Орманды дала және дала зонасы (8 класс)

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

I. Сабақтың тақырыбы: Табиғат зоналары.Орманды дала және дала зоналары.

II. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға табиғат құбылыстарының заңдылықтарын олардың өзара байланысын түсіндіру.Қазақстанның орманды дала және дала зоналары бойынша осы екі зонаның жер бедері , климаты , фаунасы және флорасы туралы білімді, жеткізу, тиянақтау.

Дамытушылық: Оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын ынталарын арттыру. Өз бетінше жұмыс жасай білуге, шешім қабылдай алуға, талпыныс жасауды үйрету.

Тәрбиелік:Табиғатты қорғауға , ұқыптылықпен пайдалануға , экологиялық -тазалық, экономикалық -үнем тәрбиесіне баулу.

III. Сабақ түрі: Ашық сабақ. Жана сабақты меңгеру.

IV.Сабақтың әдіс-тәсілі: Ауызша және жазбаша сұрақ-жауап, салыстыру, видеобейнежазбалармен жұмыс , жинақтау , анықтау, баяндау , ой қозғау , зерттеу ,топпен жұмыс , тест тапсырмаларын орындау. Дамыта оқыту технологиясы.

V. Пән аралық байланыс: Биология, тарих, өлкетану.

VI. Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы , атлас жинағы , оқулық, видеобейнежазба, зоналар бойынша өсімдіктер мен жануарлардың таралуы, суретті энциклопедиялар, қанатты сөздер , интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар.

VII.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезең.

Оқушылардың сабаққа қатысуларын тексеру, байқалған кемшіліктерді дер кезінде жою. Психологиялық дайындық жүргізу (әзірлеу), көніл-күйлерін денсаулықтарын бақылау , оқу құралдарын реттілігін түгелдеу, кезекшілердің мәлімдемесін тыңдау,

2.Үйге берілген тапсырмаларды сұрау, тиянақтау.

1 кезең. Топтық жұмыс.

-Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған? (Топырақ)

-Алғашқы жұқа топырақ қабаты пайда болды? (500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде.)

Топырақтану негізі қаланды -(XIX ғасырдың 80 жылдары орыс ғалымы В.В.Докучаев).

-Топырақтың ең негізгі қасиеті -табиғи құнарлылығы. (Яғни құрамында өсімдіктің тез әрі жақсы өсуіне жағдай жасалайтын қоректік заттардың мол болуы.)

-Аязды кезеңде топырақтың түзілуі-токталады.

-Ал қуаншылық кезеңде -баяулайды.

-Топырақтың құнарлығы оның -құрылымына байланысты.

-Шірінді мен калцийге бай қара топырақ- құрылымы ең жақсы топырақ болып саналады.

-Құрылымы кесек топырақтарды -құрылымды топырақ деп атайды.

-Түйіршіктері ұсақ топырақты- құрылымы жоқ топырақ деп атайды.

-Негізінен 3 топырақ зоналарына бөлінеді. 1.Қара топырақты зона (52 с.е солтүстігінде). 2. Қара-қоңыр топырақты зона (50-48с.е аралығында). 3. Қоңыр ,сұр қоңыр топырақты зона (48с.е. оңтүстігінде)

-Құнарлы 18 см топырақ қабаты пайда болу үшін -1400 жылдан 7000 жылға дейінгі уақыт керек.

-Топырақ эрозиясының екі түрі бар-1. Жел эрозиясы. 2. Су эрозиясы.

-Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Топырақтану институтының зерттеулері нәтижесінде республикада эрозияға бейім жер -70 млн гектардан астам ж\е республика аумағының 26%-ы.

-50 млн гектары-жел эрозиясына бейім - 17 млн -нан астам -су эрозиясына бейім.

3. Жаңа сабақтың тақырыбы: Орманды дала және дала зоналары. Жаңа сабақтың өтілу реті.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың орманды дала және дала зоналарының шекараларын айыра білу, картадан табиғат зоналарынын климаты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі арқылы талдай білу.

Сабақтың ұраны: «Өзім -ізденіп тапсам, жасасам есімде қалады».

Қолданылған технология: Л.В.Занковтың дамыта оқыту технологиясы.

Дамыта оқытуда мүғалім ақын даму аймағында жұмыс істей алу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші,ынталандырушы,бейне туғызушы , баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы,себебі әр оқушының өзінің «жақын даму аймағы» бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге боламайды.

Принциптері.

1. Оқушының ізденуі.

2. Мұғалім оқушылардың өздерінен сабақтың маңыздылығын түсінінуге әрекет жасау.

3.а)Сабақ қайткенде есімде жақсы сақтлады?

ә) Жаңа не нәрсе білдім?

б) Дүниетанымым қалай өзгерді?

Занков жүйесінің басты міндеті -баланың жалпы психикасын дамыту,олай болса баланың барлық адамдық қасиеттерін дамыту.Ең маныздысы, бала бойындағы жағымды сезімдерді жоғалтып алмау,бала өзінің білетінін басқаларға жеткезіп үйренеді.Дамыта оқытуда мұғалім баланың өз ойын,өз бақылауларын, танымын айтуына жағдай жасайды. Оқушылар жұмыс барысында шулайды,ойнайды, күледі, бір-бірімен әзілдеседі.Баланың байқампаздығына ойлау барысына , тәжірибиелік іс-әрекетіне, сезіміне,ерік-жігеріне,жақсы мен жаманға көзқарасы қаншалықты дамығандығына баса назар аударылады. Бала қиындықты жеңіп табысына қуанады. Өз бетімен білім алуға ұмтылады.

Орманды дала және дала зоналары.

Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек оңтүстік шеті сүйірленіп кіреді.Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Сібір жазығы мен Жалпы Сырт кыратының азғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4%. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа температурасы 18-20 С° . Қысы едәуір суық ,кей күндері қатты аяз болып, ауаның температурасы -51-53 С -қа дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы 17-19 С.

Өзендері түгелдей дерлік қар суымен толығады. Ертістің , Жайықтың, Тобылдың, Есілдің , т.б бірқатар ірі өзендердің суы халықтың тұрмыс қажеті үшін ғана емес, өнеркәсіп мақсаты үшінде пайдаланылады.

Зонаның солтүстік бөлігінде қара топырақты қабаттың қалыңдығы 75см-ге жетеді, оның құрамының 9%-ына жуығы шірінді болады. Зонаның оңтүстігіне таман қара топырақтың қалыңдығы кеми түседі, шіріндінің мөлшері де 6%-ға дейін азаяды.

Өсімдік жамылғысы жыртылмаған үлескілерді жауып тұратын қалың және әртүрлі шөптер, дәнді дақылды өсімдіктерден тұрады. Мұнда қызғылт сабақты боз, шоқ түпті бетеге, бұралған жер бидайық өте көп. Біраз жерді қарабас шалғын мен қалқансыз арпабас алып жатыр. Астық тұқымдас өсімдіктерге сәбізшөп, жұпар иісті алтын түстес гүлдері өседі. Бұршақ тұқымдастардан сары гүлді беде, көк түсті бұршақ бар. Батыс Сібір жазығының ормандарында шоқ-шоқ қайың мен көктеректер өседі. Жалпы Сырт қыраты ормандарында жалпақ жапырақты ағаштар-емен, жөке, қандыағаш басым болады. Шоқ-шоқ болып біткен қайыңды, көктеректі ормандар арасында өсетін бұталарға: тал, долана, итмұрын, қарақат жатады. Сабағы жіңішке шырынды, қызыл күрең түсті жемісі бар тошала жиі кездеседі. Орман шетінде аңқыған иісі бар, қызыл күрең түсті бүлдірген көздің жауын алады. Ағаш тұқымдастарының құрамы жағынан батыстың орманды даласы Шығыс Еуропа даласына ұқсайды.

Орманды даланың өзіне ғана тән ерекше жануарлары болмайды. Мұнда да көршілес зоналардың жануарларындай: саршұнақтар, сұртышқандар, қосаяқтар, ақкіс, кояндар, сусар, түлкі, қасқыр, т.б. кездеседі, шоқ қарағай ормандарында-тиіндерде бар. Соңғы жылдарда мұнда солтүстік ормандардан бұландар мен сібір еліктері мекен ауыстырған. Басқа жақтан адамдар алып келген, кәсіптік маңызы бар ондатр кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің екі түрі (жорғалауыш және тірі туатын) сарыбас және улы сұржыландар кездеседі.

Орманды далада құстар өте көп және әр түрлі. Шоқ қайыңды ормандарда ақ құр, ақ тұмсық қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, сұңқар, күйкентай ұялайды. Ашық жерлер мен орман шеттерде бұлдырық, бөдене, бозтарғай, шәуілдек жүреді.

Көл жағасындағы нулы қамыс, қамыс құрағы, қоғалар мен басқа да өсімдіктер арасында әр түрлі суда жүзетін құстар көп-ақ. Мұнда көптеген қаздар мен уйректер сондай-ақ шағалалар да байқалады. Улкен көлдерде- аққулар, төмпешікті және қияқты батпақтарда-кезқұйрыққа ұқсас сұр тырналар мен қамыс құладыны болады.

Дала зонасы. Дала зонасы 77 млн-ға жерге тараған Қазақстанның біраз аумағын дәлірек айтқанда, 27%-ынан астамын алып жатыр. Дала зонасы орманды дала зонасын оңтүстігінен басталып батыстан шығысқа қарай 2200 км-ге созылған кең алқапты қамтиды, шамамен 54°-50° с.е. аралығында орналасқан. Дала зонасына Батыс Сібір жазығына оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы түгелдей дерлік, Жалпы Сырт сілемдері, Каспий маңы ойпатының солтүстік жартысы, Орал етегі, Жем үстірті, Сарыарқаның солтүстігі мен орталық аудандары жатады. Дала климаты континентті, жазы ыстық әрі құрғақ, жиі-жиі аңызақ желі соғып тұрады. Ал қысы қатаң, қары жұқа болады. Қаңтардың орташа температурасы -16°-18°С, шілде айында солтүстігінде 18°С-тан, оңтүстігінде 23°С-қа дейін жетеді. Жылына 220-310 мм-ге дейін жауын-шашын жауады, бірақ мұның мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай азая түседі. Климат жағдайлары егін шаруашылығымен шұғылдануға толық мүмкіндік береді.

Дала зонасы өзендерінің деңгейі төмен. Зонаны Ертіс,Есіл, Тобыл, Жайық, Нұра, Торғай, Шар; Ырғыз және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді. Олардың жылдық ағысының 80%-ы көктемгі су тасу кезеңіне келеді. Егін шаруашылығы мен өнеркәсібі дамыған бұл аудандарда, су әлі де болса жеткіліксіз. Сондықтан да бөгендерде су жинап, оны су құбырлары мен каналдар арқылы пайдаланады.

Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Мұнда боз, бетеге, атқонақ,еркекшөп,кермек, қаңбақ басым өседі. Ойпаң және ылғалды жерлерде, әсіресе өзен жайылымдарында шалғынды өсімдіктер қараған. Шалғынды өсімдіктерден бидайық, қылқансыз арпабас,шалғынды қоңырбас басым, аса ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ өседі. Бидайық шалғындарынан мол пішен алынады.

Даланың оңтүстік бөлігінде негізгі өсімдіктермен қатар жусанның кейбір түрлері өседі.Кей жерлерде бұлар тұтас үлескілерді алып жатады.Дала өсімдіктерінің арасында дәрі-дәрмектік өсімдіктер де бар.Мысалы,жанаргүл,итмұрын,дәрілік валериан кездеседі. Жаз бойы даланың түрі үнемі өзгеріп отырады.дала көктемде ғана қысқа мерзімде түрге бөленіп құлпырады.Шілдеде шөп қурап,сарғайып кетеді.

Ашық дала кеңістігінде тіршілік етуге бейімделген көптеген түрлі жануарлар кездеседі.Қоршаған ортасының түсіне ұқсас келетін,жылдам жүгіретін әру тез ұшатын,жылдың қолайсыз мезгілдерін де ұзақ үйқыға кететін жануарлардын да түрлері бар.Дала сүтқоректілеріне саршұнақ,косаяқ, дала тышқандары,дала алақоржыны жатады.Бұлар егінге көп зиян келтіреді.Мұнда саршұнақ тұқымдасынан ірі суырлар(салмағы 10 кг-ға дейін)болады.Суырлар мен саршұнақтар ін қазып,топырағын сыртқа шығарып,үйіп тастайды.Қосаяқтар,саршұнақтар,дала тышқандары тіршілік ететін жерлерді жыртқыштардан күзен,ақкіс,түлкі кездеседі.Олар терісі бағалы кәсіптік жануарлар қатарына жатады.Даланың оңтүстік аудандарында түлкі тұқымдасынан қарсақ кездеседі.Ол інінен тек түнде ғана шығып,жорытады.Даланың барлық жерінде осы зонаның негізгі жануары қасқыр көп болады.Далада ақбөкендер кездеседі. Бөкеннің басы үлкен ,қошқар тұмсық,денесі ықшам,аяғы жіңішке келеді.Бөкеннің жүгіргеніне көз ілеспейді.Бұдан әрі едәуір далада үйір-үйір болып жүретін бөкендер қазір халықтың жиі қоныстануына байланысты біртіндеп шөлейт және шөл зоналарына қарай ауды.Далада құстардың дуадақ бар,бұлардың кейбіреулерінің салмағы 16 кг-ға жетеді.Одан басқа безгелдек,тырна,балықшы,бозторғай кездеседі,әсіресе қараторғайлар көп.Жыртқыш құстардан дала бүркіті,дала құладыны,кезқұйрық бар.Далада көлдер көп,әдетте олар терен болмайды,жағалары жазық,жайпақ келеді.Көп көлдердін жағалауларында қамыс-құрақ пен ұсақ бұталар өседі.Онда суда және баспақта тіршілік ететін. Құстар кездеседі,Бұлар-қаз,үйрек,тырна,шағала,балшықшы,қамыс торғайлары ,аққұтан.Сарыарқаның ұсақ шоқылар арасындағы бытыраңқы орналасқан көлдерде суда жақсы жузетін құстар-сүңгуір,гагара,крохаль,турпан болады.

Қазан төңкерісіне дейін дала зонасы ғасырлар бойы көшпелі мал жайылымы ретінде пайдаланылып келды.Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында (1954-1959ж.)дала зонасының 28 млн га жері жыртылды.



Тест тапсырмасы.

Топ бойынша. (30сұрақ)

Әрбір топ орындалған тапсырмаларын тексереді.

8-сынып. Тест тапсырмалары.

1.Топырақтану ғылымының негізін салушы ғалым
А) Ш.Уәлиханов В) В.Докучаев С) Қ.Сәтпаев D) Л.Берг Е) И.Мушкетов

2.Су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болған табиғи құрылым
А) Табиғат зонасы В) Литосфера С) Топырақ D) Тау Е) Жазық

3.Қара топырақты зона Қазақстанның аймағында тараған
А) Солтүстік В) Оңтүстік С) Шығыс D) Батыс Е) Оңтүстік-Батыс

4.Топырақ эрозиясы түрлерінің саны
А) 1 В) 2 С) 3 D) 4 Е) 5

5.Төмен түскен ойыстар мен жарықтарда пайда болған көлдер:
A) Реликті B) Мұздық C) Суффозиялық D) Тектоникалық E) Қар көлдер

6.Теңіз суын тұщыландыратын қуатты қондырғы орнатылған қала:
A) Атырау B) Ақтау C) Ақтөбе D) Орал E) Форт-Шевченко

7.Қазақстан өзендері алаптарына жатады
А) Үнді, Атлант В) Тынық мұхиты, Балхаш С) Атлант мұхиты, ішкі тұйық көлдер D) Солтүстік Мұзды мұхит, ішкі ағынсыз Е) Каспий, Арал, Атлант

8.Қазақстанда ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер саны
А) 4. В) 5. С) 6. D) 7. Е) 8.

9.Қазақстанның су энергетикалық ресурқа бай өзені
А) Сырдария В) Тобыл С) Ертіс D) Іле Е) Есіл

10.Балқаш-Алакөл алабының өзендері
А) Қаскелең, Жем В) Тентек, Тобыл С) Ертіс, Есіл D) Іле,Қаратал Е) Сарысу, Шу

11.Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты ... көл бар
А) 21 мың В) 17 мың С) 48 мың D) 70 мың Е) 85 мың

12.Қазақстанның басты қалдық көлдері
А) Қарасор В) Теңіз-Қорғалжын С) Балқаш-Алакөл D) Зайсан, Марқакөл Е) Каспий, Арал

13.Ебі және Сайқын желі соғатын жер
А) Сарыарқа. В) Торғай қақпасы. С) Жоңғар қақпасы. D) Қаратау жотасы. Е) Батыс Қазақстан.

14.Сейсмология ғылымы зерттейді
А) Жер сілкінуді В) Жанартаудың таудың атқылауын. С) Жер қыртысындағы баяу тербелістерді. D) Литосфералық тақталардың жылжуын . Е) Геологиялық сыртқы күштерді

15.Протерозой эрасынан кейінгі эра
А) Архей В) Мезозой С) Палеозой D) Кайнозой Е) Антропоген

16.Кайнозой эрасының дәуірлері
А) Тас көмір, силур, антропоген В) Палеоген, ордовик, девон С) Палеоген, неоген, төрттік
D) Бор, юра, пермь Е) Силур, ордовик, кембрий

17.Қазақстан Республикасының физикалық географиялық орны анықтайды.
А) Табиғат жағдайларын. В) Табиғат ресурстарын. С) Көршілік жағдайын.
D) Халқының санын. Е) Экономикалық дамуын.

18.Теңізге шығатын жолы бар Қазақстанмен шектесетін мемлекеттер
А) Қытай, Украина В) Қытай, Ресей С) Әзірбайжан, Үндістан D) Түркия, Ресей
Е) Ресей, Өзбекстан

19.Қазақстанмен шығысында шектесетін мемлекет
А) Ресей В) Қытай С) Өзбекстан D) Қырғыстан Е) Түркменстан

20.Қазақстан аумағының батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы
А) 5000 км В) 4500 км С) 4000 км D) 3000 км Е) 1600 км

21.Қазақстан аумағының солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы
А) 3000 км В) 2500 км С) 1600 км D) 1200 км Е) 1000 км

22.Қазақстан көлемі жөнінен Еуразияда
А) 9-шы орында С) 7-ші орында В) 4-ші орында D) 3-ші орында Е) 2-ші орында

23.«Шығыстың Аристотелі» деп атанған ғалым:
A) Әл-Идриси B) Махмуд Қашқари C) Әбу Насыр Әл-Фараби D) Ш.Уәлиханов
E) Қ.Сәтпаев

24.Қазақстанның ең биік жері:
A) Ақсораң B) Ұлытау C) Хан Тәңірі D) Мұзтау E) Ақбет

25.Дүниежүзілік мұхит деңгейінен төмен орналасқан Қазақстанның жері:
A) Тұран ойпаты B) Батыс-Сібір жазығы C) Каспий маңы ойпаты D) Балқаш-Алакөл ойысы
E) Зайсан ойысы

26.Қатты жаңбырлар мен мұздықтардың әсерінен болатын апат:
A) Жанартау атқылауы B) Сел C) Жер сілкіну D) Цунами E) Тарнада

27.Хан-Тәңірі шыңының биіктігі
А) 1133м. В) 6995м. С) 1565м. D) 4506м. Е) 4973м.

28.Қазақстанның ең биік жері:
A) Ақсораң B) Ұлытау C) Хан Тәңірі D) Мұзтау E) Ақбет

29.Дүниежүзілік мұхит деңгейінен төмен орналасқан Қазақстанның жері:
A) Тұран ойпаты B) Батыс-Сібір жазығы C) Каспий маңы ойпаты D) Балқаш-Алакөл ойысы
E) Зайсан ойысы

30.Қатты жаңбырлар мен мұздықтардың әсерінен болатын апат:
A) Жанартау атқылауы B) Сел C) Жер сілкіну D) Цунами E) Тарнада

Топ басшыларының сайысы.

Топ басшысының сатысы. (Кім жылдам?)

Кестені толтыр.

Топырақтың құнарлылығының кемуі.

Аң-құстардың азаю себептері.

Өсімдіктердің азаю себептері.



Топтың аты: « »

Мүшелері:



Кестені толтыр.

Топырақтың пайдасы

Аң-құстардың пайдасы

Өсімдіктердің пайдасы



Топтың аты: « »

Мүшелері:



Кестені толтыр.

Топырақтың сапасын сақтау үшін не істейміз?

Аң-құстарды сақтау үшін не істейміз?

Өсімдіктерді сақтау үшін не ізтейміз?



Топтың аты: « »

Мүшелері:



Кестені толтыр.

Осы зоналарда өсірілетін мәдени өсімдіктер

Осы зоналардың үй жануарлары

Дәнді дақылдар егілетін топырақ зоналары



Топтың аты: « »

Мүшелері:



Кестені толтыр.

Жел эрозиясы

Су эрозиясы

Эрозияға қарсы шаралар



Топтың аты: « »

Мүшелері:



Топтар туралы мәлімет

Топтың аты

Топ басшысы аты-жөні

Топтың түсі

Топ мүшелері

Топ ұраны

1

Сарыарқа

1.Ажар

Көк

1.

2.

3.

4.

5.

2

Қазына

  1. Ақмарал

Сары

1.

2.

3.

4.

5.

3

Хантәңірі

1.Жібек

Жасыл

1.

2.

3.

4.

5.

4

Барқытбел

1.Гүлфия

Қызыл

1.

2.

3.

4.

5.

5

Тұран

1.Назерке

Ақ

1.

2.

3.

4.

5.



Топты бағалау парағы

Топтың аты

Топ мүшелерінің аты-жөні

Уй тапсырмасы

Кестені толтыру

Тест тапсырмаларын орындау








Бекіту сұрағы:

1.Қазақстанда өсімдіктер мен жануарлар қалай таралған?

1. Қазақстанда өсімдіктер мен жануарлар қалай таралған?

2. Қазақстанда дала зонасы?

3. Дала зонасының алып жатқан орны?

4. Қазақстандағы орманды дала зонасы?

5. Орманды дала зонасының алып жатқан орны?

6. Орманды дала зонасының топырағы?

7. Дала зонасының топыраға?

8. Дала зонасының температурасы?

9. Орманды дала зонасының температурасы?

Қорытынды:Орманды дала мен дала зонасының басты ерекшеліктері- дала зонасының негізгі байлығы -қара топырақ, оның басқа топырақ түрлерімен салыстырғанда шірінді және топырақ қабатының қалың құнарлы болып келетіні,егер агротехникалық шараларды дұрыс қолдана білсе,қара топырақты өңір жыл сайын егістен мол өнім аламыз.

Қанатты сөздер:

1. «Қысың қарла болса-Жер семіз»

«Көктемің жаңбырлы болса -дән егіз»

2.«Жаның сая табатын,

Орман болған бұл -ағаш

Қорыққанда жалғызға,

Қорған болған бұл-ағаш,

Найзасына батырдың,

Сап та болған бұл-ағаш,

Кәріп пенен қастерге,

Қуат болған бұл ағаш»

Бағалау: Оқушылардың білімдерін жауаптарына сәйкес,белсенділіктеріне қарай жетондар бере отырып бағалаймын.1 жетон-1ұпай.8-10 жетон жинаған оқушы « 5» бағаланады. 5-8 жетон жинаған оқушы «4» бағаланады. «3» деген баға қойылмайды. Белгіленген межеге жетоны жетпесе келесі сабақта жинауына мүмкіндік беріледі. Оқушы жинаған жетондарын фаилға салып,күнін, аты-жөнін жазып мұғалімге өткізеді.









Сабақтың ұраны: «Өзім -ізденіп тапсам, жасасам есімде қалады». Қанатты сөздер:

1. «Қысың қарлы болса-Жер семіз»

«Көктемің жаңбырлы болса -дән егіз»

2.«Жаның сая табатын,

Орман болған бұл -ағаш

Қорыққанда жалғызға,

Қорған болған бұл-ағаш,

Найзасына батырдың,

Сап та болған бұл-ағаш,

Кәріп пенен қастерге,

Қуат болған бұл ағаш»







№152 мектеп -гимназия

«Бекітемін»

№152 МГ директорының

оқу-тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары----------------

Қазақстанның физикалық географиясы

Ашық сабақ

Сынып 8 «А»

Сабақтың тақырыбы: Орманды дала және дала зоналары.

Уақыты:05.02.16 ж / 2-ауысым. 14.00

Пән мұғалімі: Қ.Н.Қосмұратов



Алматы қаласы 2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022