Ауа массалары мен басым желдер қозғалысы

Тақырыбы: Ауа массалары мен басым желдер қозғалысы.Мақсат-міндеттер:Білімділік мақсаты – Оқушыларға климаттық жағдайлардың географиялық ендік пен Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тәуелділігін, жер бетінде ауа температурасы мен қысымның, ауа массалары мен желдердің, жауын-шашынның таралуы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды климаттық карталар мен географиялық білімге сүйене отырып негіздеу.Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Климаттық карт...
Раздел География
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ауа массалары мен басым желдер қозғалысы.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты - Оқушыларға климаттық жағдайлардың географиялық ендік пен Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тәуелділігін, жер бетінде ауа температурасы мен қысымның, ауа массалары мен желдердің, жауын-шашынның таралуы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды климаттық карталар мен географиялық білімге сүйене отырып негіздеу.

Дамытушылық мақсаты - Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Климаттық картаны қолдана білуге, ол арқылы белгілі бір жердің климаттық жағдайын сипаттай білуге үйрету. Сондай-ақ бұндай карталарды қалай пайдалану жолдары мен жұмыс істеудің қарапайым әдіс-тәсілдерін жетілдіру. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты - Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Саяхатшылардың батыл да табандылығы мысалында оқушыларды Отансүйгіштікке, батылдық пен табандылыққа тәрбиелеу.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең - ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең - үй тапсырмасын тексеру (10 мин)

ІІІ кезең - жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин)

ІV кезең - білім мен икемділіктерін бекіту (15 мин)

V кезең - үйге тапсырма беру (4 мин)

VІ кезең - бағалау кезеңі (2 мин),

VІІ кезең - қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексеріп, сосын орындаған тапсырмаларды тексереді. Қателіктерін айтады.

Мұғалімге өз дәптерлерін тексеруге береді.

ІІІ

Ең алдымен мұғалім жел деген не? Оның қандай түрлерін білесіңдер? Атмосфералық жауын-шашын деген не? Оның қандай түрлерін білесіңдер?

Сосын ауа массалары мен желдерге анықтама беріп, олардың өзара айырмашылығын айтып береді. Ауа массаларының түрлерін айтып, олардың қайда таралғанын көрсетеді.

Сосын балаларды екі топқа бөліп, тақырыпты бөліп береді.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, мұғалімді тыңдайды, білген білімдерін еске түсіреді.

Оқушылар топтарға бөлініп, өз тақырыптарын қорғайды, сосын бір-біріне сұрақтарды қояды.

ІV

Материалды бекіту кезеңінде оқушылар оқыған тақырыпты айтып, бір-біріне сұрақтарды қояды.

Сосын балаларға келесі тапсырманы береді: Атластағы климаттық карталарды пайдаланып, Еуразияның, Африка мен Аустралияның ең көп және ең аз жауын-шашын түсетін аймақтарды анықтаңдар.

Оқушылар білімдерін бекіту үшін сұрақтарға жауап береді. Бір бірін тыңдап білімдерін бекітеді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.


Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

VІІ

Үй жұмысы:

1. §7 оқып, қысқаша конспект жазу.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады.


© 2010-2022