Мемлекеттік бюджет. Сабақ жоспары

Раздел География
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 «А» сынып Сабақ жоспары № 24 « » 20 ---

Пән «Экономика» Тақырып : «Мемлектттік бюджет»

Сабақтың мақсаттары: Оқушыларға мемлекеттік бюджет туралы білімдерін қалыптастыру.

Алған білімдерін өмірде пайдалана білу қабілеттерін дамыту.

Адамгершілікке, үнемділікке тәрбиелеуге

Сабақтың көрнекілігі: Жұмыс дәптері, сұрақтар, карточкалар

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың әдісі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын сұрау

ІІІ. Тақырыпқа көшу : «БЮДЖЕТ» деген не? Оқушылардың жауаптары.

Бюджетті қайда пайдаланады?

Жанұяда, кәсіпорындарда, фирмаларды, мемлекеттерде.

Жанұяда ақша жетіспеуі мүмкін бе?

Ал мемлекетте ше?

Мемлекет ақшаны қайда жұмсайды?

Оқушылар жауаптарын айтады.

Жеке кісілердің бюджеті сияқты, мемлекеттік бюджетте жобаланатын табыс пен шығындарды өзара салыстыратын қаржы жоспары болып табылады.

Егер күтудегі табыс кұтілетін шығынға тең болса., . онда мұндай бюджет теңестірілген (баланста) деп аталады.

Егер табыс шығыннан артық болса, онда айырма оң мәнді сальдо деп немесе бюджеттегі артықшылық деп аталады.

Егер бюджеттегі шығындар табыстан артық болса, онда ол айырма теріс мәнді сальдо немесе зарар деп аталады.

Мысалы: Мемлекеттік бюджеттің балансы

Табыстар

Шығындар

  1. Салықтар 77199333

  1. Әлеуметтік камсыздандыру 36726011

  1. Пайдалы қазбаларды

пайдаланған үшін төлемдер 51175262

2.Білім мен ғылым 53751057

  1. Мемлекеттік мүлікті сатқаннан

түскен түсім 27901041

3.Мәдениет 9547685


  1. Денсаулық саласы 56250883

Барлығы 156275636

Барлығы 156275636

ІҮ. Бекіту

Зарар болатын бюджетті құрып көру

Артықшылық болатын бюджетті құру

Сұрақтарға жауап беру

Бюджет деген не? Бюджет қандай болуы мүмкін?

Бюджетті не үшін құрады?

Мемлекеттің шығындарына не жатады? Ал кірістеріне ше?

Ү. Қорыту. Бағалау

ҮІ. Үй жұмысын беру. Бюджетке байланысты газет, журналдардан ақпарат іздену





© 2010-2022