашық жазда ыстық, қыста аязды, көктем күзде үсіктер

7. Жыл бойы Қазақстанда батыс ауа массасының тасымалы басым болады, бірақ жергілікті желдер де болады. Олардың бағыттары жер беті жамылғысының әртүрлі жылуына, әртүрлі атмосфералық қысымның қалыптасуына, рельеф түріне, жоталардың бағыттарына байланысты. Ебі, Сайқан, Шілік, Арыстанды-қарабас, Мұғалжар.

8. Температураның таралуы географиялық ендікке, жергілікті жердің биіктігіне (әрбір 1000м сайын темп. 6гр.С төмендейді), рельеф формаларына (тұйық қазаншұқырларда суық ауа тұнып тұрады), суық немесе жылы а.м-дың өтуіне кедергі болатын тау жоталардың орналасуына байланысты. Ең суық ай-қаңтар, жылы -шілде.

Көрсеткіштер

солтүстік

оңтүстік

Орташа жылдық температура

+0,4грС

+13,7гр.С

Қаңтар айының орташа температурасы

-19

-1,5

Шілде айының орташа температурасы

+19

+28,30

Ең төменгі темпер. Солт-шығыста -54грС Атбасарда-57грС

9. Жауын-шашынның таралуы Қ.территориясында солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай бірдей емес. Таулы аудандар әсіресе жел жақ беткейлерінде жазыққа қарағанда көп түседі. Жазда қысқы мезгілге қарағанда ж-шашын көптеу түседі. Ең көп шілдеде түседі. Жазықты аласа таулы аудандарда солтүстіктен оңт-ке, батыстан-шығысқа қарай ж-шашын азаяды. Бірақ Алтайда жылына 1600мм -ең көп ж-шашын түседі.(бұлттар тауға тіреледі) Қыста қар жамылғысының биіктігі солтүстіктен оңтүстікке қарай азаяды, ал тауда көбееді.

10. Қ. тер-ғы ылғалдану жауын-шашынға ғана емес сонымен қоса булануға байланысты. Булану-белгілі температурада буланатын судың мөлшері. Булану солтүстіктен оңтүстікке қарай өседі. К=ж/б

К> 1 болса, ылғалдану артық(батпақ пайда болады)

К= 1 болса, ылғалдану жеткілікті

К<1 болса, ылғалдану жеткіліксіз (құрғақ)

  1. Климат өсімдіктер мен жануарлар өміріне, топырақтың түзілуіне, ішкі сулардың пайда болуына, адамның шаруашылық әрекетіне, оның ішінде ауыл шаруашылығына көп әсер етеді.



© 2010-2022